Мақалаға қажетті глоссарий 1 Адам геномы



бет7/7
Дата16.12.2023
өлшемі31,28 Kb.
#140235
1   2   3   4   5   6   7
Стивен Пол Джобс (ағыл., Steven Paul Jobs, 1955 ж., 24 ақпан - 2011 ж., 5 қазан) - америкалық өнертапқыш, бизнес-магнат. Аpple корпорациясының негізін қалаушы, ұзақ жылдар директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қаттар Стив Джобс Рixar Animation Studios компаниясының CEO қызметін де атқарды. 2006 жылы дүниеден озды. Disney Company Pixar компаниясын сатып алып, компанияның директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқа- раушы продюсері болған. Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Мектептегі кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпен танысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы мүмкін деген ой келеді. 1972 жылы мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түсе- ді, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң Калиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас OS жүйесіне масштабталатын таңбаларды орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды жобалайтын Atari компаниясына жұмысқа тұрады. 1976 жылы Стив Джобс досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С. Возняк дайындайтын, ал С. Джобс маркетолог қыз- метін атқарды. Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I. Оның бағасы 666 доллар 66 цент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания IPO арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды. 1985 жылы директорлар кеңесімен арада болған кикілжіңнен кейін Стив Джобс Apple компаниясындағы қызметінен босатылды. Сол кезде ол NeXT деп аталатын компанияның негізін қала- ды. Аталған компания білім беру саласы мен бизнес нарығында қызмет көрсететін. Дегенмен 1997 жылы ол Apple компаниясына уақытша атқарушы директор ретінде қайтып келді және бұрынғы екі компаниясының басын қосты. 1986 жылы Стив Джобс The Graphics Group компаниясының иесі атанды, кейін оның аты Pixar деп өзгертелді. Осы киностудия үшін Apple Lucasfilm компаниясына 5 млн доллар төледі, ал оның на- рықтағы құны 10 миллионға бағаланған болатын. Мұндай жағдай Джордж Лукастың қаржылай қиындықтарына байланысты болды. 2006 жылы Walt Disney Стив Джобстан Pixar акцияларын 7,4 млрд долларға сатып алды. Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті. Сонымен қатар Disney компаниясы акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға болды. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді. Apple компаниясы Гиннесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық (үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43,5 млн доллар болатын Gulfstream реактивті ұшағын сыйға алды. Ұшаққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігі- не алды. Стив Джобс - АҚШ тарихында ең табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болған ерекше дара тұлға. «Apple» интернет технология- лар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Мicrosoftты артта қалдырған. Ол өзінің жаңа ноутбуктары, «iPhon» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы бү- кіл әлемге танымал. 2011 жылдың 5 қазан күні Стив Джобс 56 жасында ауыр дерттен дүниеден озды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет