М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


«Көңіл кірі» фразеологизмінің



Pdf көрінісі
бет87/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

«Көңіл кірі» фразеологизмінің (қайғы-мұң 
мағынасында) қолданысына назар аударайық:
Көңілде жатқан кіріңді 
Оттай ыстық сөз жояр (Мақал).
Аспанда ай болмаса, адасады
Көңілді көтермесе, кір басады (Халық әні).
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға көз салар (Абай).
-Кәпір-антқа, мұсылман тілге нансын,
Көңіл кірі айтумен кетсін, барсын! [15, 22 б.].
Жүргенмен не бітірдім тірі болып,
Көңілдің тазармаған кірі болып [15, 149 б.].
-Жүйріктің алу үшін ащы терін,
Тер шыққан соң тарқатар іштің шерін.
Гүл жүзді, шырын сөзді наз ниннан,
Сөз қозғап, кетірейік көңіл кірді [15, 23 б.].
«Көңіл кірі» тұрақты тіркесі Абайдың өлеңінде 
«Дүние кірі» болып, жаңа өмірді аңсау мағынасында 
қолданылса, Мәшһүр Жүсіпте халықтық қолдану 
үлгісімен үндес келеді. Осы жерде де Мәшһүр 
Жүсіптің халықтан алшақ кетпейтінін, сөйтсе де 
өзіндік ерекшелігі бар екенін байқаймыз. «Көңіл 
кірі» тіркесі арқылы ақын бірде іштегі мұңды, 
назды қалай шығару керектігін айтса, бірде өз ісіне 
көңілі толмайтынын білдіріп, бір тіркесті түрлі 
стильдік мақсатта пайдаланады. Мұнда ақын өзін 
көңілдің кіріне балап, метафоралық тіркес жасаған.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы «Көңіл» 
сөзінің қатысуымен жасалған адамның ішкі жан 
дүниесінің, психологиялық жай-күйін білдіретін 
фразеологизмдер:
Бір үйге көп қараймын тамаша етіп,
Ұстаға соны салған көңілім кетіп [10, 46 б.].
Көңілі кету – назары ауу, қызығушылығы арту.
«Күлігім бар!»,-деп, мен жүрмін көңілім 
тойып [10, 71 б.].
Көңілі тою – ырза болу, тоқмейілсу.
Махаббат, мархабатлы болмаған соң,
Уыз жас қалды көңілім замандастан [10, 75б.].
Ағайыннан қалыпты көңіл тоқтап [15, 154 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет