М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
treatise16241

митәтан джәһилиятән ” деген деп насихат айтты” [71, Б. 4-5].
Берілген араб нақылының мағынасы – кімде кім заманының ғылымын
білмей дүниеден өтсе, сол қараңғы, надан болып өм ірден өткен есепті. Демек,
надандықпен күресіп өткен Абайдан, халықты оқуға шақырған Ыбырайдан
бастап, ислам діні негізінде жаңаша дүние ғылымын меңгеріп, заманға сай
білім алуға уағыздаған барлық қазақ оқымыстыларын жәдидтік бағытты
ұстанғандар деуге болады деп ойлаймыз. Олай болса, біздің пайымдауымызша,
аталған кезеңдегі көркем әдебиеттегі бағытты:
1) Қадимдік бағыт; 2) Жәдиттік бағыт деп бөлуге болады.
Қадимдік бағыт дүние болмысын өзгертпеу, өркениетті мойындамау
сипатында болса, жадиттік бағыт – өркениет әкелген жаңалықтарды игілік
ретінде бағалап, жаңа дүниенің ғылымы ретінде танып, оны қабылдаған; өз
заманына сай білім алуды көздеген, надандықты ауыздықтау жолында құрал
етіп білімді қолдауды мақсат еткен, оқыған зиялылардың жасаған көркем
шығармаларының бағыты. Жадидтік бағытты ұстанған ақындардың өлеңдерін
саралап қарасақ, айтқан ойларымыздың дәлелді екені көрінеді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде кітаби ақындар деген атау алған
зиялылар шоғыры бар. Біздің ойымызша осы кітаби ақындар жаңа үлгі дегі
мектептер ашып, бала оқытып, жазған кітаптарын бастырып шығарумен
айналысты. Бұл кітаби ақындарды араб, парсы әдебиетінің классикалық
туындыларын қазақ жерінде жаңадан жаңғыртып жырлап, оларды кітап қылып
бастырып шығарғандықтан осылай атал ып жүр деген ғылыми тұжырым бар [72,
201 б.].
Ал, профессор Н.Келімбетов: “Шығыс хикаяларының желісіне
құрылған қиссалар жазып, кезінде нәзира дәстүрін ұстанған бір топ ақындар


27
қазақ әдебиеті тарихында “кітаби ақындар” деп аталып жүр”, – деген пікірді
алға тартады [73, 325 б.].
Біздің ойымызша, ұлы Абай негізін қалаған жазба әдебиетті дамытушы
ақындар: Жүсіпбек Шайхысламов, Ақылбек Сабалұлы, Шәді Жәңгіров, Ораз
молда, Молда Мұса, Мұсабек Байзақов, Ақмолла Мұхамедияров, Мақыш
Қалтаев, Нұржан Наушабаев,
Әріп Тәңірберге нов,
Әсет Найманбаев,
Тұрмағамбет Ізтілеуов, және т.б. қазақ әдебиетін жанрлық, тақырыптық
тұрғыдан байыта отырып, жәдидшілдік идеясын уағыздайтын, халықтың
мақсаты мен мүддесін көрсететін шығармаларды дүниеге әкелді. Осы
ақындардың барлығының да шығармала рында халықты ислам діні негізінде
ғылым-білім жинауға, сауат ашып, ақысын бөтенге жегізбеуге шақырады.
Аталған ақындардың ішінен Ә.Тәңірбергеновтің мынадай өлең жолдарын
мысалға келтіруге болады:
«Күннен де білім жарық» деген мақал,
Соқыр кісі болмайды к өздімен тең.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының көштен
қалмауын ойлаған ұлт жанашырлары қазақ балаларының болашағы үшін ескі
түсініктен арылып, халқымыз ұстанған дәстүрлі дін Ислам негізінде ғылым мен
техниканы
үйренуге шақырды . Көздеген мақсатқа жету
үшін
ұлттық
характерімізге негізделген жаңа оқыту әдістерін іздей бастады. Сондай
бағыттың бірегейі жәдидшілдік еді.
Бұл ақындар дың шығармашылығын саралай отырып, профессор Ө.
Күмісбаев оларды “кітабилық” сатыда қал ып қоймай, өзіндік көр кемдік
ізденістерімен туындыларын жоғары сапаға көтеріле білген және кітаби ақын
деген аясы тарлау терминге тықпалауға болар ма екен деп , бұл ақындардың
өлеңдері мен көркем дастандарын “кітабилық ” деңгейден анағұрлым жоғары
екенін айтып өтеді [42, 58 б.].
Аталған ақындардың ішінде айрықша танымал болғандары :
Жүсіпбек
Шайхысламов - “Жүсіп-Зылиха”, “Шәкір-Шәкірат”, “Сал-сал”, “Зарқұм”,
“Мұңлық-Зарлық”, “Дариға қыз”, “Кербаланың шөлінде”; Шәді Жәңгіров -
Қисса қырық уәзір”, “Атымтай хикаясы”, “Қамар у-з-заман”, “Назым сияр
Шариф”; “Ғашық уа мағшуқ”, “Орақ -Күлше хикаясы”; Әсет Найманбаев -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет