М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет16/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Ағаш аралық қабырғалар. Қаңқалы аралық қабырғалар ағаш қаңқадан және толтырулардан тұрады. Қаңқа қалыңдығы 20 – 25 мм тақтайлармен екі жағынан қапталған, әр 0,5 – 1 м сайын орнатылған тіректер қатарлары болып табылады.
Тақтайлы аралық қабырғаларды төменгі бекіткішке орнатылған қалыңдығы 50 мм тақталардан орындайды, ал жоғары шеттерін төбеге бекітілген үшбұрышты арқаулармен бекітеді.
Ағаш ұсталық аралық қабырғаларды қосымша бөлмелердің қоршауы үшін қолданады. Оларды еденге бекітетін бекіткішке орнатылатын тұйық немесе әйнектелген құрама ағаш қалқандардан орындайды.
Шкафты аралық қабырғаларды тартпа болттар мен бұрандалы шегелердің көмегімен тіректер мен қалқандардан жинайды. Аралық қабырғалар ені (500мм) киімдерді, аяқ киімдерді, кітаптарды сақтау үшін оларды қолдануға мүмкіндік береді.
Жиналатын қалқанды аралық қабырғалар ілмектермен біріктірілген топса жиынтығынан тұрады. Жоғарғы бағыттауыш топса бойынша ілмелі шығыршықтар қозғалғанда аралық қабырғалар «гармонға» жиналады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қандай маңызды талап аражабынның пайдалану сапаларын анықтайды?

  2. Еден үшін негіз қызметін не атқарады?

  3. Тағайындалуына сәйкес аралық қабырғалар қандай талаптарға жауап беруі

тиіс?
8–9-дәріс тақырыбы.


Азаматтық ғимараттардың терезелері мен есіктері. Азаматтық ғимараттардың шатырлары.




Терезелер және витраждар бөлмелердің табиғи жарықтандыруын қамтамасыз етуге арналған негізгі вертикальды конструкциялар болып табылады. Тұрғындық ғимараттар үшін, мысалы, терезелер ауданы бөлмелердің еден ауданынан 1/8 – 1/5 шегінде болуы тиіс. Әйнектеу конструкциясы ғимараттың сыртқы келбетіне және бөлмелердің интерьеріне әсер ететін маңызды элемент.
Азаматтық ғимараттардың терезелері әртүрлі пішіндерімен және конструкциялық шешімдерінің күрделілігімен ерекшеленеді. Оларды келесі белгілері бойынша топтау қабылданған: тағайындалуы бойынша: сыртқы, ішкі (есіктер үсті, қатарлас бөлмелер арасындағы терезелер); топса саны бойынша: бір –
, екі – және үштопсалы; топсаларды ашу тәсілі бойынша: тұйық немесе вертикальды және горизонтальды ашылатын түптерімен; желдеткіш қондырғысы бойынша: форточкалар арқылы, сыртында жалюзий торы, ал ішінде тұйық есігі, жіңішке вертикальды топсасы бар желдеткіш қорабы арқылы; әйнектеу қатарының саны бойынша: бірқатарлы – оңтүстік аудандарда немесе бөлмелер ішінде; екі қатарлы – қалыпты климатты аудандарда, үш қатарлы – биік ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және солтүстік аудандарда қолданылады; жарық өткізгіш материалының түрі бойынша: қалыңдығы 2 – 6мм кәдімгі әйнектен; арнайы әйнектен (күннен қорғау, жарықты тарату, әдемілік), профильденген әйнектен, әйнек блоктардан; терезелер конструкцияларының материалы бойынша: ағаш, металл, темірбетонды, пластмассалы.
Терезелер қанағаттандыруы қажет негізгі талап олардың жылу қорғау қасиеттері, бұл жылудың негізделмеген шығынын сақтауға мүмкіндік береді және бөлмелердің дыбыс изоляциясын қамтамасыз етеді.
Терезелер өлшемдері ықшамдалған. Терезе биіктігін көбіне қабат биіктігінен 1100 – 1300мм–ге кіші, ал бір топсалы терезелердің ені 600мм кем емес, екі топсалылардікі 900,1100,1300мм, үш топсалылардікі 1600-1800 мм етіп қабылданады.
Терезе блоктары терезе қораптарынан, әйнектелген түптерден, терезе асты тақтадан тұрады.
Бөлек түптерімен ағаш терезе блоктары. Терезе қорабы терезе түптері бекітілетін рама болып табылады (13 – сурет).
а - кәдімгі; б - қалтқымен; 1 - штапик; 2 – тамшылық-астау; 3 - су ағызғыш;
4 - қалтқы
13 – сурет. Бөлек түптерімен терезе блоктары:
Түптер тұйық немесе ашылатын топсалардан тұрады. Бөлмелер ішінде еркін ашылуы үшін сыртқы түптердің өлшемдері ішкілерінікінен кіші болады.
Өлшемдердің бұл айырмасы әр жағына 25-35 мм құрайды.
Түптер топсалары контурлы арқаулардан, бекіткіштерден және аралық элементтерден (терезе өлшемдерін азайтатын аралық арқаулар) тұрады.
Арқаулар қимасының пішіні бойынша бекіткіш кәдімгі және қалтқымен түптеу болып бөлінеді. Қалтқы дегеніміз терезелердің желді өткізбеуін қамтамасыз ететін, түп пен қорап арасындағы саңылауды жабатын, бекіткіштің шығыңқы шеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет