М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет35/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
Байланысты:
open-file

Арнау ӛлең – поэзия жанры. Қазақ әдебиеттану
ғылымына бұл терминді алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге
жіктеген А.Байтұрсынов. Ол «арнауды үш түрге жіктеген: 
жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау» Жарлай арнау
кӛпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға
да қаратылып айтылады. Мысалы, «Бір аллаға сыйынып, Кел, 
балалар оқылық. Оқығанда кӛңілге, Ықыласпен тоқылық» 
(Ы.Алтынсарин); Сұрай арнау - кӛпшілікке, не жеке адамға
арнап айтылады және оған жауап беріледі. Кейде жауап
меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. Мысалы, «Не жазып
ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл
азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе
азатқа?! немеесе «Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді
шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан ӛлген аталарың
бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын» 
(А.Байтұрсынов). Арнау ӛлеңдер іштей жанрлық түрге
жіктелгенімен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. 
Жоғарыдағы арнау ӛлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, 
онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Зарлай арнау – 
арнау ӛлеңнің ең кӛне түрі. Халық басына түскен қиындық, 
тағдыр тәлкегі зарлай арнауда ерекше ашылып, кӛрсетіледі. 
Мысалы, "Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! 
Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар кӛлім-ай!" немесе 


196 
«Қиналдың-ай, шыбық жан! Тоқтамапты ыстық қан! 
Зарлайсың ғой жетім боп, Бесікте қалған балапан!» 
(М.Жұмабаев). Арнау ӛлеңнің құрғақ мақтау түріндегілері де
кездеседі. Кӛркемдік қуаты ой-толғамы жағынан бұндай
арнау ӛлеңдер кем соғып жатады. 
Ҧсынылатын әдебиет тізімі: 
1. 
Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным мен 
кӛркемдік. – Алматы, 1999. – 346 б. 
2. 
Әбдезұлы Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ 
әдебиеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. –
243 б.
3. 
Балтымова М. Р. Ілияс Есенберлиннің тарихи 
романдары: 
шеберлік 
пен 
кӛркемдік. 
Монография 
/М.Р.Балтымова. – Алматы: «Отан» баспасы, 2015. – 168 бет. 
4. 
Балтымова М.Р. Қазақ әдебиетіндегі тарихи 
проза: Оқу құралы. – Ақтӛбе, 2016. – 200 бет. 
5. 
Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – 
Алматы: "Жазушы", 1987. – 232 б. 
6. 
Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1996. – 252 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет