М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет89/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Көңіліме ерте қонған сөздің ауылы [15, 63 б.].
Дерексіз ұғым мен деректі ұғымдарды 
байланыстыра отырып, экспрессиясы жоғары 
тамаша, соны тіркестерді жасайды және ұлттық 
колоритті де көрсете отырады. Себебі, жайлау, ауыл 
сөздері – қазақи тұрмыс-тіршілікті білдіретін сөздер.
Бір жерден екі көңіл шыққандықтан [15, 63 б.].
Екі көңілдің бір жерден шығуы да ақынның 
өзіндік қолтаңбасы көрінетін фразеологизмі. 
Мәшһүр Жүсіп халық қолданысындағы бір жеңнен 
қол, бір жағадан бас шығару мәтелін өзгертіп 
қолданады.
Көңілімде сақтап жүрмін бір жаз, бір қыс 
[15, 15 б.].
Ақын осы тіркес арқылы өзін салқынқанды 
ұстайтынын, әр нәрсеге сабырлылықпен 
қарайтынын білдіргісі келеді.
Таусылмас, шашсаң қанша, көңіл – бір кен 
[15, 102 б.].
Көңіл сөзі мағыналық жақтан ерекше 
түрленеді, соның нәтижесінде жаңа экспрессиялық 
мағынаның тууына ақын осылайша жол таба 
білген. Бұлар – Мәшһүр Жүсіп қолданған авторлық 
окказионал қолданыстар. Аталған тіркестер әдеби 
тілдің көркемдігін көрсетіп қана қоймайды, ақын 
қолданған көркемдеуіш тәсілдердің жаңаша сипат 
алғандығын байқатады, көркем атаулардың жаңа 
түрлерін дүниеге әкеледі.
Көңіл сөзінің айқындауыш сыңарының, яғни 
атрибуттік компоненттерінің түрлі-түрлі болып 
келуі сөздің белсенділігі артып, тіркесімділігінің 
күшейгенін көрсетеді.
Жер алыс болғанменен, көңіл жуық [15, 29 б.].
Болса да көңіл қорқақ, қол батыр-ды [15, 
151 б.].
Мұратым бітпесе де, көңілім тоқ [15, 93 б.].
Мәшһүр Жүсіп көңіл сөзін етістіктермен 
тіркестіру барысында да көріктеуіштік қасиеті 
жоғары тіркестерді береді:
Шарқ ұрып, көңілің кезіп, әр тарапты [15, 37 б.].
Барамын тоқтай алмай, көңіл көшіп [15, 7 б.].
Жерлерге көңілің сүйген түсіп жүрген [15, 76 б.].
Ақынның түсінігінше, Алла тағалланың 
құдіретіне ой жүгіртіп, оның шексіздігін сезіну 
адамның оған деген сенімін молайтып, иманын 
өсіреді. Осы себептен ол Алланы көңіліне алуды және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет