М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет50/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Салыстыра сараптасақ, И.А.Крыловта ала 
қойларды алдымен арыстан қырмақ болады, 
бірақ тікелей жоюға үндеген аю ұсынысы 
кейін жаман атқа қалдыратын болғандықтан, 
қабылданбай, құртуды іске асырып, «жазықты» 
болу қасқыр үлесіне қалады. М.Дулатов осыны 
ескеріп: «Қой бағып қасқыр қашан опа қылған»,- 
десе, І.Жансүгіров қасқырды емес, арыстанды 
бөліп алғандай, өзі Айға ұшқанда, ақырған 
дауысынан қарағай, терек жығылатынын, сол 
сәтте «қожайынсыған» арыстанның, демек 
қызыл коммунист ел билеушісінің де сескенуі 
мүмкіндігін әйгілейді. Назар аударарлық жәйт: 
И.А.Крыловта арыстан мен қасқыр және оның қой 
бағып қарық қылмауы тікелей өзара байланыста 
берілген. Мәшһүр-Жүсіпте бағып жарытпайтын 
қойшы бөліп алынса, М.Дулатовта қасқырдың 
ешқашан қой қорғап опа қылмайтыны еске 
салынып, екі ақында да, отарлаушы ел билеушілер 
қастандығынан қазақ халқын сақтандыру жүзеге 
асқан. Ал, І.Жансүгіров қасқыр мен ала қойларды 
мүлде сөз қылмай, тек бәрінің төбесінен қараушы 
арыстанның өзін де сескендірер күш бар екенін 
қатаң ескерткен. Сөйтіп орыс ақыны И.А.Крылов 
мысалындағы символдық бейнелерді қазақ 
ақындары: Мәшһүр-Жүсіп, Міржақып, Ілияс - 
әрқайсысы өзінше өрістетіп пайдаланған. Мұның 
бәрі ақын шығармашылығын жеке алмай, әлемдік 
поэзия дәстүрімен тығыз бірлікте қарастыру 
керектігін дәлелдейді. 


49
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Мәшһүр-Жүсiп ел тарихын шежiре түрiнде 
сипаттайды. Тарихи тақырыпты қамтитын 
шығармалары « Қазақ түбі» атауымен басталып 
отырады. Мәшһүрдiң тарихты баяндаудағы енді 
бiр өзгешелiгi жер, жүз, ру, тайпа, жеке адам 
(тұлға)және халықтар тарихын бiртұтас жүйеде 
қарастырады. Мәселен, 1907 ж. кiтабындағы 
автордың арғы аталары туралы баяндалған 
мәлiметтерде бiр әулет өкiлдерiнiң тарихын жер 
тарихымен қатар қарастырған: “Мен өзiм, атым 
Жүсiп, 49 жаста отырмын. Әкем аты Көпей, 
жылы барыс едi. 73 жасында, барыс жылы өлiп, 
Баянауылға қойылды. Оның әкесi Сермұхаммед 70-
тен асып өлiп, Қызылтауға қойылған. Оның әкесi 
Ақжiгiт 49 жасында өлiп, Көкшетау бауырында 
Шортанқарағай, Қыздыңқарасуы деген жерге 
қойылды. Оның әкесi Бесiм қартайып өлiп, 
Ұлытауда бес саланың өре басына қойылды. 
Бұрынғы заманда Ұлытаудың терiскей жағына 
ататұғын сайларды “Бесiмнiң бес саласы” деушi 
едi. Тiрi күнiнде өзiнiң қоныс қылған жерi болғаны 
үшiн…”/ 1/.
Мәшһүр-Жүсiптiң ғалым ретiнде ғылыми 
көзқарасының қалыптасуына оның Шығыс 
өркениетiн жетiк меңгеруi және озық ойлы Еуропа 
мәдениетiмен таныс болуы негiз болуы әбден 
ықтимал. Оның ғылыми мұрасын қазiргi ғылым 
салалары тұрғысынан қарастырсақ, онда әрi 
тарих, әрі шежiре, әрі этнология, әрі жер тарихы, 
әрi әдебиет, әрі фольклортану, әрі әдебиеттану, 
әрі тiл тарихы, әрi философия; әрi этнография 
мағлұматтары шоғырланғанын байқаймыз. 
Керiсiнше, кейбiр қолжазба мәтіндері таза бiр салаға 
ғана (медицина N1175, теология N1173, В.В.Радлов 
кiтабы N1170 “а” т.б.) арналып жазылған.
Мәшһүр-Жүсiп жазбалары арасынан 
ғалымның жалпы қазақ тарихына, шежiре 
сөздерiне берген ғылыми көзқарасы да кезігедi: 
“Бiздiң бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық 
шежiре жоқ. “Оқуға сенген ұмытшақ” деп оқуды 
керек қылмаған. “Жазуға сенген жаңылшақ” 
деп жазуды керек қылмаған. Оқу мен жазудың 
жоқтығынан жазылған шежiре болмаған. Естiгенiн 
ұмытпайтұғын, құлағының тесiгi бар, ұқпа құлақ 
жандар болған. Сондай жандардың айтуыменен 
кеудесi хат, естiгенi, көргенi жад болған қариялар 
кейiнгiге ауыздан ауыз алып айтумен үлгi-өсиет 
қалдырған” / 2/.
Дерек жинастырушы ретiнде Мәшһүр-
Жүсiптiң жүргiзген жұмыс көлемiнiң кең 
ауқымдылығы, оның ат үстiнде ел арасынан 
аз уақыт ішінде мол материал жинап үлгергені 
таң қаларлық. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы тарихи 
шығармаларына дерек берушiлер арасынан оның 
замандастарын: Мейрам Жанайдарұлын, Сыздық 
Кенесарыұлын, Ахмет Кенесарыұлын, Саққұлақ 
шешен, Бердалы қожа, Майлы Жәдiгер, Ысмайыл 
қария, Бөртiней Байғозыұлы, Садуақас Мұсаұлы 
Шорманов т.т. тiкелей оқиға куәгерлерi, не 
куәгердiң ұрпақтары да бар. Сондай-ақ аталған 
шежiрешiлердiң өзара ақпарат алмасу тарихына 
мысал ретiнде М.Ж.Көпеевтiң жас кезiнде Әбiлғазы 
шежiресi нұсқасын Байдалының Мұстафасы 
қолжазбасына көшiрiп бергенiн айтумызға болады: 
“Осы сөз Үргенiште 23 жыл хан болып тұрған Араб 
хан баласы Әбiлғазы хан шежiресiнен алынған 
сөз болса керек. Жас күнiмде өзiм жазып алған 
сөз Байдалының Мұстафасына жазып берген 
шежiреңiзде бар екен деп Ғиса баласы Мақұл
1928-ншi жылда, Баянауылда өзiме көрсеттi” / 3/.
Ұлы ғалымның тарихтанушылық көзқарасын 
танытатын тағы бiр қыры–«Қазақ түбі» еңбегiндегі 
ресми деректер, зерттеулермен қатар ауызша 
мәлiметтердiң берiлуi. Шыңғыс хан және оның 
шығу тегi туралы жинағандарында Мәшһүр 
Жүсiп Көпейұлы “Қазақ түбi” аңызында Әбiлғазы 
шежiресi мен В.В. Радловтан құнды мәлiметтер 
келтiрген: “Алтынбел ханның Алмалы Көрiктi 
деген қызынан туған әкесi иоқ(жоқ), сағымнан 
пайда болған Шыңғыс хан пайғамбар тарихтан 
ӘОЖ 951 (574)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет