Әдебиеттер
1. Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана (VII–
ХІІ вв.). – М., 1960. – 155 с.
2. Юсуф Баласагунский. Благодатное знание, перевод С. Иванова. – М.,
1983. – 518 с.
3. Абдушукур Мухамедимин. История уйгурской философии. (на уйг.
яз.). – Урумчи, 1997. – 407 с.
4. Современный философский словарь / Под ред. д.ф.н., проф. В.Е. Ке-
мерова. – 1996. – 608 с.
5. Нысанбаев А., Сарсенбаева З. О традиционной этике казахов. – Алматы:
Институт философии МН-АН РК, 1997. – 20 с.
6. Каzакturlerinin Felsefesi. Prof. Nisanbayev. – Аnкаrа, 2002. – 143 b.
7. Нысанбаев А. Философия взаимопонимания. – Алматы: Қазақ энци-
клопедиясы, 2001. – 154–155 бб.
8. Үизиfhаз һаjib Киtadgubilik. Міllәtlәг пәхгіуаtі. – Веjіп. 1984. – 1368 b.
9. Дж. С. Тримингэм. Суфийские ордены в исламе. – М.: Наука, 1989. –
328 с.
10. Нысанбаев Ә. Қазақ философиясы. – Тегеран, 2002. – 147 б.
92
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
3 ӘЛЕМНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘЖІРИБЕСІ:
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІ (ХV–ХVIII ғғ.)
3.1 Қазақ хандығы дәуіріндегі рухани-адамгершілік
құндылықтар
Этностың эволюциясында ұлттың өміршеңдігі, оның белгілі бір
хронологиялық уақыт аралығында әлсін-әлсін қайталанып отыратын
үдеріс – бірегейленуімен, өзін тануымен, қайта жаңғыруымен келіп
тоғысады немесе бұл үдерістер ұлттың өміршеңдігінің алғышар-
ты болып табылады деп айта аламыз. Ж.П. Сартр адам болмысын
өзі жасап, өзі қалыптастыратын болмыс ретінде танып, адамның
абсолютті еркіндік идеясын ұсынған болса, біз оны этносқа қатысты
ұқсатып, жалпылап, оны ұлттың қайта жаңғыруының үлгісіне апара
аламыз. Ендеше, ұлт та өзін-өзі жасап, қалыптастырып, өркендету
ісінде өзіне-өзі барынша ерікті болып шығады.
Түркі-қазақ тарихында осындай бірегейлену үдерістері бірне-
ше рет қайталанғандығы белгілі. Кезінде сыртқы жаулар мен ішкі
алауыздықтан ұлтымыз бірнеше рет құлдырауға ұшырап, жойылып
кетуге шақ қалған болатын, сол бір сәттерде осы бірегейлену ғана
ұлтты сақтап қалды. Оның бір ғана мысалы, 1986 жылғы көтеріліс
болатын.
Сол бір кезеңдерде «Қазақ халқы өзінің ұлттық рухын әбден
жойды» деп есептеген Ресей билігі, шындығында, қателескен болып
шықты, олар бұндай бас көтеруді күтпеген еді. Қайта жанданған
«Ұйқыдағы ұлттық рух» 1986 жылы оянып, өзгелерге өзін танытып
қана қойған жоқ, өзін-өзі қайтадан таныған болатын. Міне, тым арғы
және бертінгі тарихымызға көз жүгіртсек, бұндай жағдайлар сан
мәрте қайталанғандығының куәсі боламыз.
2015 жылы тойланып өткен Қазақ хандығының құрылғандығына
550 жыл толуына орай жасалған мерейтой осы біртектілік арқылы
бірегейленудің заңды жалғасының айқын көріністерінің бірі болып
табылады. Бүгінгі таңда осы біртектілік тек тарихи, әлеуметтік, сая-
си тұрғыдан ғана емес, генетикалық негізде де дәйектелген: «Әрине,
Қазақ бір ұлт, бір ел ретінде ғасырлар тоғысында қалыптасты, Үш
жүз – генетикалық тұрғыдан бір-бірімен туыс. Оларды бір-бірінен
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі:
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)
93
бөліп қарауға болмайды. Тіпті көрші ҚХР-ды мекендеп жатқан най-
ман мен Астраханьдағы байбақты бір-бірімен генетикалық туыс.
Бүгінгі қазақ ұлты біртекті – мен мұны батыс, солтүстік, оңтүстік,
шығыс қазақтарынының аталық және аналық ұрпақтарының
аутосомдық (ата-ана генетикалық жүйедегі үлесі) ДНҚ картасын,
яғни, жыныстық емес хромосомдарды зерттеулерді ескеріп айтып
отырмын. Біз 2000-нан астам шақырымдық радиустағы біртектіліктің
дәлелін көріп отырмыз. Яғни, қазақтардың аутосомдық жағынан
үш жүздің: Ұлы Жүз, Ота Жүз, Кіші Жүз өкілдерінің, бір-бірінен
ешқандай айырмашылығы жоқ»[1, 5 б.].
Ұлттық рухтың өзін тануының теориялық жақтарына тоқтала-
тын болсақ, ол ғылыми арнада әрбір сала бойынша зерделеніп,
жаңғыруға қарай бет түзейді. Тарихшылар халқымыздың тарихна-
масы мен ондағы хронологиялық мәліметтер бойынша, саясатта-
нушылар қазақтардың мемлекеттілігі мен оның қоғамдық жүйесі
т. б. негізге ала отырып, педагогтар ұлт руханиятындағы білім мен
тәрбие жүйесін басшылыққа алып сараптаса, философтар руха-
ният болмысының философиялық астарларына үңіліп, халықтық
дүниетанымның сан алуан қырларын жан-жақты жалпылама және
концептуальді түрде зерделейді. Осы орайда, біз ХV–ХVІІІ ғасырлар
аралығындағы Қазақ хандығы тұсындағы ұлт болмысымен келіп
орайласатын рухани-өнегілілік құндылықтарын сараптаймыз. Бұл,
алдымен, сол дәуірдегі ұлт руханиятының негіздерін саралау обьек-
тісі ретінде жүйелеп алу қажеттігін туындатады.
Оның ішінде, біз, фольклорды, яғни, ауызша мәдениет үл-
гілерін басшылыққа аламыз және оларды былайша топтастырып
жүйелеуімізге болады: жыраулар, ақын-жыраулар, билер институ-
ты; әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, ырым-тыйымдар жүйесі; саяси
идеология мен ұлттық идея құрылымы; өнер туындыларындағы
көркемдік таным т.б. эпостар мен лиро-эпостар, қисса-дастандар,
ертегілер, аңыз әңгімелер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер т. б.
тарихи-өмірмәнділік толғаныстар. Осы тұста, біз, ауызша мәдениеттің
өзіндік астарларына қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік, себебі,
халқымыздың руханияты мен өнегелілігі, ұлттық рухы осы ауызша
мәдениет үлгілері арқылы толығырақ берілгендігін назардан тыс
қалдырмаған жөн.
Ауызша мәдениеттің қалыптасуы мен даму эволюциясы ар-
ғытүркі-түркі-қазақ түзілімінің тұтас бір дамуының өн бойына
сіңірілген деп айта аламыз. ХVІІІ ғасырға дейінгі дамыған ауызша
мәдениет те түркілік рухани құндылықтарды жаңғырта түсудің,
сабақтастықтың, мирасқорлықтың жарқын үлгісін паш етті. Мұндай
94
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
рухани мәдениет тасымалдануының, кемшін жақтары да жоқ емес,
дегенмен, біз оны бір жақты қарастыратын еуропоцентрлік бағдар-
дан арыла отырып, жағымды тұстарын туындатып, оларды былай-
ша жинақтап көрсетуді жөн көрдік:
- ауыз әдебиеті, әсіресе, ұзақ жырланатын эпостар мен сан-
сыз көп ертегілер, мақал-мәтелдер т. б. барлығы, түптеп келген-
де, мазмұнынының дидактикалық ұлттық тәрбиелік қырларын
айтпағанның өзінде, ол формасы жөнінен ақыл-ой тәрбиесіне,
нақтырақ айтқанда, есте сақтауды жаттықтырудың өзіндік бір құ-
ралы болды. Шындығында, жазба мәдениет, тұтастай жазбалық
(кез-келген нәрсені мәтіндендіріп жазып алу) адамның есте сақтау
қабілетін төмендететіндігі күмәнсіз. Ал ауызша жаттап алу керісін-
ше, есте сақтауды шынықтыратын мидың жаттығулары болып та-
былады. Міне, түркілік ауызша мәдениеттегі маңызды ұтымды
тұс – қазіргіше айтсақ, көптеген ақпараттарды сақтай алатын
компьютерлік жады іспеттес ми құрылымын жасап шығарғандығы
болып табылады.
- ауызша мәдениет үлгілері, нақтырақ айтқанда кез-келген жыр,
аңыздар, мақал-мәтелдер, күйлер т. б. фольклорға жататындардың
барлығы, нақты жазбадағы сияқты міндетті түрде одан ауытқымауы
тиіс «догма» болып тағайындалмайды. Сондықтан да кез-келген
мәтін заманға лайықты, өркениет дамуына сәйкес, оңай өзгерістерге
ұшырап, оған бейімделе алуға аса қабілетті («мобильді-динамика-
лы бейімделу» деп атуға болады). Мысалы, Ы. Алтынсариннің «Кел,
балалар оқылық» атты еңбегіндегі ең бірінші «Бір Аллаға сиынып»
деп басталатын жол, заманның өктемдірек талабына, коммунистік
идеологияға сай алынып тасталған. Міне, бұл түркі халықтарының
ауызша мәдениетінің, жекелей алғанда, мәтіндерінің қаншалықты
деңгейде сұраныстар мен талаптарға сай өзгеріп отыратындығының
куәсі болып табылады. Әрине, өзгергіштік, бір қарағанда, жағымды
сапа болып табылмауы ықтимал, бірақ кез-келген нәрсе абсолютті
емес екендігін де ұмытпауымыз қажет және өзгерістер жақсы
жағына қарай туындыны дамытып отыруға қарай бет түзейтіндігін
де ескеруіміз керек.
- ауызша мәдениет – өзінен-өзі, стихиялы-жоспарлы, саналы-бей-
саналы түрде, сұрыптау, іріктеуші, талдаушы, қазіргі тілмен айтсақ,
кейде цензуралық қызмет атқарады және оны өзінің туындыларына
жасайды, демек, ауызша мәдениеттің өзіндік санасы (мысалы, өзін-
өзі сынаушылық) жетілген деп тұжырымдай аламыз. Демек, қоғамға
қажетсіз, сұраныс болмаған, халықтың талғамына сай келмейтін,
ділдік құндылықтарымыздан ауытқыған жақтар т. б. өздігінен-ақ
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі:
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)
95
мәңгілікке ұмытылып қала береді, бейболмысқа аттанады. Олай
болса, түркілік ауызша мәдениеттің барлық үлгілері халықтың
талғам сүзгісінен іріктеліп-сұрыпталып шыққан озық дүниелер деп
тұжырымдауымызға әбден болады.
Сондықтан да, «ұялатындай», қажетсіз дүниелерді жасырып
әлек болып отырмаймыз, ондайлар өздігінен-ақ із-түссіз жоғалып
кетеді. Мысалы, қазіргі таңда фольклордағы анайы болып саналатын
сөздер (к...) алынып тасталған. Қазіргі таңда, осындай іріктеушіліктің
жоқтығының салдарынан, қоғамға аса қажетті емес, тіпті, кейде
мүлде қажетсіз, кей сәттерде кері әсер ететін дүниелер әлдеқандай
жолдармен баспадан басылып шығуда немесе интернет беттерінде
жарық көруді.
- ауызша мәдениет өзінің авторларын шынайы өнер иелері
мен талант ретінде тәрбиелейді. Бұл әсіресе, өзінің төл туындысы:
күй шығарудағы, жырын айтудағы, айтыс өнеріндегі, мақалдап
тастаудағы, билердің билік айтуындағы т. б. суырып салмалықтан
(импровизатор) анық көрініс табады. Мысалы, жыршы, өзінің
толғауын, қағазға жазып, оны қайта-қайта түзетіп отыруға еш
мүмкіндігі жоқ, туындыны аяқ астынан, сол сәтте туғызуы тиіс және
ол мінсіз болып шығуы қажет. Немесе, «Ақсақ Құлан» күйінің шығу
тарихына [2, 31–33 бб.] қайта үңілсек, шығарма өмір мен өлімнің
арасындағы мезетте, терең мағыналы болып шығуы тиіс болған.
- ауызша мәдениет өміршең және мәңгі, ол адамзатпен бірге
жасаса алады. Егер де жазба дүниелер жоғалып кететін болса, ол
халық жадысында толық нұсқалы күйінде сақталмаса, онда бұл
мұралар мәңгілікке ұмыт болады деген сөз. Мысалы, тарихтағы Оты-
рар кітапханасының өртенуі қаншама рухани мұраларды із-түзсіз
жоғалтып жіберді. Онымен қатарлас, сәл кейіндеу пайда болған
«Ақсақ құлан» күйі бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Демек, мынадай
модель жасасақ, егер де, қазіргі компьютерлік құрылғыларға зиян
келетіндей, ақпараттары тұтас жоғалатындай, ортақ желіге зиян
келсе, немесе, хакерлер жалпы тұтас желіні қайта қалпына келме-
стей қылып бұзатындай вирус ойлап тапса, онда адамзат өркениеті
қаншалықты дағдарысқа ұшырайтындығын елестетудің өзі үлкен
қайғы. Себебі, ондағы ақпараттар адами жадыда сақталмаған, жал-
пылай айтқанда, қазіргі өркениет мұралары ауызша мәдениет емес.
- ауызша мәдениетте орындаушылардың, яғни, өнер иелерінің
беделі мен туындыларының құндылығы артады. Мысалы, күйшінің,
әншінің өзі орындаған күйін, әнін басқа ешбір жан дәл сол қалпында
орындап бере алмайды, сондықтан, бір ауылға талантты күйші, әнші
келсе, оны жергілікті бұқара халық құрмет тұтып, оның туындыла-
96
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
рын тыңдауға жиналады. Немесе, ақын, жыршының шығармаларын
сол сәтте шәкірттері тыңдап жаттап алмаса, ол мәңгілікке жоғалады,
сондықтан, оның әрбір туындысының өзі аса құнды болып табылады.
Осыған байланысты, біз бүгінгі күнге дейін келіп жеткен түркі-қазақ
фольклорының қаншамасы ұмыт болғандығын бағамдай аламыз.
Олай болса, ауызша мәтіндердің тек мазмұны ғана емес, оның
ауызша таралуының өзі халық даналығының айқын бір көрінісі
деп тұжырымдай аламыз. Сонымен қатар, бұл туындылардың
әрқайсысының мазмұны жоғарыда айтылғандай, этикоцентризм
ядросының перифериясында орналасқан және одан тыс та бола ал-
майды.
Демек, біз, осы ауызша мәдениет туындылардағы руханилықтың,
адамгершіліктің, өнегіліліктің – мәдениеттанулық, әлеуметтанулық,
саясаттанулық, психологиялық қырларына философиялық тұр-
ғыдан талдаулар жасап, олардың өмірмәнділік, онтологиялық,
эстетикалық, логикалық астарларын ашып беретін боламыз.
Қойылып отырған мәселе «Қазақ хандығына» байланысты
болғандықтан, біз, алдымен, еліміздің саяси жүйесіндегі негізгі құ-
рылымдарды, ел басқару жүйесіндегі иерерхиялық қатынастарды
және жалпы қазақ қоғамындағы рухани тұлғалардың (зиялылар,
ақсүйектер) келбетін басшылыққа ала отырып, «Хан (І) – Би (ІІ) – Ба-
тыр (ІІІ) – Жырау (ІV) – Ақын (V)» түзілімін қиыстырып қарастырамыз.
І. Хан. ХV–ХVІІІ ғасырдағы қазақ даласындағы дүниетаным:
хандық, билер, батырлар мен жыраулар институты тарихи
мәліметтер мен деректер бойынша, түркі халықтарының жекеле-
ну және тарамдалу үдерістерінің нәтижесінен қазақ хандығының
құрылып, халқымыздың төл дүниетанымның қалыптасуы мен даму
кезеңі болып саналады.
Бұл кезеңдегі саяси-әлеуметтік билік пен әлеуметтік мәртебе –
хандар, билер, батырлар дүниетанымын және өмірлік ұстанымдарын
әйгілеумен жалғасын тапса, рухани-мәдени кеңістіктегі – эпостық
дәстүр, жыраулық поэтифилософия, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр,
мақал-мәтелдер мен аңыз әңгімелердің т. б. терең өмірмәнділік
тұжырымдары тұтаса келе, қазақ дүниетанымының жалпы
бағдарларын айқындай алады. Осыған сәйкес, бұлардың әрқайсысы
өзіндік ерекшеліктерімен айғақталады.
Хандық институт ғұн-сақ заманынан сабақтасып келе жатқан
ел билеудің өзіндік бір үлгісі және дала демократиясының айқын
көрінісі болып есептеледі. Бұл атау түркі қағанатындағы билеуші
тұлға «Қаһан» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі. Хандық ин-
ститут тек саяси-әлеуметтік қана емес, қоғам мен адам арасындағы,
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі:
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)
97
билік пен бағынушы қатынасындағы және жалпы «ұлттық» бірлік пен
оның табиғи болмысындағы маңызды буын, әрі үлкен жауапкершілік
пен еркіндіктің аймағындағы көпқұрылымды жан иесі. Сондықтан
ол құрылымды былайша таратып көрсетуімізге болады.
Саяси-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, Хан, біріншіден, далалық
еркіндік пен азаттық рухының жаршысы және оны тәжірибе
жүзінде іске асырудың негізгі орталығы; екіншіден, бұндағы Ер-
кіндік – таза абсолютті немесе шектен шыққан бейберекетсіздік
емес, ол – әлеуметтік деңгейде белгілі бір жауапкершіліктермен,
түсіністіктермен, келісімділіктермен шартталып отыруы тиіс
екендігінің бақылаушысы және осы еркіндіктің мәдени-әлеуметтік,
онтологиялық мағынасын терең түйсінуші болып шығады; үшін-
шіден, ол ұлт азаттығы мен бостандық туралы ақпараттық,
рухтандырушылық жан иесі және ықпалдылығы әлеуметтік
мәртебесімен айқындалатын дара тұлға; төртіншіден, ұлттық
бостандық сүйгіш дүниетанымды, дала адамының азаттық ру-
хын терең меңгерген жинақтаушы жалқы өкіл; бесіншіден, өзге
халықтармен саяси-әлеуметтік қарым-қатынастың, мәдени-рухани
сұхбаттастықтың қалай жүзеге асатындығын қалыптастырушы сая-
саткер т. б.
Хан мәдени-экзистенциалдық тұрғыдан қарағанда, біріншіден,
«сенің өміріңнің бөлігі – менің өмірім» деген қағиданы әлеуметтік
тұрғыдан өзгелерге арнайтын, физикалық және психологиялық
«шекаралық жағдайлы» жан иесі; екіншіден, өзінің ішкі рухының
асқақтығы мен Меніне халқының Рухын жетелейтін жауапкершілікті
тұлға; үшіншіден, ұлт болмысының жасампаздығының куәгері
т. б. Мысалы, ол елдегі әрбір субьектінің өмірі мен тағдыры ханның
ұстанған саяси бағдарына тікелей байланысты деп айтсақ та болады.
Нақтырақ айтқанда, егер хан сол сәтте жауларымен соғыспай бітімге
келсе, қаншама адамның өмірін сақтап қала алады, ал ұрыстағы жау
қолына түскен тұтқындар мен шәйіт болғандар да белгілі бір деңгейде
осы хан шешіміне қатысты. Хан сонымен қатар, тек теориялық қана
әмірші емес, таза тәжірибелік, өз тағдырын халқының тағдырымен
бірге бөлісетін, ұрыстарға бірге аттанатын, оған белсене араласа-
тын жауынгерлік қасиетті де бойына жинақтаған жан иесі. Өйткені,
түркі-қазақ ділі мен дүниетанымында, сайланған хан да, оған дейін
ұрыстарда ерлік көрсетіп көзге түсуі тиіс болған. Бұл дәстүрді Абы-
лай ханның жекпе-жек ерліктерін мысалға алып түсіндіруімізге де
болады.
Бірақ қазақ халқында хан тек авторитарлы билеуші емес, дала
демократиясына сай келетін жалпыхалықтық теңдіктің тамаша
98
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
үлгісі болған. Бұны Асан қайғы (Әй, Жәнібек хан ойласаң), Бұхар
жырау (Ай, Абылай, Абылай, Мен сені алғаш көргенде, Әбілмәмбет
сұлтанның түйесін баққан құл едің), Махамбет (Хан емессің
қасқырсың) сынды ақындардың ханға қарата айтылған батыл
сөздерінен байқауға болады. Ханды би, батыр, жырау реті келгенде
белгілі бір деңгейде сынауға құқылы болған десе де болады. Сынау,
біріншіден, әділетті болуы тиіс, екіншіден, айтушының әлеуметтік
мәртебесі жоғары болуы керек және бедел қажет екендігі белгілі
жайт.
Сондықтан дала демократиясын орнатуға күш салған Қазақ хан-
дары, оны жүйесіз, әсіре демократия түрінде емес, нақтылы далалық
еркіндік пен жауапкершілік арнасына келіп сыйғыза білді. Сондық-
тан да, бұндай демократиялық дәстүрді нығайтудың, қазіргіше айт-
қанда, стратегиялық бағдарламасын, жалпы әдіснамалық бағдарын
құрып алу қажеттігіне байланысты хандар өзіндік ережелері мен
заңдарының құқықтық нормативтерін ұсынды. Тым көне дәуірлерден
бері сабақтасқан, кейінгі қыпшақ ұлысында, Шыңғыс хан дәуірінде
нығая түскен бұндай ел басқару жүйесі, кейіннен қазақ хандығында
да сақталды. Мысалы, Шыңғыс ханның «Йасы» заңы бірнеше жыл-
дар бойы Алтын Орда мемлекетінің заңнамалық-құықтық қана емес,
өмірмәнділік заңдылығына да айналғандығы белгілі. Осы үрдіс,
кейіннен, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»,
«Тәукенің жеті жарғысы» болып қазақ хандығы тұсында сабақтасып
отырылды. Бұл «Жолдар» мен «Жарғылардың» саяси-әлеуметтік
қырларына философиялық талдаулар жасап, оның мынадай құн-
дылықтық-мағыналық қырларын туындатуымызға болады:
- олар тек құқықтық-нормативтік кодекстер ғана емес, өмір
сүрудің жалпы бағдары, ненің дұрыс, немесе бұрыс екендігін
ұрпақтарына ұсынатын «ғұмыр кешудің жалпылама формуласы»
іспеттес.
- ол рухани құндылықтарды, әсіресе, салт-дәстүр мен әдет-ғұ-
рыпты сақтаушы, оны қайта-қайта бекітіп отырушы, ұмыт болма-
уы мен мүлтіксіз орындалуының кепілі, екінші бір қырынан оның
басқаша пішіндегі, арнайы заңдастырылған кейпі болып та табыла-
ды;
- олар ешқандай да, басқа ұлттардың жағымсыз құндылықтары-
на еліктемейтін, өзіндік төлтума қазақи сараптамалық ережелердің
жиынтығы болды. Сондықтан, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан
халықтың дүниетанымы, ділі, талғамдары т.б. ескеріліп отырылды.
- олар статикалық діни догмалар сияқты емес, қазіргі заңдар
сияқты дамытылып, жетіліп, өркендеп отырды. Жоғарыдағы
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі:
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)
99
атаулардың әртүрлігі де бұған куә. Мысалы, бүгінгі таңдағы қозға-
лып жүрген гендерлік теңдік стратегиясы бұларда ұлттық тұрғы-
дан баяғыда-ақ өз шешімін тауып қойған болатын.
Ендеше, сан мыңдаған жылдық тарихы бар арғықазақтық
дәстүр мен 550 жылдық тарихы бар қазақы дәстүрдың бүгінгі
күнге дейін сабақтасуы заңды табиғи эволюциялық құбылыс деп
айта аламыз. Бұл бүгінгі таңда Елбасы қайта жаңғыртып жүрген
«Мәңгілік ел» идеясының саяси-құқықтық қана емес, мәдени-
рухани қырларымен де ұштасып жатыр. Олай болса, біз, «Қасым
ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолының» бүгінгі тәуелсіз
Қазақстан жағдайындағы келбеті «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» бо-
лып сабақтасып отырғандығының куәсі боламыз.
ІІ. Билер. Қазақ қоғамында билер институты руханияттың ғана
емес, таза өмірмәнділік мәселелерді шешудің ұйытқысы болған.
Сондықтан, оны жан-жақты: саяси, әлеуметтік, мәдени, логикалық
ой машығы т. б. тұрғылар бойынша талдап көрсетуге бет бұрамыз.
«Би» феномені тарихи-әлеуметтік тұрғыдан мынадай мағыналарға
ие болады:
1) Саяси – «Бидің» қызметінің басты мазмұны құқықтық ке-
ңістіктегі адам еркіндігі мен еріктілігі, жауапкершілігі мәселелерін
қамтып, әлеуметтік реттеушілікке (регулятор) келіп тоғысады; ол
адам еркіндігі мен құқықтарын сақтаушы және жаңашылдық енгізуші,
қоғамдық өмірді жаңартушы; бидің қызметі жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар деңгейіндегі: жапуапкершілік пен еркіндік,
еріктілік пен тәуелсіздік, бостандық пен азаттық т. б. аясындағы
күрделі мәселелерді шешудің даналығына келіп тіреледі; бидің өзі
әлеуметтік жауапкершілік пен еркіндіктің қоғамдық-әлеуметтік,
мәдени-саяси тұрғыдан нақты барынша толыққанды өкілі, өнегесі
мен жарқын үлгісі болып табылады.
2) Әлеуметтік – Билер: әлеуметтік әділеттілікті теориялық
деңгейде ғана таразылаушы ретінде идеяларды спекуляция жаса-
майды, оны қоғамдық өмірде қолданып, нақты нәтижелерге қол
жеткізеді; үнемі әлеуметтік жанжал аясындағы шекаралық жағдайлы
күй кешеді де, үнемі өзін-өзі ашу, өзін тану экзистенциясында бо-
лады; зиялылықтың үлгісі ретінде тұлғалардың әлеуметтенуінің
орталық институты деуге де негіз бар.
3) Мәдени жағы – адамгершілік талаптарын қатаң сақтаған,
әділеттіліктің жоғары деңгейіне мүлтіксіз жеткен, ойы мен ақылының
ұшқырлығы жетілген, ел ішіндегі кемшілік пен жетістіктерді көре
білетін, ханнан да, қарадан та тайсалмайтын, біліктілігі мен білімін
ұштастырған тұлға. Ол қазақ руханиятын дамытуға да өзіндік үлесін
100
Достарыңызбен бөлісу: |