М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет82/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жүктік және жебелік шығырлар. Жиналған шығыр да шығару- шы кәсіпорында обкаткадан өтіп, сыналуы тиіс. Әрбір шығыр бір сағат көлемінде барабанның реверсивті айналуымен жүктемесіз сынақтан өткізіледі [20].
Обкаткадан соң шығырды статикалық және динамикалық сынақтан өткізеді. Статикалық сынақтар кезінде канатта күш туғызатын, берілген шығыр үшін қалыпты жағдайдан 25% асатын, ал динамикалық сынақтар кезінде 10% асатын салмақтағы жүкті іліп қояды. Сынақтар канат өрімінің соңғы қабатымен жүргізілуі тиіс.
Шығырларды статикалық және динамикалық сынақтан өткізуді оларды машинаға орналастырып болған соң немесе техникалық куәландыру кезінде жүргізуге рұқсат етіледі.
Сынақ кезінде шығыр тысырсыз, дірілсіз және соққысыз жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс кезіндегі мойынтіректер мен редукторлардың қызып кетуі қоршаған орта температурасынан 300 С-қа дейін асып кетуге ғана рұқсат беріледі. Сонан соң шығырды техникалық бақылау бөлімі қабылдап алуы қажет.
Бұрылу механизмі. Әрбір жиналған бұрылу механизмі де жоғарыда айтылғандай бағдарламаға сәйкес бір сағат ішінде жүктемесіз максимал айналымдағы бағдарламаға реверсивті айналу арқылы обкаткадан өтуі тиіс. Жиналған машинада бұрылу механизмі тістегерішінің тіректік- бұрылу құрылғысы тістегерішімен дұрыс ілінісуі тексеріледі. Сынақ кезінде бұрылу механизмі тысырсыз, соққысыз және дірілсіз жұмыс істеуі тиіс, анықталған ақаулар жойылып, сынақтар қайталануы қажет. Сынақ кезінде бұрылу механизмінен майдың ағуы болмауы тиіс.
Ілмектік ілгіштер. Жиналған ілмектік ілгіш қалыпты жағдайдан 25% артық жүкпен 10 минут ішінде сынақтан өтуі тиіс. Жүктеме алынған соң оларда сызаттар, жарықшақтар және қалдық деформация- лар болмауы қажет.
Гидрожүйе мен пневможүйені де сынақтан өткізуді шығарушы кәсіпорын белгілеген бағдарламамен жүргізеді.
    1. Машиналарды жинақтан соң сынау


Дайын болған машиналар МЕСТ талаптарына және машинаның техникалық шарттарына сәйкес сынақтан өткізілуі тиіс. Олар бекітілген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша белгілі тәртіппен жүргізіледі. Ал жүк көтеру машиналары Мемтехбақылау бекіткен Ережелер талап- тары бойынша тексеріледі.


Машиналарды сынаудың төмендегідей түрлері бар [20]: алдын ала тәжірибелік үлгідегі; қабылдағыш тәжірибелік үлгідегі; қабылдап- тапсыру; периодты; біліктілікті; типтік және сертификациялық.
Алдын ала қабылдау сынақтарына тәжірибелік үлгі түседі, ал қабылдап-тапсыру сынақтарына әрбір сериялы шығарылатын машина
түседі. Периодты сынаққа сериялы шығарылатын машинаның біреуі және ол үш жылда бір рет түсіп, тексеріледі.
Біліктілікті сынаққа МЕСТ-та қарастырылған бекіту партиясындағы машинаның бірі түседі. Ал типтік сынақтар конструкторлық құжатта- мада сапа көрсеткішіне әсер ететін өзгерістер пайда болғанда жүргізіледі.
Қабылдап-тапсыру сынақтарына көзбен бақылау, жүктемесіз сы- нау, жүктемемен сынау, қауіпсіздік аспаптарына сынау және жүріс жабдықтарын сынау және т.б. кіреді.
Көзбен бақылау кезінде жинау жұмыстарының сапасы және конструкторлық құжаттамаға сәйкес машина жиынтығы тексеріледі.
Жүктемесіз сынақ жүргізу кезінде жеке және бірігіп жұмыс істеудегі барлық механизмдер тексеріледі. Машина жүйесінің (электрлік, гидравликалық және пневматикалық) дұрыс жиналуы, біріктірілген гидрожүйелерде жұмыс майының ақпауы, біріктірілген пневможүйеде ауаның шығып кетпеуі тексеріледі. Машинаның барлық механизмдерін кезекпен сынауды жүргізеді, сонан соң кинематикалық сұлбаға сәйкес әртүрлі операциялар біріктіріледі.
Машинаны жүктемемен сынау және машинадағы көрсетілген техникалық шарттар талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Жүккөтеру машиналарының қауіпсіздік аспаптарын сынау кезінде жүккөтерімділік шектеуден (жүк моментінен) басқасын ретке келтіреді. Қауіпсіздік аспаптарына жүкқармау органдарының көтерілу биіктігін, олардың шығымы мен жүк көтеру машинасының бұрылуын конструкторлық талаптарға сай шектеп отырады. Жүккөтерімділікті шектегіш пен шектік жүкті шектегішті сынау машинаны жүктік сынақтан өткізгеннен соң жүргізіледі.
Машинаның жүру бөлігінің жұмыс істеу мүмкіндігін тексерудегі жүрістік сынақтар жүктемесіз өткізіледі. Бұл кезде машина қозғалысы- ның жылдамдығы мен бағытын өзгерту мүмкіндігі тексеріледі.
Сынақтар нәтижелерін актпен рәсімдейді, сонымен бірге оны ма- шина паспортына жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет