М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан


Біріктірілген түптерімен ағаш терезе блоктары



бет17/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Біріктірілген түптерімен ағаш терезе блоктары. Терезе қорабында сыртқы және ішкі түптерінің топсаларымен бірге тартылған терезе блогы біріктірілген деп аталады.
Терезе блоктарын орнату және бекіту. Тасты қабырғалардың ойығында орнатылған терезе блоктарын шіруден қорғау үшін қорапты антисептикпен бояйды және периметрі бойынша толь немесе рубероид қабатымен құрсайды (14 – сурет).

1 - үлкен шеге; 2 - антисептикалық сына; 3 - талшық; 4 - конденсатты алып кету үшін тесік; 5 - мырышталған болаттан сыртқы су құю; 6 - терезе қорабы.


14–сурет. Тасты қабырғалар ойығында терезе блоктарын бекіту (түптері және терезе асты тақта көрсетілмеген)


Витраждар конструкциясы. Үлкен беттерді толтыратын терезелер, сонымен қатар жарық өткізгіш қабырғалар витраждар деп аталады.
Витраждарды ішкі кеңістікті максималды ашу және оны жарықпен байыту мақсатында қоғамдық ғимараттарда қолданады.
Витраждарды кірістірілген және сүйетіп орнатады. Сыртқы әйнектеу вертикальды және қиғаш (вертикальдан 10 -15% көп емес) болуы мүмкін. Витраждар конструкциялары қажетті жылу изоляциясы, ауа өткізбеу және беріктік талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Есіктер – қабырға немесе аралық қабырға ойығындағы қоршау. Олардың орналасуын, санын және өлшемін бөлмелердегі адамдар санын, ғимарат түрін және т.б ескеріп анықтайды.
Есіктер қабырғалардың есік ойықтарында бекітілген рама болып табылатын қораптан және есік қораптарына ілінетін жапқыштардан тұрады.
Есіктер келесі белгілері бойынша бөлінеді: ғимаратта орналасу орны бойынша: сыртқы, ішкі, шкафты (кірістірілген шкафтарда қызметтік жертөлеге түсуге, шатырға шығуға), кіре берістік (ғимаратқа кірген жерде); жапқыштар саны бойынша: бір жақты, бір жарым жақты (әртүрлі енді екі жапқыштарымен), екі жақты; қоршау сипаты бойынша: тұйық, жартылай әйнектелген, әйнектелген; ашылу әдісі бойынша: бір жаққа ашылатын; екі жаққа ашылатын, жылжымалы, жиналмалы, айналмалы.
Бір жақты есіктер ені 600, 700, 800, 900, 1100 мм, екі жақты – 1200, 1400, 1800 мм етіп қабылданады. Есіктер биіктігі 2000, 2300 мм. Эвакуациялық (жертөлелік, шкафты) емес, қызметтік және басқа арнайы бөлмелердің есіктерінің биіктігі 1200, 1800 мм.
Шатыр жабу деп аталатын көтеруші және төбе жабындысы – қоршаушы екі
конструкциялық бөліктерден тұрады. Шатырдың көтеруші элементтері, күштік әсерлердің әртүрлерін қабылдағанда, пайдаланудың барлық мерзімі бойы оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуі қажет. Күштік әсерлердің ішіндегі маңыздылары: өз салмағы мен төбе жабындысының салмағынан тұрақты күштер; шатырды пайдаланғанда пайда болатын қардан, желден уақытша күштер.
Атмосфералық шөгулерден ғимаратты қорғайтын төбе жабындысы су өткізбейтін, агрессиялық химиялық заттардың әсеріне тұрақты, қырылуға, тесілуге, еруге ұшырамайтын; аязға тұрақты, ұзақ мерзімді, экономикалық үнемді, индустриялды болуы тиіс.
Шатырлы еңісті төбелерді қолдану ауданы негізінен аз және орташа қабатты азаматтық ғимараттармен шектеледі. Бес қабаттан жоғары ғимараттарда мұндай шатырларды қолдану рұқсат етілмейді. Бұл қарды тазалаудың қиындықтарымен, ішкі су құйғыш арқылы суды алып кету қажеттіліктеріне байланысты.
Шөгулерді алып кетуді қамтамасыз ету үшін шатырларды еңіспен орнатады. Еңіс төбе жабындысының материалына, құрылыс ауданының климаттық жағдайларына байланысты.
Пішіндері және конструкциялық сұлбалары бойынша шатырлардың келесі түрлері болады: еңісті (100 үлкен бет еңісімен бір–, екі–, көпеңісті); жартылай еңісті (1–100 еңісімен, көбіне шатырсыз); спорт алаңдарын, демалыс орындарын орналастыру үшін жазық (2% дейінгі еңісімен шатыр–террасса түрінде); жоғары қабаттың аражабыны мен шатыры арасындағы тұйық кеңістікті құрайтын, шатырлы; жоғары қабаттың аражабыны мен төбе жабындысын біртұтас конструкцияға біріктіретін, біріктірілген; құрама темірбетонды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет