ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
150
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Сөйтіп, аталарының қасиеттері анықталады. Әр
атаға баға беріледі. Мысалы, бір ана – «Ұзын
бітті бойыма, Ерлік, батырлық толды ойыма» –
десе, балалары шетінен ер жүрек батыр болып
туады. Қол таңбалы Ұзынқыпшақ атанады, олар
– «Бұлтың
бітті бойыма, Көптік толды үйіме
(ойыма)» – дегенде, Әлиф таңбалы Бұлтың Қыпшақ
жағы басады. «Торы бітті бойыма, Кемшілік толды
ойыма» – дегенде Мойын таңбалы Торықыпшақ
бұлар таңбасын мойынынан басады. «Балық бітті
бойыма, Байлық толды ойыма» – дегенде Қарын
таңбалы Қарабалық атанады. Таңбасын қарыннан
басады. Көсеу таңбалы көлденең Қыпшақ бар.
Бұлардың бәрін «Бес таңбалы» – дейді. Олардың
арғы атасы Қарақыпшақ Қобыланды батыр екен.
Біреулер Мүйізді Сарыалыптан – Құлан – Қытай
– Қара – Сары. Қарадан – Есімсейіт – Қобылан
– Қобыланнан – Тоқтар. Тоқтардың баласы бес
таңбалы дейді. Ал енді біреу – Темірқазықтан –
Тоқтамыстың биінің бірі – Қарақыпшақ Қобыланды
дейді – ол қате жаңылыс сөз дейді.
Шежірелі
әңгіменің тілі де шұрайлы:
«Ұзын бітті бойыма,
Ерлік, батырлық толды ойыма», «Бұлтың бітті
бойыма, Көптік толды үйіме (ойыма)», «Торы
бітті бойыма, Кемшілік толды ойыма», «Балық
бітті бойыма, Байлық толды ойыма» – нақыл
сөздер, құран ұстатып, жанын алып, қарын
таңбалы, көсеу таңбалы, бес таңбалы – тұрақты
тіркестер,
Би деген ақ шариғат ілуде біреу табады,
батыр деген барақ ит екі қатынның бірі табады
– мақал молынан кездеседі [32, б.213].
Достарыңызбен бөлісу: