М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет45/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Мәз болып құр атаққа Мәшһүр-Жүсіп,
Қаңбақтай домалаған желмен ұшып.
Тотыдай торға түскен біз қаламыз,
Бармақтың көлеміндей жерге түсіп (173-174 б.).
Ал, «Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысы» 
өлеңінде алдымен лирикалық қаһарман ала 
қарғаның «қарқылдап» мазаны алу себебін 
сұрайды. Қарға жауап беру барысында көне 
заманда жер бетін басқан топан суы қайта 
бастағанда, Нух пайғамбар тапсырмасын қалай 
ұмытқанын, соның сазайын қазір тартып жүргенін 
дат етеді. Бұл бір жағынан ғылым үшін бағасы зор 
көне аңызды еске салса, екіншіден, оның адамдар 
үшін ғибрат берерлік мәніне үңілту жүзеге асқан.
Түйіп айтқанда, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде-ақ суреттеудің 
бай амалдарын: көркем жинақтау, шартты әрекетті 
қолдану, дерексіз ұғымды заттандыру, т.т. шебер 
пайдалану арқасында шағын жанр лирикаға эпос 
мүмкіндігіндегі жүк артып, шындықты кең қамту 
шеберлігін көрсетті. Мұның бәрі ХІХ ғасырдың аяғы 
мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, артына 
25-30 томдай мол қазына қалдырған Мәшһүр-Жүсіп 
Көпейұлының ақындық шеберлігін кең ізерлеп 
зерттеу қажеттігін, оның суреттеу амал-тәсілдерінің 
түрлішелігін, сөз зергері ретінде қазақ әдебиеті 
кемелденуіне көп үлес қосқанын дәлелдейді.
Мәшһүр-Жүсіптің 1990, 1992 жылдары 
таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық 
көрсе, қазір С.Торайғыров атындағы Павлодар 
мемлекеттік университеті ғалымдары мен көрші 
жоғарғы оқу орындары зерттеушілерінің бірлескен 
зерттеуі нәтижесінде ақын шығармаларының 20 
томдығын баспаға дайындау жүріп жатыр. Сол көп 
томдықтың 3 томдығы жарық көргенін қуанышпен 
атап өте отырып, бұрынғы бір жазғандарымызды 
жинақтап, ақынның суреткерлік шеберлігіне 
арнайы назар аудартуды жөн деп таптық.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өткен ғасырдың 
өзінде адамдарды тек ақ, қара деп бөліп, не соған 
сырттай сүйсінумен, не одан мүлде безінумен 
шектелмейді. Адамдардың не бірыңғай қап-
қара жағымсыз болып келе бермейтінін, қайта 
бір адамда әрі оң, әрі теріс сезімдер қатар өмір 
сүріп, арпалысқа түсу ерекшелігін ашу, әсіресе, 
сол кез үшін кесек жетістік, адам сезімін лирика 
жанры мүмкіндігіне сай ізерлеп ашуда елеулі 
қадам еді. Мәселен, оның 1880 жылдары жазылған 
«Жарты нан хикаясы» өлеңінде басты назар 
өзіне жақсылық жасаған адамды жұтпақ болған 
айдаһар жауыздығына емес, жапа шеге жаздаған 
адамның өзінде елеулі қайшылық бар екеніне назар 
аударылады. Міне, мұнда оңай олжаға қызығып, 
біреуге жақсылық жасап, жапа шегушіні ақын 
не бірыңғай аппақ, не біржола ұнамсыз адам 
етіп көрсетпейді. Суреткер жай көзге байқалуы 
қиын, сырт қарағанда біршама жағымды көрінген 
адамның өзінің ішкі түйткілдеріне үңіле, үңілте 
біледі. Кезінде біреуге қамқорлық көрсетіп, жарты 
нан ғана беруі сол адам үшін әрі құптарлық, әрі 
айыптарлық іс болып алынады. Бұл да қарапайым 
адам санасында орын алуы мүмкін аздаған 
қалыстыққа да суреткердің шүйіле ден қоюынан 
туған. Ақын бұл шығармасында сонымен қатар 
зұлымдық иесі, бөтен күш, дербес айдаһар 
болумен бірге, әр пенденің өз «айдаһары» болу 
ықтималдығына да көңіл бөледі. Сөйтіп адам 
сезімінің көп қырлы екенін, ішкі қайшылықпен 
күресу мәнін көрсету арқылы ақын қаһарман жан 
дүниесіне түкпірлей тереңдеу үлгісін де жасаған.
Мәшһүр-Жүсіп қай өлеңінде болмасын
белгілі бір құбылыс, әрекетке көп көзбен қарай 
білуге жетектейді. Соның бір айғағы- «Сәйгелді, 
сона, бөгелек» өлеңі. Шығармада алдымен халықты 
езіп, қанаушы сәйгелді, бөгелек тәрізділерге өріс 
беретін аңқаулық, надандық сыналады. Сөйтіп 
ақын жауыздық пен адамгершілік арасындағы 
қайшылықты, кереғарлықты ашумен: жауыздың 
жауыз, ізгінің ізгі екенін бейнелеумен шектелмейді. 
Мәселен, сәйгелді, сона, бөгелекті сол кезде елді 
алдаған езушілер, отаршылдар деп, соларды 
түйреумен шектелу біржақтылық, үстірттік 
болар еді. Өмірде қас пен досты айырмай, 
жәдігөйлікке ұйып, кеш опық жеп күйзелушілер 
бар да, әдемі сезімнің бірі сенгіштікті пайдаланып, 
тайраңдаушылар бар екені белгілі. Оны ана 
халықта бар, мынада жоқ, ана заманда орын 
алған, кейін ұшыраспайды деп айтуға болмайды. 
Ендеше жауыздың жауыз екені онсыз да белгілі. 
Басты қателік, трагедия сол кесапатқа жол беруде, 
иланғыштықта жатыр дегенге саяды ақын.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы Қазан 
қаласында басылған «Тірлікте көп жасағандықтан, 
көрген бір тамашамыз» кітабындағы «Соқыр, 
саңырау, жалаңаш хикаясы» да- қазақ әдебиеті 
тарихында елеулі орын алатын туынды. Мәшһүр-
Жүсіп мұнда адам сезімін, көзқарасын күрделі, 
қайшылығы мол қалпында көрсетуге көңіл 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет