ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
86
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
мағына-мазмұн тұтастығы логикалық тұжырыммен
тұтасып келеді.
«Түлкінің қызылдығы өзіне сор» (Түлкінің
қызылы өзіне сор); «Алтынды пұлын білмей
жерге шашқан» (Қолда барда алтынның қадірі
жоқ); «Жақсыны өзі болған көре алмаған, Біреуді
күндемесе жүре алмаған» (Өз жұртың жақсы
болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді); «Түзу
ағаш болады үйге тіреу» (Түзу ағаш үйге тіреу,
түзу жігіт елге тіреу); «Адамға пәле – тілден,
бейнет – көзден» (Басқа пәле - тілден) және т.б.
Мұнда тұрақты тіркестердің эмоционалдығы артып,
олардың бұрынғы мағыналары толықтырылып
дамытылады және ақынның өзіндік қолтаңбасы
байқалады.
Осы мысалдардағы «Адамға пәле –
тілден, бейнет –көзден» тіркесіндегі «бейнет
– көзден» қазір қолданылмайды. Мәшһүр Жүсіп
өлеңінде: «Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей
бақ, Көз соңынан көңілді тізгіндеп бақ»,-деп,
«бейнет-көзден» деген тіркестің мағынасын аша
түседі. Демек, адамның көзінен көп күнәнің
шығатынын, адамның байқамай шариғатқа қайшы
іс істеп қоюы мүмкіндігін ескертеді. Мәшһүр
Жүсіп өлеңдерінде
Құран мен хадистерді көп
қолданатынын ескерсек, «Көз зинасы» ұғымына
байланысты хадистің мазмұнын алғанын аңғаруға
болады. Ал лингвистикалық тұрғыдан алғанда, екі
бөлек айтуға болатын сөз тіркесін ақын біріктіріп,
контаминация тәсілін қолданған.
2. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде қолданыс
өрісі кең сөздер кездеседі. Бұл сөздер бүкіл тілдік
ұжымға, адамзатқа тән аксиологиялық сөздер.
Ақын тіліндегі өзекті ұғымды білдіретін сөздердің
қатарына
көңіл сөзінің қатысуымен жасалған
фразеологизмдерді жатқызуымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: