Технологиялықжабдық – технологиялық үдерістің белгілі бір бөлігін орындау үшін материалды немесе дайындаманы, оларға әсер ететін құралдарды орналастыратын технологиялық құрал- саймандар (технологиялық жабдық мысалына құю машиналары, пре- стер, металкескіш станоктар, пештер, гальваникалық ванналар, сынақ стендтері және т.б. жатады).
Технологиялыққұрал-саймандар – технологиялық үдерістің белгілі бір бөлігін орындау үшін технологиялық жабдықты толық- тыратын технологиялық құрал-саймандар (кесу аспабы, қалыптар, айлабұйымдар, мөлшерлегіштер, пресс-формалар, үлгілер, құю форма- лары, т.с.с).
Машина өндірісідегеніміз – шикізат пен жартыфабрикаттарды дайын детальдарға, тораптарға, механизмдер мен машиналарға қайта өңдеуге байланысты жеке үдерістер жиынтығы. Жалпы өндірістік үдерістерге оның қалыпты жүруін қамтамасыз ететін операциялар кіреді (центраралық көлік, жабдықты жөндеу және т.б.).
Машина жасау зауытының құрылымдық негізі ретінде өндірістік участоктардың бірігуінен құралатын цех саналады. Өндірістік участок заттық, технологиялық немесе заттық-технологиялық принциптер бой- ынша ұйымдастырылған жұмыс орындары топтарын біріктіреді. Бір айға тең жоспарлы период кезінде орындалған немесе орындалатын әртүрлі технологиялық операциялардың барлық санының (o) жұмыс орындары санына (p) қатынасы операцияларды бекіту коэффициенті деп аталады:
Ко.б=о/; (1.1) р
Операцияларды бекіту коэффициенті өндіріс типінің негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.
Уақыт бірлігінде шығарылатын бұйым санына, оларды дайындау технологиясы мен ұйымдастыруына байланысты машина жасау өндірісі бірліктік, сериялық және массалы (ағымды-массалы) болып бөлінеді (1.1– кестені қараңыз).
1.1-кесте
өндіріс түрлерінің сипаттамалары
Белгілері
Өндіріс түрлері
Бірліктік
Сериялы
Массалы
Жұмыс орындарының көпшілігінде жұмыс сипаты орныққан
-
– +
+
Жабдықпен құрал-саймандардың мамандануы
-
– +
+
Жұмыс орындарының ағыммен орналасуы
-
– +
+
Жүк ағымының үздіксіздігі
-
– +
+
Өндірістік жұмысшылардың біліктілігі (салыстырмалы)
жоғары
орташа
орташа, төмен
Ескерту: «-» белгісі аталған белгінің орын алуының болмауын білдіреді, «+» белгісі – орын алуы болады, «– +» белгісі – орын алуы болуы да, болмауы да мүмкін.