М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет161/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

«Жеке бір деректер» – бес бөліктен тұрады. 
Бірінші: Жеке деректердің ішінде аңыз да, ертегі 
де, тарихи мәліметтер де араласып жүр. Шежіреде 
жазылған деректің мәні мен мазмұны сәйкес 
келе бермейді. Демек, тарихи‑эпикалық әңгіме 
жанрына жатады. Негізгі тақырыбы батырлар мен 
билерді дәріптеу. Халықтың ішінен шыққан би, 
батырлардың қасиеттерін суреттеу. Тоқхат деген 
Хұсайынды жамандап арыз жазған екен. Сонда 
мына адамдарды куәлікке жығыпты. Бірақ, олар 
Құран ұстамай жауап бермей қойыпты: Алпыс 
Малкелдібаласы, Секербай ағасы, Баймағамбет 
Бекбау баласы, Әлібай Бекбау баласы, Баян: 
Жауқашар Шалғанбай баласы [4, б.213]. 
 «Бір деректер» – бес бөліктен тұрады. Екінші: 
Бұл да тарихи‑эпикалық әңгіме жанрына жатады. 
Көтерген тақырыбы: аналардың әрқайсысы бойына 
бала біткенде түрлі ойға толы сөз айтады екен. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
150
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Сөйтіп, аталарының қасиеттері анықталады. Әр 
атаға баға беріледі. Мысалы, бір ана – «Ұзын 
бітті бойыма, Ерлік, батырлық толды ойыма» – 
десе, балалары шетінен ер жүрек батыр болып 
туады. Қол таңбалы Ұзынқыпшақ атанады, олар 
– «Бұлтың бітті бойыма, Көптік толды үйіме 
(ойыма)» – дегенде, Әлиф таңбалы Бұлтың Қыпшақ 
жағы басады. «Торы бітті бойыма, Кемшілік толды 
ойыма» – дегенде Мойын таңбалы Торықыпшақ 
бұлар таңбасын мойынынан басады. «Балық бітті 
бойыма, Байлық толды ойыма» – дегенде Қарын 
таңбалы Қарабалық атанады. Таңбасын қарыннан 
басады. Көсеу таңбалы көлденең Қыпшақ бар. 
Бұлардың бәрін «Бес таңбалы» – дейді. Олардың 
арғы атасы Қарақыпшақ Қобыланды батыр екен. 
Біреулер Мүйізді Сарыалыптан – Құлан – Қытай 
– Қара – Сары. Қарадан – Есімсейіт – Қобылан 
– Қобыланнан – Тоқтар. Тоқтардың баласы бес 
таңбалы дейді. Ал енді біреу – Темірқазықтан –
Тоқтамыстың биінің бірі – Қарақыпшақ Қобыланды 
дейді – ол қате жаңылыс сөз дейді. Шежірелі 
әңгіменің тілі де шұрайлы: «Ұзын бітті бойыма, 
Ерлік, батырлық толды ойыма», «Бұлтың бітті 
бойыма, Көптік толды үйіме (ойыма)», «Торы 
бітті бойыма, Кемшілік толды ойыма», «Балық 
бітті бойыма, Байлық толды ойыма» – нақыл 
сөздер, құран ұстатып, жанын алып, қарын 
таңбалы, көсеу таңбалы, бес таңбалы – тұрақты 
тіркестер, Би деген ақ шариғат ілуде біреу табады, 
батыр деген барақ ит екі қатынның бірі табады 
– мақал молынан кездеседі [32, б.213].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет