М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет21/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50

1. Бақылау сұрақтары:


1. Қабат еденінің деңгейінде орналасқан сатылық алаңдар қалай аталады?



  1. дәріс тақырыбы.

Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері


Өндірістік ғимараттарды, кәсіпорындарды немесе өнеркәсіптік түйіндерді жобалау үшін қажетті деректер негізінен үш топқа бөлінеді: объектің орналасу орнының географиялық ерекшеліктерімен байланысты; жобаланатын өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне негізделген; тұрғызатын мекеменің мүмкіншілігін сипаттайтын деректер. Құрылыс ауданы жобаның технико-экономикалық негізделуімен анықталады.


Географиялық деректерге: құрылыс ауданының климаттық жағдайлары; құрылысқа бөлінген территорияның топографиялық түсірілуі; инженерлі– геологиялық және гидрогеологиялық деректер жатады.
Жобаның технологиялық бөлігін құрайды:
–технологиялық жабдықтарды орналастыру жоспары (жолдарды, өтулерді, қоймаға жинау бөлімдерін және т.б. көрсетумен);
–стационарлы жабдықтың үлкен биіктігі;
–ішкі цехты көлік туралы мәліметтер (түрі, жүккөтергіштігі, өлшемдері және
т.б.);
–ішкі микроклимат параметрлері (ауа температурасы және ылғалдылығы,
оның тазалық дәрежесі және т.б.);
–өртке қауіпті дәрежесі бойынша өндірістік категориясы;
–цехта жұмыс істейтін жұмысшылар саны.
Технологиялық процесс ғимараттың сәулеттік–құрылыстық шешімдерін, оның санитарлы–техникалық және инженерлік жабдықталуын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.
Жобалық шешімдердің техника-экономикалық бағалануы. Өндірістік ғимараттардың көлемдік–жоспарлық шешімдерінің үнемділігі мөлшерлік және сапалық көрсеткіштердің көмегімен анықталады.
Жобаның мөлшерлік бағалануы үшін анықталады:
пайдалы аудан, яғни сатылы торлар мен лифттік шахталардан басқа, барлық қабаттағы бөлмелер ауданының қосындысы. Өндірістік ғимараттардың пайдалы ауданына алаңдардың құрастырылған этажеркалар ауданы және т.б. кіреді;
жұмыстық аудан, яғни өнімдерді дайындауға қолданылатын аудандар қосындысы;

  • құрылыс ауданы, яғни жергілікті жердегі ғимарат алатын аудан;

ғимараттың құрылыстық көлемі, яғни көлденең қимасының ауданын (фонарьларды қосқанда) бүйірлік қабырғалардың сыртқы қырлары арасындағы арақашықтыққа көбейту.
Жобаның сапалық бағалануы келесі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептегенде жүзеге асырылады:

  • К1 жоспарлаудың ықшамдылық коэффициенті, жұмыстық ауданның пайдалыға қатынасы болып табылады;

  • К2 көлемдік коэффициенті, ғимарат көлемінің пайдалы ауданға қатынасын сипаттайды;

  • К3 ғимарат пішінінің үнемділік коэффициенті, сыртқы қабырғалар мен фонарьлардың вертикальды қоршаулары аудандарының пайдалы ауданға қатынасын тағайындайды.

К1, К2, К3 коэффициенттерін өзара жобалық шешімдердің нұсқаларын салыстыру, эталонды жобамен немесе нормалық мәліметтермен беттестіру және тиімді нұсқаны таңдау үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет