М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет114/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жүз деген елмін. «Абылай аспаған сары белмін»! 
Сен түгіл мына отырған Тоғай хан менің атымның 
шаужайын ұстауға жарар ма екен? Көзіңді ашып 
қара өзіңе! – дейді Жәуке шешен. 
Осы бір шешендік сөздерді жеткізген «аттыға 
жол, жаяуға сөз бермеген» «Алтай керуенбасысы» 
атанған Алтай Сайдалының Аққошқары. 
Ноғайлының дәулеткер байы Құдайберді 
айдаһармен дос болған. Осы бір әңгімені де 
керемет келістіріп айтады екен Жәуке би.
«Арыстан Тобылбайұлы» (1811-1880) – әнші 
ақын, жыршы, айтыскер. Арыстанның жыршылық 
өнері хақында Ш. Уәлиханов «Қазақ халық 
поэзиясының түрлері жөнінде» дейтін зерттеуінде: 
«Ер Көкше» және «Ер Қосай» дастандарын 
тұтастай орындайтын бір ғана өнерпаз бар еді, ол 
Көкшетау жеріндегі Қойлы Атығайдан шыққан 
Арыстанбай болатын» - деп жазыпты. Ол «Едіге 
жыры» туралы айтқанда, «Бұл жыр-дастанды да 
Арыстанбай білуші еді,» - деп атап өткен-ді.
Сібір облыстық мекемесінде тәржімашы және 
Құлжада консульдік хатшы болған И. Безверхов 
«Дала уалаяты газетінің» 1893 жылғы 16-санында 
«Қазақтың өлеңшісі һәм ақыны» деген мақала 
жариялаған. Сонда Ұлытау өңірі мен Қарақұм 
бойын бірге аралап, жол-жоба көрсеткен Арыстан 
туралы: «Бірде жыршы-ақын «Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу» жырын бес сағат ішінде тамамдай алмай, 
қалғанын келесі күні айтып бітірді» - дейді.
Арыстан Орынбай, Шөже, Сералы, Тоғжан 
тәрізді ақындармен сөз сайысына түскен.
Мәшһүр Жүсіптің қолжазбалар мұрасында 
Арыстанның «Ғаламда он сегіз мың жан болыпты» 
деген дастаны сақталған. Мұнда Хан Кенеге 
қатысты әдемі ой-толғаныстар бар.
«Бұрынғылардың тағы бір батасы» - аталардың 
қасиетті өсиеті замандар бойы мысқалдап жиналып, 
ақыл-ой сүзгісінен екшелген, сұрыпталған өмір 
тәжірибесінің, тарихи зерде-санасының даналық 
қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің түймедей түйіні, 
адамгершіліктің ереже –қағидасы. Бұл – бата сөз 
келісті, ұғынықты. Мысалы: «Арқадағы Абылай 
бол, Бұқарадағы Даниярдай бол! Қойкөлдінің 
қойын берсін, Қойсоймастың ойын берсін! Тоқаның 
жылқысын берсін, Ақылдының құлпысын берсін..!»
«Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913)» - әнші-
ақын, композитор. Мәшһүр Жүсіп: «Ақан сері 
– адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмары, 
жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» деп 
бағалаған. Ақан сері 40 үрзадаға өлең шығарып 
айтқанын, Құлагерді сипаттап, жүрек толқытар 
жоқтаулар жазғанын айтып отырады екен. 
Атақты серінің «Ақтоқты, кеткенің бе шынымен», 
«Торыны таңға байлап жүрген қандай?», «Қарағым, 
асыл тасым сағаттағы», «Қолыма ұстағаным алтын 
балдақ», «Асыл зат, қоңыр қазым көлге тартқан», 
«Ауылыңды аралаймын Кербезкермен», «Көпестер 
пұл сатады пайдаменен», «Ғизатлу, хат жазамын 
қара сия» сынды өлеңдерін жатқа заулатқан. 
«Бұрынғылардың батасы» - образдық – 
метафоралық жүйесімен, ұлттық дүниетаным 
өресімен, діни-философиялық, этикалық 
қырларымен, стилистикалық, семантикалық 
байлығымен ерекшеленеді. Пайғамбарлардың 
қасиеттерін, өсиеттерін, өркендемпаз істерін, 
дәулет-сәулетін, айбат-қайратын, қуат-ұятын, 
бақ-берекесін тізбелеп келеді де, былайша 
жалғастырады: «Халық қамын жеген – Қарқарадай 
хандардың сәлеметтігіне, Ел қамын жеген – 
Едігедей бидің сәлеметтігіне, Өз еңбегін жеген – 
Құдай, шүкір, тәубе дейін – Қара бұқара халықтың 
сәлеметтігіне! Халқын, жұртын, қаны бірге ұлтын 
– ілгері бастырамын деген – Еңбекшіл ерлердің 
сәлеметтігіне! Қой орнына ат берген – Атымтай 
жомарттардың сәлеметтігіне!» Осынау бата сөздер 
адам баласының көркем мінезді, түзу, дұрыс 
пиғылды, сабырлы-салиқалы, байыпты-байсалды, 
ақ еділ жайсаң, жайдарман, таза ниетті, мәдениетті, 
әдепті болуға шақырады.
«Бұрынғы жоқтау үлгісі» - Кеңгірбай би 
Жігітекұлына (1730-1815) арнаған. Жоқтау 
Мөшһүр Жүсіптің қолжазбалар мұрасында 
және В.В. Радловта сақталған. «Ақын Абайдың 
бесінші атасы Айдос пен Кеңгірбай бір туысады. 
Кеңгірбайдың бейіті Шыңғыстың бауырында, 
Қарауыл өзенінің жайылмасында Ши деген жерде, 
жол аузында арбаның тұмсығы ілінетін тұмсықта. 
Ел қонысынан ауып жүргенде, Ұлытаудың Алаша 
хан, Жошы хан бейіттері(күмбездері) тұрған Кеңгір 
өзенінің бойында туыпты, атын сонымен Кеңгірбай 
қойған ». Жоқтаудың тілі мейлінше ажарлы. 
Айталық: «Алты атасы бай өткен, Алты атанға жүк 
артқан». Я болмаса: «Айдының Алатаудай бар еді, 
Қайратың Қаратаудай бар еді». 
«Өлең және қара сөз ғибраты» - көркемдік, 
философиялық, символикалық мәні ерекше 
елеулі туынды. Қазақ қоғамын ізгілендіру, 
ұлттық игіліктерді жаңғырту, рухани жетілу 


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет