М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет52/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Баян тауының батысында 1757ж. Абылай әскерін 
талқандаған-мыс деп айтыла бередi / 13/.
Араб, парсы, түркi сөздерiнiң тiлдiк 
құрылымын жетiк меңгерген Мәшһүр Жүсiп 
Көпейұлының төте жазуда қазақ сөздерiн араб 
графикасы заңдылығына емес, қазақша айтылу 
ретiне қарай жазылуы керек (транслитерациялау) 
деп есептеген: “Қазақ арабша “таифа” дегендi 
“таипы” дейдi, “ғани” дегендi “кәнi” дейдi (олжаға 
кәнi болдым). Ал арабша “ғани” бай деген сөз. 
“Дағуа” дегендi “дау” дейдi. Арабша “саяд”-аң 
аулау деген сөз. Қазақ “саятшы” дейдi. Арабша 
“фаһим” дегендi қазақ байымдау дейдi, “лахазза” 
дегендi “iлездiң арасында” дейдi. Парсыша “пәнде” 
дегендi қазақ “бенде”, “фидея” дегендi “жаним 
пида” дейдi.
Егер 
(ғлме) деген сөздi жазғанда, ғайнның 
үстiне үтiр салмасақ, қазақ ғұлама я ғалама деп 
оқырын бiлмей, оқып келе жатқан сөзiнiң ретiн 
бұзып алады. Еғарда 
(ғұлама) деп жазсақ, 
бөгетi жоқ, түсiне қалады” / 14/.
М ә ш һ ү р Ж ү с i п К ө п е й ұ л ы н ы ң б ұ л 
пiкiрiн ғалымдар: В.П.Юдин, А.Б.Халидов, 
М.Х.Абусеитова, Р.Сыздықова, Т.К.Бейсенбиев, 
М.Қойгелдиев, А.И.Исин зерттеулерi де қуаттай 
түседi / 15/.
Топографиялық, әрі топонимикалық, әрі 
географиялық мағлұматтарды тарихи таныммен 
салыстырып, Нұх топан суы туралы айтқан Мәшһүр 
дәлелдерi, пайымдаулары назар аударарлық: 
“Естiген құлақтың жазығы жоқ. Құрттай бала 
күнiмiзде жарапазан айтатұғын шалдар айтып 
жүрушi едi:
- Нұх пайғамбар тақтайдан кеме салған,
Ол кеменiң тақтайын тышқан тескен,-деп.
Бұл-естiген сөз. Құлақ естiгендi көз көрмек. 
Бұл күнде көзiмiз көрген бiр нәрсенi ойға 
алып жүрсек, топан су тасып, дүние жүзiн 
қаптағандығы айдан жарық, күннен анық көрiнiп 
тұр… Жарапазаншы шал айтты деп топан суы 
болғандығына нанып тұрғаным жоқ. Өз көзiм 
көрген нәрседен нанғандығымды бiлдiрiп айтып 
тұрмын. Сол топан судың болғандығын тау 
бiткеннен 40 кез асқандығын жер айтып тұр. Су 
айтып тұр. Тау-тас айтып тұр” / 16/.
Шежiрешi ретiнде Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы 
қазақ халқының генеологиялық кестесін ежелгi 
заманнан, Уыз хан (Оғыз хан) кезiнен бастап, 
дәлірек айтқанда, Уыз ханның Vш оқ атанған 
ұрпағы қазақ елiнiң үш жүздiк құрылымымен 
сабақтастырады: “Күн, Ай, Жұлдызына таласпай-
ақ қоялық. Vш оқты бiзге қимай ма? Бiз неге әлi 
күнге шейiн үш жүз атанып, үш алаш атанып 
жүрмiз?!” /17/ Ғалымның бұл пiкiрi ғылыми 
топшылауларға жақын. Себебі Х.Әдiлгереев 
мақаласында келтiрiлген Хғ. Макдисидiң “Алтын 
тоғай” зерттеуі бойынша, оғыздар үш ордаға: 
Ұлы Орда, Орта Орда, Кiшi Ордаларға бөлiнген 
екен./ 18/
Оның үстiне деректанушы ретiнде Әбiлғазы 
Баһадүр шежіресіндегі деректердi халықтың 
әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрiмен т.с.с. өзінің 
тарихи тiлінде байланыстырған. Шежірешінің 
ғылыми топшылаулары өзiндiк ерекшелiгiмен 
назар аудартады: “Бұл шежiреден бiздiң алып 
отырған сыбағамыз–Уыз хан балаларына өз пайым-
парасатын, көзiне көрiнген нәрсенiң толымды-
жарамдысын ат қылып қоя берiптi: Күн, Ай, 
Жұлдыз, Тау, Теңiз деп. Сол аттарды күнi бүгiнге 
шейiн бiздiң қазақта айдың басында туған баланың 
атын Айбас қояды, таң ата туған баланың атын 
Таңатар қояды. Көл басында туса, Көлбай қояды. 
Тауда туса Таубай, жайлауда туса Жайлаубай, 
қыстауда туса Қыстаубай, күзекте туса Күзекбай, 
Күзеубай. Есiлде туса Есiлбай, Нұрада туса 
Нұрабай. Уыз ханнан ұстап қалған үлгi-өнеге–осы.
Екiншi өрнек үлгiсi–киiз үй. Бiр нәрсенi бiреу 
iздеп таба алмай келсе: “Осы уыз үйлi пәленнен 
таба алмағаның ба?”–дейдi.
Vшiншi өрнек үлгiсi–топырлатып жылқы сою, 
қой сою, қара сабаға қымыз толтыру.
Төртiншi өрнек үлгiсi–тоғыз-тоғыздан сый, 
сыйлық, сияпат. Өлген өлiгiне мал шығарса 
да тоғыздан. Байлар өлсе жаназаға барып 
келушiлерден: “Неше тоғыз шығарыпты?”–деседi.
Арғы атамыз Ер Түрiк, екiншi буын атамыз–
Мұғол, Маңғұлыскейге барып қосыламыз.
Vшiншi буын атамыз–Уыз хан. Ай мен Күн, 
Жұлдызына таласпай-ақ қоялық. Vш оқты бiзге 
қимай ма?! Бiз неге бұл күнге шейiн үш жүз атанып, 
үш алаш атанып жүрмiз?!” / 19/.
Бұған қоса, Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы деректердi 
мәлiмдеп қана қоймай, оқиғаның болған уақытын, 
себебiн ашып көрсетуге ұмтылады. Мысалы, ол 
ХIII-ХVII ғғ. тарихи даталарды ескiше жыл санау 
(һижра) есебiмен берiп, ал ХVIII-ХIХ ғғ. оқиғаларды 
жаңа жыл санау (Григориан) бойынша берген: “Қазақ 
жұртының аузында: “Қасым ханның қасқа жолы”,–


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет