М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
treatise16241

Мысал сөзінің түп төркінін зерделейтін болсақ, ол арабтың мисәлун сөзінен
шыққанын көреміз. Осы түбірден туы ндайтын тәмсіл, тимсәл (тымсал) тәрізді
түбірлес сөздерді де қазақ ақындары үлгі, өнеге, насихат ретінде өз өлең
өрнектеріне өргені белгілі. Ал мысалдың әдеби жанр ретінде қазақ әдебиетінде


63
орнығуын
академик 
С.Қасқабасовтың
зерттеулеріндегі 
теориялық
тұжырымдарға иек арта отырып, араб әдебиетіндегі шығармаларды талдау
барысында, шығыстан келген үлгі ретінде бағалауға болады.
Мысал жанрының қазақ ақындарының шығармаларындағы көріністерін
нақтылы мысалдармен берілетін дәл көрсеткен әдебиетші Х.Сүйіншәлие в еді.
Ол Дулат ақын өлеңдерінің ішіндегі ерекше көрінетіні, оның мысал ретінде
жазған шығармалары деп кезінде орынды айтқан болатын. Мысалы, Дулат
Бабатайұлы “Тымсал өлеңінде” Дулат Аққожа бидің менсінбеген, тәкәппар
бәйбішесіне шығарған өлеңінде
өзін “байғыз” бейнесінде суреттеп, оны
“тауысқа” теңейді де :
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ.
Орынсыз күлер сиқым жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ. –
деп бастап, кіп-кішкентай байғыздың Сүлеймен пайғамбардың өзін сөзден
тоқтатқанын өнеге тұта отырып, “сері” деп құрмет көрсеткен “лашынның”
тауысты қанға бөктіріп кет кенін айтады. Құстарды мысалға ала отырып,
адамның сырт келбетіне қызықпай, оның ішкі жан дүниесіне үңілу керектігін
астарлап, аллегориялық формада өлеңмен жеткізеді [111, 97 б.].
ХІХ ғасырдан бастап Ислам діні мен араб мәдениетінің ықпалы ер екше
қарқынды жүр генін жоғарыда айтып өттік . Аталған кезеңде өмір сүрген Дулат
Бабатайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Майлықожалардан бастап
Ахмет Байтұрсынов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұсабек Байзақов, Шәді Жәңгіров,
Сұлтанмахмұт Торайғыров,
Сәбит Дөнентаев,
Мақыш
Қалтаев,
Бекет
Өтетілеуов, Спандияр Көбеев , Асқар Тоқмағамбетов және т.б. мысал жанрына
қалам тартқан қаламгерлер дің шығармаларынан Шығыстан келген “Калила мен
Димна”, “Тотынама” сияқты әдеби жәдігерлердің ықпал, әсерін анық байқауға
болады. Бұл кезеңдегі білімге ұмтылған қазақтардың барлығы дерлік мектеп -
медреселерде тәлім алғанын ескерсек, онда олар тек діни білім алып қана
қойған жоқ, сонымен бірге, араб -парсы мәдениеті мен әдебиеті нен де
сусындаған. Олар адамның жаман қасиеттерінен бездіретін, жақсылыққа
уағыздайтын шығыстық арабтың дидактикалық сарындағы ертегі -аңыздарын
кейінгі ұрпаққа мысал, үлгі ретінде насихаттау үшін мысалдың әдеби жанрға
айналуына себеп болған деп жорамалдау ға болады.
“Калила мен Димна” кітабының сюжетін пайдалану Шығыс пен Батыстың
әдебиетінде ежелден бар дәстүр. Әр дәуірде, әр халықтың ақындары мен
жазушылары табиғи дарыны мен шығармашылық шеберліктеріне қарай,
еліктеп жазған мысалдарының көркемдігін ерекш елендіру үшін, оларды алуан
түрлі кейіпке түсірген.
“Қандай-да бір құбылыстың қазіргі жағдайын анықтау үшін, оның тарихы
мен генетикалық шығу тегін білу керек”, – деп академик ғалым-сыншы


64
М.Қаратаев айтқандай , бұл тарауда “Калила мен Димнаны” араб әдебиетінің
нұсқасы ретінде қарастыр у себебімізді зерделеп көрейік. Кітапты бастапқыда
“Панчатантра” деген атпен шамамен біздің заманымыздан бұрынғы ІҮ-ІІІ
ғасырларда Үндістанның үлкен ғұлама философы Байдаба жазып қалдырады.
Парсы патшасы Хосроу І Ануширван (531-579) өзінің атақты дәрігері, ғалым
Барзауейһиді Үндістанға жіберіп, көшірмесін ұрлатып алдырады. ҮІІІ ғасырда
Абдолла ибн әл-Муқаффа (720-756) “Калила мен Димнаны” араб тіліне
аударғанда “Панчатантрадағы” негізгі екі герой Каратака мен Даманаканың
атын өзгертіп, Калила мен Димна деп атаған.
Осыдан кейін белгісіз
себептермен шығарманың үнді нұсқасы мен парсы нұсқасы жоғалып кетеді де,
әлемге араб тіліндегі нұсқасы арқылы таралады. Аударылып басылу барысында
кітапқа жаңа тараулар қосылып отырған.
Белгілі шығыстанушы ғалым И.М.Фил ьштинский Ибн Әл Муқаффаның
“Калила мен Димнаны” араб тіліне тек аударып қана қоймай, мұсылман
оқырмандардың ыңғайына қарай кітапқа өзінің жеке идеяларын кіргізіп,
жинақтың көп жерін қайта өңдегенін және өз тарапынан кіріспе бөлім қосқанын
айтады [96, 348 б.]. Сонымен бірге тәржімашының Құраннан бірталай үзінділер
келтіргенін және араб мақал -мәтелдерін де көп қолданғанын байқауға болады.
Әсіресе, “Дәрігер Барзауейһи туралы” бөлімде ерекше байқалады.
Қазіргі
уақытта “Калила мен Димна” араб халқының әдеби мұрасы саналады.
“Калила мен Димна” кітабын қазақ тіліне алғаш 1947 жылы үлкен
арабтанушы ғалым Сәдуақас (Сәкен) Ғылмани аударып, қолжазбасын 1948
жылы орталық кітапханаға өткізеді. Белгілі дінтанушы С.Ғылмани 1952-1972
жылдар аралығында Қазақстан Қазиятын (қазір Муфтият) басқарған. Мыңдаған
жылдан бері келе жатқан қазақ пен араб халықтары арасындағы рухани
байланыстың
коммунистер 
билеген 
кезеңдегі 
жалғастырушысы
әрі
Қазақстандағы
арабтану
ғылымының
алғашқы 
ізашарларының
бірі
С.Ғылманидің ғылыми еңбектері екі халықтың тарихи тамырластығы мен
мәдени байланысын дамытуда үлкен мәнге ие деп танимыз. Дегенмен, осындай
тұлғаның қолжазба дәптерлері мен кітаптары бүгінгі күнге дейін баспа бетін
көрмей Ғылым академиясының қолжазба қорында жатыр. Оның “Калила мен
Димна” атты араб тіліндегі шығармадан тікелей қазақ тіліне тәржімалаған тек
бір кітабының қолжазбасының көлемі 360 беттен тұрады. Бұл қолжазбада
аударылған дүниенің
қандай кітаптан, қай баспадан, қай елден, қашан
шыққандығы толық айтылады . Демек, түпнұсқа кітап жайында толыққанды
мәлімет беріледі. Бұл да өз кезегінде еңбектің маңыздылығын көрсетеді.
Аталған қолжазбаны оқи келе, “Калила мен Димна” кітабының бастан аяқ
автор сөзі мен диолог арқылы өрбігенін пайымдадық. Онда дос болған адамда р
қалай дос болады? Ол екі достың арасындағы орныққан достық, өсекшінің
айласымен
қалай
өш пенділікке, араздыққа ұла сады? Кітап Дәпшалим
патшаның қо йған шарты бойынша ойын-күлкілі, әрі хикметті , әрі саяси, әрі
философиялы, әрі әдеби болуы керек. Байдаба мен шәкірті бар зейінін, терең
ойларын салып, бір жылда жазып бітірген. Екеуінің сөйлескен сөздері екі айуан


65
– Калила мен Димнаның атынан айтылған болып шығады. Көкірегі ояу
хәкімдер кітаптың астарында жатқан хикметіне ден қойып, айуан мен ондағы
жеңіл ойын-күлкіге назар аудармайды да, ал пайымы жоқ надандар Калила мен
Димнаның сөйлескен сөздерін тамашалап, кітаптың мәнін түсінбей, күдіксіз
айуандардың сөзі деп ұғады [112, 28 б.].
“Калила мен Димна” кітабы халифтерге-патшаларға, жоғарғы шенді билік
өкілдеріне саяси сабақ қызметін атқаратын және олардың қоғамдағы әр түрлі
әлеуметтік топтармен қалай қарым -қатынас жасау керектігін баяндайтын
ғибратты әңгімелер мен мысалдардан тұрады. Сонымен бірге , кітаптың әрбір
тарауы мұсылмандық араб жазушыларының шығармаларынд ағы қалыптасқан
дәстүріне сәйкес жаратушы Алла мен Мұхаммед пайғамбарға мадақ сөзден
басталады. Кітап бастапқыда он бес баптан (бөлім) құралған. Кейінгіге үлгі-
өнеге боларлық кітапты жазғанда автордың аса көңіл аударғаны этика
мәселелерінің ішінде достық т ақырыбы болады. Мұнда достық екі түрге
бөлінеді: біріншісі, рухани жақындық негізінде болған берік достық; екіншісі,
екі жақтың өзара тиімділікті көздегенінен туындаған достық.
“Калила мен Димна” кітабында сөз болатын тәмсілдердің, өнегелі
әңгімелердің құрылымы жағынан келгенде көлемдері біркелкі емес. Қысқа
әңгімелерде автордың атынан айтылатын баяндаушылық пен адамгершілікті
насихаттайтын бөлімдер шағын. Көлемді әңгімелерд ің оқиға ларын баяндау
барысында автордың талдаулары, ғибратты сөздері кіріктіріліп
отырады.
Шығарманың мұндай құрылысы әңгіме мазмұнынының созылып кетуіне және
баяндаудың тежелуіне әкеп соқтырса да, белгілі бір дәрежеде көркемдік қызмет
атқарып, адамгершілікті сезіндіруде, түсіндіруде қосымша құрал бола тынын
айта кету ләзім. Мұндағы тәмс ілдер, новеллалар, мысалдар, әңгімелер
шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сюжеттері
қарапайым, әрбір әңгіменің соңы маңызды нақыл сөздермен, тобықтай
түйіндермен түйінделеді.
“Калила мен Димна” кітабы – әлемдік әдеб и жәдігер. Ол Шығыс пен Батыс
әдебиеттерінің тақырыптық, жанрлық жағынан дамуына
бірдей үлкен ықпал
етті. “Панчатантра”, “Калила мен Димна”, “Стефанит пен Ихнилат” сияқты әр
түрлі аттармен белгілі болды.
Белгілі арабтанушы
ғалым, академик
И.Ю.Крачковскийдің айтуынша Шығыстың драма мен новелла жанрларының
қайнар көзі “Калила мен Димна” кітабындағы тәмсілдер мен ди алогтарда
жатыр [113, 442 б.].
Қазақ әдебиеті мен “Калила мен Димна” кітабының байланысын сөз етер
болсақ, оның сюжетінің көріністері қазақтың жануарлар жайындағы “Қу түлкі”,
“Тасбақа мен кірпі”, “Тотықұс”, “Екі теке”, “Ауырған арыстан”, “Түлкі, қасқыр,
арыстан, түйе” т.б. сияқты ертегілерінде кездеседі. Мұндағы жануарлардың
бейнелерінен адамдардың әр түрлі қасиеттерін көруге болады. Түлкі сияқты
айлакер, қулар дүлей күштің иелерін қулықпен, айламен жеңіп отырса, бөдене,
қырғауыл сияқты әлсіздерге қулығын өткізе алмай жеңілуге мәжбүр болады.


66
Сонымен қатар ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы
ширегінде “Калила мен Димна” мысалдарының сюжеті желісімен мысал жазған
қазақ
ақындары 
де 
жетерлік.
Мысал 
тақырыбына
қалам 
тартқан
қаламгерлеріміздің
барлығы дерлік
И.Крыловтан 
аударған,
И.Крылов
мысалдарының желісімен жазған деген болжам басым болғаны белгілі. Біз бұл
зерттеу жұмысымызда қазақ ақындарының жазғ ан мысалдарын И.Крыловтан
аударған болса, қалай аударғанын, олардың мәтінд ерін салыстырып көруге
талаптанамыз. Қазақ ақындары жас шағында мұсылманша оқып, араб -парсы
тілдерінен дәріс алып, шығыс мәдениеті мен әдебиетімен сусындаған болса,
онда олар “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн”, “Калила мен Димна”, “Тотынама”
сияқты дүние жүзіне белгілі Шығыстың әдеби шығармаларымен И.Крыловсыз
да таныс болғандығы даусыз.
Қазақ халқы ның
Шығыс өркениеті мен мәдениеті мен етене таныс
болғандығын белгілі татар ғалымы Х.Миннегу ловтың: “Құтб 1342 жылы
Низамидің “Хұсрау -Шырын” поэмасын аударады. Бұл шығармада “Калила мен
Димнаның” 40 әңгімесінің сюжеттері кірген бөлім бар және К.Хамзиннің
архивінде сақталған түркі -татар тіліндегі нұсқасын Қазан хандығы тұсында
жазылған деп болжауға негіз бар”, – деген ғылыми пікірінен анық байқауға
болады [114, 20 б.]. Сонымен бірге “Калила мен Димнаның” түркі -татар тілінде
жазылған 
екі
қолжазба 
нұсқасы 
Санкт -Петербургтағы 
Шығыстану
институтының қолжазба
қорында сақтаулы тұрғанын да назарда ұстау
керектігін айтады.
Х.Миннегулов “Шарық һәм татар әдәбиәтында қысалы қыйсалар” атты
монографиясында “Калила мен Димнаның” латын, грек, француз, неміс, көне
славян, түркі тілдеріндегі аудармалары арқылы орыс оқушылары таныс болды .
Б.Волков деген адам 1762 жылы түрік тілінен француз тіліне аударылған
нұсқасынан орыс тіліне аударып, Петербургта басып шығарады. “Калила мен
Димна” кітабының араб тілінен орыс тіліне тікелей, әрі толық аудармасын 1934
жылы И.П.Кузьмин мен И.Ю.Крачковский жасайды. 1888 жылы Фазлулла
Ташкенди деген кісі түрік тілінен өзбек тіліне тәржімалаған деген дәйек
келтіреді [114,17-19-бб.].
Н.Қ.Жармағамбетов тың “Поэтическая трансформация сюжетов и одной
ночи” и “Калили и Димны” в казахской литературе ХІХ - начала ХХ вв” деп
аталатын кандидаттық диссертациясында: “Қазақтар арасында “Калила мен
Димна” кітабының жекелеген мысалдары ХІХ ғасырда белгілі болып, қазақ
ақын-жырауларының өлеңдерінде кездесетінін айтады . Сонымен бірге қазақтар
“Калила мен Димна” жинағымен 1888 жылы түрік тілінен өзбек т іліне
аударылған 
Файзулла 
Иса 
Ташкендидің
немесе
1889 
жылы
Қазан
универсиетінде басылып шыққан татар тіліндегі Ғ.Файзхановтың нұсқасы
арқылы таныс болуы мүмкін деген тұжырым жасалады [115, 88 б.].
“Калила мен Димна” кітабының орыс тіліндегі аудармасын 1889 жылы
Мәскеуде М.В.Рябин мен М.О.Аттай
деген аудармашылар тәржімалап,
жариялағандығы анықтадық .


67
Енді, осы зерттеу жұмысымызда қарастырып отырған мысалдардың
генезисін ашу
үшін
аталған тақырыпқа
қалам тартқан кейбір
қазақ
ақындарының шығармаларын саралап, талдап көруді мақсат етеміз.
Ы.Алтынсарин 1879 жылы жазған “Қазақ хрестоматиясына” енгізген
мысалдарымен қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуына үлкен үлес
қосады. Ағартушының көбінесе халық аузындағы аңыз -әңгімелерден жинап
қосқанымен қатар, өзге тілдерден тәржімалаған әңгіме, мысалдары енген.
Алтынсарин өз мысалдарын И.Крыловтан аударды деген пікірдің үстем болып
келгені белгілі. Десек те, кейбір ғалымдар бұл пікірге сын көзбен , күмәнмен
қарағаны жасырын ем ес. Мәселен, профессор Ә.Дербісәлин Ыбырайдың әдеби
мұраларын зерделей отырып, оның “Қарға мен түлкі”, “Дәруіш пен аю” атты
мысалдарын И.Крыловтан аударды дегенге күмән келтіреді [60, 182 б.].
Ағартушы ұстаздың о сы екі шығарман ы қалай аударып, қандай кітаптан
алғанын, И.А.Крыловтың өзінен бе, әлде ба сқадан ба деген сияқты сұрақтарға
жауап ала алмағынын айтады. Егер И.Крыловтан аударса, оның басқа да
мысалдарын аударар еді. Және де түпнұсқадан көп ұзап та кетпес еді. Сондай -
ақ, “Дәруіш пен аю” мысалының проза күйінде аударылғаны да зерттеушіге ой
салады. Кезінде бұл да ескерілмеген. Бұл екі шығармадан бөлек басқа да
шығармаларының аударылды дегенмен түпнұсқалары анықталмаған, авторлары
да белгісіз.
Демек, шәкірттерге ислам дінінен дәріс беру мақсатында “Шараиту -л-
Ислам” атты оқулық жазған Ыбырайдың ө з мысалдары мен аңыз-әңгімелерін ел
аузынан алғанын, әрі оның араб тіліндегі әдеби шығармаларды сол тілде оқып,
одан тағлым аларлық мысалдарды аударуы мүмкін деген болжам жасаймыз.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашыл ығының бір қыры
мысалдар арқылы көрінеді . Абай өмір сүрген дәуірде қазақ халқының өмірін
шыншылдықпен суреттеуге,
қоғамдағы
әр түрлі
әлеуметтік топтағы
адамдардың мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз
өнерінің мысал жанрынан асқан көркем құрал жоқ бола р. Абайдың мысал
өлеңдерін Крылов шығармаларынан аударылған де ген болжамдардың бар екені
белгілі. Алайда, ақынның осы бағыттағы өлеңдерін талдағанда мысалдың
өзіндік жанрлық ерекшелігіне көңіл бөлу керек. Оның мысалдарының негізі
ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетінде кең тараған
сарындардан тұрады. “Калила мен Димна”, “Тотынама” секілді дүниежүзілік
әдебиетке ортақ сюжеттің желісін пайдаланып, өзінің төл туындысын дүниеге
әкелетін назира дәстүрін сақтай отырып, ұлы Абай өз мысалдарын өзі өмір
сүрген қоғамына орайластыра жазады.
М.Әуезов Абай мысалдарын саралай келе мынадай тұжырым жасайды:
“Абайдың 1945 жылы шыққан толық жинағында, Крыловтан Абай ғана емес,
өзге адамдардың да жасаған аудармалары да жаңсақ басылып кеткен. Әсіресе,
жинақтың тізімін басқарған кейбір адамдардың шалағайлығынан қолдарына
түскен Абай қолжазбасының кейбір өзгешеліктерін аңдамауы бойынша, өзге
тұста болмаса да, дәл осы Крыловтың мысалдарын тізген бөлімде, көрінеу


68
қателіктер кеткен. Мен өзімнің бала күнімнен білетін , ескі қолжазбаларды еске
алғанымда, Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын төрт -бестен артық деп
айта алмаймын. Олары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет