М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ДЕРЕКТАНУШЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ



Pdf көрінісі
бет51/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ДЕРЕКТАНУШЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ
Е.Қ. ЖҮСІПОВ
т.ғ.к., доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
50
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
беш иоз илик тоқызда (559) доңыз жылында Мұғол 
иортында Вком Илдоқ тиген ирде дүниеге келдi. 
Бiр қолы иұмық… қан ұстап туып едi” / 4/.
Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы мәлiметтерді 
қалай естiсе солай өзгертпей жазып алып отырған, 
кейiнгi « Қазақ түбі» нұсқаларында да сол деректi 
дәл солай өзгертусiз келтiрiп отырған. Яғни 
мағлұматтың түпнұсқалық негiзi сақталынып, 
ешбiр бұрмалаушылыққа түспегендiктен тарихи 
маңызыдылығы артады. Әрбір мәтiннiң басында, 
не ортасында, не болмаса соңында сол деректiң 
түпкi иесiнiң, мәлiметтi ауызша жеткiзушiнiң есiмi 
аталуы, оның ата-тегi өмiрбаяны туралы мәлiметтер 
берiлуi, Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының деректанушы 
ғалым екендігін дәлелдейді. Тiптi аңыз-әңгiменi 
қайда, қашан, қандай жағдайда, кiмнен, қалай 
естiгенiн мәлiмдеуi сол деректің шынайлылығына, 
бұрмаланбағанына күмән келтiртпейдi.
Мысалы, « Қазақ түбі» N1177 топтамасында 
ең алдымен Әбiлғазы Баһадүр өмiрбаянымен 
таныстырып / 5/, артынан шежiресiнен үзiндiлер 
беріп, В.В.Радлов жазбаларынан алынғандығын 
хабарлай отырып / 6/, соңынан Радловтың “Қазақ 
түбi” әңгiмесiн ұсынады.
Дерек жинастырушы ретiнде деректер 
ұсынуда Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы бергi VIII-
ХIХ ғғ. тарихи оқиғаларын баяндауда да жер-су 
атауларына көбiрек сүйенедi.Мысалы, Кенесары 
топтамасында Кенесарының соңғы шайқастары 
туралы айтпастан бұрын қырғыз тайпаларының 
географиялық картасы (орналасуы, өзен-таулары, 
асулары, жер бедерi), соғыс барысы туралы 
деректердi байланыстырып берiп отырады / 7/.
Сонымен қатар М.Ж.Көпеев шежiре 
үзiндiлерiнiң бiрiнде әз Тәуке ханның моласының 
Қараөткелде салынғаны, кейіннен бүлiнгенi туралы 
да деректер бар / 8/.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907 ж.) 
кiтабында Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы Сарыарқаны 
қоныстанған елдер тарихын жер -су атауларымен 
байланыстырып баяндайды. Оның мәлiметтерi 
бойынша, кезінде Сарыарқаны Мық, Шермiш 
жұрттары иеленген,содан ноғайлы тұсында “Хан 
сүйегi”, “Ақжар-Сасай”, “Тоғанастың тоқсан 
екi көлi”, “Сұлу там», «Қызыл мола” т.т. жер-су 
атаулары пайда болған.
Баспа бетiнде басылып шыққан Мәшһүр 
Жүсiп Көпейұлының “Қазақ шежiресi” атты 
туындысында (құрастырушысы: С. Дәуітұлы, 
Алматы, Жалын, 1993) өзi тек Баянауыл аймағының 
тарихы, мекендеген ру-тайпалар тарихы: тұлғалар, 
батырлар, билер, ақындар т.б. тарихы, жер-су 
атаулары тарихы жинақталып, байланыстырылып 
берілген. Шежiренi Баянауыл аймағы тарихы 
туралы мол дерек көзiн ұсынған бiрден-бiр ғылыми 
зерттеу деп тануымызға болады. Бұған қазiргi кезде 
атақты жерлес ғалымдарымыз, ақындарымыз т.б. 
туралы жарияланып жатқан естелiк кiтап, шежiре 
авторларының Мәшһүр шежiресiне көбiрек сүйенуi 
айғақ бола алады /9/. 
Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының « Қазақ 
түбі» нұсқалары мазмұны, жазылу ретi, 
жүйеленуi жағынан өз замандастары Қ.Халид, 
Ш.Құдайбердiұлы зерттеулерiнен өзгешеленедi. 
Пайдаланған дерек көздерiнiң басым үлесiн есепке 
алсақ, Қ.Халид Шығыс, Ш.Құдайбердiұлы батыс 
мағлұматтарына көбiрек сүйенген. Ал Мәшһүр 
Жүсiп Көпейұлы ең алдымен, негізінен, халықтық 
төл мәлiметтерге иек артады. М.Ж.Көпеев өзi 
келтiрiп отырған ауызша деректерді таза тарихи 
шындық ретiнде қабылдамайды, тек тарихи 
материал ретiнде ұсынады. Ал замандасы Шәкәрiм 
Құдайбардіұлы өз шежiресiнде ауызша деректердiң 
ақ-қарасын салыстырып қарамай, шынайы тарихи 
негiзiн сараптамай шындық ретiнде зерделеуi 
бiрқатар жаңсақтыққа жол берген.
М.Ж.Көпеев шежiресi мазмұны екi сипатқа 
ие болған: әрi ата тек тiзбегi, әрi жылнамалық 
сипатқа ие болатындығы баспасөз беттерiнде аз 
айтылмайды / 10/.
Дерек зерттеушi ретiнде Мәшһүр Жүсiп 
Көпейұлы өзi жинастырған, ел арасында кездескен 
мәлiметтерге талдау жүргiзiп, салыстырып 
шынайылығын зерделеп отырған. Мысалы, 
Аныстан бастайтын қазақтың шығу тегі 
туралы жазылған бір нұсқасында, Шәкәрiм 
Құдайбердіұлының осы бiр вариантын сынаған. 
Жер атауына (Домбы Ата) сүйенiп, бұл шежiренiң 
тарихилығын, шындығын (Тарихымызда Аныс 
кезеңiн VII-VIIIғ. Ислам дiнi таралған уақыт деп 
қарастыруымызға болады) өзінше дәлелдейді./ 12/.
Сонымен бірге « Қазақ түбі» жазбаларындағы 
“Олжабай батыр” топтамасы бір әңгiмесiнде 
“Шүршiтқырған” шайқасы, Баянауылдағы 
“Шүршiтқырған” жер атауы туралы да тың 
деректер беріледі. Ал қытай құжаттарында, 
жинақтарында Дардана мен Хадаха (қытай 
генералдары) әскерi ылғи “жеңiстерге” жетiп, тiптi 


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет