Ұрық жолдары (ductus deferens)- ен қосалқысының арнасынан басталады да, ен бауының кұрамында құрсақ қуысына ӛтіп, қуықтың дорсо латералдік бөлігінде ампула тәрізденін кеңейіп, несеп жолына барып қосылады. Әрі қарай бұл жол несеп- жыныс арнасы деп аталады. Қосымша жыныстық бездер. Көпіршік тәрізді, жұп бездер (gl. vesiculares), олар қуықтың дорсалдік бөлігінде, ұрық түтікшесінің 11 кеңейген жерінде екі жағында орналасқан көлемі бұқада және қабанда 10 15 см ге жетеді, диаметрі 4 5 см. Тік ішек арқылы қол салып қарағанда анық білінеді. Төбетте және жабайы аңдарда бұл без жоқ.
14.9.16
Баданалық без (gl. prostata)жеке, дара без, айғырда және төбетте жақсы дамыған, куықтың дорсалдік жағында, несеп жыныс ӛзегінің басталған жерінде орналасқан. Купер бездері (gl.bulbouretralis жұптасып, несеп жыныс өзегінің дорсалдік бөлігінде, екі жағында жамбас қуысынан шығатын жерінде, қасаға сүйектерінің маңында орналасқан. Көлемі 3 4 см (қабанда 6 12 см) болатын екі бөлек безден тұрады. Төбетте бұл без болмайды. Осы жоғарыда айтылған бездердің арналары несеп жыныс өзегіне келіп ашылады. Уретралдық бездер несеп жыныс өзегінің қабырғасында орналасқан. Косымша жыныстық бездердің негізгі қызметі,өзінің бөліп шығаратын сөлі арқылы ен қосалқысынан келген қою шәуетті сұйылтып, мөлшерін көбейтеді, спермийлерді анабиоздық күйден шығарып, қозғалыс белсенділігін арттырады, ал уретралық бездер шәует бөлінер алдында өзінің секретімен несеп жыныс өзегін тазалап өтеді, яғни санитарлық қызмет атқарады.
Жыныстық мүше (реnіs)бұқада-қамшы, қабанда, қошқарда шыбық, айғырда-қаса, төбетте, мысықта шүкі деп аталады. Шәуетті (ұрықты) ұрғашы малдың жыныс жолдарына жеткізетін жыныстық қатынас органы. Жыныстық мүшенің шонданай сүйектеріне бекитін түбірі, айғырда жуан, басқа малда жіңішкелеу), ұзын денесі және басы болады. Қабанның жыныстық мүшесі спираль тәрізді. Жыныстық мүшенің вентралдік бөлігінде несеп жыныс ӛзегі орналасады. Бұл өзекті жан жағынан каверналы дене қоршап жатады. Каверналы денені ірі ірі қуыстарға айналған қан тамырлары деп білуіміз керек. Эрекция кезінде осы каверналар (куыстар) қанға толып, жыныстық мүше жуандап, қатайып, ұзарады. Жыныстық мүшенің ұзындығы айғырда 100 см, бұқада 150 см, қошқарда 0 см, қабанда 80 см ге дейін жетеді.