М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
treatise16241

“Хикаяту-с-Саййад уа-л-Ғифрит” атты әңгімеде балықшының та стаған ауына
есектің жидіген өлексесі ілінген кезде ол налып, ақындарша мына бәйтті оқиды:
Иа ха’идан фи залами-л-ләйли уа-л-һәләкә
Уқсур ғән әкә фә ләйсә әр -ризқи бил-хәрәкә [154, 3 б.]
Ал, Қ.Мұхамеджанов “Мынау қай сұмдығың? Сонда менің бала -шағама
жібергенің арам есектің еті болды ма? – деп зарлаған балықшыға мына
бәйттерді айтқызады:
О, қапас түнек, опат дүние зіл -батпан боп төнетін,


99
Қырсыға түс: бұлдаңқыра сыбағаңды беретін.
Нәпақа іздеп, теңіз, саған балықшы үміт артады,
Кәсібі сол болса қайтсін бар қуатын сарқады.
Жылымға олар ауды салар болмас сірә олқылық,
Таң сыз бере алып шығар салған ауын толтырып.
Мәз болады бұл табысқа үйде жатқан баяғы,
Піскен асты марапаттап алдына әкеп қояды.
Ұйқы көрмей ұстағанға балықшылар қапалы,
Азап тартпай шапағатқа бөленгенге сатады.
О, жаратқан! Біреуге үйіп, біреулерге бермеген,
Жазмыш осы біреу жейді, біреу ұстап кермеден” [151, 35 б.]
Қ.Әбдіқадыров аударған нұсқада мұндай өлең жолдары жоқ. Оның орнына
есектің етіне күйіп-піскен балықшының кейпін қара сөзбен суреттейді [127, 30
б.]. Сондай-ақ, сегізінші түндегі сиқырланған жігіт жайындағы әңгімеде оның
әйелінің мылқау, жарымжан болып қалған ашына құл ға қайғырып , зарлап
айтқан мұңы араб тіліндегі нұсқада былай өріледі:
Ғадимту уджуди фи-л-уара ин салакум
Фә ин фу ’әди лә юхиббу сәу әкум
Хузу рамақи хәйсу истақаррат бикум науа
Уа әйнә халлалтум фәдфунуни хәзәкум
Уа ин тәзкуру исми ғиндә қабри иаджибукум
Әниу ғизами ғиндә саути над акум [154, 41 б.].
Ал Қ.Мұхамеджанов нұсқасы өлеңн ің түпнұсқадағы мазмұнына жақын
келеді.
Бітті төзім құштар көңіл, ұмытпаса болғаны,
Ақылым да, жан дүнием де өзгеге әсте қонбады.
Қайда барсаң менің сүлбе рухымды ала кет,
Сәл аялдап мені жерге көміп -жерлеп сала кет.
Атымды ата сонан соң сен, – жауабын да аларсың,
Үніңді естіп сай сүйегім сырқыраса қанарсың.
Жақын жүрсем өзіңе тек бақыттымын әмәнда,


100
Алыс кетсең күнім қараң ешкімім жоқ ғаламда.
Ал егерде қаһарлансаң үрей төгіп өлгенім,
Жаным тынып, тәңір қосқан тәтті ләззат к өргенім [151, 65 б.].
Түпнұсқадағы а яр әйелдің мұндай зарлы мұңын Қ.Әбдіқадыров барынша
жатық әрі еркін аудармаға айналдыра отырып өзінше өрнектейді.
Жаралы болдың сүйгенім!
Жүректі бір жау түйредің...
Жүрегімді түйретіп
Жалынға міне күйгенім.
Күйгенім емей немене
Қайғы басты, күлмедім.
Түсірмес едім жараны,
Қапы қалдым білмедім.
Көкте тұрған күн едің,
Перде тартты бетіңе.
Қара перде ашылып
Қашан жетем ниетіме?.. – [127, 54 б.]
Кітап мазмұнының өлең құрылысында, көлемінде
мұндай өзгешеліктер
көп б олғанымен қай -қайсысының да мағынасы ортақ.
“Мың бір түн” аудармаларының өзгешеліктерінің бірі – оқиғаны баяндау
барысындағы іс-әрекеттердің әр түрлі қырынан көрінуі. Мысалы “Нұраддин
уәзір мен оның
ағасы жәйлі хикаяда”
Қ.Әбдіқадыров пен Сальенің
аудармасында Бадраддин Хасанды баласы Әжіп таспен ұрып есінен тандырса,
Қ.Әбдіқадыровтың тәржімасында Ғажап хасанды қамшымен бастан тартып
жіберіп сұлатып кетеді. Татар ғалымы Х.Миннегуловтың айтуынша әке Хасан
мен оның ұлы Гажиб мүлде кездеспеген. Ал, олардың кез десіп, баласы әкесін
танымауы себепті таяққа жығуы аудармашылардың қиялынан туындаған әрекет
[114, 87 б.].
Қ.Әбдіқадыровтың “Мың бір түннен” жасаған еркін аудармасының екі
хикаясын салыстыра отырып талдағанда, аударма мен түпнұсқаның арасында
мағыналық жа қындық айқын көрінетіндігіне, сөйлемдегі сөз қолданысында,
ойды жеткізуде айырмашылықтардың мол екендігіне көз жеткіздік. Мәселен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет