М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет26/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50

Бақылау сұрақтары:


1. Өндірістік ғимараттарды қандай ерекшеліктерін ескеріп жобалайды? 2.Қандай көрсеткіштердің көмегімен өндірістік ғимараттың көлемдік–
жоспарлық шешімінің үнемділігін анықтайды?
3.Территорияларды көгалдандырумен және жайластырумен ғимараттарды, имараттарды, көліктік және инженерлік желілерді жер теліміне орналастырудың масштабты сұлбасы қалай аталады?


  1. дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттар түрлері және конструкциялық жүйелері. Іргетастар және іргетастық арқалықтар


Өнеркәсіптік өндірістерді орналастыруға арналған ғимараттар өндірістік деп аталады.


Өндірістік ғимараттар келесі белгілері бойынша бөлінеді:

–тағайындалуы бойынша: өндірістік (негізгі және қосымша); энергетикалық (ЖЭО, қазандық, трансформаторлық станциялар); көліктік-қоймалық (гараждар, қоймалар, локомотив депосы); әкімшілік-шаруашылық және тұрмыстық (инженерлік, зертханалық корпустар, поликлиникалар); су құбырларын және канализацияларды жөндеуге арналған сантехникалық (насостық, су жинайтын мұнаралар);

  • қаңқа конструкциясының материалы бойынша: болат; темірбетон; аралас;

  • отқа тұрақтылығы бойынша: I класты ғимараттар үшін II дәрежеден кем емес; II класты ғимараттар үшін III дәрежеден кем емес; III және IV класты ғимараттар үшін отқа тұрақтылық дәрежесі нормаланбайды.

Өндірістік ғимараттар жалпы талаптарды (функциялық, техникалық, өртке қарсы, индустриалдық, сәулеттік-суреттік), сонымен қатар өндірістік сипатымен негізделген арнайы келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • ғимараттың көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдері өндірістік процесті ұйымдастыру және құрал-жабдықтарды орналастыру үшін жақсы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс; ғимараттың кеңістік қатаңдығы технологиялық және көтеру-көліктік құрал-жабдықтардың жұмысынан пайда болатын вертикальды және горизонтальды динамикалық күштердің әсерлерін ескерумен қамтамасыз етілуі қажет;

  • жұмысшылар денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар ұйымдастырылуы тиіс;

  • ғимараттар қажуын алдын алу бойынша шаралар ұйымдастырылуы қажет.

Ғимараттардың негізгі көлемдік-жоспарлық параметрлері болып табылады:

  • аралық – қабырғалардың немесе ұстындардың бойлық қатарларының бөлу осьтері арасындағы арақашықтық;

  • қадам – қабырғалардың немесе ұстындардың көлденең қатарларының бөлу осьтері арасындағы арақашықтық;

  • биіктік – еден деңгейінен жабудың көтеруші конструкцияларының төменгі бетіне дейінгі арақашықтық (бірқабатты ғимараттарда) немесе таза едендер деңгейлері арасындағы арақашықтық (көпқабатты ғимараттарда). Бойлық және көлденең бағыттардағы ұстындар арасындағы арақашықтық жиыны ұстындар торы деп аталады.

Өндірістік ғимараттардың көп тараған түрі – бірқабатты. Олар горизонтальды сұлбалы технологиялық процесті өндірістерге, ауыр жабдықтарды қолданатын немесе ірі өлшемді өнімдерді шығаратын өнеркәсіптерге арналған.
Бірқабатты өндірістік ғимараттар конструкциялық шешімдері бойынша келесі түрлерге бөлінеді (24–сурет) :

Ғимараттың қаңқалы түрі өндірістік құрылыста өте көп тараған;

  • қаңқасыз – пилястралармен күшейтілген (қабырғаның жергілікті қалыңдылығымен), сыртқы көтеруші қабырғалары болады. Мұндай ғимараттар крандарының жүк көтергіштігі 5т дейін болады, аралықтары 12м аспайды;

  • толық емес қаңқалы – сыртқы көтеруші қабырғалары және ішкі тіректері болады (ұстындар, кірпіштік бағаналар). Мұндай ғимараттардың екі және одан да көп аралығы болады және үлкен емес жүк көтергішті крандармен жабдықталған;

  • вертикальды тіректері немесе сыртқы қабырғалары жоқ шатрлы. Мұндай ғимараттардың жабуы іргетасқа сүйенеді.


а – қаңқалы; б–қаңқасыз; в – толық емес қаңқалы; г – шатрлы; 1 – сыртқы қабырға; 2 – ұстын; 3 – ферма; 4 – жабу плитасы; 5 –кранасты арқалығы; 6 – көтеруші қабырға; 7 –жабу арқалығы; 8 – пилястра; 9 – іргетас; 10 – арка; 11 –арканың жоғарғы беті бойынша жабу 24–сурет. Бірқабатты өндірістік ғимараттардың конструкциялық түрлері:


Көпқабатты ғимараттар вертикальды технологиялық сұлбалы өндірістерге (диірмендер, таулы-байыту фабрикалар және т.б.) немесе жеңіл технологиялық жабдықтарды қолданатын кәсіпорындарға (аспаптар жасау өнеркәсібі, тамақ, жеңіл өндірісі) арналған.
Көпқабатты өндірістік ғимараттар түрлері:

Көптеген қазіргі өндірістік ғимараттар қаңқалы етіп тұрғызылады.
Көпқабатты ғимараттар қаңқалары рамалы, байланыспалы и рамалы - байланыспалы түрінде болуы мүмкін.
Тағайындалуы бойынша көпқабатты өндірістік ғимараттар өндірістік, зертханалық және әкімшілік–тұрмыстық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет