Жинау операцияларын техникалық нормалаудың ерекшеліктері неде?
Жинаудың ұйымдастыру түрлері қандай?
Ағынды және ағынды емес жинаудың арасындағы айырмашылық неде?
Жинаудың технологиялық сұлбасын құрудың принципін түсін- діріңіз.
Машина механизмдерін жинаудың негізгі технологиялық талап- тарын атаңыз.
Сырғанау және тербелу мойынтіректі машина детальдарын жи- нау қалай жүргізіледі?
Престелген тісті дөңгелектердің соққысын тексеру қалай жүргізіледі?
Шынжырлы берілістерді жинау кезінде қандай негізгі техникалық талаптар сақталуы тиіс?
Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын қалай жинайды?
Жинақ бірліктерін технологиялық сынақтардан қалай өткізеді?
тарау. РОБОТТАлҒАн өндІРІС ТЕхнОлОГияСы
өндірістік робот. Бірнеше қозғалыс дәрежесіне ие, манипулятор түріндегі орындау және өндірістік процесте қозғалу мен басқару функ- цияларын атқару үшін бағдарламалық басқарудың қайта бағдарламалау құрылғыларынан тұратын тұрақты немесе жылжымалы автоматтық ма- шина өндірістік робот (ӨР) деп аталады (7.1-сурет) [10].
7.1-сурет. Негізгі қозғалыс бағыттары көрсетілген өндірістік робот
«Робот»терминіеңбекфункцияларынжүзегеасырукезіндегіадамның іс-әрекетіне ұқсас қимылдарды орындауды елестетеді. «Детальді қармау мен жылжытуға» арналған механизмнен роботтың айыр- машылығына келетін болсақ, ол операция барысында қайталанатын бірнеше іс-қимылды орындай отырып, алдын ала берілген белгілі бір бағдарлама бойынша жұмыс істей алады, сонан соң оны басқа операция- ны орындау үшін қайта бағдарламалауға болады. Мысалы, штампталған престі тиеп-түсіруге арналған манипулятормен салыстырғанда роботта құрылымдық функционалдық икемділік бар.
Операция өнімділігін арттыратын механикаландыру және автомат- тандыру құралдары мен берілген операциядағы оператор немесе опера- торларды ауыстыратын құралдар арасындағы маңызды айырмашылық, міне, осында жатыр.
Робот механизм бекітілетін тағаннан немесе тұғырдан; механизм айнала алатын шетмойыннан; телескопиялық түрде қысқарып созыла
145
10–8708
алатын қолдан және механикалық, пневматикалық, магниттік болып келетін қармауыш органдардан тұрады.
Нысандар кеңістікте жылжу барысында адам қолының функ- циясын атқаратындай қозғалту іс-қимылдарын орындауға арналған басқарылатын құрылғы немесе машина манипулятор деп аталады. Басқару әдісіне қарай манипуляторлар қолдық, автоматтық және интерактивті (құрама) басқарудағы болып бөлінеді. Қолмен басқарудағы манипулятор – басқару процесінде оператор үздіксіз қатысатын құрылғы.
Достарыңызбен бөлісу: |