М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет155/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   190
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жолдас болмай, қатын оңбас, Ыдысында іші 
қуыс кіршік болмас – мақал. ҰҒА ОҒК қорында. 
Және Мәшһүр-Жүсіп жазбасы 1176 папка: 270 
(362) -271 (363) – беттері бойынша әзірленіп, 
әулеттік мұрағаттағы Мұхаметфазыл, Жолмұрат 
көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. Қараңыз. 
395 бетті [3, б.156-158, 395]. 
«Байдалының Исасына»лирикалық 
шығарма. 4 тармақты, 25 шумақтан тұрады. Өлең 
негізінен Байдалының Исасына арналған. Өлең 
зерттеушілер тарапынан өзінің әділ бағасын 
алған жоқ. Көркемдік мазмұны өте жоғары. Өлең 
Баянауыл өңірінде тұрған тарихи тұлғаларды 
суреттеуімен құнды. Мен ақынның өзі өлең 
бірінші жақтан – ақынның атынан айтылады. 
Баянауылға жәрмеңкеге келген ақын түкте ала 
алмаған соң мешітке кіріп, Исамен жолығады. 
Айдаболдан талай танымал адамдар шыққан, 
олар: Бабыр, Құлнияз, Байдалы, Сары, Құнды. 
Сол Байдалының ұлы осы – Иса. Ағасы Мұстафа, 
Мұса, Секербайлар заманында малды, бай адамдар 
болған екен. Мүсілім, Жәпек, Иса өте күшті 
адамдар болған. Талай балуанның жанбасын жерге 
тигізген екен. Мәшһүр-Жүсіп сол уақыттағы 
қазақ арасындағы болыстыққа таласуды да қатты 
шенейді, сынға алады. Мінекей, өлеңнің қысқаша 
мазмұны осындай. Өлеңнің тілі жатық, қазақтың 
көркем сөздерін де қолданған. Айталық, Қорқады 
қарасынан дұшпан шошып, Түсірер шалқасынан 
бір-ақ тосып – гипербола, Арыстан айбатындай 
арыстандар – теңеу, метафора, Жығылып, мойыны 
астына жаман түсті, алысқан айдаһарын жерге 
тыққан – литота, уезге, Стабалов, редакторге, 
форымыңыз – кірме сөздер, өнерпаз өрге жүзер – 
мақал. Шығарма Жолмұрат және Мұхаметфазыл 
жазбалары бойынша кіргізілді. Өлең соңында 
Жолмұрат ескертуі келтірілген: «Мәшһүр-Жүсіптің 
Байдалының Исасына, Мүсілімге, Жәпекке сайлау 
туралы шығарма». Екінші бір ескертпе: «15 жыл 
атаның баласы екі жік болып, партияға таласқанда, 
Қарақозы баласының Малқосы: Исабекке істеген 
өнерін Жәпек, Иса, Мұса, Сәлімнің ... шығарған». 
Қараңыз: 431 бетті [3, б.309-311, 431].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет