М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУДІҢ



Pdf көрінісі
бет2/32
Дата03.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#6694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУДІҢ 

ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи үдерісті кезеңдеудің 

жалпы сипаттамасы

Өмір  сүру  ортасы  Еуразиялық  құрлықтың  ұлан-ғайыр  ке-

ңістігіндегі  мекен  еткен  ежелгі  этностар  өркениетінің  мұрагері  бо-

лып  табылатын  қазақтардың  өркениеті  бірегей  сипаттамаға  ие 

құбылыс.  Ол  бастапқыда  жер  және  көшпенді  шаруашылықтың 

бірігуі  нәтижесінде  қалыптасқан  супертерриториалық  гетерогенді 

қауымдастық  бола  отырып,  Орталық  Азиядағы  үздіксіз  мәдени-

аралық  байланыстардың  ықпалымен  пайда  болған  еді.  Қазақ 

өркениеті  Шығыс  пен  Батыс  арасындағы  дәнекер  бола  отырып, 

өркениеттік  ареалдың  маңызды  сипаттарына  сәйкес  келді,  олар: 

белгілі  бір  экономикалық  тәртіп,  полигенездің  ежелгі  мемлекеттік 

формалары,  мәдениеттің  қалалық  және  көшпенді  формаларының 

өзара  ықпалдастығы  болып  табылады.  Еуразияның  кең  даласында 

қалыптасқан өркениет өз бойына Шығысқа да, Батысқа да тән ерек-

шеліктерді сіңіріп, еуразиялық деген атауға ие болды. 

Оның  шығу  тарихы  бірнеше  ғасырды  қамтыды,  дегенмен,  егер 

де  Орталық  Азия  көшпенділер  өркениетінің  «мәдени  транзиттілі-

гінің» айтарлықтай рөлі мен факторы ықпал етпегенде, бұл үдеріс 

неғұрлым  ұзаққа  созылар  еді.  Қазіргі  қазақ  халқының  ата-бабасы 

еуразиялықтардың сауда және көші-қон жолдарының тоғысына ор-

наласа отырып (үнді-ирандықтар, ғұндар және т. б.) кең халықара-

лық  байланысқа  ие  болды,  сонымен  қатар  Қытай  және  Византия, 

Иран және Мысырмен байланыс орнатты.  

Кезінде  Геродоттың  өзі  алтын  күзеткен  сақтар  жайлы  атап 

өткен болатын және де Еуразияның бүкіл азиялық бөлігінде Дала 

атты  әскері  одақтық  немесе  жалданбалы  мақсатта  пайдаланғаны 

белгілі.  Танымал  ақын  Олжас  Сүлейменовтың  поэмасында  кеңі-

нен  сипатталған  Жерорта  теңізі  елдеріне  сақтардың  ата-баба-

сы  жасаған  ұлы  жорығы  жайлы  да  белгілі.  Көшпенділер  түрлі 

мәдениет  өкілдерімен  байланыса  отырып,  қазіргі  қазақтардың 

болмысына  тән  мейірімділік  пен  мәдени  толеранттылықты  сіңіре 


12

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

білді.  Көшпенділердің  дәл  осы  құнды  қасиеттері  қазақы  ділдің 

анықтаушы белгілеріне айналды. 

Ежелгі  көшпенділердің  мемлекеттік-саяси  құрылымы  да  ма-

ңызды  рөлді  ойнады.  Кейбір  зерттеушілердің  пікірінше,  көш-

пенділердің  мемлекеті  болды  деуге  келмейді,  себебі  сол  кезеңде 

олар  отырықшы  елдің  мемлекет  құруын  сипаттайтын  тайпалық 

қоғамнан феодалдық қоғамға да өту жолынан да өтпеген еді. Бірақ 

олар  Батыс  пен  Шығыстың  бізге  белгілі  қала  мәдениетінен  Дала 

мәдениетінің  бірегейлігін,  түбегейлі  айырмашылығын  ұмытып 

отыр немесе есепке алмайды. Тарихтың өзі тарихи фактілер арқылы 

көшпенділердің  мемлекеттілігіне  қарсы  көзқарастарды  жоққа 

шығарады  –  себебі  бір  жұдырық  астына  жұмыла  қоймаған  қалың 

халық, былайша айтқанда, «жабайы орда» парсылардың, кейіннен, 

Парсы  мен  Үндістанды  бағындырған  Александар  Македонскийдің 

қолбасшылығындағы  грек-македония  әскеріне  қарсы  тұра  алар  ма 

еді?  Тіпті  әйгілі  Томиристі  «сақтар  патшайымы»  деп  атаудың  өзі 

ежелгі көшпенділердің мемлекеті болды деудің дәлелі емес пе? 

Ежелгі  де,  қазіргі  де  мемлекеттіліктің  болуы  өз  негізінде  құ-

қықтық  қағидаларды  қалыптастыратын  үстем  діннің  болғанын 

меңзейді.  Ислам  дәуіріндегі,  соның  ішінде  ежелгі  түркілер  үшін 

осындай дін тәңіршілдік болған еді, яғни көк аспанды мекен еткен 

Тәңірге деген сенім. Тәңіршілдіктің бойында Орталық Азияны ме-

кен еткен ежелгі халықтың ымырашылдық ділі айқын көрініс тап-

ты.  Көк  аспан  –  бәріне  ортақ,  ол  түнмен  алмасып  отырғанымен, 

бірыңғай жүйе. Тәңір сенімімен қатар, әйел құдай Жер-су сенімі де 

кеңінен тарады. 

Қазіргі  Қазақстанның  территориясында  буддизмнен  бастап 

христиан  дінімен  аяқталған  өзге  де  діни  сенімдер  болғанын  жоқа 

шығармау керек, бірақ олар көбіне отырықшы халықтың арасына 

ғана тарап, тәңіршілдік сияқты асқан беделге ие бола қойған жоқ. 

Кейіннен  тәңіршілдік    ұзақ  уақыт  бойы  ақсүйектер  мен  отырық-

шы  халықтың  діні  болған  ислам  арқылы  ығыстырылды,  алайда 

ислам көшпенділер ортасына тарағанымен Тәңір сенімін тұтастай 

ығыстыра  алмады.  Тіпті  қазірдің  өзінде  қазақтар  мұсылмандық 

рәсімдерді  орындау  барысында  ежелгі  тәңіршілдік  салттың  бел-

гілері  байқалады, егер екі сенімнің де монотеистік негізі бар қазақы 

ділдің ерекшеліктерін назарға алсақ, бұл таң қаларлықтай жағдай 

емес. 

Монотеизм  сонымен  қатар,  түркілік  суперэтностың  әлеуметтік 



құрылымына айтарлықтай ықпал етті. Бүгінге дейін сақталып кел-

ген  түркілердің  жазба  ескерткіштері  халықты  қаған  мен  бектер-



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

13 


ге  бағынуға  шақырады,  себебі  қаған  Тәңір  қолдауына  ие.  Осылай-

ша  қаған  Тәңірдің  қолдауымен  ел  басқара  отырып,  түркілердің 

гүлденуіне барын салады, есесіне тек жаппай бағынуды талап етеді, 

бұл көшпенділердің әскери демократиясына тән. Білге каған: «Егер 

сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз Отаныңнан жы-

рақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің 

от  басыңда  еш  нәрседен  мұқтаждық  көрмейсің…».  Бұл  сөздер 

ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік қатынастары мен идеологиясын 

неғұрлым айқын сипаттайды. 

Түркі  өркениеті  қыпшақ,  кейіннен  қазақ  өркениетінің  қалып-

тасуының  негізін  қалаушы  түйініне  айналды.  Корей  шығанағынан 

Каспийге дейінгі және Гоби шөлінен Байқалға дейін созылып жатқан 

мемлекетті құра білген түркілер өзге мәдени әлемге деген төзімділігі 

мен  ашықтығын  қажет  деңгейде  көрсете  білді.  Әлі  күнге  дейін 

сақталып  келген  көптеген  қалалар  мен  қоныс  мекендерінің  (Тараз, 

Түркістан)    негізін  қалаған    түркілер  түркі  қоныстарының  ареалы-

нан тыс  мекендердегі теңдесі жоқ, әлемге материалды және рухани 

мәдениеттің жәдігерлерін сыйлаған  Орталық Азиядағы түркілердің 

отырықшы мәдениетінің бастауына жол ашты. 

Отырықшы,  жартылай  отырықшы  және  көшпенді  үлгілердің 

басын  біріктірген  түркілер  мәдениетінің  негізінде  көшпенділердің 

мәдени-дүниетанымдық  философиясы  жатыр.  Мысал  ретінде, 

Қорқыт жайлы аңызды алсақ болады. Аңыз мазмұнының өзі оның 

көшпенділерден  тарағанын  көрсетеді.  Дүниені  кезген  Қорқыттың 

аралаған жерлері жайлы айқын сипаттарды отырықшы адам бере ал-

мас еді. Ол үшін осыншама аймақтарды аралап, өз көзіңмен көрып, 

басы-қасында жүру қажет, бұл тіпті қазіргі кездің өзінде де қиынға 

соғып жатады. Сонымен қатар, өзі атасы саналатын қобыз құралы да 

қызықты болып келеді. 

Қобыздың  үнін  естіген  кез-келген  адам,  аталмыш  құралдың 

тылсым, қырылдаған үні 

 

қаланың тар бұрыштары немесе жабық 



кеңістікпен  емес,  керісінше  Дала  желінің  екпінімен,  ұлан-ғайыр 

Дала  кеңістігімен,  жусанның  аңқыған  иісі  және  еркін  әуенмен 

керемет  үйлесетіндігімен  келіседі.  Кейіннен  қобызды  ата-баба 

әруақтарымен байланыс орнату үшін көбіне көшпенді көріпкел-

баксылар  қолда-на  бастады.  Алайды  бұл  құралды  ешқашан 

да  көңіл  көтеру  үшін  қолданған  емес,  қалың  халық  арасына  ол 

мәдениет жәдігері ретінде аса кең тарала қойған жоқ. 

Қорқыт  жайлы  аңыздың  өзі  ерекше:  мәңгілікті  орнатып, 

уақытты  тоқтатуға  қабылеті  жеткен,  өлімді  жеңген  әуен,  адам-

ның  жасампаздығы  мен  шығармашылығы.  Түркілердің  ұлы  гума-



14

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

низмінің,  рух  еркіндігінің,  бірлік  мұратына  қол  жеткізуге  деген 

шексіз ұмтылысының мәні осында жатыр. 

Қазақстанның  президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Тарих  тол-

ынында» деген еңбегінде қазақ халқының  6 мыңжылдық руханият 

тарихынын шартты түрде 12 кезеңге бөлуге болатынын атап өтеді. 

Осы тарихи кезеңдерді 5 кезеңі әл-Фарабиден Абайға дейінгі уақыт-

ты қамти алады. 



«Алтыншы  кезең.  Бұдан  1100–900  жылдар  бұрын  Қазақстан  ау-

мағына араб-ислам рухының тегеурінді толқыны жөңкіле бастаған. 

Ол  әдепкіде  халық  жанының  терең  түкпірлерін  қозғай  қоймайды, 

бірақ  ықпалының  ырқы  әжептәуір  болады.  Ұлттың  ақсүйектері 

(элита) исламды қабылдап қана қоймайды, тілін де өзгерте бастай-

ды.  Көне  түркілердің  руникалық  жазуы  өшіріліп,  оның  орнына 

араб  әрпінің  өрнектері  пайда  болады.  Оңтүстік-батыстан  тараған 

жаңа рухани толқын халықтың мәдени-саяси беткеұстарларының іс-

әрекеттерінен бой көрсетеді.

Сол замандағы оның рухани аспанында жарқырап көрінген үш 

жарық жұлдыз – Сыр бойында Әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн 

және Махмұд Қашғари.

Әл-Фараби  Орталық  Азияда  түркінің  Платонындай  рөл  ат-

қарды.  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білігі»  –  Қазақстан  мен  Орта 

Азиядағы  Түркі  тілдес  халықтардың  бізге  жеткен  ең  тұңғыш 

зайырлық шығармасы, Махмұд Қашғаридан қалған түркі тілдері-

нің  «Диуани  лұғат-ат-түрк»  сөздігі  –  XI  ғасырдағы  түркілердің  ең 

тұңғыш энциклопедиясы» [1, 274 б.].

Дегенмен, атап айтқанда көшпенділер мұратының мұрагері са-

налатын  көшпенділер  мен  қалалықтардың  рухани  бірлігі  дәл  осы 

Әбу  Насыр  әл-Фараби  сынды  ұлы  ойшылдардың  дүниеге  келуіне 

ықпал  етті.  Әл-Фараби  материалды  дүниеден  жоғары  тұратын 

ділге  ие  болу  арқылы  ғана  өткен  дәуір  ойшылдарының  идеяла-

рын қабылдап, дамытып, Аристотельден кейінгі Шығыстың екінші 

ұстазына айналды. 

Қазақ  мәдениеті  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  дүниетанымды 

біріктіру  және  көшпенді  және  отырықшы  мәдениетті  жүргізу 

әдісі  арқылы  ғана  осы  сарында  үйлесімді  дамыды.  Осы  орайда, 

қазақ  тарихы  мен  мәдениеті  ұғымындағы  негізгі  категориялардың 

бірі,  ымырашылдық  ділі  болып  табылады.  Қала  және  көшпенді 

мәдениеттің  өзара  байланысы  ділдің  ортақтылығымен  ғана  шекте-

ліп  қалған  жоқ,  шаруашылық  жүргізудің  осы  бір  қарама-қайшы 

әдістері  экономикалық және саяси қатынастардың тұрақты, айқын 

қызмет  ететін  жүйесін  құрды.  Қала  көшпенділердің  назарын  тек 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

15 


мәдениеттің  қайнар  көзі  ретінде  ғана  аудартып  қана  қойған  жоқ, 

бірінші кезекте қала сауда мен құндылықтармен алмасу орны бол-

ғандықтан, сәйкесінше пайда көзінің орны да еді. 

Келесі  тарихи  кезең  –  «Жетінші  кезең  –  XI  ғасыр  Түркістаннан 

тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған. Түркілердің тұңғыш 

сопысы  –  Қожа  Ахмет  Йассауи  1093  жылы  туған.  Ол  негізін  қала-

ған исламның тылсым құпиясы – сопылықтың (суфизм) қарапайым 

халықтық  нұсқасы  тез  уақытта  Қазақстанның  солтүстігі  мен 

шығысына  дейін  тарады.  Қожа  Ахмет  Йассауи  Орталық  Азиядағы 

оның ішівде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарына ұлттық ру-

хани ілім жүйесін өрнектеп берді.

Түркі халықтарына исламды тарату ісінің басы ғана емес, соны-

мен  бірге  Тәңірге  табынушылық  пен  ислам  мәдениеттерінің  өзара 

ықпал  ету  үрдісі  де  Қожа  Ахмет  Йассауи  есімімен  байланысты. 

Ортағасырлық Қазақстандағы ислам мәдениетінің негізгі ислам дог-

маларына онша сәйкеспейтін өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кездегі 

түркі  тілдес  қоғамдағы  қадір-қасиет  жүйесінің  (менталитетінің) 

барлық  деңгейлеріне  де  Йассауи  сопылығының  ықпалы  мықтап 

сіңген болатын.

Түркілердің өмірлік, практикалық философиясын құраған сан-

дар  ретінде  Йассауинамада  тәңірішілдік  элементтері  өздерінің 

мағынасын  сақтап  қалды.  Нақ  осы  Йассауи  ілімі  арқылы  ислам 

қазақтардың  рухани  өмір  салтына  айналды  да,  кейінгі  сегіз  ғасыр-

дың  өн  бойыңда  соларды  жебеп  келді.  Қазақ  хандығы  мен  қазақ 

халқы құрылғанда, солардың бастау бұлағында осы ілім тұрды.

Егер  қазақтардың  рухани  тарихы  жазыла  қалса,  Қожа  Ахмет 

Йассауидың  хикметтері  («Даналық  сөздері»)  сөзсіз  оның  бір  бөлігі 

болып  кіруге  тиіс.  Йассауидың  ұстазы  Арыстанбабтың  Отырарда-

ғы  кесенесі  мен  Қожа  Ахмет  Йассауидің  Түркістандағы  кесенелері 

—  қазақтардың  ұлттық  руханиятының  аса  маңызды  орталықтары. 

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қазақ мемлекеттігінің нысанына айна-

лып, кейінгі уақытта жалпыұлттық зиярат-қорым (пантеон) қызме-

тін  атқарды.  Қазақ  халқының  ұлы  перзенттерінің  мүрделері  осы 

жерде  сақтаулы.  Сондықтан,  осынау  тамаша  ескерткішті  қалпына 

келтіріп,  бас  біріктірер  ортақ  кіндікке  бүкіл  ұлттың  назарын  ауда-

рып отырғанымыз дұрыс» [1, 274–275 бб.].

Әрі  қарай  түркі  тарихының  күрделі  тарихи  кезеңі  басталады  – 

«Сегізінші  кезең  –  XII–XIV  ғасырлар.  Қазақтың  ең  алғашқы  қасіреті 

Шыңғыс  әулетінің  шабуылынан  басталды.  Бұл  жойқын  күші  бар 

сойқанды  толқын  еді.  Қазақ  халқын  алғаш  рет  боданға  айналдыр-

ған  бұл  толқын  оның  тарихи  тұлғасын  мылжалап,  рухын  бұзып, 



16

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына көп-көп кедергі келтірді. 

Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы 

аңыз  бойынша  ол  біздің  тарихымыздағы  билер  институтының  түп 

атасы болды.

Барлық  қазақтардың  басын  бір  халыққа  біріктірген  Майқы 

би  әйгілі  қазақ  шежіренамасының  негізін  қалаушы  болды,  онда 

мұсылмандыққа  дейінгі  және  мұсылмандықтан  кейінгі  сенім-на-

нымдар табиғи бірігіп-кірігіп кетті.

Ел  аузындағы  аңыздың  айтуынша,  халықтың  санасына  сәуле 

түсірген  «нұртаңбасын»  –  қазақ  үш  жүзінің  бас  таңбаларын  тасқа 

қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың 

нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.

Бір  ғажабы,  қазақ  халқының  негізгі  төрт  мұраты  дәл  сол  тұста 

тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүздің жауынгерлік ұраны: 

Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт; Орта жүздікі – Ақ жол – әділет; Кіші 

жүздікі – Алшын – От-ана. Осы үш ұран тұтас бір халық ретіндегі 

барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.

Дәл  осы  кезеңде  халықтың  өзі  төртінші  империя  –  Шыңғыс 

әулетінің  бұғауына  іліккен.  Халық  руханияты  сол  заманның  ең  бір 

қуатты  империялық  идеологиясы  мен  сенім-нанымның  жиынтығы 

–  шыңғысшылдықтың  ықпалына  түседі.  Шыңғысшылдық  ақырына 

дейін түсінілмей қалған жаңа бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу 

білмес  тегеуірінді  қара  күш  пен  тентек  мінезді  дөрекі  қайсарлық 

қана  емес,  Шыңғыс  әулетінің  ұлы  империясының  ұстынына  тірек, 

ұсқынына көрік болған рухтың революциясы еді.

Ол  уақытқа  дейін  үстемдік  еткен  далалықтардың  түркішілдігі, 

оғызшылдығы,  ұрандары  (жүздік  және  жалпы  Алаш),  олардың 

бұрынғы  шежіресі  жаңа  шежіренамаға  тарихи  тамырласа  кірігіп 

кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қалды.

Осы кезден бастап іс жүзінде түркілерге тегі басқа ақсүйектер-

дің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық 

ақсүйектерінен  биіктеу  мәртебе  алды  да,  оларды  саяси  және  руха-

ни  биліктен  ада  қылды.  Төрелер  Шыңғыс  әулетінің  ұрпақтары,  ал 

қожалар  Мұхаммед  пен  оның  үмбеттерінен  тараған  рухани  билік-

тің  иелері  болып  саналады.  Сөйте  тұра,  уақыт  өте  келе,  бұл  екі 

тармақ  өкілдерінің  өздері  де  жергілікті  халықпен  кірігіп,  олардың 

әдет-ғұрпын,  дәстүрін,  ақыл-ой  ерекшеліктерін  қабылдай,  қазақ 

халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.

Будданың  империялық  рухындағы  монғолдардың  Шыңғыс 

әулеттерінен  тараған  жазба  ескерткіштері,  мәселен,  «Асыл  дастан» 

(«Сокровенное  сказание»)  немесе  «Монғолдардың  құпия  тари-



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

17 


хы»,  Шыңғыс-хан  заңдарының  жинағы  «Жаса»  қажеттігіне  қарай 

қазақтардың  да  рухани  тарихының  бір  бөлігі  болып  табылады. 

Шыңғыс әулеті ғасырлар бойы халық тарихының бір бөлігі ретінде 

қарапайым адамдарда өшпенділік қана емес, сонымен бірге тәлімді 

танымалдық пен тағзымды құрмет те туғызған. Сондықтан оны есеп-

тен шығарып тастауға болмайды» [1, 276–277 бб.].

Біз  Қазақ  хандығының    пайда  болуы  мен  тарихына  талдау 

жүргізе  отырып,  ежелгі  кезеңнен  бері  белсенді  сауда  жүргізген 

және  Ұлы  Жібек  жолының  маңызды  тұсында  орналасқан  Оңтүстік 

Қазақстанның ортағасырдағы қалаларын иемдену үшін қазақ ханда-

ры алғаш рет шайбанидтермен үлкен күрес жүргізгені жайлы айқын 

қорытындыға келеміз.

Бастапқы  кезден-ақ,  көшпенділер  мәдениеті  Шығыс  пен  Ба-

тыс,  қала  тұрғындары  мен  көшпенділер,  жасампаздық  пен  ойран 

арасындағы  қарама-қайшылықты  шешу  мәдениеті  ретінде  қалып-

тасты. Ол жердегі Қорқыт пен әл-Фарабидің образдары Аттилла мен 

Темучин образдарымен ұштасып, ал көптеген тұрғызылған қалалар 

(ортағасырлық  араб,  қытай  және  еуропалық  саяхатшылардың 

деректері  бойынша)  кейінгі  кезеңдердегі  отырықшы  өмір  салтына 

өтуге  деген  ниеттердің  жоқ  болуына,  «Қозы-Көрпеш  –  Баян-сұлу» 

дастанының өмірге келуі ұзақ жылдарға дейінгі жазба мәдениетінің 

жоғалуына алып келуге ықпал етті. 

Этностың пайда болуының шынайы тарихи кезеңі – «Тоғызын-

шы  кезең  –  ХV–ХVII  ғасырлар.  Алғаш  қазақ  хандығы  құрылған, 

шамамен  1466  жылдардан  бастап,  жалпыхалықтық  руханияттың 

табиғи дамуына негіз қаланады. Тіпті сыртқы үстемдік төрелер мен 

қожалардың қолында тұрғанның өзінде осылай болған.

Біріншіден,  халық  рухының  ұшқыны  ақындардың,  сазгерлер 

мен  айтқыш  абыздардың  жүрегінде  тұтанып,  жалындай  бастады. 

Асан  Қайғы,  Шалкиіз,  Бұқар  жырау  сияқты  бұл  дәуірдегі  ұлттың 

шығармашылығында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамы-

ды. «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты батырлар жырын-

да,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»,  «Қыз  Жібек»  және  басқа  дастан- 

дарға қазақтың ұлттық рухы түп тамыр ретінде негізге алынды.

Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға 

көшіп келгеннен кейін, халық рухы өзін-өзі тұңғыш рет ашық бейне-

леп, қазақ деген өзінің тарихи тел атымен аталады. Бұл хандық нығая 

келе,  XV  ғасырдың  екінші  жартысынан  былай  қарай  оған  қараған 

халық – елдің өз ішінде де, көршілердің аузында да – түгелдей қазақ 

атына ие болады.

Және  үшіншіден,  дәл  осы  тарихи  дәуірде  халықтың  жауынгер-

лік  рухы  тағы  бір  тамаша  оқиғадан  көрініс  табады.  XVII  ғасырдың 


18

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

бірінші  жартысында  үш  жүздің  үш  ұлы  биі  –  Төле  би,  Қазыбек 

би  және  Әйтеке  би  –  Тәуке  ханмен  бірге  «Жеті  жарғы»  атты  тари-

хи құжатты қабылдайды. Бұл киелі «жеті» санын нысан еткен киелі 

парыздан,  қасиетті  ережеден  тұратын  қазақтың  әдепкі  құқығының 

кодексі еді.

Осы  кезеңнің  аяғына  таман  Қазақ  хандығы  іс  жүзінде  бірнеше 

дербес шағын мемлекеттерге шашырап кетті. Нәтижесінде бірыңғай 

қазақ халқы-ның рухани және табиғи күштері бөлшектеніп, әлсіреп 

қалды.


Бұлай  бөлшектену  халықтың  дамуын  едәуір  тежеп,  2–3  ғасыр 

өткенде оны заңды түрде апаттың алдына алып келді. Біздің жерді 

айнала  қаумалап,  аңдып  отырған  отаршылдар  бұл  жағдайды  қалт 

еткізбей пайдаланды.

Шынында  өзімізбен  тамырлас  жоңғарлардың  250  жылдық 

шапқыншылығы  басталды.  Тарихи  жағдайлардың  ықпалымен 

қандас  екі  халық  бір-біріне  жау  болып  алды  да,  ағайындар  өзара 

қырқысты.  Тағы  да  сол  үш  би  –  Төле,  Қазыбек  және  Әйтекенің 

күш  салуымен  халық  Бұланты  өзенінің  бойында  қасақы  жауға 

қарсы  шешуші  ұрысқа  жиналды.  1729  жылы  Аңырақай  даласында 

қазақ халқының өмірі тәуекелге тігіліп, бұдан әрі болу-болмауы екі 

талайға түскен тарихи шайқас болды. Біз күні бүгінге дейін осынау 

ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ. Балаларымыз тұрмақ, 

тіпті өзіміз де бұл сынды халқымыздың қаһармандық кезеңін, қазақ 

халқының рухы аруақтанып, аспанға көтерілген тарихи жарқын сәтін 

жете білмейміз» [1, 278–279 бб.].

Түркілердің дүниетанымы дала заңдылығынан өз көрінісін тап-

ты (таппауы да мүмкін емес еді). Кейбір авторлар дала заңдылығы-

ның тарихын Хаммурапи патшаның заңдарынан бастайды. 

Түркілік көшпенділердің дәстүрлі құқығы ымырашылдық негі-

зінде құрылды. Беделді ақсақалдар, яғни билер соты – екі жақты да 

тыңдап, үкім шығарып отырды. Егер де ақсақалдар даулы мәселені 

шеше алмаған жағдайда екі жақ жоғары билікке жүгінді.  Осылардың 

ішінде ең ауыр жаза  өлім жазасы емес, қуғын сүргінге ұшырап, өз 

руыңнан шеттетілу болып саналды. 

Ұлы  Дала  кеңістігіне  ислам  діні  келген  соң  құқықтар  өзгеріске 

ұшырап, түзетулер енгізілді, көбіне хадис пен шариғатқа негізделе     

бастады, бірақ жалпы мазмұны аса өзгертіле қойған жоқ. Қазақтар 

мен олардың ата-бабалары үшін маңызды болған бірнеше көшпен-

ділер кодексі ғана бізге белгілі. Олардың қатарына, Шыңғыс ханның 

«Ясасы»,  қыпшақ  кодекстері,  Қасым  мен  Хақназар  ханның  заңдар 

жинағын жатқызуға болады. Сонымен қатар, бойында Еуразия дала-



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

19 


сында қалыптасқан өркениеттік дәстүр бойынша  адам құқығы мен 

еркін  қорғаудың,  қазақ  халқының  жоғары  философиялық-құқық-

тық мәдениетін  ұстаған әдеп-ғұрып заңдарының жинағы саналатын 

Тәуке ханның «Жеті жарғысын» да атап өту керек. 

Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысы»  даланың  құқықтық  шығар-

машылығын көрсететін кейінгі еңбектердің бірі болғандықтан ғана 

қызығушылық  тудырмайды,  сонымен  қатар  оның  қалыптасқан 

тарихи  кезеңі  де  қиын-қыстау  кезең  болып  саналады.  Ол  кезде 

Қазақ  хандығы  өз  тарихындағы  сындарлы  сәттердің  бірін  басы-

нан өткерген еді. Қытай мен арадағы келіспеушіліктер, батыс пен 

солтүстік  өңірге  Ресей  мемлекеті  тарапынан  төнген  қауіптерді 

санамағанда,  Оңтүстік  аймақтағы  үнемі  орын  алып  отырған 

өзара  соғыс  пен  шиеленістер  жоңғарлардың  пайда  болуымен 

өрши түсті. Осы бір қиын-қыстау кезеңде Тәуке хан кикілжіңдер 

мен  жікшілдікті  ешбір  соғыссыз-ақ,  қазақ  хандығының  ішіндегі 

де, сыртағы да күрделі мәселелерді үнемі хандық кеңесті жинап, 

ымырашылдық саясатты жүзеге асыру арқылы ғана шешіп отыр-

ды. «Жеті жарғы» адам құқығын ретке келтіріп отырды. Замана-

уи  терминологияға  сәйкес,  бұл  жинақтың  бойынан  өмір  сүру, 

некеге  отыру,  жер-мүлік  құқығы,  яғни  негізінен  азаматтық  және 

экономикалық құқықтар көрініс тапты..  

Қазақтардағы  саяси  құқықтың  маңызды  көрсеткіші  ханды  сай-

лау  немесе  көшбасшы  ретінде  қоғамның  қолдауына  ие  Шыңғыс 

ханның ұрпағы саналатын төрелер билігін заңды деп танитын үде-

ріс болып табылады. Хандар билігі ұрпақтан-ұрпаққа емес, сайлау 

арқылы беріліп отырды. 

Қазақтардың  еркінсүйгіштігі  озбырлықты  мойындамай  әйел-

дер  теңдігі  мен  еркіндігін  жүзеге  асырып,  жеке  тұлғаға  деген  құр-

мет  білдіру,  билікке  жағымпаздана  табынбауларынан  байқалды. 

Көшпенділердің  еркін  өмір  сүру  салты  дәстүрлі  қазақ  қоғамының 

саяси  жүйесінің  құрылымын  институт  ретінде  қалыптастыруға 

ықпалын тигізді. 

Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  билік  қызметіндегі  негізгі  қағи-

даларының бірі келісім мен саяси тепе-теңдікті орнату болып табы-

лады.  Басқаша  айтқанда,  жоғарғы  мемлекеттік  биліктегі  қызметке 

орналастыру  мәселесі  билік  субъектілерінің  өзара  келісіп  шешуі 

арқылы құпия түрде жүзеге асады, ал бұл өз кезегінде саяси үдеріс-

тің қатысушыларын консенсусқа келуге немесе әрбір «ойыншының» 

өзін  қалай  ұстау  керектігін  анықтайтын    белгілі  бір    келісімге  қол 

қоюға  итермелейді.  Сондықтан  да,  Қазақстандағы  билік  сипатын 

ұғыну  үшін  қазақтардың  дәстүрлі  саяси  мәдениетін,  құндылықтар 


20

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

иерархиясын,  саяси  дәстүрін  және  олардың  қазіргі  Қазақстанның 

өміріндегі рөлін зерттеп, білу қажет.

Қазақ  халқының  әл  Фараби  дәуірінен  Абайға  дейінгі  тарихи 

кезеңдері  ХIХ  ғасырда  қазақ  халқының  тарихындағы  ағартушылық 

дәуірінің  қалыптасуымен  аяқталады.  Н.А.  Назарбаевтың  «Тарих 

толқынында» атты еңбегінде атап өтілгендей драмалық оқиғаларға 

толы «Оныншы кезең – бұл ХVІІ–ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ 

халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды.

Менің  жоғарыда  айтқанымдай,  бұл  біздің  жерімізге  басып 

кірген  жоң-ғарлармен  соғыс  еді.  1723–1727  жылдардағы  «ақтабан 

шұбырындыдан»  қазақ  халқының  өміршеңдігіне  сын  басталды. 

Ұлтты  қорғаушылар  қатарына  Бөгенбай  батыр,  Қабанбай  батыр,   

Наурызбай  батыр  және  солар  сияқты  ұлттың  жауынгерлік  рухын   

танытатын жарқын тұлғалы жаубасар ерлер келіп қосылды.

Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір ба-

сында  бейнеленді.  Батырларымен  тізе  қосып,  қаһармандықтың  та-

маша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай 

ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің 

бір алтын діңгегіне айналды.

Бұдан гөрі бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тау-

ып жатты. Оның ұйтқысы ұлттың рухани көсемдері – Төле, Қазыбек, 

Әйтеке  билер  болды.  Олар  сыртқы  және  ішкі  алауыздықтарға 

қарамастан,  Абылай  ханмен  бірлесіп,  ұлтты  тұтастырып  біріктіру 

жолында еңбек етті.

Барлық кедергілерге қарамастан, бүкіл осы кезеңнің өн бойын-

да  Халық  рухы  көзге  көрінбейтін  тынымсыз  тыңғылықты  жұмыс 

жүргізіп жатты. Ол жұмыс жас баланың тууынан, адамның өлімінен, 

ұлттық  жай-күйлер  мен  билерден,  мереке-тойлардан,  қарапайым 

қазақтардың күнделікті өмірінен, қуанышы мен қайғысынан көрінді. 

Халық рухының эстафетасы дәстүрлі диқаншылық пен малшылықтың 

санада сақталған сиқырлы сырлары, арқы-лы бақсылардың халықтық 

ем-дом құпиялары түрінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.

Әрбір  аймақтағы,  әрбір  ауылдағы  едді  қоныстың,  ауылдың, 

таудың,  өзеннің  тарихын,  сол  жерлердегі  әдет-ғұрыптарды  қайта 

жаңғыртып жазып алса деген ойды мен бұрын да айтқанмын. Бала 

туғанда айтылатын сөз қандай? Жаназада қандай сөздер айтылады? 

Әрбір  елді  мекендердің  тари-хына  байланысты  есте  қалған  қандай 

аңыздар бар? Олардың басқаша емес, дәл осылай аталуы неліктен?

Осының барлығы жиналып келгенде, біздің тарихи зердеміз бо-

лып  шығады.  Халықтың  тарихы  дегеніміз  осы  ғой,  қағаз  бетіне  бір 

түсіп қалса, ол ешуақытта ізін жоғалтпайды.



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

21 


Сөйтіп,  XIX  ғасырдың  ортасында  ұлттың  рухани  өмірінде  бұ-

рын  білін-беген,  жаңа  бір  нышандар  пайда  бола  бастады.  Қазақ 

руханиятының өзін-өзі туындатқан осынау күнделікті тыныс-тірші-

лігі  ауық-ауық  өзінің  тұтастығын,  өзінің  дүниетанымы  мен  ұлттық 

дүние  бейнесін  қару  алып,  қорғау  қажеттігімен  алмасып  отырады. 

Мұның өзі көбінесе рухани талаптан гөрі саяси себептерге негізде-

леді.  Мәселен,  Сырым  Датов,  Кенесары  Қасымов  және  басқалар 

бастаған  көтерілістер  қазақтың  ұлттық  рухын  орнықтыруға,  ортақ 

жау  –  Ресей  патшалығына  қарсы  күресте  қазақтардың  барлық  кү-

шін біріктіруге талпынған әрекеттер еді.

Қазақ  халқы  келесі,  бесінші  империяның  –  Ресейдің  құша-

ғына  тап  болды.  Бұл  жолы  тағы  да  ішкі  алауыздықтан,  бірліктің 

жоқтығынан,  қазақ  жерінің  ұсақ  хандықтарға  бөлініп  кеткендігі-

нен  барлық  талпыныс  жеңіліске  ұшырады.  Өйткені  сыртқы  шап-

қыншылықты  тойтару,  сыртқы  жауға  қарсы  тұру  мүмкіндігі 

әрқашанда ішкі күшке негізделеді, керісінше болмайды.

Міне,  сондықтан  да  Абай  өзінің  қара  сөздерінде  қазақтарға 

дүниені түзету ісін өзгеден емес, өздерінен бастау керек деген кеңес 

берді.

Бұл кезеңнің соңына, ұлттың рухын өзін-өзі бүліншілікте емес, 



бүтін-дікте, жасампаздықта көрсету талабы ретінде екі бірдей руха-

ни жұлдыз – Шоқан мен Абай жарқ етіп көрінді.

Абылай  ханның  тікелей  ұрпағы  –  Шоқан  Уәлихановтың 

бойыңда  ата-бабаларынан  мұра  боп  қалған  аса  мол  рухани 

күш-қуат  бар  еді.  Оның  осы  қасиетті  сезінуі  харакетке  толы 

қысқа  ғұмырынан  айқын  көрінеді.  Сондықтан  да  ол,  ең  алды-

мен, қазақ рухының өте тереңде жатқан ежелгі түп тамырларын 

–  зороастризмді,  шаманизмді,  мұсылмандықты  зерттейді.  Қазақ 

шамандығының тереңдегі зороастралық табиғатын ең бірінші бо-

лып анықтаған Шоқан болатын.

Қазақ  руханияты  дамуының  Ресей  отарлығы  тұсындағы  қай-

шылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін 

емес.

Қазақ  руханияты  өзінің  терең  тамырлы  құндылықтарының  ме-



трополия құндылықтарымен үнемі қайшыласып қақтығысқан жағ-

дайында  болды.  Қазақ  халқы  өзіне  жат  қоғамдық  және  мәдени  – 

өркениеттік кешеннің қисынына бағынышты болды.

Ал  екі  мәдениет  қазыналарының  қақтығысуы  –  бұл  екі  түрлі 

ойлау  жүйесінің,  екі  дүние  көріністерінің  екі  түрлі  «логикалық» 

қақтығысуы деген сөз.

Сондықтан  әртүрлі  өркениеттердің  аралас-құраластығы  әуелі 

түсініспеудің  құз  құламасы  арқылы  өтеді.  Соғыстың,  қарулы 



22

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

көтерілістер  мен  бой  көрсетулердің,  басқындық  пен  бейтараптық-

тың  және  ақырында,  үнсіз  қар-сылық  пен  тұншыққан  өшпенділік- 

тің ұзақ сонар сорабы әбден заңдылық болып табылады.

Содан кейін жеке адамдардың болашақты, өмірдің өктем талап-

тарын көрегендікпен көріп, ұғынар мезгілі туады.

Бірақ  сонымен  бірге  ол  адамдар  кейбір  ымыраға  бара  оты-

рып,  басты  нәрсені  –  халықтың  тұтастығын,  оның  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  ішкі  құндылықтарын  жоғалтып  алмау  үшін  қандай 

жолды тандау қажеттігін түсінетін болады.

Өз даналығының күшімен табатын аяқ алысын аңғарып, барар 

бағытын бағалай білетін сондай адамдар табылуға тиіс еді. Олар 

жеке өз бастарының шығармашылық тағдырымен екі мәдениеттің 

басын  қосуға  тиіс  еді.  Олардың  шығармашылығының  өзі  жеке 

адамның  санасындағы  тұйықталған  драма  немесе  шалқыған  па-

тетика  емес,  мәдениеттердің,  өркениеттердің  бір-біріне  өзара 

ауысуының  тарихи  сәтті  сағаты  болып  табылмақ  және  ол  сәт 

жаңағы ауыс-түйіс өмірдің өзінен өріс тауып, кеңінен қанат жаю-

ынан бұрын болмақ керек.

Кереғар  екі  түрлі  жосығы  және  сонымен  қатар,  екі  түрлі 

құндылықтары  бар  екі  дүниенің  текетірес  қарсыласуының  емес, 

өзара  түсінісуінің  қисыны  ретіндегі  жаңа  қисынның  бастау 

бұлақтарын  осындай  адамдар  тудырады.  Олар  өздерінің  кедергі 

атаулыны  бұзып-жарған  ғаламат  шығармашылық  тегеурінімен 

жаңа,  бұрынғыдан  әлдеқайда  жоғары  бейнелер,  мағыналар  мен 

құндылықтар қалыптастырады.

Ол  кездегі  қазақ  санасындағы  дүниенің  суреті  айналасындағы 

еуропалық  (ол  замандағы  берілетіні  орыс  мәдениеті  болатын) 

және  шығыстық  (түркі-мұсылмандық  –  Орта  Азия  хандықтары) 

ұғымдардан  едәуір  өзгеше  болатын.  Маңайындағы  бұрынғы  көш-

пелі  дүние  де  қалмаған.  Евразияның  байтақ  кеңістігіндегі  көшпелі 

өркениеттің  үлкен  де  болса  жалғыз  құрылығы  болып  қазақтардың 

өздері ғана қалған. Сондықтан ол отарлық жағдайда өзінің бұрынғы 

ұзақ тарихының қай кезеңінен болса да шұғыл түрде, тез ыдырай ба-

стады.

Даналар  өздерінің  Аллаға  тән  алып  жұмысын  халқының 



болашаққа  қарай  аяқ  алысында  кедергі  келтіріп,  тұсау  болатын 

ұлттық  ұғым-түсініктердің  түпкі  негіздерін  сынаудан  бастай-

ды.  Абай  қазақ  руханиятының  бұрынғы  шеңберлер  шегінде  дами 

алмайтындығын  терең  түсінді:  егер  ол  руханият  бұрын  қазақ 

халқының өткенге қарай орайласқан өзіндік ой толғақтары түрінде 

көрінсе,  енді  Абай  проблеманың  өзін  кері  бұрып,  ілгері  қаратты  – 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

23 


ол  ағымдағы  және  алдағы  тарихтың  оқиғалар  тасқынындағы  қазақ 

халқының алар орнын ұғыну міндетін қойды.

Ол  қызметін  ақын  болып  бастағаннан  кейін,  ең  аддымен 

халықтың  бүкіл  рухани  дүниесінің  негізі  болған  қазақтың  көркем-

дік әлеміне түбегейлі реформа жасады. Бірақ, көркем сөз қазақтың 

сана-сезімінде  қаншалықты  ерекше  орын  алғанымен,  оның  өзіндік 

ұстынды  шекаралары  бар  екенін  түсінгендіктен  ол  өзінің  ақындық 

шеңберінен аттап шықты.

Абай өз халқының ойшылы болды. Дүние жүзінің мәдениетін-

дегі  қазақ  халқының  орнын,  адамзат  халықтарының  ішіндегі  оның 

болашағын  ойлай,  оны  жатпай-тұрмай  қинала  іздестіріп  келіп, 

Абай қазақ қауымының өз заманы ұсынған талаптардан кейін қалуы-      

ның бірқатар іргелі себептерін ашты.

Өз шығармашылығында ол Шығыс пен Батыстың ойшылдарына 

қатар жүгінді. Осы тұста оның өз заманында қалыптасқан шынайы 

тарихты қан-шалықты кең ауқымда көре білетіндігі танылды.

Осынау «қайғы ойлап қажыған» кемеңгердің жан жылуы бүкіл 

халқын қамтыды. Сондықтан қазақтар Жер бетінде өмір сүрген ке-

зінде осынау ұлы адамның шарапатын үнемі сезініп өтетін болады.

Жалпы  алғанда,  қазақ  мәдениеті  Шығыс  өркениетінің  бір 

нұсқасы,  қолтума  бұтағына  жата  тұрып,  Ресей  империясының 

мәдени-өркениет шеңберіне енгеніне қарамастан, өзінің түпкі тамы-

рымен тұтастығын жоймағанын ескеру керек.

Күйші  Құрманғазы  мен  Дәулеткерей,  әнші  Біржан,  халық 

ақыны  Сара  өз  шығармаларында  халық  рухының  нақ  осындай 

түбегейлі бастауын бейнеледі. Қазақстандағы халық-ағарту ісінің 

тұңғыш  абызы  Ыбырай  Алтынсарин  де  халық  рухының  өзге  бір 

саладағы  дәл  осындай  жарқын  көрінісі  болды.  Бұлардан  басқа, 

дәл  солардай  жарқын,  бірақ  дәл  солардай  танымал  болмаған, 

өз  тағдырлары  арқылы  қазақ  халқының  рухын  бейнелеген 

ондаған,  жүздеген  дарындар  өздерінің  зерттеушілерін  күтіп  жа-

тыр.  Күндердің  күнінде  қазақтың  тұтастығын  нығайту  жөніндегі 

олардың еңбегі де халықтың қалың топтарына жететін болады» [1, 

280–284 бб.].

Қазақтар  ұзақ  уақыт  бойы  Ресей  билігінің  отарында  болып, 

нәтижесінде,  көшпенділердің  тұрмыстық  өміріне  еуропалық  (ба-

тыстық)  өмір  сүру  үлгісінің  стандарттары  енді.  Егерде  Л.И.  Рейс-

нер мен Н.А. Симонийдің модернизациялық теориясына сүйенетін 

болсақ, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы мен ортасындағы 

қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің жетістігі дәстүрлі 

құндылықтардың  заманауи  құндылықтармен  сәтті  үйлесуінде  бо-


24

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

лып отыр. Бұл, нәтижесінде Қазіргі Қазақстандағы демократиялық 

үдерістерді жүзеге асырудың сәтті барысын анықтайды [2]. 

Қазақы діл мен дәстүрлі саяси мәдениеттің іргелі категорияла-

рын талдай келе, қазіргі қазақстандық қоғамдағы билік қатынастары 

жүйесіндегі саяси дәстүрдің рөлін ашып көрсетуге тырысып көрейік. 

Ымыраға келу ділі – қазақы діліндегі негізгі категориялардың 

бірі және ғылыми тұрғыдан қызықты саяси дәстүр болып табыла-

ды.  Ол  қазақ  ұлтының  бірнеше  ғасырлық  тарихи  даму  барысын-

да қалыптасты. Әсіресе, белгілі бір организмнің өмір сүруі бары-

сында  бірін-бірі  жою  механизмін  жүзеге  асыруға  жол  бермейтін 

ашық діни жүйе ретінде тәңіршілдік сенімінің ықпалы зор болды. 

Тәңіршілдік  үйлесімділікті  насихаттап,  бір-біріне  қарама-қайшы 

екі  жақтың  өзара  ықпалдасуына,  өзара  әрекеттесуіне  шақырды 

(әдетте,  адам  мен  табиғаттың  өзара  қарым-  қатынасындағы 

үйлесімділікті  орнату).  Көшпенділер  бұл  ұстанымды  әлеуметтік 

қатынастар жүйесіне ауыстырды. 

Кейіннен  ислам  оны  саяси  рәсімдер  жүйесі  ретінде,  иерархия-

лық  бағыну  формасы  мен  саяси  қысым  тетігі  ретінде  бекіте  түсті.  

Исламның  дәл осы даму және қоғамдық өмірдің барлық саласына 

ауқымды  ену  барысында  –  ымырашылдық  қазақтардың  саяси  мә-

дениетінің  құрамдас  бөлігіне  айналды.  Бұған  қазақтардың  тағдыр 

жазмышына,  дәстүрдің  беріктігі  және  табиғат  заңдылығына  деген 

сенімі ықпал етті. 

Келесі  кішігірім  мәселені  де  атап  өткен  жөн:  көптеген  қазақ 

ертегілері  мен  аңыздарында  өзіңнің  жеңілісіңді  мойындап, 

ымыраға келу немесе орын алған шиеленісті күшке жүгінбей, оны 

талқылап, пікір алмасу арқылы шешу – шынайы адамгершіліктің 

белгісі  ретінде  көрсетіледі.  Сондықтанда  болар,  қазақтар  үшін 

мейірімділік  көбіне  өзін-өзі  құрбан  етуге  дайындығымен,  өз 

эмоцияларыңды көрсетпей жасырып, адамның күнделікті өзін-өзі 

ұстау тәртібінің қабылданған өмір қағидаларына сәйкес болуымен, 

ұстамдылығымен, әр нәрсенің шегін білуі және жауапкершілігімен 

байланыстырылады. 

Сонымен  қатар,  ұлттық  тарихтың  ұлы  өкілдері  жайлы  аңыз-

әңгімелерде  басты  кейіпкердің  руластары  мен  жерлестерінің  мүд-

десі  үшін    өзінің  немесе  жақындарының  ұстанымынан  бас  тарта 

алғанына  немесе  алмағанына  қарап,  мемлекеттің  басқарушылары-

ның  қандай  болғандығына  баға  беріліп  отырды.  Осылардың  бар-

лығының  жиынтығын  қарастырсақ,  қазақтардың  көнбістігі  мен 

ымыраға  келу  қасиеттері  өзара  істің  негізінде  келісімге  келуден  де 

әлдеқайда  жоғары  тұрғанын  дәлелдейді.    Ымыраға  келу  қағидасы, 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

25 


тепе-теңдік пен тұрақтылық категориясы ретінде қазақ қоғамының 

саяси саласына еніп кетті [3]. 

Аталмыш  қағидалар,  бір  қарағанда,  бүкіл  қоғамның  үйлесімді 

дамуының  алғышартын  құрайтын  формалды  рәсімдер  мен  әдет-

ғұрыптардың жиынтығы сынды көрініс береді. Толеранттылық пен 

ымырашылдықтың  қағидалары  саяси  бұлтарысты  шектеп,  саяси 

үдеріске  қатысушыларды  бойсұнуға,  келісімге  келуге  итермелейді. 

Кей жағдайда бұл қағидалар қоғамдық-саяси қатынастарды тұрақ-

тандырушы  ретінде,  саяси  жүйенің  қызметін  теңдестіру  механизмі 

ретінде байқалады [4]. 

Шексіз жатқан дала кеңістігінде көшпенділерді басқару қиынға 

соққандықтан,  елдегі  хандар  билігі  отырықшы  өркениеттегі  шы-

ғыстық қатал билеушілердің билігіне қарағанда неғұрлым әлсіздеу 

болды.  Билеушілердің  қыспағына  ұшырап  немесе  шиеленіс  орын 

алған  жағдайда  ру  немесе  тайпаның  қоныс  аударуына  мүмкіндік-

тері болды, мысалға, кезінде бірнеше тайпа Қазақ хандығының негі-

зін қалаған Жәнібек пен Кереймен бірге қоныстарын аударған еді.  

Адам құқығы Тәуке ханның – «Жеті жарғы» заңдар жинағында 

ретке келтіріліп отырды. Аталмыш заңдар жинағының болуының өзі 

қазақ қоғамының құқықтық санасының жоғары деңгейде болғанын 

көрсетеді.  

Ұлы  дала  кеңістігінде  би  институты  да  үлкен  рөл  атқарды. 

Ш.  Уәлиханов  өзінің  «Сот  реформасы  жайлы  жазбаларында» 

тұжырымдағандай:  «Қазақтарда  билер  ешқашан  халық  арқылы 

сайланып та, тағайындалып та қойылмаған,

 

би лауазымына бекіту 



деген  атымен  болмаған; 

б

и  болатын  адамның  бойынан  бірнеше 



қасиет табылуы тиіс еді;

 

би атағынан үміткердің шешендік өнер мен 



аталы сөзді жақсы меңгеруі болған жағдайда ғана, осы абыройлы 

атаққа ие бола алды... Би атағы оның абырой-беделіне негізделген, 

бұл оның сот тәжірибесін жүзеге асыруға мүмкіндік берді» [5]. Осы-

лайша,  билер  билігінің  басты  көзі  мемлекеттік  жүйе  тарапынан 

көрсетілетін күштеу емес, атақ-абыройдың беделі болған еді. 

Жоғарыда аталғандардың барлығы Орталық Азиядағы дәстүрлі 

көшпенді  қоғамдардың  саяси  жүйесінің  бейімдеушілік  қасиеттері-

нің  жоғары  деңгейде  болғанын  дәлелдейді,  себебі,  ақпаратты 

жеткізу  жолдарының  әралуан  болуы  билік  шешімдерін  қабылдау 

барысында  қалың  бұқараның  саясатқа  кеңінен  араласуына  ықпал 

ете  отырып,  барлық  жүйенің  тұрақты  болуын  қамтамасыз  етеді.  

Негізінен,  ортағасырдағы  қазақ  қоғамында  сол  кезеңнің  өзінде-ақ 

өзіндік билікті бөлісу жүйесі құрылған  еді. Хандар билігі институ-

ты монархиялық бола тұра, сайлауға жол беріп отырды. Сонымен 



26

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

қатар,  қазақ  қоғамындағы  биліктің  ерекшелігі  билік  уәкілеттілерін 

тағайындап  немесе  сайлап  қана  қоймай,  олар  қоғамның  мойында-

уы  арқылы  билікке  тағайындалып  отырды,  яғни  билеуші  атағы  ең 

жоғары атақ болып саналды. 

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адам құқы мен оның еркін қорғау 

тәжірибесінің  болғандығын,  әр  адамның  өз  пікірін  еркін  білдіруге 

деген  құқығы  қазақ  халқының  әдеттегі  құқығы  болғандығы  дәлел-

дейді.  «Дат»  құқығын  көбіне  жазаға  кесілгендер  пайдаланды  және 

қазақ  халқында  билік  өкілдеріне  өздерінің  келіспеушіліктері  мен 

қарсылықтарын білдірген көптеген мысалдар бар.  

Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы 

адам  құқығы  мен  еркін  қорғау  институты  ретінде  болған  би-

лер  сотының  демократияшыл  болғандығы  айқын  сипатталған. 

Біріншіден, егер шағымданушы немесе жауапкер бидің істі жүргіз-

уіне, әділдігіне күмән келтірсе, өзге сотты таңдауына құқығы болды. 

Екіншіден, екі жақ та соттың әділсіз шешімдерін қайта қарастырып, 

шағымдануына  деген  құқықтары  шексіз  болды.  Үшіншіден,  егер 

де  айыпталушыға  қарсы  айғақтары  жеткіліксіз  болғанда,  билер 

алқабилер  ретінде  айыпталушылардың  абыройға  ие  адал  туыс-

тары  ішінен    таңдап  отырды.  Алқабилердің  саны  айыпталушыға 

тағылған  кінәнің  деңгейіне  қарай  болды.  Төртіншіден,  билер  соты 

бүкіл  халық  алдында  ауызша  түрде  өтіп,  кейде  айыпталушының 

қорғаушыларының  да  болуына  жол  берді.  Бесіншіден,  олардың 

халық алдындағы абыройлары өте жоғары болды, тіпті тәртіп ша-

раларын  қажет  етпеді.  Басқаша  айтқанда,  құқықтық  дәстүр  мен 

құқықтық  мәдениетті  реттеу  рөлінің  жоғары  болғандығы  сонша, 

қоғам сот билігін өзі-ақ орындап, оған мемлекетті араластырмады. 

Дәстүрлі  қазақ  философиясы  және  мәдениеті  қазақ  халқының 

дүниеге  деген  қатынасы,  әсіресе,  оның  қоршаған  табиғатына  және 

өзіне  деген  қатынасы  ретінде  қалыптасты.  Дәстүрлі  қоғамдар  та-

рихи  алғашқы  болып  табылады.  Мұндай  қоғамдар  өздерін  дәс-

түр  негізінде  қалыптастырып,  дәстүрлі  тәжірибе  арқылы  қызмет 

етеді.  Олар  заманауи  қоғамнан  бірнеше  айырмашылықтарымен 

ерекшеленеді.  Олардың  арасында:  әлеуметтік  өмірді  қалыптасты-

руда діни немесе мифологиялық түсініктерге тәуелді болады; даму 

кезеңділігі;  қоғамның  ұжымдық  сипаты  және  ерекше    белгіленген  

дараланғандықтың болмауы.

Қазақтардың  дәстүрлі  мәдениеті  мен  саяси  мәдениетімен  ай-

налысатын  көптеген  зерттеушілер  оның  субстанционалды  негізі 

ретінде    адам  мен  әлем  бірлігі,  жер  әлемі  мен  ғарыш  әлемінің 

ортақтығы  идеясын  білдіретін  дүниеге  деген  қатынасын  ерек-



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

27 


шелеп  көрсетеді.  Дүниеге  деген  қатынастың  біртұтастығының 

әмбебаптылығы, болмыстың үш сатысын жоғарғы, ортаңғы, төмен-

гі  әлем  деп  бөліп  қарастыратын  қазақ  халқының  дүниетанымы  

көшпендінің  панасы  болып  табылатын  «киіз  үй»  арқылы  да 

көрсетілді.

Табиғат  және  әлем  сұлулығы  жеке  индивид  әлемінің  әмбе-

бап  болмысына  толық  тамырлана  бастаған  сезімін  туындатады, 

көркем  мәдениет  жеке  индивид  пен  универсумның  өзара  кірігуі 

мен бірігуін толық көрсетеді. Тілдесу, сұхбаттасу – дәстүрлі қазақ 

мәдениетіндегі адам болмысының әмбебап қағидатына айналады. 

Осылайша,  еуропаорталық  ұстанымнан  арылып,  қазақ  өрке-

ниетінің  тарихы  мен  мәдениетін  жаңа  дүниетанымдық  ұстаным 

тұрғысынан  қарастыратын  болсақ,  заманауи  әлемдік  тарихи  үде-

рістің  динамикасындағы  әлеуметтік  және  құқықтық  философия-     

сы  аясындағы  қазақ  өркениетінің  орны  мен  маңызын  обьективті 

түрде бағалауға мүмкіндіктер ашылады. Оның  тарихи қалыптасуы 

мен дамуының үздіксіздігі, мәдениеттегі рухани сабақтастығы уақыт 

өткен  сайын  қазақстандық    ғылым  арқылы  дәйектеліп,  дәлелде-

ніп  және  негізделіп  келеді.  Қазақ  философиясының,  мәдениеті 

мен  өркениетінің  ерекшелігін  тану  –  жаһандану  дәуіріндегі  егемен 

Қазақстанның ары қарай да тұрақты дамуының маңызды шарты бо-

лып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет