М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әдебиеттер: 1. Байманов Н. Тектілік негізін қан құрамынан таптық // Айқын. – №56.  – 31 наурыз, 2015. – 5 б.  2



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата03.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#6694
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

Әдебиеттер:

1. Байманов Н. Тектілік негізін қан құрамынан таптық // Айқын. – №56. 

– 31 наурыз, 2015. – 5 б. 

2. Жұртбаев Т. Кетбұға. – Алматы: Балауса,1997. – 78 б.

3. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – Шымкент, 2005. – 452 б.

4.  Ақатай С.Н. Інжу-маржан секілді. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 145 с.

5. Төрекұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. 1, 2 кітап. – Алма-

ты: Жалын, 1993. – 400 б.

6. Раев Д.С. Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау. – Ал-

маты: Ценные бумаги, 2001. – 228 б.

7.  Бұқар  жырау  /  Ай,  заман-ай,  заман-ай:  //  Бес  ғасыр  жырлайды:  2 

томдық. – Алматы: РББ, 1991. – 384 б.



120

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

8. Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы: Дайк-

пресс, 2001.-168с. 

9. Гачев Г. Национальные образы мира. – М: Издат. сервис, 2002. – 784 с. 

10. Оспанов С. Арғытектану негіздері. – Алматы: Арыс, 2009. – 424 б. 

11. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. 10-том. Қазақстанның қазіргі за-

манғы мәдениеттану парадигмалары. – Алматы: Жазушы, 2006. – 496 б. 

12. Жақсылықов А. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. – Алматы, 2006. – 

318 б.

13. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 



1996. – 160 б. 

14. Аталы, баталы сөздің мұрасы // Қазақтың халық философиясы. Жи-

ырма томдық. 7-том. – Астана, Аударма, 2006. – 544 б.

15.


  Берлібаев  Б.  ХХ  ғасырға  дейін  ұлттық  тарихи  білімнің  ғылыми-

теориялық негіздері. – Алматы: ҚазҰПУ, 2007. – 184 б.

16. Дулат Бабатайұлы. Ай  заман ай, заман-ай... // Бес ғасыр жырлайды: 

2 томдық (құрастырушы М. Мағауин, М. Байділдаев). – Алматы, 1991. Т. 1. 

– 384 б. 

17. Замана. Аға тұлпар. Замананың адамы. – Орынбор, 1914.

18.  Молдабеков  Ж.,  Әлжан  Қ.  Ақын  жыраулардың  еркідік,  ерлік,  азат-

тық, адамгершілік бірлік идеяларына құндылықтық мағына беруі // Қазақ 

ақын-жырауларының философиясы. Жиырма томдық. 8 том. – Астана: Ау-

дарма, 2008. – 448 б. 

 

3.2 ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың әдеби 

мұрасының тарихы

I

Расында да, біздің ұлттық тарихымыздың тамыры тым тереңде 

жатыр. Түркі халықтарының өткендегі тарихына көз салсақ, олардың 

жазба ескерткіштері мен тарихи жырларына, аңыз-әңгімелеріне ден 

қойсақ, жеке-дара ел болу, мемлекет құру идеялары біздің дәуірімізге 

дейінгі  сақтар  заманына  барып  тіреледі.  Сақ  заманындағы  ерлік 

істер  мен  жеке  тұлғаға  қатысты  елеулі  оқиғалар  халық  қиялымен 

дамып, түрленіп  күні  бүгінге  дейін  келіп жетті.  Бұл  орайда акаде-

мик Әлкей Марғұлан: «Қазақ халқына көп ғасырдан бері мұра бо-

лып  келе  жатқан  ғажайып  аңыздарды,  мазмұны  ертегіге  айналған 

терең мифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, 

фәлсафалық  қария  сөздерін  тереңнен  алып  қарасақ,  онда  бүкіл 

дүние  мәдениетіне  қосылатын  бір  үлкен  сәулетті  сыр  бар  екені 

көрінеді. Бұл жойқын шығармалардың ту баста келіп шығуының өзі 



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

121 


бір – жарқын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік 

дәуірін  басынан  кешірген,  қазақтың  байтақ  сахарасын  қоныстаған 

сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, олардың соңын ала қарыштаған 

ұрпақтары  –  оғыздар,  қыпшақтар,  қарлұқтар  (қазылықтар),  най-

мандар, керейлер, пешенелер, хазарлар» [1], – деп пайымдаған екен. 

Сондай-ақ,  әдебиеттанушы-ғалым  Әуелбек  Қоңыратбаев  та  қазақ 

фольклорының генезисі мен әдебиет тарихын сақ массагет дәуірінен 

бастау керектігін алға тартып, өзі осы тұрғыдан аянбай еңбек етті [2]. 

Біздің  заманымызға  дейінгі  Х–V  ғасырларда  қазіргі  Қытай  же-

ріндегі  Сары  өзеннен  (Хуанхэ)  бастап,  Еділ  мен  Дунайға  дейінгі 

ұлан-ғайыр жерде түркі халықтарының арғы бабалары болып сана-

латын тайпалар өмір сүрді. Түріктердің арғы тегі жөнінде, олардың 

мәдениеті мен әдебиеті, аңыз-әфсаналары мен әңгімелері жайында 

жазылған үш дерек көзі белгілі. Бірнеше мыңжылдық тарихы хатқа 

түскен  қытай  жылнамаларынан  мен  ежелгі  парсылардың  тарихи-

мәдени  жазба  мұраларынан  және  «тарихтың  атасы  саналған  Геро-

доттан  бастау  алатын  грек-рим  авторларының  шығармаларынан 

ежелгі түріктер туралы құнды деректерді табуға болады. 

Біздің жыл санауымызға дейін ахеменидтер әулетінен шыққан 

Дарий  патшаның  Бехустин  жартасына  сына  жазумен  жаздырған 

мәтінінде  қос  өзеннен  (Әмудария  мен  Сырдария)  жоғары,  Іле 

мен  Еділ  арасында  өмір  сүретін  халық  «сақ»  деп  аталса,  грек 

тарихшыларының жазбаларында «скиф», «массагет» деген атаумен 

жазылған.  Ал  қытай  жылнамаларында  осы  байтақ  далада  көшіп-

қонып жүрген тайпалар «Ту-кю» деп аталады. Әйгілі қытайтанушы 

П. Пельо «ту-кю» сөзін «түріктер» деп нақты әрі сәтті аударған. 

Тарихи деректерге жүгінсек біздің жыл санауымызға дейінгі VІІ 

ғасырдың  өзінде-ақ  түріктердің  билік  жүргізген  өлкесі  Тұран  деп 

аталған. Көне зоростризм дінінің қасиетті кітабы «Авеста» да осыны 

айтады.


Археологиялық қазбалардан табылған сақ дәуіріндегі мұралар-

ға  қарап,  олардың  шоғырланып  тіршілік  еткен  жерлері  Іле,  Шу, 

Талас,  Сырдария  өзендерінің  бойында,  Арал,  Каспий,  Қара  теңіз 

жағалауларында  және  Жоңғар  Алатауының  бөктерлері  мен  Кеген, 

Нарынқол  таулы  аймақтарында  деп  топшылауға  болады. 

Жетісу 


өңірін мекендеген сақтарды грек тарихшылары массагеттер деп ата-

ды. Бұл жөнінде Геродот: «Массагеттер киім киісі мен тұрмыс сал-

ты  жөнінен  скифтерге  ұқсас.  Олар  салт  атқа  мініп  те,  жаяу  жүріп 

те  шайқасады.  Садақпен  және  найзамен  шайқасатын  соғыстың  екі 

әдісін  де  біледі.  Әдетте  айбалтамен  қаруланады.  Олардың  барлық 

заттары алтын мен мыстан жасалған. Бас киімдері, белдіктері және 



122

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

орамалдары алтынмен безендірілген. Олар ат өмілдіріктерін де мы-

стан  жасайды.  Керісінше  жүгенді,  ауыздықты,  құйысқанды  алтын-

мен  әшекейлеген.  Темір  мен  күмісті  мүлде  қолданбады.  Өйткені 

олардың  елінде  алтын  мен  мыс  көп.  Ал,  әлгі  металдар  мүлде  жоқ 

десе де болады», [3] – деп мәлімет береді.

Мәселен,  грек  тарихшысы  әрі  географы  Страбон  (б.з.д.  67  ж.  – 

б.з. 23 ж.): «Бұрын Қара теңіздің, Дунайдың, Адрияттың жағасында 

тұратын халықтар – гипербоейлер, сарматтар, аримаспалар, ал Ка-

спий теңізінің арғы жағында тұратындар – сақтар мен массагеттер 

деп  аталған»,  «Массагеттер  тек  күнді  ғана  құдай  деп  санады,  оған 

құрбандыққа жылқы шалды. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола 

мен алтын өте көп. Жазықта тұрса да олар егіншілікпен айналыспа-

ды, қайта көшпенді скифтер сияқты мал бағып, балық аулап тіршілік 

етті. Бұл халықтардың тұрмыс-салты, зираттары ортақ. Мінез-құлқы 

бірдей,  олардың  бәрі  де  дөрекі,  жабайы,  жаугер,  бірақ  турашыл  – 

уәдесінен айнымайды және ат құлағында ойнаған қайсар халықтар 

еді», [4] – деп жазады.

Сақтар  дәуірінде  ер  адамдардың  барлығына  өзінің  тайпасын, 

жан ұясын, жерін, малын қорғау міндетті еді. Сондықтан да олар 

соғыс  өнеріне  өте  шебер  болған.  Жаугер  халық  туралы  жазылған 

қытай  деректерінде  «олар  әрбір  істе  әйелдерімен  ақылдасып 

отырғанымен де, соғыс істерін өздері шешеді», [5] – деп көрсетілген. 

Десек  те,  ел  басына  күн  туған  шақтарда  әйелдер  де  ерлермен 

қатар үзеңгі қағыстырып, соғыс ісіне белсене араласады. Мәселен,                                                                                                                                        

С.И.  Руденко  сақтар  мен  мидияндықтар  арасындағы  ұзаққа 

созылған қантөгісті айта келіп, әйелдердің де соғысқа қатысқаны 

жайындағы  Ктесийдің  мына  дерегіне  сүйенеді:  «Сақтардың 

билеушісі  Зарина  еді.  Ол  сақ  әйелдерінің  ішіндегі  батыл  және 

күш-қуаты тасыған ер жүректісі болатын. Негізі сақ әйелдері соғыс 

қаупі  төнгенде  өздерінің  ерлеріне  көмектесіп,  бірге  соғысады». 

Сондай-ақ, сақтардың патшасы Аморг парсы билеушісі Куруштың 

(Кир)  тұтқынына  түскенде  Аморгтың  әйелі  Спарета  отыз  түмен 

ер кісі мен жиырма түмен әйелден құралған әскерді бастап, Куруш 

әскерлерінің тас-талқанын шығарады [6]. 

Сонау  замандарда  қол  бастап,  жауына  қарсы  атой  салып,  ту 

көтерген  әйел  затының  басы  болған  Томирис,  Зарина,  Спаре-

та  секілді  батыр  аналарымызды  түп-тамыры  сақтардан  өрбіп-

өскен  қазақ  халқының  тарихынан  да  кездестіруге  болады.  Жоңғар 

шапқыншылығы  кезінде  үш  жүздің  бас  қолбасшысы  Қабанбай 

батырдың  қызы  Гауһар  мен  Ресей  отаршылдығына  қарсы  шыққан 

Кене ханның қарындасы Бопай сияқты апаларымыздың рухы тереңде 

жатқанын көреміз.


3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

123 


Деректерге  қарағанда,  біздің  дәуірімізге  дейінгі  бірінші  мың-

жылдықта  өмір  сүрген  сақтар  мен  ғұндардың  мәдениеті  жоғары 

деңгейге  жетіп,  темір  қорытып,  қару-жарақ,  сауыт-сайман  жасау 

ісінде таңқаларлық дүниелер келтірді. Олардың төл жазуы, әдеби 

тілі  болды.  Десек  те,  сақ,  ғұн  тайпаларының  ең  асыл  қазыналары 

болып  саналатын  рухани  байлығы  –  ауыз  әдебиеті  толық  күйінде 

емес,  қысқа-қысқа  үзінділері  ғана  сақталған.  Олардың  өзі  аңызға 

айналған  тарихи  тұлғалар  шеңберінде  өрбиді.  Сақтар  мәдениетті 

басқа  жұрттардан  үйреніп  қана  қоймай,  өздері  де  өзгелерге 

айтарлықтай  өнеге  көрсетеді.  Сақ  заманының  мәдениеті,  тарихы, 

аңыз-әфсаналары,  наным-сенімдері,  әскери  құрылымы  жөнінде 

жазылған  С.И.  Руденконың  еңбегі  көп  жайды  аңғартады  [6,  177  б]. 

Сақ  мәдениетінен  нәр  алған  софист  Леонтийдің  қызы,  импера-

тор  Екінші  Фиодосийдің  жұбайы,  грек  жазушысы  Элия  Евдокия 

естелігінде былай деп жазады: «Мен Скифиядан құстың тілін жору-

ды, дыбыстан нышан тануды білдім, бұған қоса жан-жануарлардың 

шұбырынды ізінен сыр тартуды үйрендім, болашақты болжайтын 

абыздардың ұлы сарынын, ағаш төсек пен құз-қияның теңселгенін, 

әлде  қашан  көз  жұмған  адамдардың  моланы  күңіренткен  үнін, 

киіз  үй  сықырлауығының  сықырын,  адамдардың  құйқылжыта 

шырқаған  құдірет  әндерін,  тұла  бойыңды  кернеп  тасқындаған 

сезімді көкірегіме қонақтатып келдім» [7].

Көне  түркі  тайпаларының  арғы  аталары  болып  саналатын 

ғұндардың  жырлары,  ерлік  дастандары,  аңыз-әфсаналары  әдебие-

тіміздің  ежелгі  мұралары  болып  саналады.  Өкінішке  орай,  сақ  дә-

уірінен  кейін  тарих  сахнасына  келген  ғұндардың  әдебиеті  біздерге 

толықтай келіп жетпеді. Бүгінгі күнге жеткен қысқа-қысқа үзінділер 

аз да болса сол заманның рухани байлығынан сыр шертеді.

Ғұндар  туралы  деректер  қытай  жылнамаларында  көптеп  жа-

зылған.  Қытай  тарихшыларының  көшбасшысы  Сыма  Цяннан  ба-

стап Бань-Гу, Фай Е атты авторлар Орта Азияда Мекен еткен ғұндар, 

үйсіндер, қаңлылар және басқа да түркі тайпалары жөнінде дерек-

тер келтіреді.

Осы  аталған  қытай  жылнамашыларының  еңбектерін  орыс 

тіліне аударған Н.Я. Бичуриннің еңбегі орасан [5, 40 б]. Қытай мен 

ежелгі түркі тайпаларының ара қатынасынан мол мәлімет беретін 

бұл  аудармадан  аздап  болса  да  көне  ғұндардың  ауыз  әдебиеті 

үлгілерін  кездестіруге  болады.  Ғұндар  жөнінде  біраз  еңбек  жа-

зып,  олардың  тарихнамасына  зор  үлес  қосқан  Н.А.  Аристов,                                                                                                                                     

В.В. Бартольд, Л. Гумилев, К. Акишев, С. Аманжолов, А. Аманжо-

лов, Ә. Марғұлан, Н. Келімбетов, С. Өтенияз сынды ғалымдардың 


124

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

атын,  сондай-ақ,  түрік  оқымыстылары  Арат  Рахметидің,  Кө-

пірілізаде  Фуадтың,  Атсыз  Ниһалдың,  Банаралының  және  басқа 

да ғалымдардың еңбектерін атап өтер едік.

Ғұн  тайпалары  Хуанхэ  өзенінің  орта  тұсынан  бастап,  төменгі 

ағысына  дейін,  Орта  және  Орталық  Азияның  көп  бөлігін  қамтып, 

Шығыс  Түркістаннан  Оңтүстік  Манчжурияға  дейінгі  аймақтарды 

алып  жатты.  Кейіннен  Жетісу  өңірі  мен  өр  Алтайдан  өтіп,  Ертіс 

өзеніне дейін көшіп-қонып жүрген. Ал, біздің заманымызға дейінгі 

І  мыңжылдықтың  аяғында,  біздің  заманымыздың  басында  ғұндар 

батысқа  қарай  жылжыды.  Көне  Қытай  жылнамаларының  деректе-

ріне  сенсек,  ғұндардың  бір  бөлігі  егін  егіп,  кен  қазып  белгілі  бір 

қоныста мекендесе, ал қалған бір бөлігі мал шаруашылығымен ай-

налысып, жайылымға жер іздеп, жер жағдайына байланысты көшіп 

жүрді. Бұл жөнінде академик Ә.Марғұланның: «Біздің заманымыз-

дан  сегіз  ғасыр  бұрын  ғұндар  бұрынғы  отырықшылық  тұрмыстан 

шығып,  енді  төрт  түлік  мал  өсіретін  көшпелі  тұрмысқа  ауысады. 

Ғұнның  көшпелі  тайпалары  Канғой,  Алтай,  Тарбағатай,  Орталық 

Қазақстан, Тянь-Шань тауларында қоныс етіп, осы арада өсіп-өнеді. 

Көп  мал  бағып,  көшіп  жүру  жердің  географиясын  тау-тасын,  суы 

мол  жерін,  ауа  райын  айыруға  мүмкіндік  береді.  Сол  ауа  райына 

қарай, көшу әрқашан  оңтүстік пен солтүстіктің арасында созылып 

жатқан  байтақ  өлкелердің  арасында  өтеді.  Қыс  күні  болса  Ортос, 

Кансу,  Лобнор,  Тарим  өзенінің  бойы  Тянь-Шань  таулары,  Жетісу 

өлкесін қоныстап шықса, жазға қарай теріскейдегі салқын тауларға, 

Мұз теңізіне дейін барады», [1, 11 б.] – деп жазғаны бар.

Сақтар  сияқты  ғұндар  да  жауынгер  халық  болған.  Сақ  пат-

шалығы  парсылармен  алысып  өтсе,  ғұндардың  өмірі  қытайлар-

мен  теке-тіресте  өтті.  Қытайлар  олар  үшін  бітіспес  дұшпанға 

айналды.  Ғұндарды  жойып  жіберуге  тырысқан  қытайлар  олар 

жайында мәлімет жинап, зерттеумен де айналысты. Ғұндар ара-

сына  жіберген  тыңшылары:  «Дәстүрлері  бойынша  малдың  етін 

жеген, сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап киген, малдары шөп 

жеп,  су  ішкен,  жылдың  әр  мезгіліне  қарай  су,  шөп  іздеп  олар 

бір  орыннан,  екінші  орынға  көшіп  отырған.  Оларда  ішкі  және 

сыртқы  қорғандар  жоқ.  Қалалары  болмаған  және  жер  өңдеумен 

айналыспаған. Әрбір еркек жауынгер. Соғыста құстар тобы сияқты 

жауына  бәрі  құлшына  жабылады,  ал  жеңілген  кезінде  бытырап 

кетеді, сонан соң қайта жиналады»,  [4, 27 б.] – деп жазады. 

Қытай  жылнамаларында  көрші  жатқан  сақ,  ғұн,  үйсін,  қаңлы 

сияқты  тайпалар  туралы  көп  деректер  келтірілген.  Қытай  кал-

лиграфистері  аталған  тайпалардың  ерлік  жырларын,  ертегілерін, 



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

125 


ел  аузындағы  аңыздар  мен  даналық  сөздерін  жазып  қалдырды. 

Осын-дай  жазып  алынған  аңыздардың  көбісі  мифологиялық 

кейіпкерлерге  бай  болып  келеді.  Ондағы  басты  тұлғалар  шым-

шытырық сәттерді бастан кешіріп, таңғажайып оқиғаларға кезігіп 

отырады.  Ғұн  дәуірінен  жеткен  осындай  мифтік  аңыздардың  бірі 

«Ер  Төстік»  ертегісі.  Зерттеушілер  қытай  шенеунігі  Сыма  Чинь 

«Ер  Төстік»  ертегісінің  ғұн  тарихына  байланысты  тұстарын  тал-

дап,  қағазға  түсіргенін  айтады.  Сондай-ақ,  ғалым  көнеден  жеткен 

әдеби мұраларға «Еділ-Жайық», «Дың-сұлу» аңыз-әңгімелерін жат-

қызады.  Тіпті,  түркі  халықтарына  танымал  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұ-

лу» жырының ғұн дәуірінен бері сақталғанын тілге тиек етеді [1, 63 б.].

Қытай мен ғұндар, үйсіндер арасында болған соғыс сол дәуірлер-

де  түрлі  аңыз-әфсаналардың,  ерлік  жырларының  шығуына  себеп 

болды.  Соғыстарда  батырлығымен  танылған  азаматтарын  жырға 

қосып,  мәртебелерін  асқақтатты.  Халық  сүйіспеншіліне  бөленген 

ерлерге  мифтік  жаратылыс,  шым-шытырық  қиын  сәттерден  жол 

табатын  ақылдылық,  жауын  жеңіп  шығатын  күш-қуат  телінді. 

Қытай  жылнамаларындағы  Сүй  кітабында  (84-бума,  49-баян)  Көне 

түркілердің  шығу  тарихын  былайша  суреттейді:  «Оның  (Түріктің) 

әуелдегі  мемлекеті  Сихәйдің  (Батыс  теңіздің)  жоғары  жағында 

болған.  /Кейін  оны/  көршілес  мемлекеті  талқандайды.  Адамдарын 

кәрі-жасына, еркек-әйеліне қарамай, бәрін өлтіреді. Бірақ бір бала-

ны өлтіруге қимай, оның аяқ-қолын кесіп, үлкен саз жерге тастай-

ды. Бір қаншық қасқыр әр жолы оның жатқан жеріне ет тістеп әкеп 

беріп жүреді. Бала осы етті жеп, өлмей аман қалады. Кейін ержеткен 

шақта  осы  қасқырмен  екеуінен  ұрпақ  тарайды.  Жаулары  баланың 

тірі  екенін  біліп,  оны  өлтіруге  тағы  адам  жібереді.  /Ол  келгенде/ 

қасқыр  баланың  қасында  еді.  Жіберген  адам  баланы  өлтіріп,  енді 

қасқырды өлтіремін дегенде, қасқыр құдайдың құдіретімен қашып 

құтылып, теңіздің шығысына барып, тауға шығып, сонда тоқтайды. 

Ол тау Гаушаңның батыс терістігінде еді. Қасқыр сондағы бір үңгірге 

кіріп, онда маңайы 200 лидей шөбі жайқалған жазық жерге кезігеді. 

Осыдан  кейін  қасқыр  он  ұл  туады.  Осы  он  ұлдың  біреуінің  аты  – 

Ашина. Ол өте ақылды болғандықтан оны ел ағасы етеді. /Ол/ өзінің 

тегін ұмытпайтығын елге жария ету үшін қақпасына қасқыр басты 

туын іліп қойды» [8].

Қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы  жүріп  өткен  тари-

хи  өткелдері,  мекен-қонысы,  көрші  елдермен  қарым-қатынасы, 

тәуелсіздік жолындағы жеңісі мен жеңілісі, бодандыққа түсуі тура-

лы дереккөздері саяхатшылардың, елшілердің, жылнамашылар мен 

тарихшылардың жазбаларымен ғана шектелмейді. Мәселен, қыпшақ 


126

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

тарихы және олардың көрші елдермен этносаяси байланыстары ту-

ралы араб-парсы жазба деректерінің маңызы зор. Оларда келтіріл-

ген  мәліметтер  мазмұны  жағынан  өте  құнды.  Ол  елдерге  ІХ–ХІІІ 

ғасырлар кезеңінде жазылған араб саяхатшысы Тамим ибн Бахр ал-

Мутавваидың «Жазбалары», Ибн Хордадбектің «Китаб ал-масалик 

уә-л-мамалик» («Жолдар мен мемлекеттер кітабы») атты еңбектері 

жатады.  Сондай-ақ  ХІІ–ХVІІІ  ғасырлардағы  тарихи  шығармалар: 

Ибн  ал-Асирдің  көп  томдық  «Ал-Камил  фиттарих»  («Тарихтың 

толық  суреттемесі),  Ала  ад-дин  Атамәлік  Жувейнидің  (ХІІІ  ғ.) 

«Тарих-и  Джахангушай»  («Әлем  жаулаушысының  тарихы»),  Фаз-

лаллах  Рашид-ад-диннің  (ХІV  ғасырдың  басы)  «Джами-ат-тауарих» 

(«Жылнамалар  жинағы»)  қыпшақтар  мәселесінде  маңыздылығы 

зор. Солардың ішінде Қожамқұли бек Балхидың «Тарих-и Қыпшақи» 

еңбегі  осы  күнге  дейін  қазақ  тіліне  аударылмағандықтан,  ғылыми 

айналымға енбеді.    

Тарих-и  Қыпшақи  (Қыпшақ  тарихы)  –  XІV–XVІІІ  ғасырларда 

қазақ  даласында  болған  оқиғаларды  баяндайтын  тарихи  шығарма. 

Оның ішінде XIV ғасырдың соңында – XV ғасырдың басында Дешті 

Қыпшақ  даласында,  Қазақ  хандығының  құрылу,  қалыптасу  кезеңі 

тұсында  болған  саяси  оқиғалар  баяндалған.  Бұл  материалдар  XVI 

ғасыр және XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазақстан және 

Орта  Азия  тарихын  зерделеуде  маңызы  зор  болмақ.  Оның  авторы 

– Қыпшақ хан, әдетте оны Қожамқұли-бек Балхи деп атаған. Еңбек 

парсы тілінде жазылған, кіріспе мен 7 тараудан және қорытындыдан 

тұрады.  Онда  бұған  дейінгі  деректерде  қамтылмаған  Қазақ 

хандығының ертедегі тарихы баяндалады. Қазақ тарихына байланы-

сты  материал  шайбанидтер  мен  аштарханидтер  туралы  жазылған 

тарауда  қамтылған.  Қыпшақханның  еңбегінде  тың  деректер  көп 

кездеседі.  «Тарих-и  Қыпшақидағы»  Дешті  Қыпшақтың  тарихы 

Әбілқайыр ханның  билігін баяндау тұсынан басталады. Сондай-ақ, 

Мұхаммед Шайбани хан мен Махмұд-бахадүр өмірінен мәліметтер 

берілген. Барақ хан мен Абдаллах хан тұсындағы қазақтардың шай-

банидтермен  қарым-қатынасы  жайлы  қысқа  деректер  баяндалған. 

Қазақтардың  Захир  ад-Дин  Мұхаммед  Бабырдың  ұрпақтарына 

қарсы  соғысқа  қатысқаны  туралы  егжей-тегжей  айтылады.  Соған 

қарағанда,  шығарма  авторы  беймәлім  дереккөздерді  пайдаланған. 

Сол кездегі билеушілер Әбілқайыр хан, Мұхаммед Шайбани хан, Ке-

рей мен Жәнібек хандар, Абдолла хан замандары туралы тың тарихи 

деректер ғылыми айналымға қосылары сөзсіз. Шетелдік мұрағаттар 

мен қорларда сақталған деректер қазақ тарихындағы ақтаңдақтарды 

жоюға, ұлттық тарихымызға деген келеңсіз көзқарастарды дұрыстауға 



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

127 


себепші  болмақ.  Бұл  деректер  қазақ  тарихының  тамыры  тереңде 

екенін, қазақ мемлекеттігінің іргетасы берік қаланғанын дәлелдейді. 

Еңбектің  өн  бойындағы  оқиғалардың  тарихилығы,  кейіпкерлердің 

өмірде болғандығы, сондай-ақ нақты жыл мерзімдерінің көрсетілуі, 

соғыс қимылдары өткен яки түркі халықтары мекендеген қалалар мен 

елді  мекен,  жер-су  атауларының  шынайылығы  да  қолжазба  кітап-

тың  мәдени  мұра  ретінде  айрықша  маңызын  аңғартады.  Көптеген 

белгілі  дінбасы,  оқымысты  және  қоғам  қайраткерлерінің  өмірінен 

бағалы  деректер  табуға  болады.  Аталған  қолжазба  кітаптың  қазақ 

тіліне  аудармасы  тарихшы-этнограф  ғалымдардың  осы  саладағы 

жаңа зерттеулері мен ізденістеріне тың жол ашарына сенімдімін.

Бұған қоса, Әбілғазы Баһадүр ханның «Шаджара-и ат-түрки», 

Қадырғали  Жалаиридің  «Жамиғат  тауарих»,  Бабырдың  «Ба-

быр-нама»,  М.Х.  Дулатидің  «Тарихи-Рашиди»,  Шәйбани  ханның 

«Шәйбани-нама» сынды тарихи-мемуарлық шығармалары да қазақ 

тарихынан  мол  деректер  бере  алады.  Осындай  еңбектерді  қайта 

қарап,  зерделі  ғылыми  ой  елегінен  өткізу  де  жақсы  нәтижелерге 

жеткізері хақ. 

Сөз  өнері  өмір  шындығының  көркем  бейнесі  десек,  әдебиет 

тарихы  да  халық  тарихымен  тығыз  байланысты.  Еліміздің  руха-

ни өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз 

өнері  ел  тарихымен  бірге  қалыптасып  дамыды.  Адам  санасы,  ой-

өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін 

ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің 

бірі екендігі даусыз ақиқат. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет