М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ жасынан көксау, түні бойы ұйқы көрмей жөтеліп
шығады екен. Жөтеле-жөтеле жалығып, тірліктен
безер болып:
-А, Құдай, иман бер,-дейді екен.
Онда қой күзетіп жүрген Бестемше деген
жалшысы:
-Бердім, бердім,*дейді екен.
-Құлдық, Құдай, құлдық!-деп сүйсінеді екен.
Ертең таң атқан соң, ауыл-аймағы, балалары:
-Ол Бестемше ғой,-дегенде,
-Кім болса, ол болсын. Беруші берді де, мен
алдым,-дейді екен. Иман алғанына айылы берік,
әбден сенімді екен. Өмір бойы қатынға жатқанда,
суға түсуді білмейді екен. Оны ұнатпағанға беретін
жауабы:
-Бұқа бұтын жуа ма?! Айғыр бұтын жуа ма?!
Қошқар бұтын жуа ма?! Құтын жуған оңа ма?!-
дейді екен. Өзіміз: «Әулие ғой»-дейміз. Ақжүрек,
нанғыш, арман ой жоқ.
Шоң би, Құдай рахмет қылсын, қатынға
жатқанда, қыстай ағаш кертеді екен. Жаз шыққанда,
көлге түсіп, ағаштың кертігін санап отырып қана
суға басын сүңгітіп тазаланып, арылады екен.
Құдай рахмет қылсын, Үкібай би де суға
шомылумен жұмысы болмайды екен. Құрбы-
құрдасы көп алдында ұялтамын дегендей сол
жұмысын айта қалса:
-Күнәлы болған к...ді жудым, с...ге баратұғын
бетімді жудым. Осы, шіркін, маған мұнан артық не
қыл дейді?-деп, қайырып тастайды екен-деп жазып
алған екен Мәшһүр-Жүсіп.
Торайғырдың ағасы Шоңмен араздасып табысуы Шоңның малжанды, парақорлығына өкпелеп
Торайғыр үйіне бармай қойыпты және Шоңның
жұмсауымен Боздақ бидің ұрылары алып кеткен
бір айғыр үйір қысырақты қуа барып, жартылай
өндіріп қайтса, оған ағасы Шоң қанағаттанбай,
інісін биге қайта жіберген:
-Басқа жақсылардың аттары жетпегендей
сенің атыңды Торайғыр қойған екен. Айғыр
болмасаң, қайта айналып екінші келер ме едің?!-
депті Боздақ би.
Торайғыр сөзден тосылып, аулына қайтып
келіп Шоң биге: «Сен малжандысың. Сол үшін
Боздақтан сөз естідім»,-деп тіпті ағасымен
қатыспай қойыпты. Оның үстіне елден пара аласың
пара алу дұрыс емес,-деп ағасына тақуалық айтқан.
Шоңның елден пара алатындығын бетіне
басып, інісі Торайғыр ұялта береді. Содан Шоң
басқа елге көшіп ауатын болады. Мұны естіп
Шорманның немере ағасы Бәйкісі шешен және бір
би (Бүкіл Сәти айналасын Шорман ержеткенше
басқарып келген кісі екен) келсе, нелер инабатты
адамдардың-«туысқандар, бет ашқандарың ұят
болады, келісіңдер»-деген сөздеріне бет бақтырмай
отыр екен Шоң. Бәйкісі сәлемдескеннен кейін:
-Сенбісің, Шоң, Торайғыр мақтап жүрген,
Осы ма бар өнерің сақтап жүрген?
Екеуің алыстамай табысып қал,
Көп дұшпан жан-жағыңда қаптап жүрген.
Ғаділдік шариғатпен сөз айтасыз,
Жақсы бол, жаман болма деп айтасыз.
Өзіңіздің тұла бойың толған ауру.
Біреудің шоқанына ем айтасың,
-депті. Сонда Торайғыр:
-Қанды қалпақ кисе де
Қиыспайды туысқан
Оңғандықтың белгісі-
Өзі ұрсысып табысқан.
Оңбағанның белгісі-
Өткен істі қуысқан,
-деп түрегеліп келіп ағасы Шоңның қолын ұстап
табысыпты.