М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет21/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Ауызға қант орнына зәһәр салып.
Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен,
Түк өнбес ұрып, соғып боқтағанмен.
Жолаушы жол үстінде көрмес қызыр,
Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен.
Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр,
Қарақшы – көрдің басы, бәйгелі жер.
Кім озып, кім қалуы мағлұм емес,
Бәйге алсаң, сол жерде озып, болдың ғой ер! 
[10, 199-200 б.]
Міне, мұнда қанша ысқыласа да, қара тастың 
айна болмайтыны; аспандағы Ай орнын бұлт 
алып жүргені; отсыз, сусыз жерге кідірген 
жолаушының бәрі бірдей қызыр көрмейтіні; 
көрдің басы бәйгелі жер екендігі және онда кім 
озып, кім қалатыны белгісіздігі қамтылған. Бұл 
әсерлі жолдар кейінгі айтпақ насихатты негіздеп, 
оған өз сәулесін түсірген. Атап айтқанда: «Ит 
мойнына гауһарды таққанменен», оны басқа затқа 
айналдыра алмайтыны, қожа-молданың өсекке 
бейімділігі орын тепкен.
Бұл тәрізді шолып айту, жетістік, кемшілікті 
түгендеп тізіп, қамтуға ұмтылу ақынның: 
«Ұқыпты әйел», «Салақтық- дерт», «Күліктің 
атқамінерлеріне», «Дүниеге жарасады күн менен 
ай» - өлеңдеріне де негіз болған.
Жалпы шығыс поэзиясында, оның ішінде 
қазақ ақындары шығармашылығында хикаят 
өлеңдердің ерекше орын алып келгені белгілі. 
А.Байтұрсынов 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» 
кітабында мынадай анықтама жазған: «Хикаят. 
Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері 
хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана 
мақсатпен шығарған сөздер емес. Діннен басқа 
жағынан да өнеге көрсету үшін айтылады [2, 
265-266 б.]». Осы орайда орыс тіліндегі сөздіктің 
бірінде мысал тәрізді ақыл үйрету өлеңін «аполог» 
- деп [13, 45 б.] атағанын, оның біз келтіріп 
отырғанын «Хикаят» ұғымына біршама жақын 
екенін ескеру керек деп санаймыз. Мәселен, 
Мәшһүр Жүсіптің «Жарты нан» (1880 ж.) өлеңінде 
алдымен бір адамның «Жолаушы боп келе жатып» 
бір сандықта тауып алғаны, ішін ашқанда, ондағы 
бір асыл тасты көргені, «Көп олжа болды ғой!» - 
деп шаттанып, қолына ұстағанда, оның әп-сәтте 
алдымен жыланға, ізінше айдаһарға айналып, өзін 
жұтпаққа төнгені баяндалады. Білмей істелген 
жаңсақ қадам осындай қауіпке ұшыратқанда 
барып, оған алдымен отыз адам, кейін бес адам, 
ең соңында жарты адам кез болғаны бейнеленеді. 
Назар аударарлық жайт: қиын жағдайда қалғанда, 
отыз кісі боп көрінген отыз күндік оразасының 
да жәрдемі тие қоймайды. Сырт көзге солардың 
бәрінен аз (алғашқыдағы - отыз, екіншідегі бес 
адаммен салыстырсақ), әрі күш-қуаты да кем 
болуы әбден ықтимал өйткені толық емес, жарты 
ғана адамның ғана қол ұшын бере алғаны, яғни 
тапқырлықпен қиналған жолаушыны құтқаруы 
назар аудартады. Сөз жоқ, осы арқылы үнемі 
дінді насихаттап келген автор ораза мен намазды 
жамандап отырған жоқ, тек ораза, намаздың 
өмірдегі нақты әрекетке, қайырымдылыққа 
ұштасқанда ғана қиналған адамға көмек бере 
алатыныны әспеттелген. Сөйтіп бір кезде біреуге 
жарты нан беріп көмектесуі жарты адам кейпінде 
көрініп, оның қысылған адамды құтқара алуын 
бейнелеу арқылы ақын құлшылықтың жалаң 
жүрмеуін оның кем, кедейге нақты қайыр жасаумен 
ұштасқанда ғана пәрменді болатынын көрсеткен.
Сөйтіп, бірнеше лирикалық бейне әрекеті, 
тіпті шағын тартысы бейнеленуі арқылы бұл 
туынды лирика көкжиегін біршама кеңейткен. 
Лирика көбінесе бір каһарманның бірер сәттегі 
бірер толғанысын бейнелеумен шектелсе, мұнда 
алдымен бірнеше кейіпкер алынып, олардың 
қарым-қатынасы біршама көрсетілген. Әйтсе 
де бұл туындының эпос емес, лирикаға жату 
себебіне келсек, сол әрекет, құбылыстың бәрі 
бір лирикалық қаһарманның бір сәттегі сезім 
айнасы ретінде берілгендігі дер едік. Міне, сырт 
қарағанда осындай бірнеше адам қарым-қатынасы 
алынса да, соның бәрі бір ғана лирикалық 
қаһарманның бір сәттегі сезім айнасы ретінде 
келтірілуі үлгісі ақынның «Аңқау адам туралы», 
«Шайтанның саудасы» өлеңдерінде де жүзеге 
асқан. Хикаят өлеңнің мұндай сипаты ақынның: 
«Алтын табақ», «Шайхы Ысқақ», «Надан би», 
«Ғалының тағылымы» өлеңдерінен де көрінген. 
Осы орайда «хикаят» ұғымына да сыя бермейтін, 
поэма деуге де келе қоймайтын, көлемі де ұзақтау, 
қатысушы адамдары біреу емес, бірнешеу болатын, 
белгілі бір оқиғаға негізделген, әйтсе де соның 
бәрі бір ғана лирикалық қаһарман толғанысы 
ретінде берілгендіктен де, лирика шеңберінде 
қалатын мұндай туындыларды «Оқиғалы өлеңдер» 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет