Тесіктерді тартажону. Өңдеудің бұл түрі массалы, ірі сериялы және сериялы өндірісте кеңінен қолданылады. Өнімділік, дәлдік және кедір-бұдырлық тұрғысынан алғанда тесіктерді тарту металдарды кесіп өңдеудің алдыңғы қатарлы тәсілдеріне жатады. Тесіп кеңейтумен салыстырғанда, мысалы, тесіктерді тартудың өнімділігі 8-9 есе жоғары болады.
Тесіктерді тарту көп өткір жүзді аспап – тартажонғыштың көмегімен жүзеге асырылады (2.10-сурет). Ішкі тартумен әртүрлі тесіктер: шеңберлі (цилиндрлік), оймакілтектік, көпқырлы және басқа өңделеді. Цилиндрлік тесіктерді өңдеу кезіндегі тартуға арналған припуск тесік диаметріне 0,5...1,5 мм-ді құрайды.
2.10-сурет.Тесіктердітартыпжонусұлбасы: а – горизонталды; ә – вертикалды; 1 – қатты тірек; 2 – дөңгелек тірек;3– өңделетіндайындама; 4– тартыпжону аспабы 65
5–8708
Қобылау – тартудың бір түрі, өңдеу қобылағыш деп аталатын тартажонғышпен салыстырғанда қысқалау аспаппен жүргізіледі. Қобылау кезінде аспап қысу кернеулігіне тап болса, тарту кезінде – созу кернеулігіне ие болады, сондықтан да қобылағыштың ұзындығын 250...400 мм аралығында жасайды.
Бұранданы кесу
Бұранданыкескіштерменкесу. Бұранданы кесуге арналған кескіштерді жылдам кескіш болаттардан жасайды. Бұрандаларды жылдам кесу үшін қатты қорытпалы табақшалары бар кескіштерді қолданады. Мұндай кескіштердің біртұтас, дәнекерленген немесе тілікшелері механикалық жолмен бекітілген түрлері болады.
Бұранда түріне қарай бұранда кесу аспабының типін таңдайды. Бірліктік немесе кішісериялы өндіріс жағдайында бұрандалар жасау үшін қажетті өзектік кескіштердің түрлері 2.11-суретте көрсетілген.
Жылдам кескіш өзектік кескіштер цилиндрлік және конустық сыртқы бұрандаларды жасау үшін қолданылады. Өзектік бүгілген кескіш (2.11-сурет б) ішкі бұрандаларды салу үшін қажет. Төбедегі артқы бұрыш = 10...12°. Таза өңдеуге арналған кескіштің қиықжиек бой- ынша алдыңғы бұрышы g= 0. Дайындама материалының механикалық қасиеттеріне байланысты қаралтым өңдеуге арналған кескіштердің алдыңғы бұрышы g= 5...20°.
2.11-сурет.Бұрандалыөзекшелі(а–б)жәнефасонды(в–д)кескіштертиптері: а-б–өзекшелі;в-г–призмалықбіржіптіжәнекөпжіпті;ғ-д–дөңгелек (дискілі)біржіптіжәнекөпжіпті Бұранданы жылдам кесуге арналған өзектік кескіштер (2.11-сурет ә) Т15К6, Т14К8 және ВК8 қатты қорытпалардан жасалған табақшалармен жабдықталады.
Өзектік кескіштермен салыстырғанда призмалық және шеңберлік бұранда жасайтын кескіштердің негізгі артықшылығы – қайталап ұштау санының көп болу мүмкіндігі; мұндай кескіштердің артқы бұрыштары
= 15...20° болады.
Бір жұмыстық жүрістің бар тереңдігіне бұранда жасауға арналған көпжіпті кескіштердің (2.11-сурет г) пландағы бұрышы = 30°.
2.12-сурет.Жылдамкескішболаттанжасалғанбұрандалыөзекшелікескіш: d1,d2– бүйір жиектердегіартқыбұрыштар Призмалық және шеңберлік кескіштерді арнайы ұстағыштарда (қатты және серіппелі) бекітеді. Жылдам кескіш болаттардан жасалған өзектік кескіштердің негізгі параметрлері 2.12-суретте келтірілген.
Метрикалық бұранданы жасауға арналған кескіш профилінің бұрышы = 60°, артқы бұрыш = 12...15°.
Дюймдік және құбыршалық бұрандаларды жасауға арналған жыл- дам кескіш кескіштер приофилінің бұрышы = 55°, ал қатты қорытпалар үшін – 540 31мин. Пландағы төбелік сүйір бұрыш үлкен жүктемелерге шыдай алмағандықтан, кескіштермен бұранда жасау бірнеше жұмыстық жүрістен соң орындалады.
Трапеция тәріздес бұрандалар үшбұрышты бұрандаларға қарағанда ірі болады және алынатын металдың көлемі де үлкен болады. Технологиялық тұрғыдан алып қарағанда трапециядальді бұрандаларды үш топқа бөлуге болады: ірі (бұранда адымы 25 мм жоғары), орта- ша (бұранда адымы 6...25 мм) және майда (бұранда адымы 5,5 мм төмен). Көп кірмелі бұрандалар үшін кірмелер саны көрсетіледі. Май- да бұрандаларды бір жұмыстық жүрісте профильдік кескішпен жасай- ды және тек қана жоғары дәлдікті бұрандаларды әрлеуші кескішпен
мөлшерлейді. Бұрандалар жасаудың әртүрлі сұлбалары 2.13-суретте көрсетілген.
2.13-сурет.Бұрандасалусұлбалары: а–оңжақтан;ә–солжақтантесіптірелетін;б– оң жақтантесіп өтетін