62
Е.А.Костюхин: “Теорияда мысал жанры тек қана әдебиет жанрының бірі
ретінде қаралмайды, сонымен қатар сөз өнеріндегі ойды берудің өзіндік бір
ерекше формасы ретінде қарастырады” [106, 164 б.]. Т.Қожакеев “Сатиралық
жанрлар” атты еңбегінде қазақ мысалының жанрлық ерекшеліктеріне арнайы
тоқталады [107, Б. 12-51]. Б.Өтетілеуовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын
зерттеген ғалым Т.Әбдірахманов мысал жанры туралы маңызды ойларын
ортаға салад ы [108].
С.Н.Нұрышев ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі И.Крылов мысалдарының
аудармаларының пайда болуына дейін қазақ әдебиетінде мысалдың тек туу,
басталу формасы болған. Қазақ халқында оған дейін мысал әлі қалыптаспаған,
маңызы күшті болмаған. Оларды ертег і, анекдоттармен шатастырып келген, –
деп болжайды [109, 12 б.]. Т.Еңсегенов Нұрышовтың бұл пікірін жоққа
шығарады. Ол қазақ мысалының пайда болу тарихын көнеден іздеу керектігін
айтып, Дулат Бабатайұлы мен Шернияз Жарылғасұлының шығармаларындағы
мысалдарды алға тартады. Профессор С.Талжанов қазақ мысал жанрының
тарихы мен әлем әдебиетімен байланысын қарастырады және оны ежелгі Рим
ақыны Федрдің мысал таптық қоғамда пайда болады деген тұжырымымен
шектеледі [94, Б. 124-141].
Б.Ысқақов мысал жанрының алғашқы түрлерін халық ауыз әдебиеттерінен,
атап айтқанда ежелгі үнді, көне парсы, ескі араб ауыз әдебиеттерінен
кездестіруге болатынын айта келіп, алғашқы адамдар жануарлар дүниесімен
тығыз байланысты болғандықтан өздерінің өмірі, іс -әрекеті мен мінез
құлықтарын көбінесе хайуанаттардың мінез -құлықтарымен салыстыра әңгіме
етсе, құлдық қоғамда төменгі тап өкілдері өздерінің ой -пікірлерін ашық айта
алмай, көбінесе мысалдап, тұспалдап қана білдірген. Міне, осыдан келіп, мысал
жанры туған деген болжам жасайды [110, 28 б.].
Қазақ
халқында “бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ” дегендей қай
әлеуметтік топтың адамы болсын, айтар ойын ханға да, биге де тура айтқан.
Бұқар жыраудың Абылай ханға “Төле бидің түйесін баққан құл едің” немесе
Марғасқа жыраудың “Қатағанның хан Тұ рсын, Кім арамды ант ұрсын”,
Махамбеттің хан Жәңгірге “Х ан емессің қасқырсың, қас албасты басқырсың”
деуі сияқты ханның өзіне тіке тайсалмай айта білуінен халқымыздың өрлік
мінезін, ерлік салтын аңғарғандай боламыз. Сондай -ақ, қазақ болмысына,
дүниетанымына астарлай сөйлеу , жанамалай айту да тән екені белгілі. Болған
істі, оқиғаны астарлай жеткізу қазақ ұғымына тән құбылыс. Айталық, кісі
өлімін қазақ ешқашан нақты айтпай -ақ, астарлап отырып жеткізеді; үйдегі адам
санын, бала санын сұрамайды, жас сәби туса, оның ұл не қыз бала екенін де
астарлап сұрап біледі. Демек, ойлаудың, танымның бұл түрі қазақ халқының
ұғым-түсінігінде бұрыннан бар дүние.
Достарыңызбен бөлісу: