М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет17/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Бірліктік өндіріс жеке алынған бұйымдарды белгісіз бір уақыт аралығында дайындап шығарумен сипатталады. Бұл өндірісте жабдық пен құрал-саймандарды мамандандыру мүмкін болмайтындығы, әртүрлі жұмыс орындарында әртүрлі операциялардың орындалуы, жүк ағымдары арасында үзілістің болуы сипат алады. Алайда өндірістің бұл түрінен толығымен бас тартуға болмайды, себебі көлік техникасын жа- сау өнеркәсібі әрқашан да техниканың керемет жеке конструкцияларын қолдануды қажет етіп отырады.
Көлік техникасын жасауда сериялы өндіріс басымдыққа ие. Мұнда белгілі бір уақыт аралығында бұйымдар жеке партиялар мен сериялар бойынша дайындалады (сериядан соң серия немесе сериялар арасында үзіліс жасау арқылы).
Сериялық өндіріс бұйымдарды периодты түрде қайталанып отыратын партиялармен шығарумен немесе жөндеумен сипаттала-
ды. Партиядағы немесе сериядағы бұйымдар саны мен операция- ларды бекіту коэффициентінің мәніне байланысты сериялы өндіріс кішісериялы, ортасериялы және ірісериялы болып табылады.
Егер 20 < Kо.б < 40о.б болса, онда өндіріс кішісериялы; 10 < Kо.б < 20 болса, ортасериялы; ал 1 < Kо.б < 10 болса, ірісериялы болады. Се- риялы өндіріс машина жасау өндірісінің негізгі типі болып саналады. Еліміздегі машина жасау өнімінің шамамен 80%-ы сериялы өндірісті зауыттарда өндіріледі (станоктар, престер, сораптар, желдеткіштер, трансформаторлар, қозғалтқыштар және т.б. жасау). Сериялы өндірісте машиналар сериямен жасалып, дайындамалар партиямен өңделеді.
Массалы өндіріс ұзақ уақыт ішінде үздіксіз дайындалатын неме- се жөнделетін бұйымдарды аз номенклатурада және үлкен көлемде шығарумен сипатталады. Массалы өндірісте әрбір жұмыс орнында өзгермейтін әрі қайталанып отыратын бір ғана операция орындалады. Өндіріс масштабы операцияның еңбек сыйымдылығына сәйкес тек қана бір операцияның жұмыс орнын толығымен жұмыспен қамтамасыз етуі тиіс. Массалы өндірістің ерекшеліктері: станоктардың опера- цияны орындалу кезегімен орналастырылуы; жоғары өнімділікті жабдықтардың, арнайы айлабұйымдар мен аспаптардың қолданылуы; дайындаманы ағымды желі бойымен беріп тұруға арналған тасымалдау құрылғыларының кеңінен пайдалануы; техникалық бақылауды механи- каландыру және автоматтандыру; өңдеу желісінде жүкағымының аз бо- луы; өндіріс циклінің ұзақтығының барынша аз болуы, яғни бұйымды дайындау немесе жөндеу процесінің басынан аяғына дейін кететін күнтізбелік уақыт аралығынан ең төменгі деңгейде болуы.
Массалы өндіріс үшін Kо.б = 1 болады. Массалы өндіріс ұйым- дастырудың ең жетілген түрі дайындаманың барлық операциялардан
еш кідіріссіз, яғни үздіксіз ағыммен өтуі болып табылады. Үздіксіз- ағынды өндірісті ұйымдастыру үшін барлық операцияларда бірдей не- месе бөлінетін өнімділік болуы қажет етіледі. Үздіксіз-ағынды өндіріс желісінде өңделген дайындамалар немесе жиналған тораптар міндетті түрде белгілі бір уақыт аралығы өткен сайын шығарылады, бұл шығару такті деп аталады.
Шығару такті (мин/дана)

 = G Ф / N; (1.2)


0 н

мұндағы, Фн – жоспарланған периодтағы (ай, тәулік, ауысым) нақты уақыт қоры, сағ; N – осы периодтағы өндірістік бағдарлама, дана.


Жабдық жұмысының нақты уақыт қоры Фн номиналды немесе күнтізбелік қордан Фк жабдықты жөндеуге кеткен уақыт шығынының
шамасына кем болады, яғни Фн = Фк · h; мұндағы, h – ұйымдастыру-
техникалық себептер және жабдықтарды қайта орналастыру бойынша және т.б. шығындарды ескеретін коэффициент.
Бірауысымды жұмыс кезінде жабдық жұмысының номиналды жылдық уақыт қоры 2070 сағатқа тең, екі ауысымды жұмыста – 4140 сағат болса, үш ауысымды жұмыста – 6210 сағат болады. Металл кесуші станоктар үшін h = 0,96 0,98.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет