М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ АЛЛАНЫ ТАНУЫ



Pdf көрінісі
бет24/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ АЛЛАНЫ ТАНУЫ
С. БАЯЗИТОВ
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
24
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Бүгінде надан өскен қазақ түгіл,
Пайғамбар- Құдай досы, төрт жар қайда?
Жаныңа оқи берсең, намаз пайда,
Тәубе қылып баға гөр осындайда!
Намазға салақ болсаң, жоғалдың ғой?
Болмаса Мұхамедден, тимес пайда!
Намазсыз Иман жоғын айта келіп, ақын 
замандастарына: «Көшерміз біз дебір күн, жүгің 
сайла»,– деп ескертеді. Ол жүк мүлік емес, Құдайға 
құлшылықораза, намаз, тәуба, сондықтанда 
ақын «жаныңа оқи берсең намаз пайда» деуден 
танбайды, өтіріктен пайда жоғын айта келіп:
Бүгінде надан өскен қазақ түгіл
Пайғамбар – құдай досы төрт жар қайда?
Орынды сауал, жұмыр басты пендеге өлім 
барын әуелі ескерту, тәуба қылуға үндейді. 
«Намазға салақ болсаң, жоғалдың ғой? болмаса 
Мұхаммедтен тимес пайда!»– дей келіп:
Жігітттер, бұл сөзге сал құлағыңды,
Жарық қыл, тәуба қылып жырағыңды.
Қараңғы көр ішіне бір кірерсің,
Әзірле онда жағар шырағыңды,-деп ескертеді.
Ал сол шырақ парыз, уәшіп, сүндет екен, 
алқұн – жұлқын тіршілікте мұны кез келген 
мұсылман орындай алып жүрме? Бұл енді 
сауалдың үлкені екені таласыз. Сонымен қатар ол 
құдай, құран атын жамылып, қожа, молда атанып, 
қараңғы халықты жеті құртша жеп, теспей сорып, 
сорын қайнатушы шала молда, дін бұзарларды 
да назардан тыс қалдырмайды, сынап мінейді. 
Мәселен мешіт зары өлеңінде:
Деуші еді мені бұрын «Құдай үйі»,
Бас қосып шұлғушы еді мырза (биі).
Нанына қайыршының қапшық болып,
Мінекей, бұл шағыңда тұрған күйі.
Салмасаң әуел баста, кім бар зорлар,
Қол жайып қожа-молда жайды торлар.
Бірі имам, бірі азаншы болу үшін,
Тиынға жанын сатқан дүниеқорлар.
Ешкім жоқ шын көңілмен Аллаға ғашық,
Жалғана жан қиюға бәрі машық.
«Мешіттің зары» деп аталатын өлеңіндегі осы 
жолдар өткен ғасырдың еншісінде қалып қоймай, 
қазіргі кезеңде де орын алып отырған жоқ па. 
Тәуелсіздік жырлары қалаларды былай қойып, 
екі ауылдың бірінде Құдай үйі, мешіт ашылғаны 
белгілі. Жұрт мешітке тарту-таралғы жасап, кілем, 
палас сыйға тартты. Көп ұзамай кейір мешіттерде 
әлгі сыйға келген кілем, паластар қолды бола 
бастады. Бір жапырақ кілем үшін алыстан 
қай ұры ат сабылтып келе қалсын. Ұры мешіт 
молдаларының өзі болып шықты. Садақа жәшігіне 
салынған азды-көпті тиынды бөлісе алмай, жаға 
жыртысып, заң орнына жүгінушілер де болмай 
қалған жоқ. 
Міне, осыдан-ақ дін діңгегі аталып, Алланың 
ақ жолына бастайды деп сенген кейбір молда, 
пірадарлардың Мәшекеңнің жоғарыда аталған 
өлеңіндегі қожа, молда, имам, азаншылардан көп 
қара үзіп кете алмағанын көруге болады. 
Діни ғұлама ел аузында «молда» деген атты 
қалған, тарихта тасқа басқан хаты қалған Мәшекең 
жайлы аз сөзімізді тобықтай түйін ретінде күйбеңді 
тірліктің бір күні таусыларын еске салып, «әзірле 
сонда жағар шырағыңды» деген ескертпесімен 
аяқтауды жөн көрдік. 


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет