Ағзаның қызметі нəтижелі болуы үшін, кан айналысы қыз-мет қарқынына сəйкес болуы қажет. Осыған орай ағзалар ара-сында қан мелшері үнемі қайтадан белініп отырады. Қан қысы-мы бір қалыпты сақталғанымен қанның ағу жылдамдығы өзгеріп тұрады. Осының бəрі қан тамырларының кеңейіп-тарылуына, яғни қабырғасындағы ет талқыштарының жиырылып қатаюына (тонусына) байланысты. Ал қан қысымынң түрақтылығыньщ өзі Де жүректің систола сайын шығаратын қан мелшері мен қан ағысына көрсететін
тамырлар кедергісінің қатынасына байла-нысты. Қысқасы кан айналысы тамырлардың тонусын өзгерту арқылы реттеледі. Тамыр тонусы жоғарыласа, оның түтігі тары-лады, ал төмендесе, керісінше кеңейеді. Орташа жəне жіңішке артериялар мен артериолалар қабырғасында ет қабаттары қа-лың келеді. Прекапиллярларда бірыңғай салалы ет талшықтары түтікті айналдыра сақина тəрізді топталып сфинктер кұрады. Осы тамырлардың тонусы ағзалардың қанмен жабдықталуын реттеп отырады.
Жүрек қызметтерін зерттеу салалары
1842 жылы Киев университетінің физиологі А. Вальтер вазо-констриктордың симпатикалық жүйке екенін бірінші болып топ-шылады. Ол көлбақаның шонданай жүйкесін кесіп, тəжірибе жү-зінде сирақтың ісініп, аумағы үлкейгенін, жуйкенің шеткі үшын тітіркендірген кезде ісігі тарылып сирақтың көлемі кішірейеті-нін байқады. Сирақ көлемінің өзгеруі қан -тамырларының кеңей-іп-тарылуына байланысты екені белгілі.
1851 жылы француз ғалымы Клод Бернер ете көрнекті тəжі-рибе жасап, симпатикалық жүйкенің (вазоконстриктор) қан та-мырларын тарылтатынын дəлелдеді. Ақ қоянның құлақ тамыр-ларындағы симпатикалық жүйкені мойын тұсынан кесіп тастаса (симпатэктомия) құлақтың қызарғанын жəне əр тамырдың ке-ңейгенін ешбір аспапсыз жай көзбен де керуге болады. Құлақ-тың қан тамырлары кеңейіп, қанға толып ысиды, қызуы 1—2° көтеріледі. Кесілген жүйкенің шеткі құлаққа баратын ұшын ті-тіркендірсе керісінше, құлақ тамырлары тарылады да, құлақ сұрғылт тартып, қызуы 1—2° төмендейді. Бұл тəжірибе симпати-калық жүйкенің кан тамырларын тарылтатынын, олардьщ тону-сын жоғарылататын керсетеді. Мұнымен бірге жүйке орталықта-рынан серпіністер қан тамырларын үнемі тітіркендіріп тұратынын дəлелдеді. Бұл серпіністер қан тамырларының тонусын бір дең-гейде ұстайды. Егер серпіністер жиілесе, қан тамырларының то-нусы жоғарылап, түтіктері тарылады, ал сиресе, керісінше, тону-сы төмендеп, түтіктері кеңейе бастайды. Бұл мəліметтер тəжіри-беде құрсақ ағзаларынын, симпатикалық жүйкелерін тітіркендіру, бұдан пайда болған серпіністерді жазып алу арқылы алын-ды. Сонымен құрсақ ағзаларыньщ қан тамырларының тарылуы мен кеңеюі симпатикалық жүйкелер серпінісінің жиілігіне тіке-лей байланысты екені анықталды. Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол жүйкелердің ұшынан бөлініп шыққан медиаторлардың жəне оларды қабылдайтын тамыр қабырғасын-дағы ет талшықтары рецепторларының түріне байланысты бола-ды. Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің ұшынан медиа- тор — норадреналин не адреналин бөлініп, ал ганглийге дейінгі үшынан ацетилхолин шығатыны жоғарыда айтылған. Осыған орай симпатикалық адренергиялық жүйке тамырды тарылтса, холинергиялық симпатикалық жүйкелер оны кеңейтеді. Біріңғай салалы ет мембранасында екі түрлі адренорецептор кездеседі: а — рецепторы қозсз қан тамыры тарылады, р — рецепторы қозса керісінше, қан тамыры кеңеюі мүмкін.
Адреналин көбінесе а — адренорецепторлармен əрекеттеседі де, қан тамырларын тарылтады. Адреналиннің қан тамырларына əсері қанда оның аз-көптігіне байланысты: тым көп болса, адре-налин р — рецепторлармен əрекеттесіп қан тамырларын тарылту-дың орнына кеңейтеді. Мəселен, шоктың соңғы кезеңінде адре-налиң |3 — адренорецепторлармен əрекеттесуі мүмкін. Осыған байланысты қан қысымы ете темендейді. Симпатикалық жүйке-нің қан тамырларына əсері, бір жағынан ,медиаторлардың түрі-не, олардың мөлшеріне, концентрациясына байланысты болса, екінші жарынан медиатормен əрекеттесіп қозатын адренорецепторлардың санына да байланысты. Қаңқа еттеріндегі кейбір та-мырлардың симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкелер ұшынан ацетилхолин бөлінеді. Ацетилхолин қан тамыры қарбырғаларын-дағы салалы еттердің тонусын төмендетіп, түтігін кеңейтеді. Үзақ уақыт каңқа еттері қызмет еткенде олардың қан тамырларының кеңеюі осы холинёргиялық талшықтардың əсерінен немесе р — адренорецепторлардың қозуынан болуы мүмкін. Қан тамырды ке-ңейтетін жүйке — вазодилататор парасимпатикалық жүйкелер ара-сында да кездеседі. Клод Бернер үш парасимпатикалық жүйке: п. реіуісиз сыртқы жыныс ағзаларының, п. Іігщиаііз — тілдің, п. іутрапі — сілекей бездерінің тамырларын кеңейтетінін байқады. Бұл жүйкелердін, ұшынан ацетилхолин медиаторы бөлініп шыға-ды. Терінің не ауыз қуысының кілегейлі қабығындағы рецептор-ларды тітіркендірсе, сол аумақтағы қан тамырлары кеңейеді. Бұл сомалық афференттік жүйкеніқ қатысуымен аксон-рефлекс арқылы кеңейеді деп жорамалдайды. Вейлисс пен А. А. Орбели жұлынның артқы түбірінде афференттік жүйкелермен қатар эф-ференттік жүйкелер, яғни қан тамырларын кеңейтетін жүйкелер бар екенін байқады. Жұлыннан шыққан тері қан тамырларын кеңейтетін серпіністерді жұлын түйіндеріне эфференттік, ал бұл түйіндерден шыққан серпіністерді теріге афференттік жүйкелер жеткізеді, бұл антидромдық ~ əдеттегіге қарсы өткізу деген пі-кір білдірді. Демек, афференттік сезімтал жүйкенщ бойымен ак-сон-рефлекстер де қан тамырын кеңейтуі мүмкін. Мысалы, сезгіш жүйкені немесе тері рецепторларын электр тогымен тітіркендір-се терінің қан тамыры кеңейеді. Ал, теріні афференттік жүйке азғындағаннан (дегенерациядан) кейін тітіркендірсе, ол жер қы-зармайды.
Қапиллярлардын. кеңейіп-тарылуы пассивті түрде етеді: ка-пиллярларды қан кеңейтеді, қан азайса, ол тарылады. Бірақ ка-пилляр қабырғасындағы эндотелийге жүйкенің əсері — трофика-лық əсер.
Қорыта келе, қан тамырьщ тарылтатын жүйкеге симпатика-лық адренергиялық жүйкелер жатады. Тамырдьщ кеңеюі тары-луы симпатикалық жүйкеден тамырға келетін серпіністер жиілі-гіне байланысты, серпіністер азайса, тамыр кеңейеді. Қан тамыр-ларын кеңейтетін жүйке қатарына холинергиялық симпатикалық жүйке, жоғарыда аталған үш парасимпатикалық жүйке жəне те-рінің, ауыз қуысы ағзалары тамырларын кеңейтетін сомалық жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелерден келетін антидромдық сер-піністер.
Қан тамырларының тонусы плетизмография, реография, ре-зистография əдістерімен зерттеледі.
Резистография— резистивтік тамырлардың кедергісін жазып алу.
Реография— ағзалардьщ қанға толуын, олардың электр ке-дергісін тіркеу арқылы анықтау.
Плетизмография— ағзалардық не аяқ-қол көлеміндегі өзге-рістерді жазып алу.