Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


ҰЛТ БОЛМЫСЫ – ҰЛТТЫҚ ТАРИХТА



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ҰЛТ БОЛМЫСЫҰЛТТЫҚ ТАРИХТА
(ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің Қазақстанның 
ұлттық тарихын зерттеп білу мәселесі жайындағы 
баяндамасына орай)
Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ұлт­
тық тарихты зерделеу жөніндегі ведомоствоаралық жұмыс 
тобының кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Мем­
лекеттік хатшы Марат Тәжин қадау­қадау ой айтып, пайым­
ды пікір білдірген еді. Ұлт тарихын зерделеуге деген жаңа 
өзгерістерді жіліктеп берген Мемлекеттік хатшының атал­
мыш баяндамасын «Қазақ» газетінің 21­28 маусымдағы №25­
26 санында жариялаған болатынбыз.
Мемлекеттік хатшының ұлттық тарихты зерттеу жа­
йындағы баяндамасы баршамызды серпілтті. Ол Прези дент­
тің соңғы Жолдауындағы бағдармалық сөздерінен туында­
та келе, ұлттық тарихтың түйінді мәселелерін атап айтты. 
Әлбетте, шынайы ұлттық тарих жазылуы қажет. Сол шы­
найы ұлттық тарих негізінде заман талабына сай ұлттық сана, 
ұлтың жаңа тарихи дүниетанымына қалыптастырылуға тиіс. 
Мемлекеттік хатшы бұл үшін тарих зерттеушілерін жаңа 
әдістемемен қарулануға шақырды.
Бұл жерде мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа 
моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды ай­
қындау туралы болып отыр. Сөз жоқ, бұл құндылықтар осы 
заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуы тиіс. 
Олар ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, 
мә дениетін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Отандық ғалымдар тарихты зерттеуде жаңа әдістемені пай­
даланбай жүргенін тілге тиек еткен Марат Тәжин: «Ғалым­

269
ның рөлі өзгерді. Тарих ғылымына феноменология мен гер­
меневтика әдістерінің енуі тарихи зерттеулердің сипаты ның 
өзін едәуір өзгертіп жіберді. Ендігі жерде тарихшы факті­
лерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеу­
ші» емес, тарихшы «пайымдаушыға» – зерттелетін уақыттың 
ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерт­
теп қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн­
жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға 
айналуға тиіс», – деп, тарих ғылымына таным әдістерін сыни 
тұрғыда қайта қарау талабы қойылатынын еске салды. Бұл 
шын мәніндегі заманалық айтылуға тиісті сөз еді, әйтпесе 
біздің кәнігі деген тарихшыларымыздың өзі «өз илеуінен» 
шыға алмай жүргені жасырын емес қой. Иә, тарих тарих бо­
луы керек, тарих ұлттық тарих болғанда ғана Қазақия тарихы 
бола алады.
Өз баяндамасында Марат Тәжин Мемлекет басшы­
сы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық тарих мәселелерімен 
көптен бері және нақтылы айналысып жүргенін, «Тарих 
толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің ар­
наулы бағдарламасын жасауды ұсынғанын айта келе, бұл 
бағдарламаның негізгі мақсаттарына, яғни Қазақстанның 
тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме 
арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау, 
қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың 
жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру, Қазақстаның 
жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдау 
қажеттігіне тоқталды.
«Біздің алдымызда бұған дейін ұлттық тарихта ше­
шілмей келген ауқымы жағынан аса үлкен міндет тұр», – де­
ген Марат Тәжин сол негізгі міндеттерге кеңінен тоқталып 
өтті. Жинақталған тарихи фактілер мен куәгерліктер, ма­
териалдық мәдениеттің жәдігерліктері, нышандық мәні бар 
пішіндер мен әдет­ғұрыптарды зерттеу, филология мен линг­
вистиканың мәліметтері, тарихи география мен демография, 
тарихи зерттеудің жаңа тәсілдері, пәнаралық көзқарастар 
бізге қазақтардың этногенезі бұған дейін тарих ғылымы дәйім 
пайымдап келген кезден анағұрлым ерте қалыптасқан деген 
болжам жасауға мүмкіндік береді. Этнос көкжиегін біздің 

270
дәуіріміздің бірінші мыңжылдығына дейін кеңейту және оны 
ғылыми тұрғыдан орнықтыру бүкіл ұлттық тарихқа жаңаша 
қарауға, біздің халқымыздың планетаның осы алып өңіріндегі 
алатын нақты орны туралы түсінігімізді өзгертуге мүмкіндік 
береді. Мұның өзі ұлттық сәйкестіктің маңызды факторына 
айналып, ұлттық сана­сезімімізді қағидатты түрде өзгертеді. 
Бұл – Мемлекеттік хатшы айтқан бірінші міндет және дөп ба­
сып айтып, алға қойылған міндет! Батыл міндет!
«Біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың басты мән­мағы­
насын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз 
егемен мемлекеттің өмірінде үшінші онжылдық бастал­
ды. Осы жылдар ішінде расында да ғасырларға тең жолдан 
өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның 
өтпелі кезеңінің ерекшелігі неде еді, қалыптасқан мемлекет 
дегеніміз не, нақты тәуелсіздіктің негізгі белестері қандай, 
қандай қауіп­қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, 
саяси және мәдени жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың 
бәріне дәйекті әрі анық жауап беру – тарихшылардың кәсіби 
қоғамдастығының міндеті», – деген Марат Тәжин осылай­
ша екінші міндетке де айрықша тоқталды. Міне, отандық 
тарихшылардың алдында тұрған міндеттің маңызды бөлі­
гі екенін қадап айтқан Марат Мұханбетқазыұлы бұл міндет­
тердің бәрін шешу үшін орта мектептер мен жоғары оқу 
орындарындағы тарихты оқытудың осы заманғы және шын 
мәніндегі ғылыми біртұтас мемлекеттік стандартын жасау 
керектігін және ол стандарт осы заманғы зерттеу тәсілдері 
мен оқыту әдістеріне негізделуге тиістігін бас айтты. 
Тұтастай алғанда өз баяндамасында Марат Тәжин алға қо­
йылған жұмысты бес бөлікке бөліп, оның әрқайсысына қыс­
қаша тоқталып өтті. 
«Бірінші. Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасын­
да орталық буынға айналуға тиіс. 
Екінші. Біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихы ның 
ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжы­
рымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, 
Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың 
өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын 
анық көрсетуге тиіс. 

271
Үшінші. Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі та­
рихи материалдардың барлығын жинауға,жүйелеуге жә 
не 
жіктеуге баса көңіл бөлуге тиіспіз. Сондықтан да біз та рихи 
артефактілердің (бұл қазіргі заман тарихына да қатысты) 
барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерт 
теуге, 
сондай­ақ ол тарихи материалдарды Қазақстанға қай 
тару 
мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарауға, егер ондай мүмкін­
дік болмаса – олардың көшірмесін жасатып, болашақта 
зерттеушілер мен жалпы жұртшылық үшін қолжетімді етуге 
тиіспіз. 
Төртінші. Сіздердің назарларыңызды ортаазиялық но­
мадтық өркениетті зерттеудің маңыздылығына ерекше ау­
дарғым келеді, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы 
қазақ этносы болып отыр. Қазақ этносының археологиясын, 
антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті 
мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың 
номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғы­
лыми­қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды 
тапсырамын. 
Бесінші. Тарих бойынша сапалы оқулықтар даярлау мә­
селесі күн тәртібінен түспей тұр», – деді Марат Мұханбет­
қазыұлы.
«Өткенін ұмытқан қоғамды болашақ та ұмытады», – деп 
түйіндеді сөзін Марат Тәжин. Әрине, Мемлекеттік хатшы 
айтқан бұл күрделі мәселелер қолға алынып, алға қойылған 
міндеттер жүзеге асса, онда бұл ұлт тарихын зерделеу 
жұмысында қазақтың «өлгені тіріліп, өшкені қайта жанғаны» 
емес пе?
Жалпы шынайы ұлттық тарих біздің мемлекетіміздің 
одан әрі нығая түсуінде, шын мәніндегі қазақтың ұлттық 
мем лекетін құрып, мың жылдық ғұмырын баянды етуде аса 
зор рөл атқарады. Мемлекеттік хатшының баяндамасынан 
осыған жоғарыда терең мән берілгенін, мәселені жаңаша 
ұғынып, мүлдем жаңаша парықтау жасалғанын ұқтық. Алға 
үлкен міндеттер қойылды. Тарихи білім беруді дамыту жол­
дарын қарастыру, азаматтарымыздың бекем патриоттық 
сана­сезімін қалыптастырудағы басым бағыттарды белгілеу 
қажеттігі айтылды. Тарих ғылымының өкілдері ғылымды, 

272
білімді, мәдениетті дамыту саласына, жас ұрпақты тәрбиелеу 
ісіне белсене атсалысу керек екені көрсетілді. Осылайша 
Мемлекеттік хатшы іргелі мәселелерді көтеріп, өз ойын жұрт 
талқысына салды. 
Әрине, бұл айтылған мәселелердің бәрі қоғамдық тал­
қылаудан өтуі тиіс. Ұлт тарихына жанашыр сала маманда­
ры бұл ауқымды жұмыстан тыс қалмаса керек. Әбден қоғам 
сүзгісінен өткен мәселелерді нақты ұсыныстар түрінде 
желтоқсан айында мемлекет басшысына беру жоспарланып 
отыр екен. Осындай жауапты тұста тарихқа деген көзқарас 
жалпылама болмай нақты болса ұтыс көп. Жасырмайық, 
бізде адасулар кезеңі, басқадан бұққан өкінішті кезеңдер 
жеткілікті. Осы реттен де ұлт тарихын терең білу – бұл парыз 
ғана емес – қажеттілік. Осы қажеттілікте бетбұрыс басталып­
ты, оны мемлекеттік хатшы сөзінен аңғардық, өте жақсы, ен­
деше, осындай игілікті қадамды жалғастыру қажет. Еш елде, 
еш ұлтта «жұқа тарих» жоқ, ал оған бойлай алмай жүрсек, өз 
тарихымызды біле алмай жүрсек, бұл әрине мін. Таза тарихты 
есті ел ғана жазады. Ұлт болмысы – ұлттық тарихта. Бұл – басы 
ашық әңгіме. Жалтақ жұрт өз шежіресін құрай алмайды. За­
мана тарихын зерделер тұс келгенде өз ата тарихымыздан 
безіп, төменшік танытсақ, мұны қалған кездегі уақыт әсте 
кешірмейді, жаңа қоғам алдында осындай тірлік істер тұр. 

273
Оразбек СӘРСЕНБАЙ
АЙТЫЛМАЙ КЕЛГЕН ӘҢГІМЕ НЕМЕСЕ ҚОҚАН 
ХАНДЫҒЫНЫҢ ЕЗГІСІНДЕ БОЛҒАН КЕЗЕҢ НЕГЕ 
ЗЕРТТЕЛМЕЙДІ?
Тәуелсіздік тізгінін қолымызға алғалы бері бір жеткен 
же 
тістігіміз қазақ тарихындағы бұрынғы ақтаңдақтар 
дың 
ор нын толтырып, тарихи әділеттілікті орнату жолын  дағы 
әрекеттеріміз деп айтуға болады. Айрықша бұрынғы отар­
лық өктемшілік замандарда шетел басқыншылары 
 
ның, 
шап    қыншыларының 
озбырлықтарына 
көнбей, 
ұлттық, 
аза мат тық намысын бәрінен жоғары ұстап, азаттық туын 
кө 
те 
ріп шыққан баяғы хас батырларымызды уақыттың 
шаң­тозаңынан аршып алып, бүгінгі бейбіт, беймарал ты­
ныш тықтай көрінетін кезеңнің, үлкен­кіші ұрпағына тәлім­
тәрбие, үлгі­өнеге ретінде танытпақ ниетіміз де әбден дұрыс. 
Енді­енді ғана еркіндіктің дәмін тата бастаған бүгінгі қазақ 
ұрпағына америкалық «Аватар» кинофильміндегі ойдан 
шығарылған қияли, қисынсыз қаһармандардың түкке керегі 
жоқ. Бұларсыз да өзіміздің төл тарихымызда әділет, теңдік 
жолында шыбын жандарын шүберекке түйіп жүріп арпа­
лысып өткен шын жаужүрек, шын жанқияр ерлеріміз аз 
болмаған. 
Осындай қисын жолымен қарағанда, ежелгі Қазақия да­
ласын әне бір жоңғар­қалмақ басқыншылығынан тазарту 
жолындағы сан ғасырға созылған соғыстар, саяси соғыстар 
қазір әжептәуір зерттеліп, тарихи зердеден өткізіліп жатыр. 
Бұл жағынан әсіресе, жазушы ағайындарымыз белсенділік 
байқатуда. Соңғы жылдарда қаншама тарихи әфсаналар, 
қалың­қалың романдар жарық көрді. Солардың баршасының 
қозғайтын тақырыбы – баяғы қазақ­қалмақ ұрыстары, сол 
замандардағы хан, сұлтан, батырлардың баяндары. Кино­
18­0192

274
ларымызда да осы сарын. Ал шынына көшсек, әуелден­ақ 
ізгі ниеттен туып жатқан осы еңбектер (еңбек екеніне ешкім 
күмәнданбайды) бірте­бірте біржақтылыққа, таптаурынға, 
қайталауға, шектеушілікке айналып барады. 
Ал сонда он сан ғасырларға созылып жатқан қазақ кө­
шінің жолын жоңғар­қалмақтан басқа ешкім кес­кестемеген 
бе екен? Бағзы мезгілдер тарихын қопармасақ та, кейінгі 
таяу ғасырлар көлемінде, өзгелерді былай қойғанда, ірге­
лес отырған көршімізден, күші басым қауымдастырдан 
қарапайым ел­жұртымыздың көрген құқайы аз ба еді? Өткен 
тарих қатпарларын қаза берсек, бүгінгі тату­тәтті елдер арасы­
на сына түседі­мыс, «орыстар ренжиді», әйтпесе «қырғыздар 
қырын қарап, өзбектер өкпелейді» деу тарихи көзқарас емес, 
тоғышарлық тұжырымсымақ болар еді. Тарихи ғылымының 
идеологияға, саясатқа недәуір кіріптарлығы рас, бірақ өмірде 
болған шындық бәрібір өзгермейді, болған күйінде қала береді. 
Оның үстіне, аумалы­төкпелі, алай­түлей, айқасты­шабысты 
замандарда тірлік кешкен ұлттар мен ұлыстардың қатардағы 
қарапайым тобына (қазақ па, өзбек пе, орыс па – бәрібір) тарих 
қашаннан айып тақпайды. Ал бүгінгі халықтарға ол тікелей 
қатысты емес. Отаршылдық, үстемшілдік, басқыншылық 
қозғалыстардың басында негізінде билік иелерінің (соның 
соңына ерушілердің) мүдделері тұратыны белгілі. 
Ендеше, ешкімнің көңіліне қарамайтын, өтпелі саясатқа 
алаңдамайтын тарихты оқып, білуге әрқашан мүдделі болуы­
мыз керек.
Осындай талап тұрғысынан қарағанда, анау жоңғарлармен 
жүз елу­екі жүз жылға созылған ұзақ шайқастарда ақыры 
Қазақия жеңіске жетіп, азаттық жолына түскендей болған 
кезде, көп ұзамай әуелі алып Ресей, артынан өзіміздің күн­
гей жағымызды жайлап жатқан діндес, қандас туыстары­
мыз Қоқан мен Хиуа хандықтары тарапынан қомағай, 
қорқау дұшпандардың бас көтергені белгілі. Сөйтіп, XVIII­
XIX ғасырларда Қазақияның Ұлы Даласындағы жорық­
жор туылдар толастамай, жалғаса берді. Қоқан, Хиуа хан­
дарының ХІХ ғасырдың басына Сыр бойын, Жетісу аймағын 
басып алып, қалың елге көрсетпеген азап­қорлығы мен 
қия нат­қасіреттері аз болмаған. Ең әуелі Хиуалықтар өзге 

275
ағайындарынан бөлініп, жеке мемлекет құрып алады да, 
Мұхамед Рахым деген ханның (1806­1825) тұсында қатты 
желігіп, қазақтың Кіші жүз бұтағы жайлап жүрген Сырда­
рия өзенінің төменгі жағалауына қарай лап қояды. Ал Қоқан 
ханы Әлім (1800­1809) тұсында Сырдарияның жоғарғы, 
ортаңғы жағалауын жайлап жүрген Ұлы жүз бен Орта жүз 
бұтақтарына қол салады. Сөйтіп, тағы да ондаған жылдарға 
ұзаған Оңтүстік қазақтарының Отан соғысы басталып кетеді. 
Өкінішке қарай, біздің отандас тарихшыларымыз әлі күнге 
шейін қазақ тарихындағы осы қиын­қыстау кезеңге атізін 
салмай жүр десек те өтірік емес. Мұның біз жоғарыда атап 
өткен сылтау­себептері бар. 
Тарихи деректер Қоқан ханы Омардың (1809­1822) тұ­
сында сан жағынан есептегенде ол тұста қоқандықтардан 
әл денеше артық Оңтүстік қазақтары бастарын қоса алмай, 
жік­жікке бөлініп жүріп, жеке­жеке ұрыс­қақтығыстарда 
жа рақты жаудан жеңіліп, бірте­бірте бұқпантай, бағынышты 
тұрмысқа үйрене бастағандай еді. Сол тұста Шымкент, Сай­
рам, Түркістан, Жаңақорған, Жөлек секілді ескі кент, 
қоныстар Қоқанның қолына өтіп, әскери бекіністерге айнал­
ды. Қараусыз, карауылсыз қалған халықты қанау, аяусыз 
жаншып­басу, Мәдәлі (1822­1842), Құдияр (1845­1875) хан дар 
билеген мезгілдерде айрықша асқынып кетеді. Соның ішінде 
түтін басына салынатын мөлшерсіз алым­салықтар қарапа­
йым қалың елді біржола «отыра зекет» қылып, тұралатып 
бітеді. Сол уақыттарда қазақ тілінде енген «қоқан­лоққы» 
деген тіркес бар. Бұл сөз қазір де жиі айтылады. Мағына­
сы: қорқыту, үркіту, доқ көрсету, айбат шегу. Қоқандықтар 
жай айбат шегіп қана қоймай, жазықсыз елді талай мәрте 
қанға бөктіріп, аяусыз жазалағаны тарих бетіне түсіп қалған. 
Олар әсіресе, қазақ ішіндегі қыпшақ тектестерге айрықша 
өшігулі болыпты. Мәселен, Мұсылманқұл хан 1852 жылы 
Оңтүстіктегі қыпшақтарға қарсы жойқын жорық бастайды 
екен. Ташкент шаһарындағы Қоқан бегі Нұрмағамбеттің бұй­
рығымен сондағы қыпшақ тұрғындарының үй­жай мен бау­
бақшасын түгел өртеткізіп жіберді. Ал Балықшы қыстағында 
1500 қыпшақты Сырдарияға лақтырып, ғарық қылғаны де­
ректерде жазылып қалған. 

276
Қоқан билігі қарауында өткен қазақтарды негізінен ру­
лық жүйе бойынша жіктеп, әр рудың басына өзінің дат­
қа 
ларын қойғаны белгілі. Оңтүстіктегі, Сыр бойындағы 
қып шақтарды басқарған датқалардың ішіндегі ең атағы шық­
қандары Тұрғанбай Сіргебайұлы (1794­1850), Тұрсынбай 
Бүркітбайұлы (1788­1863), Торғай Қуатбайұлы (1792­1872). 
Осылардың ішінде екі датқа – Тұрғанбай мен Тұрсынбай қо­
қандықтар қолынан қаза тауып, азаттық құрбандары – шә­
йіттер қатарына қосылған. 
Тұрғанбай датқа Сіргебайұлының (тағы бір деректерде 
Кен шімбайұлы) өмірі мен өлімі бұрыннан­ақ ел ішінде аңыз­
әңгімеге айналып, ақындардың жыр­дастандарына арқау 
болған. Бүгінгі ұрпақтан гөрі сол заманға бір табан жақын 
Сырдың сүлей ақыны Бұдабай Қабылұлы (1842­1912) жасы­
нан ел ішінде зор беделі бар Тұрғанбайдың екі хан арасында 
елшілікте жүріп, хат­хабар жеткізгенін, осындай қатерлі 
жолда талай қиындықтардан аман өткенін мадақтай келіп: 
Жол жүріп талай қиын аман келді,
Ханына Үргеніштің хабар берді.
Хан сонда ырза болып, Тұрғанбайға
һәм датқа, һәм пансат деп амал берді, – 
деп жырлайды. 
Әрине, Тұрғанбайдың Қоқан әміршісінің бір жауапты 
тапсырмасын тиянақтап орындағаны үшін датқалыққа қолы 
жетпегені түсінікті. Қоқан билеушілері ел ішіндегі аузы ду­
алы, іс­әрекеті уәлі, бәтуалы, көпшілікті соңына ерте білетін 
адамдарды ғана тартып, тізгін ұстатып отырған (әр замандағы 
ішкі­сыртқы әміршінің үйреншікті әдісі). Ендеше, әуел бас­
та қолына амал тиген тұста өзгелер секілді Тұрғанбайдың 
да, Бұдабай ақын жырлағандай, Қоқан қоқиларына «Ләпбай 
тақсырлап» қызмет істегені күмән туғызбайды. 
Тұрғанбайдың сірә әлденеше жыл датқалық амалын мін сіз 
атқарған болуы керек. Оған датқалыққа қоса «пансат» атағы 
берілуі, сол кездегі Қоқан билігіндегі орталық ша 
һардың 
бірі Түркістанның бегі (ханның өкілі) Иманберді де геннің 
оң жамбасынан орын алуы осының айғағы. «Пансат» Қоқан 

277
билігіндегі үшінші сатыдағы (хан­бек­пансат­датқа) дәреже 
болыпты. Оның өзге датқалардан артықшылығы – әскер, 
жасақ ұстауға, қылмыс жасаушыларды өз ықтиярымен 
жазалауға құқық беріледі екен. Сол құқықтарын пайдаланған 
Тұрғанбай датқа қол астына өткен елдің ішіндегі әр түрлі дау­
шараларды әділдікпен шешіп отырады. Кейде шектен шығып 
кеткен ұры­қарыларды (қазақ арасында ең жиі кездесетін 
барымташы­қарымташыларды) қатал жазалаған екен, «сол 
себептен өзге ұлыстар арасында да наразылықтар тудырып­
ты» деген сөзді біз арагідік шежіреші қариялар аузынан 
естіген де едік. Оның үстіне, Қоқан қоқилары қазақ арасының 
тұтастығын бұзу үшін мұндай ұрымтал тұстарды «ұтымды» 
пайдалануға тыраштанатыны белгілі. Соның салдары болу ке­
рек, ел аузында сол заманнан екі жол өлең сақталып қалыпты:
Бүйте берсе бұл Қыпшақ бір шабылар,
«Алатаулап» Қоңырат бір жабылар.
Ал бірақ осылайша бірде бекісіп, бірде шекісіп жүретін 
ру, ұлыстар Тұрғанбай датқаның бастауымен басталған ең ірі 
қозғалыс «Шілік соғысы» тұсында (шамамен 1850 жылдары) 
бәрі бір тудың астына жиналыпты, бұлардың ұзын саны төрт 
мың сарбазға жуықтаған көрінеді. Төрт мың ол заманда едәуір 
қалың қол, үлкен күш болған. 
Мұндай қозғалыстардың шығу себептері де өзара ұқсас, 
үндес. Негізгісі – билеушілер тарапынан тонаушылық тың, 
зорлық зомбылықтың, қиянатшылдықтың шектен шығып 
асқындап кетуі әлеуметтік ортада пассионарлық кернеулер 
туғызады да, соның ақыры әлеуметтік жарылыстарға әкеліп 
соғады.
Осы кезде Құдияр хан (1845­1875) қарауындағы қазақ­
тарды басқаруда «осалдық» танытқан наместнигі Иманбер­
діні орнынан алып, Рысбек деген бір әпербақанын Түркістан­
ның бегі қылып тағайындайды. Бұл неме бектік билікке қол 
жетісімен, бұрынғы қазақтармен өзінше ымыраға келіп, ай­
наласына беделді билер мен ру басыларды жинап алып, бұлаң 
құйрық бұлтарма саясат жүргізіп отырған Иманбердідей емес, 
бірден айналасына айдаһардай от шашып, жалаңдаған жа­
лаң қылышқа жармасатын қу екен. «Иманберді қазақтарды 
бетімен жайылтып жіберіпті, Түркістанды Қоқанның бегі 

278
емес, қазақтың биі басқарыпты», – деген хат жазып, хан 
иесінің қолтығына су бүркіп қыздымалата түседі екен. 
Шынында сол уақытта «Түркістан уәлаятында» Тұр ған­
байдың абырой­беделі ерекше әуелеп тұрғанын ел аузында 
сақталып қалған аңыз­әңгімелер, өлең­жырлар да растай­
ды. Өзінің пансат атағын, биліктегі құқын пайдаланған ба­
тыр бабамыз ордасының төңірегіне жиналған нөкерлері мен 
әскерлері санын мүлдем көбейтіп, жарақты жасаққа айнал­
дырып жібереді. 
Мәнсүр ақынның (1875­1933) жырлауынша, Шілік шай­
қасының қарсаңында Тұрғанбайдың қосынына қосылған жи­
һангерлердің саны бес жүзге жетіпті.
Болыпты бес жүз жігіт бес жүз қыран,
Көбінің нәбі Қыпшақ, Ойбас – ұран.
Ат қылып айдаһарды мінер еді, 
Қолына қамшы орнына ұстап жылан.
Бәрі де болат шайнап, мұзды бүріккен,
Жау көрсе жігіт емес тізгін іріккен.
Секілді шәмбілдегі Көрұғылындай,
Нәсілі қайсар қайтпас мүсілім түрікпен. 
Мәнсүр ақын осы тарихи дастанында азаттық майданында 
елі мен жерінің намысын қорғап, жанқиярлықпен соғысқан 
қыпшақ батырларының да атын атап, түсін түстеп кетеді.
Бар еді Өтеп, Жақапжақынынан,
Ермек, Түйме, Кенбай бар ата ұлынан.
Жаназар – Шағыр Қыпшақ, бұл жүзбасы,
Қазақтың найза ұстаған батырынан.
Сардарда жүзбасылар осы айтылған,
Осындай өңшең нарға қос артылған.
Жақаптың мұнан басқа салтанаты,
Көбісі шамаменен бос айтылған.
Солардың бәрі аттанып елден кеткен,
Жау шапқан оңашада келген шеттен
Малбике – Тұрғанбайдың бәйбішесі,
Данышпан әйел еді ерден өткен....

279
Сонымен әлгі Рысбек деген әпербақан бегі Түркістанға ке­
лісімен ең әуелі уәлаят орталығын төңіректеп нан тауып жеп 
жүрген, күллісі Тұрғанбай датқаны қара тұтқан қазақтың 
игі жақсыларын, билері мен ділмарларын, саудагері мен 
майдангерлерін түгел айдап қуып шығып, қызыл шапан, көк 
етік киген Қоқанның шабармандары мен алармандарын атқа 
мінгізіп қояды.
Мезгілінде алым – салық, зекет, ұшырларын төлеуге шама­
сы келмеген ауылдарға әлгілер шабуыл жасап, шаңын аспанға 
шығарады. Сұлу, сылқым қыз­қырқындарға жаудай тиіп, ат­
тарына өңгеріп алып кете барады. Орта Азиядағы осы ойран­
ды сырттай бақылап отырған Ресей тарапынан: «Бәрің мұсыл­
ман халқы емессіңдер ме? Сендер неге қазақтарға мұншама 
шапқыншылық жасап отырсыңдар?» деп қойылған қитұрқы 
сұраққа өзбектер тарапынан: «Қазақтар әлі толық мұсылман 
болған жоқ. Осы күнге шейін молаларды аралап, аруақтарға 
табынады. Біз оларды толық мұсылман қатарына қосуға 
бәтуа жасадық», – деген сыңайдағы жауабы жазбаға түсіпті. 
(В.Н. Басилов, Д.Н. Кармышева. Дәни нанымдар. – А, 1995). 
Сонда Түркістаннан кеткен Тұрғанбай датқа атамекені 
Шілікке барып ту тігеді. Көп ұзамай оның айналасына 
Қоқаннан қорлық көрген бұқара жұрт жиналып лезде қалың 
қолға айналады. Қолдарына қылыш, найза, айбалта ұстаған 
бұлар аяқтары жеткен ауыл, қыстақтарды аралап, әр жер­
әр жерде елден алым­салық жинап, жетім­жесірді жылатып 
жүрген Қоқанның қолшоқпарларына құрық салып ұстап, 
солардың ішіндегі қаныпезер қарақшыларын елдің алдында 
қойша көгендеп тастап, табандарын тіліп тұз құяды екен де, 
бақыртып­шақыртып келген жақтарына қуып жіберетінге 
ұқсайды.
Сөйтіп, Түркістан төңірегін, Қарнақ, Шорнақ, Созақ жа­
ғын жаудан тазартқан әр рудан, әр тараптан жасақталған 
Тұрғанбай датқаның алабажақ қару асынған ала­құла жа­
сақтары біраз күш алып, аруақтары көтерілген тұста қазақтар 
Қоқанның билеуші бегі отырған Түркістанға шабуыл жа­
сау қамына кіріседі. Бұл кезде жау жағы да қарап отырмай, 
Құдияр ханның пәрменімен зеңбіректермен, өзге де озық 
оталғыш мылтықтармен мұздай қаруланған қоқандықтар ­

280
дың қалың әскері Түркістанға қарай тоғытылады. Үлкен 
шаһар дың күнбатысынан бастап кірмек болған қазақ сар­
баздары сонда күркіреген зеңбірек оғының астында қалып, 
дүркіреп қаша бастайды. Жаужүрек батырлары қанша 
ма 
ай  ғай салып, қара аруақтарының атын шақырғанмен, күр­
сіл деген зеңбіректердің бұрқ­бұрқ жарылған тажал доп та­
рының шабуылына шыдамаған әрі өте нашар, қара пайым 
қаруланған әншейіндегі дайындығы жеткілікті әскер санаты­
нан емес, кәдімгі шаруа қатарындағы қазақтар қалаға басып 
кіре алмай, лажсыздан кейін қайтады да жауды сырттан то­
рып, әлденеше күн сол маңда бекерден­бекер босқа шашылып 
жүреді.
Осындай сәтсіздіктен кейін Тұрғанбай бастаған сарбаздар 
соңына ерген жігіттерімен Шілік даласына қарай жылжи 
бастайды. Өкінішке қарай, Түркістан түбіндегі жеңілістен 
соң талай боздақтарынан айрылған көтерілісшілер арасында 
алауыздық, араздық туындап, біраз батырлар мен билер өз 
ағайындарын соңына ертіп, қосыннан шығып кете барады. 
Сөйтіп, ақыр аяғында сол тұстағы күшті мемлекеттік құ ры­
лымға айналған Қоқан хандығына қарсы тайсалмай со ғыс 
ашқан қазақ датқасының қасында негізінен өзінің туыстары, 
Мәнсүр ақын дәріптеген «айдаһарды ат қылып мінген», «бо­
лат шайнап, мұзды бекіткен» серіктері ғана қалады. Қатары 
сиреген Тұрғанбай Шілікті жеріндегі Былқылдақ өзеннің бой­
ында бұлардың арттарынан қуып жеткен Қоқанның қалың 
әскерімен ұрысқа кіреді. Тарихта «Шілік соғысы» атымен 
белгілі бұл шайқастың қанша уақытқа созылғаны жөнінде 
нақты дерек жоқ. Қазақ баспасөзінде осы оқиғаға арналып 
ең тұңғыш жарияланған мақалада да мақала авторы Қалжан 
Қоңыратбаев («Қазақ» газеті № 24,1916 жыл) бұл жайға 
егжей­тегжейлі тоқталмай, көтерілістің жеңіліске ұшырау 
себебін ағайын арасындағы алауыздық пен күңшілдіктен бо­
лады деп бағалайды.
Қалай бағаланса да, Шілік соғысы қазақ жұртының ұлт­
азаттық қозғалысындағы елеулі оқиға ретінде зерттеле берілуі 
керек.
Бұл жолы да қаншама жанқиярлықпен, ерлікпен айқасқан 
қазақ қолы күші басым, айласы мол Қоқан әскеріне төтеп 

281
бере алмай, Қаратаудың етегін жағалап, күнбатысқа қарай 
қозғала бастайды. Сол беттерімен Жаңақорғанның күнбатыс 
шегіндегі Жеті төбе аймағынан бір­ақ шығады екен. Оның 
артынан қуғын салған Рысбек бек те жетіп, егер Тұрғанбай 
датқа осы бағытымен ұзай берсе, Сырдың бойында отырған 
қалың елдің ішіне кіріп, қара үздіріп, қолға түспей кетуі әбден 
мүмкін екенін ескертіп, қазақтың «бүлікшіл батырының» ар­
тынан елші жібереді. Сондағы айтатыны: «Сен, Тұрғанбай, 
бар қателігіңді мойындап, өз аяғыңмен Түркістанға келсең, 
Құдияр хан саған кешірім жасауға Алла атымен уәдесін 
береді. Ал бұған көнбесең, сенің соңыңа ерген елдің бәрі сойқан 
қырғынға ұшырайды. Бұған да Алла атымен уәдесін береді. 
Осыған тез жауап қайтар. Әйтпесе, көресіңді көре сің!» – деп 
кәрін төгеді. «Қазақ» газетінің жазуынша: «Тұрғанбай енді се­
нуден кеткен еді. Бара қалса өледі, бармаймын десе, ел шабы­
лып, бүлікшілікке түскелі отыр. Айналдырған ат төбеліндей 
қыпшақ көп жауға қарсы тұра алмайды. Не көрсем де өзім 
көрейін, ел­жұртым аман болсын деп, Тұрғанбай амалсыз кері 
қайтады». Бұдан кейін қоқандар Шілік көтерілісінің көсемі 
болған Тұрғанбай Сіргебайұлын алдымен қыпшақы орта­
дан жырақтау орналасқан Ташкент шаһарының абақтысына 
апарып қамап тастайды. Бұдан кейін елдегі көтерілісшілер 
арасына жарақты жасақтарын жіберіп, осы дүмпуілге бел­
сене қатысқан әскербасыларының, билер мен беделді ру 
басыларының қолға түскендерін қосақтап айдап, Ташкенттің 
іргесінде ағып жатқан Шыршық өзені жағасына әкелген 
еді дейді. Сол жерде ортаға Тұрғанбайды шығарып, Қоқан 
ханының пәрмені бойынша, ішіне бұрқылдап қайнаған су 
толтырылған қара қазаннан жендеттер шелектеп су тасып, 
айналасына қасқайып қарап тұрған, жауларының алдында 
иілмеген, сынбаған қазақ батырының төбесінен лақылдатып 
құя бастаған екен... Тұрғанбайдың артынан қоқандықтар 
Қыпшақтың 17 әскербасын дарға асып, 40 биін істік қадаға 
отырғызып, азаптап өлтіреді. Бұдан соң да қызыл қанға мас 
болған «жеңімпаз» қоқилар Түркістан маңында отырған 
бейбіт халыққа қойға шапқан қасқырша тиіп, айрықша 
Шілік көтерілісіне белсене қатысқан қыпшақтарға қатты 
өшігіп, қаһарларын төгіп­ақ бағады. Солардың ішінде Шілік 

282
соғысында елден ерек көзге түсіп, жанқиярлықпен ұрыс 
салған әрі өзгелерге қарағанда көбірек шығынға ұшыраған 
Тұрғанбайдың қандас туыстары, қыпшақтың шаштылар 
әулетін барынша қуғындап, ауылдарын шауып, малдарын 
айдап әкетуді әдетке айналдырады. Қоқанның тепкісіне 
шыдамаған сол шаштылар ақыр соңында ата қоныстарын тас­
тап, төменгі жаққа қарай (Сырдария қазақтары ежелде ұлы 
дарияның күншығыс бетін Жоғары, күнбатыс бетін Төмен деп 
атайды) жылжып көше бастайды.
Менің шежіреші әкем айтып отырушы еді:
Шығыс оқиясынан кейін («оқиға» демейді «оқия» дей­
тін, соған қарағанда осы екі ұйқасқан сөздің мағыналық өз­
гешеліктері бар болуы керек – О.С.) біздің бабаларымыз 
Сырдың бойын жағалап отырып, осы күнгі Шиелі, Бәйгеқұм 
(Жөлек) маңына келіп тұрақтап қалыпты. Бәрі Сырдың 
күнгейіндегі тоғайлы, сулы, нулы мекендерді таңдап, әр ата 
баласы өзара мәмілеге келіп, өзінің отырықшы жерін бөлісіп 
алады екен дейді.
– Біздің атақонысымыз Түркістан маңы, Шілікті екенін 
қариялар айтып отырушы еді, – деп әкем әңгімесін әрі қарай 
жалғар еді. – Соның бір дәлелі: мынау Отрақшыл маңын дағы 
дария бойындағы Дәуіттің ескі қорымы. Бұл бұрындары осы 
шаштылар әулеті жерленетін ортақ Қорым еді. Ал байқа­
сам, мына менің үшінші атам Шоңайдың һәм одан ілгері өт­
кен бабаларымыздың сүйегі мұнда жоқ. Бабаларымыздың 
сүйегі сірә сол Түркістан жағында қалған болуы керек, – тұ­
жырымдар еді.
Шілік соғысынан кейін Қоқан билігі тарапынан көбісі 
қуғынға ұшырап, зардап шегіңкіреген жеті ата шаштының 
Айдарғазы әулеті еді деседі. Шыршықта істік қадаға отыр­
ғызылған 40 бидің бәрі дерлік Айдарғазы тумалары еді де­
ген дерек бар (проф. Ә. Қоңыратбаевтың зерттеуі бойын ша). 
Бұлардан басқа Құтым (Тұрғанбайдың өзі осы Құтымнан 
тарайды), Байсары ата ұрпақтарына да Қоқан жаудай ти­
ген екен. Содан болуы керек, арада 160 жылдан астам уақыт 
өтсе де, шашты қыпшықтың өзге аталарына қарағанда 
(шежіре құрастырушылардың есебі бойынша), бұл аталмыш 
ағайындылардың бүгінгі түтін саны басқалардан біраз кем 

283
соғып жатады. Соғыс жаңғырығы дегеніміз осы емес пе, жыл­
жып жылдар озса да, соның салдары үзіліп­созылып осылай 
жалғаса береді екен.
Тұрғанбай әулетінің талайлы тайғақ тағдыры мұнымен 
аяқталмайды. Батырдың қайғылы қазасынан кейін оның 
туған інісі Басығара қасына елінің беделді ақсақалдарын, 
ишан, молдаларын ертіп алып, Түркістанға барып қамауда 
жатқан ер­азаматтарға ежелгі дәстүрмен қауға сұрайды. Бек 
бұлардың тілегін қаперіне алмастан, Басығараны қаматып 
тастап, Құдияр ханға хабар береді екен. «Осылай да осылай, 
қанды балақ қарақшының інісі өз аяғымен келіп қолға түсті. 
Бұл да кешегі күндері бізбен аяусыз айқасқан кәттә бұзық­
тың өзі. Енді мұны қайтпек керек?» – деп сұрайды. Құдияр 
хан: «Қыпшақтармен қайта айналып соғыса беруге менің 
мұрсатым жоқ», – деген сылтаумен Тұрғанбайдың інісін қа­
маудан босаттырып жібереді. Тұрғанбайдың інісі қамаудан 
босаған соң не істейді дейсіз ғой? Қасына Ордабай, Тіленші 
атты жаужүрек інілерін ертіп алып, қазіргі тілмен айтқанда, 
Қоқан басқыншыларын қарсы «партизандық» (қазақшасы – 
«қаша соғыс» болуы керек) ұрыстарын бастап кетеді. Бірақ 
1854 жылы бұлардың үшеуі де жау қолынан қаза табады.
Сөйтіп, XIX ғасырдың екінші жартысында Түркістан 
қазақтарының ұлт­азаттық көтерілісін бастаған Тұрғанбай 
датқа Сіргебай (Кеншімбай) ұлының әулеті түгелге жуық 
құрып кетуге айналады. «Түгелге жуық» дейтінімізде мән бар, 
өйткені Тұрғанбайдың бәйбішесі Малбикеден туған жалғыз 
ұлы Баймырза (Құтпан) басынан талай хикметті өткізіп 
жүріп, тірі қалады емес пе? Осы Баймырза Тұрғанбайұлы 
(1817­1914) есейе келе Кенесары Қасымұлының әскеріне ба­
рып қосылып, кейін бұл да қамауға алынады, Жетісу жерінде 
айдауда жүріп дүниеден өтеді. Ал Тұрғанбайдың немересі, 
атақты дала батыры Иманжүсіп Құтпановтың (1863­1931) 
есімі қазақ елінің азаткерлік тарихында мәңгі қалғаны мәлім.
Әрине, мұның бәрі өткен тарих. Бүгінгі күн басқа. Екі 
халық та небір сынақтардан өте келіп, достық дәстүрлерін 
сақтап қалды. Қазір қатарласа тәуелсіз ел болып отыр. 
Татулық туы берік қолда. Сонда да тарих тағылымдары есте 
тұруға тиіс.

284
Қуат БОРАШ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет