қолдану. Инверсия –сөйлем ішіндегі бір-біріне
қатысты сөздердің, сөйлем мүшелерінің, күрделі сөз
оралымдарының, әдеттегі орын тәртібінің бұзылып
берілуі. Инверсия (латын. inversio – төңкеру,
өзгерту, ауытқу) – 1) кең мағынасында: әдетте
қолданылатын сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің
ауытқуы, өзгеруі; 2) тар мағынада: синтаксистік
байланыстың өзгеруіне қатыссыз сөйлем мүшелері
орын тәртібінің өзгеруі, ауытқуы [13, 915 б.].
Еркін сөз тіркесі ФТ-ның генетикалық прототипі
болуына байланысты сөз-компоненттерінің орын
тәртібі еркін сөз тіркестеріндегі сөз қалпының
нормаларымен тығыз байланысты болады,
бірақ оларды жиі қайталамайды. Бұл мәселені
фразеология саласындағы зерттеушілер де
қарастырды. Мәселен, С.Г. Гаврин ФТ-ның тек
бір бөлігінің ғана компоненттерінің белгіленген
тәртібі болады десе, Н.М. Шанский [14, 49-52 бб.]
Фразеологизм компоненттерінің орналасу тәртібін
шектеу оны еркін сөз тіркесінен ажырататын
белігелерінің бірі болып саналады деп есептейді.
Бұл бұзылу тіл нормасынан жөнсіз ауытқу емес.
Фразеологизмдер компоненттерінің инверсияға
ұшырауы, орнындарын ауыстыру, олардың
прагматикалық әлеуетін көтеріп, мәнерлілік
сипатын береді. Жалпы фразеологизмдер құрамына
енетін сөздердің орын тәртібі нақты болады.
Инверсия тәсілі поэтикалық өлең мәтіндерінде жиі
ұшырасады. Мұнда өлең ұйқасының әсері бар және
басқа сөзге ұйқас алғанда өзгертіледі.
Осы заңдылықтан Мәшһүр Жүсіп те шет
қалмайды. Ақын инверсияны тек ырғақ пен ұйқас
талабынан ғана емес, сөзге логикалық екпін
түсіру, негізгі идеяны алдыңғы тармақта немесе
тармақ басында беру сияқты стилистикалық-
прагматикалық мақсатты пайдаланады. Мәшһүр
Жүсіп тілінде ең бір өнімді жұмсалған құбылыс
– фразеологизм сыңарларының дағдылы
орнын алмастырып, инверсия жасау тәсілі
екені көзге түседі. Көбіне еркін тіркестерге тән
болып келетін мұндай тәсілді фразеологиялық
оралымдарда қолданудың өзіндік мәні бары
байқалады. Динамикалық жағынан әр түрлі күйде
болатын фразеологизм компоненттерінің орын
тәртібінің өзгеруі тұлға құрамындағы кез келген
бір компоненттке түсетін екпінді өзгертпейді.
Мұндай инверсияның стилистикалық және