М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
treatise16241

Йа харқатә-д-дәһри кәфи
Ин ләм тәкфи фә ғаффи
Фә лә би хази ағта
Уа лә би санғати кәфи
Хараджту атлуба ризқи
Уәджатту ризқи тәуәффи
Кәм джәһилин фи зуһур


104
Уа ғалимун мутахаффи [154, Б. 3-4]
Алтын, күміс толтырған
Торға ілініп бұл көзе.
Су қызыры кез келіп,
Бай болмаймын мен неге? .. [127, 30 б.]
Осы келтірілген үзіндіден пақыр шалдың бүкіл өмір бойғы кедейшіліктен
құтылу арманын көруге болады. Бұл жердегі
“Ғалимун мутахаффи” бейнесін
аудармашы қазақ дүниетанымындағы жары лқаушы “қызыр баба” арқылы қазақ
тілді оқырманға түсінікті тілмен жеткізеді.
Қ. Әбдіқадіров аударған “Мың бір түн” әңгімесінің өн бойынан қазақ
тілінде қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері, араб тілінен қазіргі әдеби тілімізге
енген сөздер көптеп кездеседі . Сонымен бірге аудармашының осындай
тіркестерді, диологтарды беру кезінде өте шебер қолданғанын да атап кету
қажет. Мысалы, алғашқы әңгімедегі есек пен өгіздің арасындағы диологтан
нағыз шеберліктің үлгісін көруге болады. “Хуз әл-химара уа харасәһу мәкәнә һу
әл-йаума, уа раджәға ахра -н-наһар” – деген түпнұсқадағы қожайынның
сөздерін Әбдіқадыров “Олай болса өгіз дем ала тұрсын, оның орнына есекті
сыңар етіп жер жыртыңдар”, – деп аударады да, ол күні бойы өгіздің орнына
жер жыртып, кешке жақын оралды – деген сөйлемдерді “Өгізге парлаған есекті
қас қарайғанша қосқа салды,”
– деп аударады [127, 12 б.]. Келтірілген
мысалдардан есектің күні бойы өгіздің орнына жер жыртып кеш бата келгенін
аудармашы “қас қарайғанша” деп өте шебер аударған. Сөйлемді осындай
тәсілдерді
қолдану туындының
стилін айшықтап, мазмұнын байытып,
құндылығын арттыра түсетіні сөзсіз.
“Мың бір түн” ертегісінің араб тіліндегі нұсқасымен Қ.Әбдіқадыровтың
және
Қ.Мұхамеджановтың (орыс тілі арқылы) жасаған аудармаларын
салыстыра 
отырып, 
бірқатар 
айыр машылықтарды 
байқадық.
Негізгі
айырмашылық араб тіліндегі нұсқада әңгіме айтылар түні фә ләммә кәнәт әл -
ләйләту-л-улә,... деп мың бір түннің қай түні екенін ескертіп отырады да, қалат:
бәллиғни әййуһа -л-мәлик әс -сағид әннә... деп әңгімені бастап кетеді. Мұ ндай
құрырылым қазақша нұсқаларда сәл басқаша жасалады. Мәселен, араб тіліндегі
бесінші түнгі әңгімені қазақша нұсқалармен салыстырып көрейік, (фә ләммә
кәнәт әл -ләйләту-л-хамисату) қалат: бәллиғни әййуһа -л-мәлик әс-сағид әннә -л-
мәликә йунан қала ли уәзириһи: әйуһа-л-уәзир әнтә дахилука әл -хасад мин
әджли һәзә-л-хаким. Фә туриду ән ақтуләһу уа бағда зәликә әндаму кәм ә
нәдима әл-мәлику әл -Синдбад ғәла қатли-л-баз... деп Шаһризада бірден әңгімеге
көшіп кететін болса [154, 6 б.]. Қ.Әбдіқадыровтың алтыншы түні түпнұсқа мен
Қ.Мұхамеджановтың аудармасындағы бесінші түндегі әңгімемен сәйкес келеді.
“– Ей, ұлы бақытты патшам, Мәлік -Юнан уәзіріне мен ғалымды өлтіріп,
Мәлік-Сандыбаттай опық жей алмаймын – деді.
– Ол қандай әңгіме еді? – деген уәзірі. Патша әңгімені айтты” [151, 38 б.].


105
Қ. Мұхамеджановтың аудармасында бесінші күні кештегі оқиға былай
өрбиді: “Дүниезада: – Жатқың келіп отырмаса кешегі әңгімеңді басташы, апа! –
деді.
– Уа, алдияр патшам, сол жерде Юнан патша өзінің уәзіріне былай
депті:
– Уәзірім, сенің құлқыныңды құртып отырған қызғаныш қой. Сенің сөзіңе
құлақ ассам, мен әлгі тәуіпті өлтіруім керек. Оны өлтіргеннен кейін әс -Синдбат
патшаның өзінің сұңқарын өлтіріп, өмір бойы өкінішпен өт кен кері маған
келмей ме, – деп Синдбат патша әңгімесі н әрі қарай жалғастырады [151, 45 б.].
Осы берілген үш мәтіндегі негізгі айырмашылық Қ.Әбдіқадыровтың
бесінші түнгі әңгімесімен араб және Қ.Мұхамеджанов нұсқаларындағы сол
түнде айтылатын әңгіме мүлде басқа оқиғаға байланысты. Әбдіқадыровтың
бесінші түнде түнде айтқан әңгімесі түпнұсқада төртінші түні, ал алтыншы
түнгі әңгімесі бесінші түнде айтылады. Демек, Қ.Әбдіқадыров жазған нұсқада
әңгімеге арқау болатын оқиғалар бір түнге кеш айтылады. Сонымен қатар
қарастырып отырған мәтіндердің мазмұны ұқсас болға нымен айырмашылықтар
да жоқ емес. Мәселен, Әбдіқадыров аудармасында Дүниезаданың әңгіме айтып
бер деп өтініш жасағаны, патшаның уәзіріне сенің ішіңде қызғаныш бар,
сондықтан сен хәкімді өлтір деп тұрсың деп айтқаны және патшаның сұңқарын
өлтіріп алып өкіну себебі қалыс қалады. Оқиғаны бірден Шаһризаданың
әңгімесімен бастап кеткенімен, Ей, бақытты патшам Мәлік-Юнан, Мәлік-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет