М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет113/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Олар ажалдысын қырған, ажалсызы құтылған, 
кейбіреулері тірідей тұтылған. Тек ханның 
иелігіндегі Байсақалдың қызының отауының бір 
бүлдіргеніне қол тигізбеген. «Дәу де болса, бұл 
үйдің әр нәрсесіне у жағып кетті ғой, - деп, - біреуге 
опа қылмаған дүние біреуге опа қылмайды екен» 
- деп хан өртеп жіберіпті.
Сапақ байдың қыздары Алшын би мен 
Азнабай мырзаға келін болып түскен екен. Құтсыз 
келін болғандықтан, бірде-бір ине жібіне тимей 
төркініне қайтарылыпты. Байдың «бір маржаны 
барған жерін оңдырмайтұғын болыпты». Сапақ 
байдың тұқымы бордай тозыпты.
Тоқа Сапақ бай Байсақалдың қызын Жасұлан 
мен Кенжебай дейтін жігіттерге өлтірткен. Екеуі де 
ит жемеде қаңғып өлген. «Байсақалдың қызының 
ақ қаны осындай қылған» - дейді екен.
«Бөлтірік би» - Мәшһүр Жүсіп: «Құдай рахмет 
қылсын Бөлтірік биге, кісі болса, осындай болсын» 
деп сүйсінген. Мәшһүр Жүсіп Бөлтірік бидің 
қырғыз ханын әлденеше рет сөзден сүріндірген, 
қырғыз шешеннің қалайша сөзден тосылғанының 
тарихын тұжырымды баяндаған. 
«Бөлтірік сөзі» - бір ханның жалғыз баласы 
дүниеден озғанда, «ноқталы басқа бір өлім» деп 
басталатын Асан қайғының көңіл айтуы. 
«Торыайғырды тоқтату» - Торыайғыр би 
Шоң биге өкпелеп Жиделібайсынға бет түзеп 
кетіп бара жатқанда Қобының құмында Қарауыл 
Мүсет би басу айтып, елге қайтарғанда айтқаны: 
«Шоң, Торайғыр, сенбісің мақтап жүрген, Бар 
өнерің осы ма сақтап жүрген?! Елден кетіп 
барасың, Мамыр менен Сабырға. Барғаннан соң 
сен жерсің, Жал-жая жоқ, қабырға. Жүйрік атың 
бар болса, Барымтаға шабарсың. Сұлу қызың бар 
болса, Бозбалаға жағарсың. «Ауыл қашан көшед?» 
-деп, Түндігіне қарасаң, Төрешіге барғанда, Төмен 
қарап, жарарсың, Асыл туған затыңды! Шоң, 
Торайғыр атанған, Егіз шыққан атыңды, Қайдан 
іздеп табарсың?! Ұқсаң, айтқаным осы! Босат 
атымның басын! – депті.»
«Боздақ би туралы бір дерек» - Мәшһүр 
Жүсіптің көрсетуінше, Ақиіс – Қалқаманның 
ұрпағы. Салдық құрған, «сылқылдап, әдемі 
киініп жүрген». Бейіті Далбаның ту сыртында 
Үшқағылдың оңтүстігінде Жайма деген жердің 
күншығысында. Өлерінде: «Сүйіндіктің жерінің 
шетіне апарып қойыңдар! Олай-бұлай жүргені дуа 
қыла жүрер!» - деп, өсиет қалдырған.
«Боздақ би» - Қалқаманның Ақиіс тармағынан 
өрбіген. Шыншыл, әділ Боздақ бидің өз тұқымы 
жайында былай депті :« Бестеректің түбінде, Бес 
үйлі Ақиіс демесін, «Бес Мейрамға білдірмей, 
Басын жеймін!» - демесін.»
«Жәуке шешен» - тапқыр ойлы, өткір тілді 
ділмар-шешен. Айдабол-Күліктің Айдаболынан 
тараған Еламанның баласы, Тұрсынбай, Шонтының 
ағасы. Ол Ұлы жүзде «Би қатын» атанған Сарайбикені 
сөзден сүрндірген. Керуенбасы Жәуке шешен Арқадан 
Бұқараға бет түзейді. Жолшыбай «Би қатынды» 
«Үйінде бар ма?» - деп сұрастырса, Түркістанда Тоғай 
хан шақырып, сол елге кетті» деседі.
Тоғай ханның ордасына сәлемдесуге барса, 
«Би қатын» тақтың үстінде жалы күдірейіп отыр 
екен. Айрықша құрмет, ықыласқа бөленген. Төменгі 
жақтағы науша жастар өзара күңкілдесіп, күлісіп:
- Хан мұның қойнына барады ғой, солай 
болғаны үшін осынша ардақтайды ғой – дейді
Мұны Би Қатынның құлағы шалып қалып, 
біздерге қарап:
«Мұндар, не дейсің, жағыңды тас-талқан 
қылайын ба? – дейді.
Содан Жәуке би:
- Сүндетің бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ! – дейді.
- Жаназаға кіріп, еркекке имам болған жерің 
бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ! – дейді.
- Ердің құнына нардың пұлын төбеге шығып 
төрелік берген жерің бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ! – дейді, - Тең теңін олжалайды, тезек 
қабын олжалайды. Олжа алуға қатын аттанса, 
жорықта жүріп, сақар мен сабын олжалайды. 
Құралай бастаған киік оңбайды, Қатын бастаған 
көш оңбайды. Байтал шауып бәйге алмайды, Қатын 
қайраттанып қазан қайнатпайды. Оңбаған ханды 
төлеңгіті билейді, қараң қалған елді қатын билейді 
деген. Сен бір қараң қалған елдің ішінде тұрған 
немесің-дағы! Мен Арқада жатқан он сан Орта 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет