69
өлеңдерінің
“Калила мен Димна” кітабындағы
ғибратты
әңгімелермен
сабақтасып жатыр. Ақын мысалдарынан
араб әдебиетінің ықпалы н, оның
шығармаларындағы шығыстық қисса -дастандардың көркемдік -стилистикалық
белгілерінен көруге болады. М.Байзақов өз мысалдарын орыс тілін білм есе де
И.Крылов аудармаларының негізінде жазған деген жаңсақ пікірлердің болғаны
мәлім [117, 128 б.].
Молда Мұса мысалдарында араб-парсы сөздерінің
жиі ұшырасуы,
шығармаларының
көлемдерінің үлкендігі мен оқиға мазмұнының қисса -
дастандағыдай өрілуі және діни сарынның да көптеп
кездесетіндігі ақынның
И.Крыловтың
емес,
шығыстық
шығармалардың
желісін пайдаланғанын
көрсетеді. Айталық,
Мазақ қылма тұтып ешбір жанды,
Келсе қолдан ренжітпе мұсылманды.
Не қылса да еркі бар бір Алланың,
Құдіретімен босатса қысылғанды.
Көп қылады әзілді біздің қазақ,
Жуасырақ жан көрсе қылып қашақ,
Насихатты алмаған маймылдай боп,
Ақыры өзі біреуге болар мазақ –
деп келетін өлең жолдарына қарап, М.Байзақовтың нәзирашылдық дәстүр
негізінде дүниеге әкелген төл туындысы деп айтуға болады [118, 7 б.].
Ақын “Ағаш пен маймыл” атты мысалын қолдан келмес,
байыбына жете
алмас іске араласатын адамдар үшін және аузын бағып сөйлемейтіндердің ағаш
қысқан маймылдың құйрығындай болатынын жазады. Оны мына жолдардан
көруге болады.
Өнбес іске ол маймыл өлді ерек,
Қысып қалып құйрығын жарған терек.
Қылар ісін қылмастан жепті тоқпақ,
Ағаш жармақ маймылға неге керек. –
..Аузын бақпай кей адам сөз есітер,
Ағаш қысқан маймылдың құйрығындай. –
деген Калиланың ақылын өлең өрнегіне өреді.
Бұл мысал өлең ақынның
монолог түрінде айтқан ғибраты болса, оқиға “Калила мен Димна”
мысалдар
жинағында екі шибөрінің – Калила мен Димнаның ди алогы арқылы өрбиді.
Араб тіліндегі нұсқада
“Иғлам аннәһу мән тәкәлләфә ми н әл-қаули уа-л-
Достарыңызбен бөлісу: