М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет23/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Мәшһүр Жүсіптің Алланы танып білуі, оған 
құлшылық етуі өз замандастарына, әсіресе діни 
білім алған тұрғыластарына қарағанда өзіндік бет 
әлпетімен ерекшеленеді. Ол алған білімін халықты 
рухани жағынан байытып, Алланың ақ жолынан 
адаспау, адамдардың бір Аллаға сөзсіз сенуі, 
өздерін Алланың құлы, Мұхаммедтің үмбетімін 
деп тануы саналарын сәулелендіріп, мейір-
пейілдерін арттыратын, сөйтіп, хақ мұсылманға 
айналдыратынына сенеді.
Ағуз бисмилла бар сөз басында,
Жатпайды қисық ағаш тез қасында
Ла илаһа Илла Алла білдім хақты,
Таныдым бір Алланы бір жасымда.
Екеу деп ойламадым екі жаста,
Көңіліме төгілген нұр әуел баста
Хабибім хақ Мұхаммед, дінім Ислам,
Иманның жөнін білдім басқа-басқа
Үшеу деп ойламадым үш жасымда
Атамның отырушы ем жамбасында.
«Жан Алла, иа пірім ... алла һу – һу хақ!»- деп
Жүгірдім жақсылардың ортасында.
Осы келтірілген өлең жолдарында Мәшһүр бір 
Алланы бір жасында танығаны, екіге келгенде оны 
екеу, үшке шыққанда оны үшеу деп ойламағанын 
баяндайды. Өлеңнің алғашқы ауызының үшінші 
жолында «Ла илаһа илла Алла» білдім хақты деу 
арқылы бір Алладан басқа тәңір жоқтығын паш 
етеді. Бұл оның өмірлік ұстанымына айналады.
Көңілде тұт жаратқан құдайыңды,
Сыйлап күт ата-анаң мен жұбайыңды.
Адамға жала жаппа қастық қылма,
Махшарда тартпайм десең уайымды.
Руза мен намазыңды қылма қаза,
Сақтағың өз бойыңды судай таза.
Мойныңа пенде хақын жүктеп кетпе,
Сабыр қыл келсе пәле, болма наза.
Хақ жолын күнделікті күйбең тірлікпен 
байланыстыра жырланған ақын сыйластыққа, 
адалдыққа, пәктікке үндей отырып, руза мен 
намазды қаза қылмауды өз бойыңды судай таза ұста 
деп ескертеді. Мәшһүр Жүсіптің діни тақырыпқа 
жазған өлеңдері Мұхаммед Ғалайссала туралы 
қисалары бүгінге өскелең ұрпаққа хақ жолын 
танып, ислам дінін пір тұтып жүректерінің хақ 
тағаланың шұғылалы нұрына бөленіп өсуіне 
игілікті ықпал ететіні сөзсіз. Ислам дінінің 
асылдығын ерекше шабытпен, білімдарлықпен 
жырлаған ақын өзі өмір сүрген заманда өзге қалам 
ұстап діни тақырыпта азды-көпті шығарма жазған 
ақындардың қай-қайсынан болсын мойны озық 
тұрғаны талас тудырмаса керек. Бұған көрнекті 
жазушы ғалым Мұхтар Мағауиннің Бұхара, 
Ташкентте оқып мұсылманша жақсы білім алған 
деуі айғақ.Өзінің діни тақырыптағы кез келген 
шығармасында Алланың ұлылығын адамзатты 
«үмбетім» деп таныған Алла тағаланың ұлы 
достысы Мұхамметтің шапағатшы жан екенін 
талмай жырлаған Мәшһүр Жүсіп құдірет алдында 
басын иеді. Ерекше күш иесі тылысым дүниені 
билеп тұрған сияқты түсінеді (А. Қ.Тұрышев). 
Тек түсініп қана қоймайды, оқырмандарына, 
тыңдармандарына солай баяндайды. Мәселен 
«Мұхаммед пен Шариялар» атты шығармасында:
Құдайға жағар ма екен ғамалымыз,
Өлімді ойламаймыз наданымыз.
Кәпірді мұсылман мен айырғанда,
Болады әлдеқандай заманымыз.
Ғұлама ақынның соңғы сөйлемінің астарында 
айтылып тұрған ой бұл кәпірмен мұсылманды, 
жұмақ пен дозақтың алдында айыру ма, жоқ әлде ...
Бұны бір Алланың өзі білер, әйтеуір бір 
тылсымның сөз болып тұрғаны хақ.
Жаныңа оқи берсең, намаз пайда,
Бұ иман, намаз білмей, саған қайда?!
Барғандар бізден бұрын орын алды,
Көшерміз біз де бір күн, жүгің сайла.
Жаныңа оқи берсең намаз пайда,
Таппайсың өтіріктен жанға хайла.
ӘОЖ 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет