М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
treatise16241

мин мағруфи уджуһиһи , уа хусну-л-қиами ғәлайһи уа -т-тәсмиру ләһу бағда
иктисабиһи, уа инфақуһу фима йуслиху әл -мағишата уа йурда әл -әһла уа-л-
ихуана” өсиетін аудармашы “Ей, ұлдарым! Дүние адамдары үш нәрсені талап
қып іздейді. Ол үш нәрсеге жету үшін төрт түрлі нәрсе керек. Адамдардың
талап қып іздеген үш істің біріншісі, дәулет, ырыздықтың молдығы; екіншісі,
адамдар арасында қадірлілік; үшіншісі, ахирет үшін а зық алу. Бұл үш нәрсеге
жеткізетін төрт істің біріншісі, үйлесімді жолмен кәсіп қып, мал табу; екіншісі,
ол кәсіп қып тапқан малды бағып, сақтай білу; үшіншісі, ол малды өсіріп,
молайту; төртіншісі, тапқан малды өзінің тіршілік жағдайын оңдауға, үй ішін
және туыстарын ырза қылуға жұмсау.
Екі тілдегі нұсқаны саралай отырып, түпнұсқадағы мәтін мағынасының
қазақ тіліне өте сәтті аударылғанын зерделедік. Жоғарыда келтірілген өсиет
мысалдың идеясы мен мақсаты ның алғашқы мазмұнынан ерекшелігі жоқ және
оқырман қауымға қарапайым тілмен, мейлінше жатық жеткіз ілген. Бұл да болса,
аудармашының араб тілін терең білгендігінің жемісі.
Түпнұсқадағы “Арыстан мен өгіз” атты тарауда сөз болатын шанзаба және
нандаба деген екі өгіз аудармада шатраба және бендаба деп алынған. Араб
тіліндегі кітапта алғашқы өгіздің атына байланысты берілген түсіндірмеде
оның бір нұсқаларда шатраба, енді бірінде шанзаба деп атала беретіні
айтылады. Екінші өгіздің атауы қолжазбаларда әр түрлі ат алғанымен, негізгі
үнді нұсқасында нанда екені және барлық араб нұсқаларында бірінші өгіздің
атына ұйқас болу үшін
ба қосымшасы жалғанғаны айтылады. Сонымен,
түпнұсқа бойынша екінші өгіздің аты нандаба болып шығады [119, 289 б.].


118
“Калила мен Димна” кітабындағы “Қарға мен жылан” жайлы мысалдың
қазақ
тіліне аударылу сапасын, мазмұн ұқсастығы мен өзгешеліктерін
салыстырып көрейік. Зағаму әннәһу к әнә уәкрун ли ғур аби, фи шәджарати фи
джәбәли. Уа кәнә би қурбиһи джухру асуада. Уа к әнә әл-ғурабу куллума
фарраха ғамада әл -асуаду илә фирахиһи фә ’кәләһә. Фә иштә ддә зәликә ғәләйһи,
уа бәлаға минһу мәбләған шәд идән. Фә шәк ә зәликә илә сад иқи ләһу мин бәнати
әуа, уа қала: әрәдту ән ист а’мирака фи шәй’и һәмәмту биһи ән әнтә
уафақтәни ғәләйһи. Қ ала: уа ма һуә? Қала: ән әтиа әл-әсуада уа һуә най’мун,
фә әнқураһу ғәйнәй һи ләғаллә афқ’аһума. Фә қала ибн әуа: бәй’исәт әл -хиләтә
һәмәмтә биһ а! Фә Илтәмис әмран тусибу минһу хаджатака, уа лә йасилу
фиһи мәкр уһун иләйкә.
Уа инталиқ фә илтәмис хәлииән, фә изә зафирта биһи фә ихтафһу, сумма
тир биһи уа асхабуһу йанзуруна иләйкә хәйсу лә тәфутуһум фә иннәһум
сәйатлубунәкә хәтт ә тәнтәһи биһи илә джухри -л-әсуади фә тәрм и биһи
ғәләйһи. Фә хәлләқа әл -ғурабу та’иран, фә изә би джарияти қад әлқат си абаһа
уа хуллияһа, уа һиә тағтасилу. Фә ’ әһуә фә ’ахаза ғиқдан нәф исан, уа хәлләқа
биһи та’иран хәйсу йараһу-н-насу хәттә рамаһу қарибан мин джухри-л-әсуади.
Фә әтә ән-насу уа ’ахазу әл-халии, уа ра’у әл-әсуада на’иман ғәла баби
джухриһи фә қаталуһу [119, Б. 63-66].
Берілген мысалды С.Ғылмани: Бір қарға таудың басындағы ағашқа ұя
салыпты. Оған жақын жерде үлкен бір жыланның іні болыпты. Қашан қарға
жұмыртқасын балапан қып шығарса, жылан оның балапандарын жеп кете
береді екен. Бұл іс қарғаға қатты батады.
- Қарға өзінің басындағы мұңын шағып, менің бір ойлаған ісім бар соны
сенімен ақылдасқ алы келдім, – дейді.
- Түз иті: Ол ойлаған ісің қандай іс айтшы, – депті.
- Қарға: жыланнан кек алу үшін, ол ұйықтағанда көзін шұқып алып, соқыр
қылсам деген ой еді, – депті.
- Сонда түз иті оның бұл ойлағаны аса қауіпті екенін айтып, мынадай ақыл
айтады: Сен аңдымалы ұшумен ұш. Ұшып жүріп байқаста. Көзіңе әйелдер
сәндік үшін тағатын алқа, білезік сияқты заттарын көрсең, соны қағып алып,
ұшып шық. Оны аузыңа жұрт көрерлік қып тістеп, қамалдың үстінен ұшып өт.
Оны халық көріп алуға қызығып, соңыңа түсер.
Оны біліп ұшып отырып
халықтың көз алдында жылан жатқан іннің аузына таста. Оны көріп адамдар
алуға келеді. Әрине, жылан жатқан соң батып ала алмай, әуелі жыланды
өлтіреді. Содан кейін алады. Сөйтіп одан құтыласың, – дейді. Мұны ұққан
қарға аспанда қалықт ай ұшып көзін салып қарап жүрсе, бір қадірлі адамдардың
қызының біреуі өзенге барып, бар киімін, алқа білезіктерін жиекке қойып, суға
шомылып жатқанын көріп, атылып түсіп алқаны қағып алады да, аспанға ұшып
шығады. Оны халық көріп, қарғаның соңына түседі. Қарға әр жерге бір қонып,
адамдарды жыланның ініне дейін әкеледі. Халық інге жақын келгенде, алқаны
інге тастап жібереді. Алқаны алайын деп келген халық інінің аузында ұйықтап
жатқан жыланды көріп өлтіреді. Осылайша қарға кегін алыпты [112 , Б. 122-123].


119
Берілген мысалдың аудармасын түпнұсқамен салыстыра келе, екі оқиға
мазмұнының өзара сәйкес үйлесім тапқанын, жабайы ит пен қарғаның
арасындағы диалогтың өте тартымды тәржімаланғанын байқадық. Дегенмен,
аудармашының құраған сөйлем
құрылымдарында, мағынаны бе рудегі
айырмалары көзге бірден шалынады. Мәселен, түпнұсқадағы жабайы иттің
бағалы әшекей зат іздеп ұш. Егер көрсең, ұрла. Қашан иелері көргенше кетпей
айналып ұшып жүр, – деген сөйлемдерді автордың тәптіштеп кең көлемде
сипаттауын, оның оқырман қауымға тү сінікті болу үшін қолданған суреткерлік
әдісі деп тұжырымдауға болады. Түпнұсқа мен аударма арасындағы мәтіндік,
мазмұндық,
мағыналық,
жақындықтарды және автордың араб тіліндегі
атауларды дәлме-дәл беруін зерделей отырып, оның араб тың әдеби тіліне өте
сауатты болғанын пайымдауға болады.
Енді түпнұсқадағы мынау шағын мысалдың аударылуын салыстырып
көрейік.
“Әл -баттату әл-ләти ра’ат фи-л-ма’и ду’ кәукәбин фә х ауалат ән
тасидәһу фә ләмм ә ләм тараһу шәй’ән тәрәкәтһу, хәтт ә изә кәнә ғинда -л-
маса’и абсарат фиһи нунан, фә хасабат әннәһу мислу м а ра’ат қаблаһу, фә
рафадат талабаһу” [119, 77 б.].
Араб тіліндегі нұсқадағы “Үйректің қателігі” атты мысалдың мәтінін
талдап көрер болсақ, С.Ғылманидің “Суда жүзіп жүрген үйрек аспандағы
жұлдыздың суға түскен сәулесін кө ріп, ұстап алуға тырысады. Бірақ, ештеңе
ілікпеген соң тастап кетеді. Кешке жақын ол бір үлкен балықты көреді, бірақ
алдыңғыдағыдай бос әурешілік болатын шығар деп райынан қайтады деп
аударғанын көреміз.
С.Ғылманидің араб тілінен жасаған аудармасын ан оның түпнұсқадағы
оқиғаның қалай өрбіп, мазмұны қандай екенін терең түсінген і байқалады.
Аудармашының шеберлігінің арқасында түпнұсқадағы мысал қазақ тілінде еш
жасымай тұр деп айтуға болады.
С.Ғылманидің аудармалары н, негізінен, еркін аударма деп айтуға бола ды.
Оның жасаған тәржімалары түпнұсқадан алыстап кетпейді, қайта онымен
мазмұндық, мәнділік жағынан қабысып, идеясы мен моралін сақтай отырады.
Аудармашы “Калила мен Димна” жинағының сюжетін, дидактикалық,
эстетикалық мәнін жасытпай, шығарманы одан әрі шың дай түседі. Түпнұсқаны
темірқазық етіп ұстаған аудармашы әңгіменің негізгі сюжеті мен ой түйінін
бұлжытпай беруге тырысады. Дегенмен, қандай көркем шығарма болсын, өзге
тілге аударылғаннан кейін, аудармашының қандай ортаның қабылдауына қарай
бейімдеуіне байланысты өзгерістерге ұшырауы заңды нәрсе. С.Ғылмани да
“Калила мен Димна” кітабын өзінің өскен ортасына, қазақ дүниетанымына
орайластырып, ұлттық оқырман қауымға түсінікті тілмен жатық жеткізуге
тырысқан.
Қазақ әдебиетімен араб әдебиетінің арасындағы б айланыстың, өзара
ынтымақтастықтың өркендеуі екі халықтың рухани мұраларын таныстыруда
аудармашылардың рөлі зор десек, онда мұсылмандық араб әдебиетінің


120
классикалық туындысын қазақ топырағында өзіндік мәнермен дамытқан,
С.Ғылманидай тұлғаны танып, бағалау дың уақыты жетті деп ойлаймыз. Оның
жалықпай жиған терең білімінің арқасында осынау классикалық әдеби дүниені
бір жылдың ішінде қазақша сөйлетіп шығарғаны – үлкен ерлік.
Біздің осы зерттеу жұмысымызда С.Ғылманидің араб тілінен аударған
қыруар дүниесінің бір ғана бөлшегі қаралды. Ғалымды тамыры тереңде жатқан
қазақ -араб әдеби байланысының қалыптасқан дәстүрін жалғастырушы ірі
тұлғалардың бірі деп тану керек.


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет