МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ҚАМАРАЛДИН ХАЗІРЕТТІ ЖОҚТАУЫ
С. БАЯЗИТОВ
ҚР Жазушылар одағының мүшесі
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
26
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Кезінде ұлы Абайдың:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мерзімінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалғаныма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?!
Мәшһүрдің:
Кетіппін кейін қайтіп, келіп таяп
Шайнап дәмін ала алмай қалдым жалап.
«Болатұғын бала еді, болмай қалды»
Деп, тақсыр ренжіген сол мені аяп
- дегендегі қос ақынның жан күйзелісін айқын
түсінер ме еді?!
Абай жасында білім ала алмай қалғанына
өкінсе, Мәшһүр Жүсіп табылғанның бәрінен қапы
қалғандығын айта келіп,
«Менің жоқ, ойлап тұрсам оңар жерім», -
деп өкінішін ақтарады. Сөйтіп Мәшһүр Жүсіп
ел ардағының орны толмас қазасына арнаған
жоқтауларында марқұмдардың елден ерек асыл
қасиеттерін сөз ете отырып, адамгершілік, құдайға
құлшылық қағидаларымен қатар ғылым, білім,
адалдық мәселелеріне ерекше тоқталып, тәрбиелік
өмірлік мәні зор туындыларды қалдырған. Қазақ
үшін аса құдіретті өлең сөздің көкжиегін кеңейтіп,
марқұмдарға өлмес, өшпес ескерткіш орнатқан.
Өлең айтқан бәрі де надан болса ...
Өзі дінге сенетін Мәшһүр құдайдың бірлігіне,
пайғамбардың хақтығына күмән келтірмейді .
Әйтсе де бір пара өлеңдерін де қазақ ауылындағы
қараңғылықты ғана емес, сол қараңғылыққа тиек
болып отырған дүмше дінбасыларды да әжуалайды.
Көрнекті ғалым Мұхтар Мағауиннің осы
пікірі Мәшһүр Жүсіптің Ғалы Күзембайұлы мен
Шабдар атпен айтысы, күйеу Мағзұм мен аруақтар
атты өлеңдерінде айқын көрініс тапқан. Осы
арада Мәшһүр мен Ғалы айтысы өзге айтыстардан
ерекшелігі екі молданың өзара айтыстары хат
арқылы, сұрақ жауап ретінде өтуінде дер едік.
Сауал қоюшы Ғалы, жауап беруші Мәшһүр Жүсіп.
Ә дегеннен Ғалы Мәшһүрге айбат шеге, соқтыға
сөйлейді.
Бісмілләсіз басталмас (башланбас) әмір- зибал!
Өнерің болса, жастықта (жаслықта ) қимылдап, қал!
«Жығылсаң, нардан жығыл !»- деген сөз бар,
Лүпайттай (лұбайда ) шағырлықпен атын шыққан,
Мың сан ақын сіздерден (сізлерден)қойдай ыққан.
Бұхара, Ташкент, Самарқанд – бәрін кезіп,
Су жұқпас, сұм жігітсің жұртты құртқан!
- деп сес көрсете, кінә арта сөйлейді. Сөйте
отырып, мың сан ақын сіздерден қойдай ыққан
жүрексінетінінде айқын аңғартады. Ғалының
қорқынышы да негізсіз емес. Әйтсе де Мәшһүрге
бір- екі ауыз бәйт жазып, даңқын шығарудан да
дәмелі. Соған орай :
Жасыннан сен түрлендің әрбір түрге,
Бұхар барып, қол бердің қандай пірге ?! –деп
сауал тастайды. Тіпті бұл аз десеңіз:
Ақымақ адам мақтанар: «батыр»- десе,
Ақылды адам «ұнатар»: «пақыр» -десе ,
Өзіңізді «Мәшһүр»,- деп тақырыплайсыз
(тағырыплайсыз),
Ғалымдар (ғалымдар) тағырыпланбас: «батыл»
- дей келіп: «Сіздің уәзипаңыз дін шашпақтық»,-
дейді ол. Сөйтіп қараңғы пенделердің көкірегіне шам
жағып, сәуле түсіру керектігін, ал оның алтындай
уақытының зая кететіндігін, газеттерге сөз жазуың
айып деп танып, мұнымен қатар хат танитын
әншілер Ағузы мен бисмилланы айтпай, домбырамен
құран сөзін атйтатындығын тілге тиек етеді.
Надандар кәпірліктен қылмас қауіп,
«Обалы Мәшһүрге !» -деп, сізге жауып.
Себепші сіз болғандай көрінерсіз,
Ұрыларға бергендей сойыл тауып, - деп кінә артады.
Өз кезегінде Мәшһүр Жүсіп:
Біреудің айыбын жыртып, бастадың сөз,
Демейміз «Әмір - Зибал» - ондайды біз.
Бет тырнап, перде жыртқан Әмір – Зибал,
Болғаның қалғанын қай кітаптан көрдіңіз сіз?!
- деп Ғалыны әп дегеннен-ақ Әмір- Зибал сөзінің
мағынасын толық түсінбейтіндігін, білімсіздігін
бетіне басады.
Көзі жоқ көбелектей ер екенсің,
Жолықпай сен кісіне жүр екенсің!
- деп Ғалының ұшқалақтығын, көзі жоқ көбелекке
теңесе, «жолықпай сен кісіне жүр екенсің» деу
арқылы «Өзіңнен зор шықса, екі көзін сонда шығар»
деген халық даналығын еске салады. Ал :
Шеңгел салсаң өзіме хылап болғаныңды,
Жыртқышы хайуандардың бір екенсің!
– деп шеңгел салу тек хайуандарға ғана тән екенін
айта отырып, қазақ тілінде әр сөздің мағыналы
орны бар екенін еске салады. Бұл енді қалам
ұстаған кез келген жас талаптың жаттап алар
қағидасына айналса және сонымен қатар Ғалының
«Ақылды адам ұнатар ма кәпір десе» деген пікірінің
қисынсыз екенін Мәшекең :
|