Әдебиеттер
1. Казахи. Девятитомный справочник. Исторические личности. Том 2. –
Алматы, 1998. – 546 с.
2. Алтынсарин И. Собрание сочинений. В 3-х томах. Том 2. – Алма-Ата,
1976. – 423 с.
3. Добролюбов Н.Д. Избранное. – М., 1986. – 275 с. – С. 227.
4. Эфиров А.Ф. Ибрай Алтынсарин. – Алматы, 1959. – С. 41.
5. Алтынсарин И. Собрание сочинений. В 3-х томах. Том 1. – Алма-Ата,
1976. – 416 с.
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
191
6. Алтынсарин И. О ремесленной школе // Оренбургский листок, 1884,
29 января, № 5 // Уроки Ибрая Алтынсарина. – Алматы., «Жазушы», 1991. –
С. 368.
7. Уроки Ибрая Алтынсарина. – Алматы, «Жазушы», 1991. – С. 249.
8. Записки Оренбургского отдела РГО. Вып.1. 1870, с. 101–122 // Уроки
Ибрая Алтынсарина. – Алматы, «Жазушы», 1991. – С. 74–75.
9. Из протокола общего собрания Оренбургского отделения ИМП РГО
от 27 февраля 1868 г. // Ә. Ламашев. Ы. Алтынсарин және оның орыс доста-
ры мен ізбасарлары. – Алматы, 1988. – С. 78.
10. Джумагулов К.Т. Ибрай Алтынсарин. – Алматы: «Казахстан», 1984. –
245 с.
11. Алтынсарин И. Собрание сочинений. в 3-х томах. Том 3. – Алма-Ата,
1978. – 421 с.
12. Балгымбаев Г. Воспоминания об Ибрае Алтынсарине // Уроки Ибрая
Алтынсарина. – Алматы, «Жазушы», 1991. – С. 371–373.
13. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен
ізбасарлары. – Алматы, 1988. – 145 б.
4.3 Абай – қазақ халқы рухының жаршысы
Қазіргі уақытта қазақ халқының рухани мұрасын, оның өткені
мен бүгінін ой елегінен қайта өткізу, көп жылдар тұтқыны болған
қасаң қағиданы бұзу қазақ руханилығы мәселесін, оған жаңаша
көзқарасты зерттеуді қажетті де өзекті ете түседі. Қазақ халқының
руханилығын зерттеу қазіргі мәдениет бастауына қайта келуімізге
көмектеседі және қазіргі кездегі біз қол жеткізе алмайтын әлемді тек
қасымыздан, айналамыздан ғана көрмей, белгісіз биіктерден де көру
мүмкіндігіне жетелейді.
«Қазақтың ұлттық философиясының нақ ортасы – адам мәселесі,
оның онтологиялық, түпкі мәндік, танымдық күштері, – деп атап
өтеді М.С. Орынбеков. Бұл оның руханилығын, болмыстық және
мәдени мүмкіндігі мен болашағын жақын арада қарастыратын адам
мәселесін, оның түпкі мәнін шұғыл талқылауды қажет етеді» [1, 3 б.].
Шындығында, руханилық жеке тұлғаның шыңы, мәдениетке жетуі
ретінде әрбір тарихи уақытта адам алдында қайта ашылып, шешіліп
отырады.
Адамның рухани кеңістігі – биік мақсаттар мен арсыздықты,
жер мен Көкті, жақсы мен жаманды бірге алып жүретін түзу сызық
секілді. Рухани даму біртіндеп өрлеу мен жоғары құндылықтарды
ұғынуды көрсетеді. Рухани даму процесі сонымен бірге өз ісіңнің
адамгершіліктік және эстетикалық өлшемінің арақатынасы процесі,
өз болмысыңмен ойлау мен әсерлену және адамдар мен заттардың
әлеммен өзарақатынасының процесі. Руханилық адам болмысының
192
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
белгілі бір сапасы ретінде, адамның өз әлемін меңгеруінің жоғары
деңгейі мен табиғатқа, қоғамға және өзіне қатынасы ретінде, біздің
көзқарасымызша сөзсіз, жалпыға бірдей адамгершілік принципіне
негізделген.
Қазіргі философияда руханилықтың түпкі мәнін анықтайтын
түрлі әдістер бар. Руханилық танымдық, адамгершіліктік, этикалық,
эстетикалық және шығармашылық мәніне байланысты зертте-
леді. Бұл құбылысты зерттеуде көптеген әдістер қолданылса да,
зерттеушілердің көпшілігі руханилық адамның өзінің болмыстық
түпкі мәнін сезіну деңгейінің және өз өмірінің шегіне жетуі мен
адамзат тәжірибесіне айналуының нәтижесі екендігін мойындайды.
Қазіргі уақыттағы, біздің қоғамдағы руханилық мәселесіне қы-
зығушылықтың оянуы – кезекті өзгеріп отыратын сән үлгісі емес,
шындығында өздерінің үйреншікті әдетін тастап, жаңа қатынастар
мен басқа құндылықтар әлеміне жол салған, осы әлемдегі өз ор-
нын біліп, өз жолын табуға тырысқан біздің замандастарымыздың
аласұрған жанының қажеттілігі екенін ерекше атап өткім келеді.
Руханилық мәселесіне ықыластың оянуы – бұл саналы немесе әлі
толық сезінбеген, тек сыншылдықты, дағдаруды, тіпті өзінің бұрынғы
өмір сүру тәсілінің мүмкін еместігін сезіну мен әлемдегі басқа да өмір
сүру тәсілін, онымен өзарақатынас формасын іздеу. Руханилық бол-
мысы – бұл құндылықтарды асыра бағалау және мәнге ие болу жолы,
ал жеке адам үшін – бұл ең жоғарғы мақсаттарды және өз өміріндегі
ақиқат мәнді табу мәселесі.
Руханилық түсінігі өз болмысымыздың терең мәнін талқылауға
бағытталған ерекше (тіпті әмбебап) түсіну принципіне айнала баста-
ды, ал руханилықтың өзі адамның өзінің шынайылығын анықтаудың
өзіндік өлшемі, жеке болмыстың саналылығының, өзіндік құрылуы
мен өзіндік қалыптасу тәсілінің, яғни әлемдегі адам өмірінің мәні
мен мақсатының көрсеткіші болып табылады. Руханилықты жеке
адам бірден қабылдамайтыны, адамның өз қабілетін өзі жетілді-
ру арқылы, өзін еркін сезініп, өзгеру үшін ұзақ әрі көп еңбек ету
қажеттігі түсінікті. Біздің пікірімізше, руханилықты қалыптастыру
жолы адамның біртұтастығы мен тазаруы арқасында адамның се-
зімдік қабылдауы мен ішкі жарқылына қол жеткізуді мақсат еткен
адамның ұдайы өзгеріп отыруы болып табылады.
Қазақ философиясының ерекшелігі адам экзистенциясы мәсе-
лесіне, адам болмысының өмірмәндік негіздерінің рухани ізденісіне
бағытталуында. Қазақтардың ұлттық философиялық санасының
рухани бейімделуі оның ұзақ ғасырлық даму кезеңінде, ең алды-
мен, Абай мен Шәкәрім сияқты қазақ этикалық ойының белгілі
тұлғаларының шығармашылық мұраларында сақталған.
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
193
Біздің ойымызша, руханилық Абай философиясының негізгі
мәселесі болып табылады. Руханилықты олар адамның адам болу
негізі және қоғамдық дамуға адамгершіліктік бағыт беретін жағ-
дай ретінде анықтайды. Абай философиясындағы руханилық кате-
гориясы адам болудың әмбебап өлшемі және жеке адам мәдениеті
ретінде негізделеді, оның жалпы адамдық мәніне жалпылық сипат
береді. Қазақ философы руханилық адам сенімін өзіне қайтара ала-
ды, ол әлеуметтік енжарлық пен қауымның тығырыққа тірелуін жоя
алады, рухани күштер жеке және қоғамдық сананы адамгершіліктік
құндылықтарға, ал жеке адамды жасампаз әрекет пен қоғамдық
игілікке қызмет етуге бұра алады деген ой айтқан.
Абайдың түрлі ілімдер мен дүниетанымды тануға, ақиқатты
іздеу жолындағы ғылымның, философияның және діннің бірігуіне,
адамгершілік пен руханилықты адам болмысының жоғарғы заңы
ретінде дәлелдеуге ұмтылуынан сөзсіз философиялық сананың
ерекше стилі көрінеді. Ойшыл философиясына адам мен болмыс
мәселесін біртұтас қарастыру тән. Абайдың руханилыққа негіздел-
ген философиялық ойы адам болмысының гуманистік сұлбасы мен
оның дүние туралы түсінігінің аксиологиялық өлшемін көрсетуге
тырысатын қазіргі философиялық парадигмамен үндес екенін ерек-
ше атап өту керек.
Рухтың адамның адамгершілік сезімін жандандырып, санасын
оятып, әлемге, басқа адамға деген қатынасты қастерлеуді ұғындыра-
тыны белгілі. Рух, біздің көзқарасымызша, адамзатты байланысты-
ратын, оның санасын, еркін адамшылыққа бағыттайтын бастау.
Сондықтан рухани адам ол біртұтас адам, өйткені ойшылдыққа,
заттық-практикалық қызметке, сезімге, шындықты көркем қабылдау
мен дінге, өзін адам ретінде сезінуге бағытталған үйлесімді бірлік бо-
лып табылады. Жеке рухани дамуда рух жанның қасында алғашқы
болып табылады, өйткені оның құлшынысы адамның рух арқылы,
оның рухани дамуының негізінде бастау алуымен белгілі.
Біз қазақ эпосынан басқа ешбір деректен қазақ рухын, халық-
тың басынан кім болғанын, қазақ тарихы мен принципін жақсы біле
алмайтынымызды білдік. Халық рухы, оның тарихы мен поэтика-
лық формада философиялық ойлай алуын Абай қазақ эпосынан
алған. Көптеген бай халық ауыз әдебиеті ескерткіштерінің арасы-
нан эпостың алатын орны ерекше. Белгісіз дарындардың сансыз
ұрпақтары өңдеген көне көркем шеберлік, эпикалық шығармаларда
көрініс тапқан халықтың ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесі, ондағы
тарихи нақтылық эпосты халықтың, яғни оның рухының мәнін си-
паттайтын, поэтикалық қалыпта айтылатын ауызша тараған тарих
деп айтуға мүмкіндік береді.
194
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
Абайдың идеялық ізденістері қиын да қайшылықты әлем мен
оның терең үлгісін тануға бағытталған. Ойшыл дәуірдің ішкі мәнін,
оның рухани және қоғамдық бағытын түсінуге тырысады. Өзінің
этикалық толғамында Абай өз уақытындағы қоғамның фило-
софиялық ізденістерінің басты үрдісін білдіріп, адамның руха-
ни әлемінің барлық байлығын, оның діни нанымдарын, үміті мен
қасіретін ашып көрсеткен. Біздің көзқарасымызша, оның маңызды
ұстанымы, көзқарасы, сенімі мен қылығы құнды, сонымен бірге бү-
гінде, адамдардың дүниетанымдық бағыты мен рухани дамуға қол
жеткізу жағдайында да бұл маңызды. Дәл осы Абай сияқты ойшыл-
дар жайлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
«Тарих толқынында» кітабында: «Мәндік және көркем екі әлемнің
шығармашылық тұлғасы ретінде олар біздің жаңа қазақ тарихы-
на терең мазмұн әкеледі. Олар тарихтың уақыт ағынындағы біздің
мәдениетіміздің ерекше тұлғалары» [2, 177 б.] деп атап өткен.
Біздің пайымдауымызша, қазақтың рухани мәдениетінің
маңызды ерекшелігі – әлемді тұтастай алып қарастыруында және
сонымен қатар дүниені негізінен философиялық-көркем кейіпте
игеруінде. Міне осы дүниені тануымызды өзіндік қыры әлемді ра-
ционалды зерделеуден кем түспейді және кейбір жағдайда өнімді
әрекет болып табылады. Әлемді философиялық-көркем кейіпте иге-
ру шындықты рухани-практикалық тәсілмен жүзеге асады және ол
объективті шындыққа қарай өзінің ерекше құралдарымен талпыныс
жасайды және сонымен қатар философиялық мәселелерді үлкен
ауқымын өзінше бағалайды және бейнелейді. Осындай ерекше
қадамдар қазіргі кезеңдегі адамдардың дүниетанымдық және руха-
ни бағдарларын жаңаша айқындау заманында еркше маңыздылыққа
ие болады.
Абайдың ақиқат, сұлулық және жақсылық сияқты жалпы-
адамзаттық іргелі құндылықтарға іштейгі ұмтылысы адамды ол
барлығынан жоғары қоятынын көрсетеді. Абай үшін адам филосо-
фиямен айналысудың мағынасы мен шегі болып табылады, өйткені
оның пайымдауынша адам қоғамның негізі, тамыры және оны
жаңғыртушы күші болып келеді. Абай үнемі жаңғырудың жаңа
жолдарын іздеді және адамның адамгершіліктік жетілуі жолын-
да болуын қалады және оған барынша сене білді. Өмірдегі жекеле-
ген деректерініен айқындай отырып оны философиялық жалпы-
лау деңгейіне дейін жеткізді және өзінің барлық шығармашылық
күшін гуманизмнің жоғарғы мақсаттарына, адам болудың шынайы
ізденістеріне, адами лайықты өмірдің көріністеріне бағыттаумен
болды.
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
195
Абай қазақ философиясындағы жаңа дүниетанымның, адам
мен оның әлемдегі орны анықтаудың жаршысы болды. Ол өзінің
шығармашылығында қазақтардың армандары мен ойларын, адам
өмірінің сол дәуірге сәйкес келетін философиясын, оның болмыс,
мораль және этика туралы түсініктерін айшықтай білген
.
Сондық-
тан Абайдың этикалық ілімін қазақ философиялық ойының негізі
және өзегі деп айтуға болады.
Бүкіл әлемді және Қазақстанды да көмкеріп отырған жаһандану
дәуірінде өткеннің философиялық мұрасына, оның этикалық және
эстетикалық зерделеулеріне қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес на-
зар аудару заманауи өмірдің міндеттеріне барынша мағыналы жау-
ап береді және ол болашаққа деген қадамдардың бағыттарын анық-
тап отырады.
Шығыстың даналығы поэзияға жақын және терең философиялық
идеяларды көркем формалармен өрнектей отырып әруақытта құрғақ
рационалдылықтан, салқын жүйелеліктен аулақ болаға ұмтылады.
Қазақтың кемеңгер ақыны және ойшылы, философы және гуманисті
Абай сондай тұлға еді. Ж.М.Әбділдин атап өткендей ол «өз халқының
рухани мәдениеті мен ойлауын жаңа сатыға көтерді, жаңа рухани
кеңістікті ашты, шындықты көркем игерудің бұрын белгісіз болып
келген үлгілерін әзірледі» [3, 353 б.].
Шыныменде Абайдың рухани ізденістерінің орталығында
әлем мен адамның түбегейлі жаңғыруы, адамның шығармашылық
күштерін оятуға қабілетті жаңа құндылықтар мен бағдарларды
іздеулер арқылы оны асқақтатуы, басқа мәдени әлемдермен
қарым-қатынастарға итермелеуі орналасқан. Абайдың туындыла-
ры халқымыздың дәстүрлі мәдениетіндегі дүниелерден түбегейлі
айырмашылыққа ие болды. Ол дүниетанымдағы жаңа ойлау жүйе-
сін негіздеді, өзгеше этикалық және эстетикалық құндылықтарды
қалыптастырды, қазақтар үшін өмірдің, болмыстың және жаңа мұ-
раттардың жаңа ұстанымдарын ұсынды. Оның шығармаларында
сынның нысаны ретінде қазақтар, қазақ қоғамы алынған. Әрине, бұл
жағдай жалпыадамзаттық құндылықтарды көтерудің, адамзаттың
түбегейлі мәселлелерін өзектеудің, жақсылық пен әсемдікті дә-
ріптеудің өзіндік ерекше формасы болатын.
Абайдың шығармашылық мұрасы терең философиялық идея-
ларға толы: ол Шығыста негізгі философиялық мәселе болып та-
былатын адам мәселесі төңірегенде ой толғайды, адамгершілік
қасиеттер жайлы ілімді дамытады, адамның адамгершіліктік
жетілуінің гуманистік пинциптерін алға тартады, эстетикалық
мәселлелерді зерттейді. Абай туралы айтқанда, оның бірегей руха-
196
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
ни әлемі болғанын атап өткен жөн және оның өзегінде адам мәселе-
сі орныққан болатын. Адам мәні, оның этикалық және эстетикалық
келбеті, оның өмірінің мақсаты мен мағынасы, сезімдер әлемі мен
зердесі ойшылды терең толғандырды.
Абай көркем сөз бен поэзияның мағынасын ерекше биікке
көтерген тұлға. Ол кез келген сәтке арнап өлең жазған, байлар мен
күштілерді мадақтаған ақындарды, «әннің алтын сөзін жезге айнал-
дырды» [4, 7 б.] деп сынға алып отырды. Ойшылдың пайымдауынша
көркем, поэтикалық сөз қарапайым тіршілік етудің көзіне айналма-
уы тиіс, өйткені оның міндеті жоғарыдан және құдайдан, ол сонымен
қатар жүректі қозғап, жан дүниені күйдіруі керек. Сондықтан поэ-
зия өмірді бейнелеу керек екеніне, ақиқат пен жақсылықты қорғауға
тиістілігіне, жамандық пен пендешілікті айғақтап отыруы екендігіне
философ толық сенімді. Әрине, әсемдікке деген ұмтылыс ұлы
Абай шығармашылығының мәйегін құрайды, ал оның философия-
лық, этикалық және эстетикалық принциптері болашақтағы қазақ
философиялық ойының дамуының негізі мен өзегіне айналды.
Абай жөнінде, бұл – «адам» дейтін орталық нүктеге қарап, тепе-
теңдік ұстайтын тұтас әлем, Абай ғарышы деу жөн. Адамшылық
мәні, оның этикалық һәм эстетикалық келбеті, өмірінің мәні мен
мағынасы, зерде мен сезім дүниесі ойшылды тебіренте толғантқан.
«Абайға келгенде, ... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль, филосо-
фиясына тікелей қатысы бар» толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді,
әр сапалы, терең ойлы пікірлері бар екені даусыз. Біздің білуімізше,
Абайдағы философиялық көзқарастың көбі адамгершілік, мәселе-
сіне тіреледі», – деп жазады М.О. Әуезов [5, 171 б.].
Бұл пікірді мақұлдамау қиын, өйткені адам проблемасы және
оның қоршаған дүниеге қатынасы, өмірінің мәні философияның
жалпы өзегін құрайтыны, оның басты эерттеу нысанасы болып та-
былатыны ежелден белгілі жәйт.
Абай үшін негізгі мәселе – адам
проблемасы, ол және де кең ұғымда алынған. Дәлірек айтсақ,
философиялық мәселенің бір-бірімен тығыз байланысты, сабақтас
этикалық, эстетикалық, әлеуметтік, гносеологиялық және басқа
қырлары болғандықтан адам проблемалары, проблематика, адам
проблемалары жиынтығы тұрғысынан келеді.
Сонымен, біз адамды Абайша түсінудің тұжырымдарына бел-
гілі бір анықтама беруге ұмтыла отырып, бұны жасау қиынның
қиыны екендігіне көзіміз жетті, шынын айтқанда, «осы ұғымды
анықтаудың», – жалпы қажет емес пе деп ойладық, өйткені: бұл оны
тарылтып, төмендетіп жіберетіндей. Тіпті кез-келген анықтаманың
өзі – қажеттілікке орай қолға алынған заттың тек бір ғана немесе
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
197
бірнеше қырларын көрсете алады. Ал барлық затта – қырларының
саны шексіз. Бұл, бірақ анықтаманың қажеті жоқ деген емес. Алай-
да ол барлық анықтаманың шартты әрі заттың мәнін түгелдей бере
алмайтындығын білдіреді» [6].
Біз А.Ф. Лосевтің осы бір нақты әрі өте нәзіктікпен түсіндірген
түйінімен келісе отырып, бұл қазақ ойшылының философиялық
тұрғысын анықтауда біз кездестірген қиындықтарды толық бейне-
леп береді деп ойлаймыз. Абайдың адамды түсінуі оның этикалық
көзқарастарынан ажыратып алғысыз дей тұрсақ та, ойшыл адам
проблемасының этикалық қырына өзінің негізгі назарын аударды
деп айта аламыз, оның бүкіл шығармашылығының өн бойы «толық
адам» – өз мәніндегі, иманды, үндестікке толы адам туралы терең
ой-толғамдарғатолы, ал оның бастымақсаты – Адам болу үшіннеге
жақын, неден қашықжүру керек екендігін үйрету, жақсылық пен
жамандықтыңақиқаттық болмысын ашып беруеді. Абай өз ру-
лас ағайындарына, қазаққа арнап, былай деген: «Екі сөздің басын
қосарлық неақылы, неғылымы жоқбола тұра, өзімдікінжөн қыла-
мын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның
несі адам?» [7, 179 б.].
Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық
қағидасы – бұл «Адам бол!» деген үндеуі – ол ойшыл-ақынның
шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үңдеуінің этикалық
мәні – адамның өмірдегі міндеті мен ролін жоғары бағалау. Адам –
ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің
және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс та-
буы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің әшекейі, орман
мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай үлкен
мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» - деп жар салады [5, 86 б.].
Абай адамның рақымды болуы оның құдай тағаланың көрінен
қорыққандығына байланысты емес, оның өз қылықтары үшін ар ал-
дында, ақыл-ойы, өзін қоршаған адамдар алдында жауапкершілі-
гін сезінуімен деп есептейді. Абайдың пайымдауынша, шынайы
қайырымды адам өзінің істеген жақсылығына сый күтпейтін, атқар-
ған жақсы істерінің нәтижесінде оған рақаттану немесе қиналыстар
келсе де оған ұмтылатын кісі болып табылады. Қайырымды әрекет-
тер – қоғамға пайдалы, адамдардың жалпы мүддесіне сәйкес келе-
тін әрекеттер деп танлады.
Абайдың этикалық тұжырымдамаларында «еңбек» ұғымының
айрықша орны бар, өйткені қазақтың ойшыл-ақынының еңбектің
адам өміріндегі мәні туралы айтылмайтын шығармасы жоқ деп
әсірелеусіз айта аламыз. Еңбек әрекетін Абай адамның рухани, ақыл-
198
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
ойының калыптасуының негізі деп есептеді: «Ақыл, ғылым – бұлар –
кәсиби» [6, 219 б.].
Ол
сонымен қатар, еңбек адам жанын түлетеді, ал
еңбектен алыс жүретін жалқауларда жаман әдеттерге бейімділіктер
көп кездесетінін келтіреді. «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің
дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осы-
дан шығады», – деп жазады «Ғақлиясында» [6, 207 б.].
Ж. Аймауытұлы «Абай» журналында жарияланған белгілі мақа-
ласында, қазақ ағартушысының этикалық қағидаларына байланы-
сты былай деп жазады: «Шеберлікті меңгер», оқы, еңбек ет, тәрбиелі
бол, адам бол, шамаңды парықтай біл деп Абай табаңдылықпен
қайталайды. Ол халқыньң қамын ойлады, адамдық атына қызмет
етуге, адамды туысындай сүюге шақырды» [8]. Ж. Аймауытұлы
сондай-ақ Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, әділ-
дік, шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол өмір бойы «жаңылыс
басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды» [8].
Ойшыл ақынның этикалық мұраттары эстетикалық қырлармен
тығыз астасып жатады. Абай бойынша адамгершіліктік жетілу бұл
этикалық пен эстетикалықтың бірлігі және ол белгілі бір эстетика-
лық құндылыққа толы. М.С. Орынбеков орынды жазып көрсеткен-
дей: «Абайдың өлеңдері мен прозасын оқи отырып оның этикалық
және эстетикалық позицияларының астасып жататынын байқай-
мыз. Сұлулық пен жақсылық терең біртұтасып кетеді, сондықтан
ақкөңіл адам көркем болып келеді. Абайдың өзі сондай адам еді,
және ол өз дәуірінің руханилығы мен мәдениетін дамыта отырып
жинақтады» [6, 129 б ].
Абайдың жанға жақын идеяларының бірі адамды табиғатқа
жақындату: адам мен табиғат, табиғат пен махаббат, табиғат пен
өмір, табиғат және өнер оның поэзиясының сүйікті тақырыптары
болды. Абай шығармашылығында нақтылы пейзаждық, лири-
ка көлемі аса көп емес, барлығы бірнеше өлеңдер: «Жаз», «Күз»,
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Қыс», «Желсіз түнде жарық
ай», «Жазғытұры» және басқалар. Дегенмен бұл шығармалардың
Абай шығармашылығында алар орны салыстырмалы түрде ерек-
ше, өйткені бұл өлеңдерде қазақ даласындағы жылдың төрт мезгілі
толығымен суреттеліп қана қоймайды, табиғаттың көркемдігі
айшықталып, ақынның дүниеге көзқарасы, оның идеялық-көркемдік
кредосы, оның көшпелі өмір жағдайындағы әлеуметтік проблема-
ларды түсінуі, адамды түсінуі тұтастай көз алдымызға келеді. «Оның
жылдың төрт мезгіліне /көктем, жаз, күз және қыс/ арналған ғажап
өлеңдері Еуропаның көрнекті ақындарының өлеңдерімен қатар
тұрар еді» – деп жазады Ә. Бөкейханов [10,8 б.].
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
199
Ақын қазақ мемлекеттілігінің демократиялық дәстүрлерін, би-
лердің соттық тәжірибелерін жоғары бағалап, Сахара халқының
игілігі үшін олардың қайта жаңғырту тәсілдерін іздестірді. Абайдың
ойынша билер Есим хан салған «ескі жолды», Қасым ханның «қасқа
жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» әрқашан есте ұстаулары ла-
зым.
Халық нағыз лайықты адамддарды өздері сайлау керек, дауыс
беру авантюристердің айла-шарғысына айналмауы тиіс, ал бұл өз
кезегінде адамдардың бір-біріне деген өзара сыйластығына нұқсан
келтіреді. Халықтың рухани әлемінде кез келген саяси құрылым
өзінің өмір-құрылымдық негізін қалауы тиіс, әйтпесе ол ұзаққа бар-
майды. Осы мәселелер жайындағы Абайдың көзқарасы халықтың та-
рихи жадының, этностың өзіндік санасын қалыптастырудағы рухани
мұраның маңызын түсінуге әкеледі.
Абай қазақ халқының өзін өзі басқаруға, өзін өзі ұйымдастыру-
ға қабілетті екендігінде сенді, ол өзінің «Қара сөздерінде» қазақ
халқының рухани өрлеуінің мазмұны мен негіздеріне жиі оралуы
тегін емес. Ойшылдың Қазақ сахарсының әлеуметтік өмірінің кей-
бір тұстары мен этностың рухани әлеміне деген сындарлы да сыни
көзқарастарынан, оның туған ортасының алдыңғы қатарлы қоғамдық
құндылықтарды жасауға қабілеттілігіне түңіле қарауына негіз болды
деп айтуға болмайды. Қазақ қоғамының өзін өзі басқаруға, мәдени-
жасампаз шығармашылыққа қабілеттілігіне этностың тарихы куә.
Негізінен қоршаған әлеуметтік ортасы Абай ойларын қарама-
қайшылыққа толы ұлт өмірінің өзіне тән рухани байлығымен қоса,
тұтастай соның бейнесі ретінде қабылдады.
Абай қазақ халқының рухани келбетін анықтауда бүтін бір
құрылымнан жеке бір элементті бөліп алмай, көптеген қиын-
шылықты басынан өткерген туған халқының өмірін тұтастай алып
қарастырады. Ойшыл өз халқының рухани жетілудің биігімен
теңесіп өмір сүргенін қалайды. Ақынның алдыңғы қатарлы дамы-
ған халықтардың жеткен деңгейіне жетуге, белсенділікке үндеуі
қазақ қоғамының мүдделері мен өз жерлестерінің этноменталдық
табиғатын байыпты пайымдауларына сүйенген. Абайдың ойын-
ша адамның шығармашыл табиғаты оны мазаламай тұрмайды. Ол
ақылының, білімі мен адамгершілікті қасиеттерінің арқасында жа-
сампаз. Шығармашылдық үдерістің өзі адам еркіндігімен тығыз бай-
ланысты және социумда оның рухани өсуін қамтамасыз етеді. Бұдан
басқа, адамның рухани жетілуі үшін ғылымға, сенім мен өмірге
берілгендік өте маңызды және осы үдерістің негізгі элементі болып
табылады.
200
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
Абайдың іштей іргелі жалпыадамзаттық құндылықтарға –
ақиқатқа, сұлулық пен ізгілікке ұмтылуы, ол үшін адам бәрінен
жоғары екендігін көрсетеді. Абай үшін адам философиялық ой-
лаудың шегі мен мәні, өйткені әлемнің түйіні, жамапаздықтың
шыңы, қоғамның негізі мен тамыры. Абай оның жаңаруының жол-
дарын іздеді, оған ізгілік себуге, адамды өнегелі жетілуге үндеді және
соған шексіз сенді. Адамның өмір сүруінің жеке фактілерінен өмір
туралы тұтастай философиялық пайымудауларға жеткізген ойшыл
өзінің бүкіл шығармашыл ой-қуатын жоғары гуманистік мұраттарға,
лайықты адам, нағыз адамшылықты іздеуге арнады.
Өзінің философиялық қайнарларына, солардың ішінде Қазақ
ағартушылығына қызығушылықтың оянуы, халықтың мемлекет
құраушы құндылықтары болып табылатын ұлттық өзіндік санасы
мен халықтың бірлігін нығайтады. Қазақ ағартушыларының ұлттың
бірігуі, етек-жеңін жиюы және өзіне өзінің жеткілікті болуы, бәсеке-
ге қабілеттілігі мен халық күшінің ішкі тетіктерін жетілдіру жайлы
идеялары қазіргі кезеңдегі қазақстандық қоғамның ұлттық идеясы
болып отырған «Мәңгілік Ел» идеясымен үндес.
Қазақ қоғамының даму барысында пайда болған ағартушылық
кезеңі бұл – ұзаққа созылған дағдарыс кезеңінен шығу жолына де-
ген аса қажеттіліктен туындаған заңды құбылыс. Қазақтың ойлау
дәстүріндегі ағартушылық идеологиясы бізге сырттан енген жоқ, ол
қазақ халқының рухани мәдениетінің эволюциялық даму нәтижесі.
Қазақ Ағартушылығы – ол ағартушылықтың тарихи өмір сүруі-
нің, көрініс беруінің нақты, ұлттық формаларының бірі. Ресей мен
Батыс Еуропа тарихындағы ағартушылық қозғалыстарымен тұспа-
тұс келген Қазақстандағы ағартушылық кезеңінің қазақ халықының
тарихи және ұлттық дамуының, рухани мәдениетінің ерекшелігімен
шартталған өзіндік қыр-сыры болды.
Қазақстандағы ағартушылықтың ерекшелігін анықтаған ма-
ңызды сипаттардың бірі Қазақстанның Ресейге қосылуына байла-
нысты туындаған ұлттық мәселелер болды. Дәл осы себептен қазақ
ағартушылығы кезеңіндегі әлеуметтік-саяси құрылымды буржуа-
зиялық жаңғыртуға деген қажеттілік жалпы ағартушылыққа тән
құбылыс. Аталған қажеттілік Қазақстанның Ресеймен берік одақ
құрып, қазақ қоғамының Ресейдің жоғары мәдениетін қабылдауына
үндеді. Қазақ ағартушылары еуропалық, әсіресе орыс өркениетінің
қазақы ортаға енуінің негізін қалады, ал олардың сауатсыздықпен,
әділетсіздікпен күресуі өзге мақсатта болып, батыстың ағартушы-
лары жүргізген күреске қарағанда, мүлдем басқа нәтижеге алып
келді.
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
201
Қазақ ағартушылығының басты ерекшеліктерінің бірі қазақ
ойшылдарының көзқарасындағы әлеуметтік бағыттың, сонымен
қатар, адами экзистенция мәселесі мен адам болмысының өмірлік
маңызды негізіне деген рухани ізденістің басым болуы болып табы-
лады. Қазақ ойшылдарының шығармашылығы астарында халықтың
сауатсыздықтан көзін ашып, ағартушылыққа беттеу идеясы жатыр.
Қазақ ағартушылары әлемнің бірегей бейнесін ашып көрсетуге ты-
рысты. Олар адам рухани кемелденбесе, оның кез-келген әрекеті
мәнін жоғалтатынын айтады.
Қазақ ағартушылығының халықтық философиясы жалпы ұлт-
тық құндылықтар мен адамгершіліктік жауапкершілік туралы
терең ойларға толы. Қазақ ағартушылары үшін руханият түсінігі
болмыстың терең мәні, адам бойындағы шынайы адамгершлікті
анықтау, адамның өмір сүруінің мақсаты сияқты өздерінің пайым-
дарына сүйене отырып, ерекше мағынадағы түсіндіру қағидасына
айналды.
Орыс ағартушылары сияқты, қазақ ойшылдары да белсенді,
білімді, қоғамдағы жаңа қатынастарға сәйкес икемделген, бейім-
делген жаңа адамның бейнесін насихаттады. Қазақстанның Ресей-
ге қосылуының нәтижесінде, ресейлік жер аударушылармен кел-
ген тауар-ақша қатынасының дамуы, отырықшылық, зайырлы
білімнің таралуы, қазақ халықының дүниетанымдық бағдарларын,
ұстанымдары мен өмір сүру салтын қайта қарастыруды талап етті.
Қазақтар жаңа жағдайға бейімделу керек болды, ал бұрыннан
қалыптасып келе жатқан өмір салтын өзгерту, бұрынғы ойлау
жүйесінен арылу керектігі жайлы ойлар қазақтың ағартушылық
және демократиялық ойларын өзектей түсті.
Ағартушылық кезеңіндегі қазақ ойшылдарының болашақтағы
қоғамдық құрылым жайлы мұраттары батыс ағартушылық өкіл-
дерімен айтарлықтай сәйкес келген жоқ. Егер Батыс ағартушы-
лары өз сенімдеріне қарамастан, өз қоғамдарының мүддесіне толық
жауап бере алатын буржуазиялық құрылысты объективті түрде
дәрібін асырса, ал қазақ ағартушылары толық еркіндік пен әділдікті
қамтамасыз ететін, сонымен қатар елдің барлық саяси өміріне
араласуға мүмкігндік беретін қоғамның білімі мен ағартушылығына
негізделген демократиялық тәртіпті орнату үшін күресті.
Батыс ағартушыларына қарағанда, қазақ ағартушыларының
айырмашылығы, олардың қанаушылық феноменін өздері қатаң
сынға алуы болып табылады. Осы тұрғыда Қазақстанның ағартушы-
лары әлемдік ағартушылық ойдың дамуына зор үлестерін қосты
деуге болады.
202
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
Адамның, халықтың жан-дүниесін қалыптастыратын жазушы-
лар, философтар, ақындар болып табылады, олардың рухани
қызметінсіз рухани өмірді қалыптастыру қиын екені анық. Абай
сондай ерекше тұлғалардың қатарына жатады. Оның шығар-
машылығының адамгершілік деңгейі жоғары. Қазақтың ақын-
философы барлық ғұмырын өз халқының рухани өмірімен, уа-
қыттың тезімен байланыстырады, демек, адам өзінің атын мәңгіге
қалдырам десе өз уақытының мүддесіне сәйкес өмір сүру керек.
Бірақ ұлы гуманистке деген ерекше қызығушылық, біздің пайым-
дауымызша, Абайдың поэзия мен философияны біріктіре алатын
қабілетімен байланысты. Осы қасиеттер адамды толқытып, әрбір
жаңа ұрпақты өзіне бұрды. Сондықтан қазіргі кезеңге Абайдың
поэзия жолдарына қарап отырып жаңа дәуір үдерістерін терең
түсініп, зерделеуге болады. Ойшылдың мәңгілік пен ақиқатқа ба-
ғытталған, өмір мәнінің іздеуімен байланыстырылған, адамның
келбетін асқақтатын тұжырымдарының құндылығы күн өткен
сайын маңызын жоғалпайттығын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |