М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


МӘШҺҮР-ЖҮСІП ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИ ЛЕКСИКА



Pdf көрінісі
бет153/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190
МӘШҺҮР-ЖҮСІП ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИ ЛЕКСИКА
А.Қ. ТҰРЫШЕВ 
С. Торайғыров ат. ПМУ, ф.ғ.д., профессор, 
«Мәшһүртану» ғылыми‑практикалық орталығының құрылым жетекшісі 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
146
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
– Жарылқап балалары батыр Ескенбай бастаған 
үш жүз кісімен жылқыға тиіп барымталапты. Сол 
уақытта Алтайдан шыққан батырлар Есенкелді, 
Алшағыр екеуі тізе қосып, үш кісіге қарсы тұрып 
ұрыс салыпты. Қашқанның ішінде Қырбас, Баубек 
қолға түспей Алшағыр әкесі Ерназарға келіп 
паналапты. Мұның алдында Қаракесек жылқы 
алып, Ерназар соны даулап, бітімге барған екен. 
Бұлар алдыңғы жылқысын даулап жүргенде, үйде 
қалған жылқысын барымталап кетуге аттанған 
екен. Жарылқап баласы Баубек Ерназарға ұрсыпты. 
Жарылқаптың бәйбішесі, Баубектің шешесі 
қолындағы шөмішпен баласын қақ басқа ұрып 
жіберіпті. «– Батыр болып атқа мініп, қонақ боп 
келген кісіде не ақың бар? Бұл далаға келген жоқ 
үйге келді. Сұрап келген жылқысын түгел қайтар!» 
– деген екен. Мінекей, осылай бітімге келіп, сөзге 
тоқтаған. Байқап отырғанымыздай барымтада 
үнемі төбелесіп, қырқысып отырмаған екен. Әділін 
айтып, билер төрелігін айтып, екі жақты бітістіріп 
отырған. Барымта деген жылқыны шауып алу 
ғана емес, ептілікті, батырлықты, жүректілікті де 
қажет еткен. Барымтада рудың ерлері сыналған, 
жігіттердің батырлығы айтылған, дәріптелген. 
Шығарма бірінші рет зерттеліп отыр. Бұл да сол 
қорға (1178-папка, – 302 б.) сүйеніп беріледі [1, 
б.261-262, 360]. 
«Бегім шайхының әйел туралы айтқаны» 
– Шығарма бұрын зерттелмеген. Лирикалық жанр. 
Екі сөйлемі қарасөзбен жазылған. 4 тармақты
9 шумақты. Өлеңнің негізгі тақырыбы әйелдер 
туралы, олардың адамгершілігі жөнінде. Әйелдің 
бәрі бірдей еместігі, олардың да іс-әрекетіне 
қабілетіне қарай әр түрлі болатыны айтылады. 
Мәні мен мазмұны қысқаша мынандай: Бегім 
шайхы Абылай ханға пір болған екен. Қажыға 
жеті рет барған кісі, оқуы күшті, сауатты адам 
болған екен. Сол Бегім шайхы екі қатын алған 
екен. Қатындарының мінезін сынап өлең шығарған. 
Мысалы: 
Бір қатын, Алдым өзім екі хатун.
Мұсылманға нан қоймас бүтін, 
Отыны жақсы қылар түтін,
Күйдім хатунның дүрдіден. 
Екінші қатын: Ас пісірсе, қылар сұйық,
Нан пісірсе, қылар (...).
Еш қылмас (қылмыс) дүр (мінгестік).
Күйдім хатунның дүрдіден.
Өлең шағатай үлгісінде жазылған. Шағатайлық 
үлгідегі сөздер: достыларым, жаранларым, 
хатунның, дүрдіден, хатун, сөзлеп, ламаш, жаду, 
өлтүрер, һәм (шылау), басқанама т.б. -лар,-лер, 
-леп немесе -түр-ер (-түр//тір және келер шақ -ер) 
тұлғасы арқылы жасалған көне сөздер кездеседі
[1, б.262-263, 360]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет