М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет18/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Еңісті шатырлар және олардың конструкциялары. Шатырларды су өткізбейтін материалдан төбе жабындыларымен жабылған, қиғаш жазықтықтар – еңістер түрінде орындайды.
Шатыр еңістерінің пішіндері (15 – сурет) жоспардағы ғимарат пішініне және сәулеттік ерекшеліктеріне байланысты.


а - біреңісті; б - екіеңісті; в - төртеңісті; г - жартылай шеңберлі; д - көпеңісті; е - шатрлы; ж - пирамидалы; з - күмбезді


15 - сурет. Еңісті шатырлар пішіндері

Ені үлкен емес ғимараттарда көбіне біреңісті шатырлар орнатылады. Еңіс – шатырдың қиғаш жазықтықтары. Екі қарама–қарсы жақтарға су ағып кететін, ғимарат шатыры екіеңісті деп аталады. (16–сурет).




16–сурет. Көпеңісті шатыр элементтері:


1 – фронтон; 2 – терезе; 3 – атша; 4 – құмыра; 5 – щипец; 6 – вальма; 7 – қыры Еңісті шатырлардың көтеруші конструкциялары қиғаш итарқа немесе итарқалық фермалар болып табылады, олар бойынша төбе жабындысына негіз болып табылатын, ағаштар қағылады. Қиғаш итарқаларды тіректер арсындағы 6 м үлкен емес аралықты ғимараттарда орнатады. Қиғаш деп негізгі элементі екіден кем
емес тіректері бар, итарқалық арқау болып табылатын итарқаны айтамыз.
Зауытта дайындалатын ірілетілген элементтерден құрама ағаш итарқалар индустриалды болып табылады. Олар қиғаш орнатылған және тіректер, итарқалық қалқандар, атша фермалар рөлін орындайтын тіректік фермалардан тұрады.
Егер айтарлықтай енді ғимараттарда ішкі тіректері жоқ болса және қиғаш итарқаларды орнату мүмкін болмаса, онда тек қана екі нүктеге сүйенетін итарқалық фермалар қолданылады. Итарқалық фермалар ағаш, металл, болат, темірбетонды, үшбұрышты, полигоналды және сигментті пішінді болады.
Жабылатын аралыққа байланысты ағаш итарқалық фермалардың (аспалы итарқалар) әртүрлі конструкциялық сұлбалары болуы мүмкін. Көбінесе ағаш фермалардағы созылуға жұмыс істейтін элементтер болат стерженьдерден орындалады. Мұндай фермалар металлағашты деп аталады.
Болат және темірбетонды фермалар үлкен аралықты азаматтық ғимараттарда кеңінен қолданылады. Оларды прокатты профильді болаттар – бұрыштардан дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет