«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет16/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43

о қ и ға сы н а  

материал  береді.  Мүндағы  егде  жастағы  мырза  —  менің 

әкем  болса  керек.  Себебі  оның  бір  көзінің  соқырлығы 

әкемдікі  сияқты  глаукомамен  түсіндіріледі.  Енді  ол  менің 

көзімше  өз  қажеттілігін  қанағаттандырады  (бір  кездегі  мен 

сияқты ).  Глауком ага  қаты сты   оп ерац ия  кезінде  оған 

көмектескен кокаин туралы есіне саламын және осы арқылы 

өз  уәдемді  орындаймын.  Сонымен  қатар  мен  оны  мазақ 

етемін.  Ол  —  соқыр,  ал  мен  оның  алдында  оған  қажетті 

ыдысты  үстап  түрмын.  Бүл  менің  өзім  ңатты  мақтана- 

тын  —  истерияны   зерттеу  саласы ндағы   ж етістіктерім 

туралы  айтқым  келгені  болса  керек.

Егер  зәрді  үстай  алмау  туралы  менің  балалық  шағым- 

дағы  екі  көрініс  те  өзімшілдік  тақырыбымен  тығыз  байла­

нысты болса,  ал Аусзеяға саяхат кезіндегі олар туралы еске 

алуға  себеп  болған  кездейсоқ  жағдай  бар.  Мен  ж атқан 

купеде  арнайы  дәретхана  болмагандықтан,  ж ол  ж үру 

барысында  мүмкін  болаты н  қолай сы зды қтарға  дайын 

болуым  керек  еді.  Таңертең  шындығында  да  солай  болды. 

Мен  табиғи  қажеттілікті  сезініп  ояндым.  Осы  сезімдерге 

түсті қоздырушьгның рөлін  беруге  болушы  еді,  бірақ түсте 

ж асы ры нған  ойларды ң  тек  осы  қ а ж еттіл ік   себебінен 

ашылмағаны  туралы   ойлауға  бейіммін.  Мен  еш қаш ан 

мүндай  себеппен  әсіресе  таңғы  сағат  үште  оянбайтынмын. 

Сонымен  қатар  бүдан  қолайлы  ж ағдай  ж асалған  басқа 

кездері  ж ол  ж үрген де,  таң ер тең   ер те  оянғанда,  бүл 

жолғыдаи табиғи қажеттілікті бірден сезінбейтінмін.  Қалай 

десек  те,  мен  осы  пунктті  шешілмеген  күйінде 



қалды ра 

аламын  және  бүл  түстерді  жоруға  еш  зиянын  тигізбейді. 

үстерді  талдаудағы   тәж ір и б е  мені  тіпті  негізінде

128


жатқан  тілектер  тез  түсінілетін,  анық  көрінетін  болған- 

дықтан,  түсіндіруі  қандай  оңай  болып  көрінетін  түстердің 

өзінде,  алыс  балалы қ  ш аққа  кететін  мазмүнды  ойлар 

болатынына  сендірді.  Осыған  байланысты  бүл  ерекшелік 

кез  келген  түстің  маңызды  шарты  болып  табылмай  ма? 

деген  сүраққа  ойлануым  керек.  Бүл  ойды  жалпылай  келе, 

әрбір түс өзінің айқын мазмүнда жаңа бастан кешірулермен 

байланысты  екені  шығады.  Ал  оның  жасырын  мазмүны 

ертеректегі  бастан  кешірулермен  байланысты  деп  айта 

аламын.  Олар,  мәселен,  истерияны  талдау кезінде әрқашан 

жаңа болып  қалады.  Алайда мүндай түжырымды дәлелдеу 

қиын.


Біз  қарастырған  ерекше  үш  естеліктің  арасында  біреуі 

түстің  өзгеретін  қасиетімен  біршама  деңгейде  қанағат- 

танарлықтай  түсіндірілген.  Ол  —  түсте  екінші  деңгейдегі 

маңыздылыққа  ие  элементтерден  басым.  Басқа  екі  ерек- 

шелік  —  ж аңа  әсерлердің  болуы  ж әне  балалық  бастан 

кешірулер  —  тек  баяндалған,  бірақ  түстің  мотивтерінен 

шығарылмайды.  Әзірше  түсіндіруді  қажет  деймін.  Бүл  екі 

ерекшелікті  тек  түс  күйін  психологиялық  түсіндіруде 

немесе ішкі жан дүние аппаратының қүрылымын қарастыра 

отырып,  біз  түс  ж оруды ң  арқасында,  ашық  терезеден 

қарағандай,  психиканың  жасырын  терең  аймақтарына  көз 

жіберуге  болатынын  білеміз.

Түсті  талдауда  соңғыларының  бірінің  нәтижесі  туралы 

осы  түста  айтқым  келеді.  Түс 



көп  мағыналы

  болып  жиі 

көрінеді.  Онда  ж оғары да  келтірілген  мысалдар  көрсет- 

кендей,  бірнеше  тілектер  бірігіп  қана  қоймай,  бір мағынада 

ғана  болуы  мүмкін,  яғни  бір  тілектің  орындалуы  басқасын 

жабуы  мүмкін.  Осы  жерде  тагы мынаны сүрауымыз керек: 

бүл  сөйлемдегі  "жиі"  сөзін  "әрқашан"  сөзімен  алмастырсақ 

дүрыс  болмай  ма?

в) 

Түстің  соматикальщ бастаулары.

  Егер  психологиямен 

айналыспайтын,  бірақ  түс  көру  мәселесі  қызықтыратын 

зиялы  адамнан  түстің  қандай  бастаулардан  шығатыны 

туралы сүрасаң,  ол бүл мәселенің жоқ дегенде бір бөлігінің 

шешімі  өз  ойына  сәйкес  екеніне  күмәнданбайды.  Ол,  ең 

алдымен,  үйқы  кезіндегі  ас  қорытудың  бүзылуынан  түс 

көру  асқазанға  байланысты  пайда  болатынын  айтады. 

Дененің  түрлі  ж а т у   ж ағдайы ны ң  немесе  басқадаи  да 

маңызы  аз  нәрселердін  түс  көруге  әсері  туралы  оиын 

айтады.  Алайда  ол  кісі  бүлардан  басқа  да  ерекше  түсін- 

діруді  қаж ет  ететін,  тағы  бір  нәрсенің  бар  екенін  болжа- 

майды  да.

Ғылыми  әдебиетте  түс  көруге  соматикалық  бастау- 

лардың әсеріне қандай орын берілетінін біз бірінші тарауда 

9—1530 


, 9 0

толығымен  қарастырып  өттік.  Сондықтан  бұл  жерде  оның 

қоры ты нды лары н   еске  т у с ір у д ің   өзі  ж е тк іл ік ті.  Біз 

тітіркендірудің  соматикалық  бастауларын  үшке  бөлетінін 

естігенбіз:  о б ъ екти вті  сезім дік  тітір к е н у л ер   сырттан 

алынады,  сезім  мүшелерінің  субъективті  ішкі  тітіркенулері 

және  іштен  алынатын  физикалық  тітіркенулер.  Сонымен 

қатар  біз  осы  бастауларды ң  болатыны н  мойындайтын 

барлық  ғалымдардың,  түстің  психикалық  бастауларының 

болуын  екінші  орынға  итермелейтінін  немесе  тіпті  мүлде 

жоққа  шығаратынын  байқаймыз.

"Ж үйкелік"  ж ән е  "физикалық"  тітіркенулер  —  міне, 

түстің  соматикалық  бастаулары  осылар.  Көпшілік  автор- 

лардың  айтуынша,  тіпті  бірлік  бастаулар  —  осылар.

Алайда  біз  соматикалы қ  тітіркенулер  теориясының 

дүрыстығына  қарсы  келетін  бірқатар  күмәнданулар  тура­

лы  да  естігенбіз.

Бүл  теорияның  өкілдері  қаншалықты  өздерінің  жайт- 

тарға  негізделулеріне  және  дүрыстығына  күмән  келтіруге 

болмайтынына сенсе де,  түстерде анық көрінетін материал- 

дардың  көпшілігі тек қана  сыртқы  жүйкелік тітіркенулерге 

ғана  сүйенудің  дүрыс  емес  екенін  көрсетеді. 

Мэри  Уайтон 

Калькинс  ханым

  алты  апта  бойы  өзінің  ж ән е  басқа  бір 

адамның  түсін  дәл  осы  көзқарас  түрғысынан  бақылаған 

және  тек  қана  13,2%  resp  (сәйкестілік)  тапқан.  Оның  6,7%- 

нан сыртқы сезімдік қабылдау элементтерін көруге болады. 

Оның  жиынының  тек  екі  жағдайы  ғана  түгелдей  ағзалық 

түйсіктерге  сүйенеді.  Бүл  жерде  статистика  біздің  осыған 

дейінгі  қайталау  нәтижесінде  түйген  ойларымызды  дәлел- 

деп  отыр.

Fалымдар  "жүйкелік тітіркендірулер тудырған  түстерді" 

түстің  басқа  түрлерінен  айырумен  жиі  шектеледі. 

Спитта 

тү стер д і 



жүйкелік  т іт іркен улерден

  ш ы ғаты н  ж ән е 



ассоциативті

  деп  бөледі.  А лайда  м әселені  осылайш а 

шешу,  түстердің  соматикалық  бастаулары  мен  олардағы 

елестер  кешені  арасындағы  байланыс  орнатқанға  дейін, 

қанағаттанарлықтай  болмайтыны  анық.

Бірінші  айтылған,  тітіркенудің  сыртқы  бастауларының 

үнемі  басып  түруы н а  қаты сты   ж ә н е   екінш і  түстерді 

түсіндірудегі  бүл  теорияға  қарсы  келіп,  оның  жеткілік- 

сіздігін  көрсетуге  болады.  Аталмыш  теорияның  өкілдері, 

біріншіден,  неліктен  сыртқы  тітіркенулер  түсте  өзінің 

шынайы  түрінде  емес,  бүрмаланып  көрінетінін  (үйықтау- 

шыньің  оянуы мен  аяқ тал аты н   тү стер д і  салы сты ру), 

еюншіден,  неліктен 

осы

  бүрмаланған  тітіркенуге  қабыл- 

даушы жанның реакциясының нәтижесі аса өзгермелі және 

нақты  емес  болатынын  түсіндіруі  керек.  Бүған  ж ауап

130


ретінде 

Ш трюмпельден

  ж ан   үйқы   кезінде  қорш аған 

әлемнен  оқш ау  болаты ны на  байланысты,  объективті 

сезімдік  тітіркенулерге  дүрыс  түсінік  бере  алмайтыны, 

сондықтан,  керісінше,  нақты  емес  (немесе  белгісіз)  қозу 

негізінде  и л лю зи я  қ ү р у ға  м әж бүр  болатыны  туралы 

естігенбіз.  Ол  былай  дейді:

"Ішкі  нем есе  сы ртқы   ж ү й к ел ік   тітіркенгіш тердің 

арқасында  үйқы   кезінде  түйсіктер  немесе  түйсіктердің 

бүтіндей  ж иы нты ғы ,  сезімдер  немесе  қандай  болсын 

психикальщ процестер пайда болады.  Бүл процесс негізінде 

жан дүниеде сергек кездегі елестетулер шеңберіне қатысты 

бейнелер  пайда  болады.  Яғни  бүрынғы  қабылдауларды  не 

сол ішкі қалпында,  не сәйкес психикалық қүндылықтармен 

байланыста қайта жаңғыртады. Сергек қалыпқа сәйкес жан 

дүние  түс  көргенде  де  ж уйкелік  тітіркендіргіш терден 

шығатын  әсерлерді  түсіндіреді  деп  айтады.  Мүндай  түсін- 

діру  нәтижесінде  біз  жүйкелік тітіркендіргішке  негізделген 

түстерді  көрем із.  Яғни  қүрауш ы   бөліктер,  ж үйкелік 

тітіркену  қайта  ж аңғы рту  заңы  бойынша  ж ан  дүниеге 

өзінің  психикалық  әсерін  беруімен  негізделген  түстерді 

көреміз".

Мәні  бойынша  бүл  ілімге 

Вундттың

  түжырымы  үқсас 

болып  табылады.  Ол  түжырым  бойынша  түстегі  елесте­

тулер  көбінде  сезімдік  тітіркендіргіштерден,  негізінен 

ж алпы   сезім нің  тітіркен уін ен   пайда  болады   ж әне 

сондықтан  көбінесе  фантастикалық  иллюзиялар  болып 

келеді,  ж ән е  тек  маңызды  емес  мөлш ерде  естің  таза 

елестетулері  галюцинациялар  деңгейіне  дейін  көтерілген 

күйінде  кездеседі.  Бүл  теориядан  шығатын  түстердін 

мазмүны  мен  тітіркенулерді  сәйкестендіру, 



Штрюмпелъдің 

салыстыруы  бойынша,  "музыкадан  хабары  аз  адамның  он 

саусағының  рояль  пернесімен  жүгіргеніндей".  Осылайша, 

түс  психикалы қ  мотивтерден  шығатын  ж ан  дүниелік 

Қүбылыс  емес,  психикалық  симптоматологиядан  көрінетін 

физикалы қ  тітіркену  нәтижесі  болып  көрінеді.  Осыған 

үқсас  алғышартта,  мысалы,  үнемі  қайталанатын  елестерді 

түсіндіру  қүрылған,  оларды  Мейнерт  сандары  анығырақ 

болып  көрінетін  белгілі  циферблатпен  салыстыру  арқылы 

түсіндіруге  тырысады.

Бүл  теория  қаншалықты  танымал,  қаншалықты  қара- 

пайым  болғанымен,  оның әлсіз жақтарын байқау оңай.  Кез 

келген  соматикалык,  тітіркену  сансыз  көп  түсіндірулерге 

себеп  бола  алады .  Яғни  түс  м азм үны нда  ш ексіз  көп 

формада көріне алады.  Алайда 

Штрюмпель

 мен 


Вундттың 

ілімі,  ішкі тітіркену мен оларды түсіндіруге тандап алынған 

елестетулерді  байланыстыруда  реттейтін  бірде-бір  мотивті

131


келтіре алмады.  Олар  "өзінің  репродукциялаушы іс-әрекеті 

барысында  жасайтын"  ерекше  тітіркендірулерді  таңдауды 

түсіндіре  алмайды.  Басқа  тітіркенулер  иллюзиялар  туралы 

ілімнің  негізгі  алгышартына  қарсы  бағытталады.  Физиолог 



Бурдах

  ж ан  дүние  үйқы   кезінде  тітіркенулерге  дүрыс 

реакция  беруге  қабілетті  екенін  көрсетеді.  Ол  кейбір 

индивидуумға  маңызды  болып  көрінетін  әсерлер  үйқы 

кезінде  бүрмалаудан  а у л а қ   болады   ж ән е  субъект  кез 

келген  бейтарап  түйсіктерді  естігеннен  емес,  өзінің  аты 

аталуынан  тезірек  оянатынын  дәлелдейді.  Алайда  бүдан 

ж ан  дүн ие  ү й қы   к езін д е  де  тү й с ік тер д і  бір-бірінен 

ажырататыны  көрсетіледі.  Осы  бақылауларға  байланысты 

Бурдах  былай  деп  түжырымдайды:  үйқы  кезінде  сезімдік 

әсерлерді  түсіндіруге  қабілетсіздік  емес, 

оларға  деген 

қызығуиіылықтың  жетіспеуиіілігі  орын  алады.

  1830  жылы 



Бурдах

  қолданған  деректерді  1833  жылы 



Липпс

  та  өзінін 

соматикалық  тітіркенулерді  сынауында  пайдаланған.  Жан 

дүние  бізге  сондықтан  үйқыдағы  адам  жайлы 



анекдотты  

есімізге  түсіреді:  "Сен  үйы қтап  ж аты рсы ң   ба?"  деген 

сүраққа,  ол  "Жоқ"  деп  жауап  береді,  "Онда  маған  10  сом 

берші"  деген  өтінішке:  "Мен  үйы қтап  жатырмын"  деп 

жауап  қайтарады.

Соматикалық тітіркенулер теориясының кемшілігі басқа 

қатынаста  да  анық.  Бақылау  мынаны  көрсетеді:  сыртқы 

тітіркен улер  міндетті  түрд е  түс  туды руы   ш арт  емес, 

дегенмен  соңғыларының  мазмүнында  көрініс  беретіні  рас. 

Түс  кезінде  сипап  сезу  немесе  қысым  тітіркенулеріне  мен 

түрліше  реакция  көрсете  аламын.

Мен  оған  мән  бермеуім  мүмкін,  бірақ  оянғаннан  кейін 

аяғымның  ашық  жатқанын,  не  қолымның  дүрыс  бүгілмей 

жатқанын  көруім  мүмкін.  Мен  тітіркенуді  үйқы  кезінде  де 

сезінуім  мүмкін,  әдетте  ауруды  сезіну  осылай  болады,  — 

бірақ  түйсіну  түс  көруге  тікелей  шарт  болмайды.  Ж әне, 

үшіншіден,  мен тітіркенудің әсерінен оны жою  үшін оянып 

кетуім  мүмкін.  Ж ә н е   тек  төртінш і  мүм кінш ілік  қана 

жүйкелік тітіркендірудің менде түс көруді пайда болдыруы 

мүмкін  екенін  білдіреді.  Алайда  алғашқы  үш  мүмкіндік  те 

ете  ж иі  кездеседі. 

Соңғысы,  тітіркенудің  соматикалық 

баст аулары нан  тыс  басқа  т үстің  т үрт кілері

  аны қ 


көрінбесе,  болмас  еді.

Шернер

  ж әне 


Фолъкельт

  түсті  түсіндірудегі  осындай 

ақтаңдақтарды   әділ  көрсете  отырып,  ж ан  дүниенің  іс- 

әрекетін  нақты рақ  аны қтауға  тырысқан.  С оматикалық 

тітіркенулер  таң ғаларлы қ  ерекш е  түстерді  туғы зады ; 

осылаиша,  олар  түстердің  мәнін  тағы  да  ж ан  дүниелік 

өмірге,  психикалық белсенділік саласына  аударған. 

Шернер

132


психикалық  ерекш еліктердің  поэтикалық  сезімдік,  аса 

жарқын  бейнелерін  беріп  қана  қойған  жоқ;  ол  жан  дүние 

өзіне  берілген  тітіркенулермен  әрекеттер  жасайды  деген 

қағиданы  ашқанына  да  сенімді  болған.  Күндізгі  қоршау- 

лардан  босаған  фантазия, 

Шернер

  бойынша,  тітіркену  шы- 

ғып  түрған  мүшенің  табиғатын 

белгілік

  бейнелеуге  үмты- 

лады.  Осылайша,  өзінше  "түс  жору"  пайда  болады,  оның 

көмегімен  түстің  негізінде  физикалық  түйсінулер,  жеке- 

ленген  мүшелердің  және  физикалық  тітіркенулердің  күйі 

туралы айтуға болады.  "Осылайша,  мысалы,  мысық бейне- 

сі  —  жаман  көңіл-күйді;  ашық,  майда  нанның  бейнесі  — 

ж алаңды қты   көрсетеді.  Адам  денесі  түсте  біртүтас  үй 

бейнесі  ретінде  бейнеленеді.  Tie  ауруы  себеп  болған  түсте 

ауыз  қуысына  —  үйдің  кіреберіс  бөлмесі  сәйкес  келеді, 

кеңірдектен  өңешке  өтуге  —  баспалдақ  сәйкес  келеді.  Бас 

ау р у ы   болған   тү сте  басты   б ейн елеу  үшін  ф ан тазия 

тү рш іктір етін   өрм екш ілерге  толы   бөлменің  төбесін 

таңдайды".  "Бүл  рәміз  түсте  барлық  мүше  үшін  түрақты 

пайдаланылады;  дем алып түрған өкпе жалындап от жанып 

жатқан пеш ретінде көрінуі мүмкін;  жүрек — бос жәшіктер 

немесе  себеттер;  қуық  домалақ,  қап  тәріздес  нәрселер 

ретінде  көрін еді.  Ә сіресе  түстің  соңына  қарай   бүл 

мүшелердің қызметі өзінің шынайы түрінде көрініс беретіні 

маңызды.  Осылай,  мысалы,  тіс  ауырғаны  туралы  түс 

үйықтап  жатқан  адамның  тісін  жүлып  алумен  аяқталады  . 

Бүл  түсті  түсіндіру  теориясы  ғылыми  ортада  кең  таралған 

деп  айту  қиын.  Ондағы  бар  шындық  тіпті  ескерілмеді  де. 

Ол  шындык,  рәміз  арқылы  түсті  түсіндірудін  жаңғыруына 

әкеледі.  Бүл  түсіндірулердегі  нақты  ғылыми  техниканын 

ж етк іл ік сізд ігін   — 



Ш ернердің

  ілімінің  әлсіз  жағы н 

көрсетеді.  Оны  түсіндіру  барысында  дағдарыстан  қүтылу 

мүмкін  болмақ.  Осылайша,  мысалы, 



Фолькельт  Шернердің 

адам  денесі  үй  ретінде  кәрінеді  дегеніне  келіспеген.  Және 

де  түстің  бүл  теорияда  тек  қиялдаушы  ғана,  басқадай  еш 

пайдасыз іс-әрекет ретінде түсінілуі де қарсылық тугызады.

Бірақ  бір  қарсылық 

Шернердің

  іліміне  маңызды  соққы 

береді.  Физикалық  тітіркенулер  үшін  жан  дүниеге  сергек 

кезден  гөрі  үйқы  кезі  қолайлы.  Егер  бүл  қарсылықтарга 

түсті  "іс-әрекетке  итермелеу  үшін  қүлақ,  көз,  тіс,  ішектер 

ж әне  тагы  басқалар  ерекше  тітіркенулерді  қажет  етеді 

деп  жауап  қайтарсақ,  мүндай  нығайтылған  тітіркенулерді 

орнату қиындығы пайда болады;  бүл ең сирек жагдайларда 

мүмкін.  Егер үшу туралы түс өкпенің кенуі не тарылуының 

белгісі  болса, 



Штрюмпель

  байқағандай,  не  жиілеуі  керек, 

не  осы  түс  кезінде  өкпенің  аса  жоғары  қызметі  байқалуы 

керек.  Алайда,  үшінші  жағдай  да  мүмкін,  бүл  бәрінен  де

133


шындыққа  сай  келеді:  кей  кезде  ерекше  мотивтер  әрекет 

етеді,  оларды ң  м ақсаты   үнемі  болаты н  вискцеральді 

түйсінулерге көңіл аудару;  алайда бүл жағдай бізді 

Шернер 

теориясының  шегінен  шығарып  жібереді.



Шернер

  мен 


Фолькельттің

  теориялары ны ң  маңызы: 

түстің  бірқатар  өзгеше  түсіндіруді  қажет  ететін  және өзіне 

ж аңа  ш ы нды қтарды   ж асы рған   ер ек ш ел ік тер ге  назар 

аударылуында.  Түсте  дене  мүш елерінің  ж ән е  олардың 

функцияларының  белгілері  берілгені  әділетті.  Түрлі  түсті 

бояуларға бай түстер түссіз күңгірт бояулар басым түстерге 

қарсы,  сөзсіз,  көру мүшелерінің тітіркенуіне жатқызылады. 

Есту мүшелерінің дәл солай тітіркенуінен түстерде шу,  гуіл 

басым  болады.



Шернер

  айтқандай,  көпірде  екі  қатар  әдемі  ер  бала- 

лардың  бір-бірімен  төбелесіп,  одан  соң  қайта  орындарына 

оралуы және соңында үйықтап жатқан адамның өзі көпірге 

отырып,  жағынан  ауырған  тісін  суырып  алуы  туралы  түсі 

немесе басқа 



Фолькельттің

  түсіндегі:  екі қатар жәшіктерді 

көруі және оның да тісгі жүлумен аяңталуы туралы түсгері — 

бүлардың  барлығы, 



Шернердің

  теориясы  бойынша,  фанта- 

зияны  қүру  ж әне  ондағы  шынайылықтың  болуын  жоққа 

шығаруға  хүқық  бермейді.  Сондықтан  біздің  алдымызда 

басқаша  түсініктеме  беру  міндеті  түр.

Түстің  сом атикалы қ  бастаулары   теориясы н  талдай 

отырып,  мен әрқашан біздің түсті талдауымыздан шығатын 

дәлел д і  көрсеткен   ж о қп ы н .  Егер  біз  б асқа  авто р лар  

қолданбаған  әдіс  арқылы,  түс  —  психикалық  акт  ретінде 

ерекш е  қүнды лы ққа  ие  екенін,  оның  ш ығуына  түрткі 

тілектер  болатынын  ж әне  алдыңғы  күннің  бастан  кеші- 

рулері  оньщ  мазмүнына  негізгі  материал  беретінін  анық- 

тасақ,  онда бүл  әдісті  жоққа  шығаратын  кез  келген  теория 

негізсіз  болып  табылады.  Әйтпесе,  бірі  —  бізге,  келесісі  — 

басқа  зерттеушілерге  байқалған  екі  түрлі  түс  болуы  керек 

еді,  ол  мүлде  мүмкін  емес.  Біз  енді  өз  теориямызбен  сома- 

тикалық  тітіркенулер  туралы   ілім  сүйенетін  деректерді 

келістіруіміз  керек.

Түстің  іс-әрекеті  оның  қоздырушы  сәттерінің  барлығын 

бір  бүтінге  қайта  жинауға  мәжбүр  етеді  деген  кезде,  оған 

алғашқы  қадамды  біз  ж асап  қойдық.  Біз  егер 

алды ңғы  

күннен екі не одан да көп қүнды бастан кешірулер қалатын 

болса,  онда  олардан  шығатын  тілектердің  түсте  бірігетінін 

көрдік.  Сонымен  қатар  түс  материалы  үшін  психикалық 

қүндылығы  бар  әсерлер  алдыңғы  күннің  маңызсыз  бастан 

кеішрулерімен  бірігеді.  Бірақ  олардың  арасында  байланыс- 

тырушы  елестетулер  шарты  орындалуы  керек.

Осылаиша,  түстер  дәл  қазір  үйықтап  жатқан  жанға  не

134


көкейтесті  болса,  соның  барлығына  реакция  болады.

Біз  алдыңғы  түстерді  талдаудан  олардың  материалы 

психикалық  рудим енттер  мен  еске  түсірулер  іздерінің 

жинағы  болып  табы латы ны н  білеміз.  Бізге,  егер  бүл 

материалдарға  ж аң а  материал  қосылса,  не  болатынына 

жауап  беру  қиын  емес:  тітіркену  болады.  Бүл тітіркенулер 

түс  үшін  көкейкестілігіне  байланысты  қүнды лы ққа  ие 

болады.  Басқаш а  айтқанда,  түстер  үйқы  кезінде  тілек- 

тердің  іске  асуынан  қайта  қүрылады.

Алайда  мүндай  бірігу  міндетті  емес,  біз  осыған  дейін 

физикалық  тітіркенулерге  қатысты  үйқы  кезінде  түрліше 

тыс қатынастар мүмкін екенін естігенбіз. Ол болатын жерде, 

түстің  екі  бастауына  да  (соматикалық  және  психикалық) 

көрініс  беруге  қабілетті  елестетулер  табуға  болады.

Түстің  мәні  еш  өзгермейді  (оның психикалық  бастауына 

соматикалы қ  м атери ал  қосы лғанда);  ол  тілектің  іске 

асырылуы  болып  қалады.

Мен  осы  жерде  түс  үшін  сыртқы  тітіркендірудің  маңы- 

зын  өзгермелі  ететін  бірқатар  ерекшеліктерге тоқталамын.

Мен жеке-дара,  физиологиялық және кездейсоқ сәттер- 

Дің  үйқы   кезінде  адамның  жекелеген  жағдайларда  қар- 

қынды  объективті  тітіркенулерді  қабы лдаум ен  қалай 

негізделгенін  елестете  аламын.  Үйқының  әдеттегі  немесе 

кездейсоқ  тереңдігі  тітіркендірудің  қарқындылығымен 

байланысып,  кейде  ол  тітіркенуді  үйқы  бүзылмайтындай 

етіп  басуға мүмкіндік  береді.  Басқа  бір  кезде  сол тітіркену 

адамды  оятып  жіберуі  мүмкін  немесе  оның  түске  қосы- 

луына  себеп  болады.  Осыған  сәйкес  объективті  тітірке- 

нулер  бір  субъектінің  түсінде  екінші  бір  субъектімен 

салыстырғанда  жиі  немесе,  керісінше,  сирек  көрініс  беруі 

мүмкін.  Мен  өзім  ж ақсы   үйықтаймын,  мені  ояту  қиын; 

сыртқы әсерлер менің түсімде өте сирек көрініс береді. Мен 

мүндай тітіркенудің әсері көрінетін тек бір  ғана түсті есіме 

түсіре  аламын  ж әне  осы  мысал  негізінде  сыртқы  тітіркен- 

ДІру  қандай  нәтиж е  беретінін  көруге  болады.

Мен  атқа  мініп  келе  жатырмын,  бастапқыда  ақырын, 

жайсыз  отырғандай  болып  келемін.  Мен  П.  деген  әріп- 

тесімді  кездестірдім;  ол  атта  тік,  жақсы  киініп  отыр  және 

маған бір нәрсені  (мүмкін,  менің өте жайсыз отырғанымды) 

есіме  түсірген дей .  Ө зім нің  ақы лды   атыма  ж айлы рақ 

отыруға тырысамын,  жылжып  барып,  бір кезде өзімді үиде 

отырғандай  сезінемін.  Ердің  орнына төсенішке үқсас нәрсе 

түрғандай.

Мен  екі  арбаның  арасындағы  тар  кеңістікпен  өттім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет