Мақалаға қажетті глоссарий 1 Адам геномы



бет4/7
Дата16.12.2023
өлшемі31,28 Kb.
#140235
1   2   3   4   5   6   7
Интернет бұйымдар (ағыл., Internet of Things, IoT) - өзді-өзімен және сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсетін кіріктірілген технологиялармен жарақталған физикалық заттардың («бұйымдардың») есептеуіш желісінің тұжырымдамасы. Мұндай желіні жаңа құбылыс ретінде ұйымдастыру экономикалық және қоғамдық үдерістерді қайта құруға қабілетті іс-әрекеттердің біраз буынына адамның қатысу қажеттігін болғыз- бауды көздейді. Тұжырымдама 1999 жылы физикалық заттардың өзара және сыртқы ортамен әрекеттесуі үшін радиожиілік бірегейлендіру құралдарын кең қолдану бо- лашағын пайымдау ретінде ойластырылған. «Интернет бұйымдар» тұжырымдамасын алуан түрлі технологиялық мазмұнмен байыту және оны жүзеге асыру үшін тәжірибе- лік шешімдерді енгізу 2010 жылдан бастап, ақпараттық технологиядағы тұрақты үр- діс. Өткізгішсіз желілердің, бұлт технологиясының, машинааралық әрекеттестіктер- дің кең және шапшаң таралуы соның көрінісі. 2017 бастап «интернет бұйымдар» тек «үй ішінде» ғана емес, өндерісте де кең қолданыла бастайды.

  • Коллаборативті (ағыл., Collaborative) инновациялар - коллаборативті, әлдеқандай салада- ғы бірнеше тұлғаның немесе ұйымдардың ортақ мүддеге қол жеткізу үшін білімдері мен тәжірибелерін алмасып, өзара ымыраға келіп бірлескен іс-қимыл жасауы.

  • Мегатрендтер (ағылш., trend - үрдіс) - әлденені өзгертудің басты үрдісі. Экономикадағы тренд - көрсеткіштердің басым қозғалысының бағыттары. Әдетте баға мен индекс- тер мәнінің даму бағыттарына техникалық талдаулар жасауда қолданылады. Ол көп жағдайда халықаралық экономикада «Мега» (Халықаралық бірлік жүйесінде қолда- нылатын он мың есе бірлікті белгілейтін қосымшалардың бірі) сөзімен қосарланып қолданылады. Қазіргі ғаламдық мегатрендтер дегеніміз - әлемдік жүйе эволюция- сының ағымдағы кезеңінің сапалық мазмұнын анықтайтын ғаламдық дамудың аса ауқымды, ұзақ мерзімді үдерісі. Халықаралық қалыптасқан термин ретінде «Мегат ренд» деп ағылшын тіліндегі нұсқасын қалдырдық.

  • Нейротехнологиялар - адам баласының миы мен ойлау жүйесі, оның жоғары психика- лық қызметі жөніндегі түсінікке іргелі ықпал ететін технологиялар. Сондай-ақ мидың қызметін жақсартатын, сауықтыратын, дәрігерлер мен ғалымдарға мидың бейнелі құрылымын көрсететін технологиялар да жатады.

  • Роялти (ағыл., royalty - төлемақы) - лицензиялық келісім затын пайдалану құқығы үшін лицензиат (сатып алушы) сатушыға (лицензиарға) төлейтін тұрақты төлем (сыйақы). Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру және техногенді түзілімдерді өңдеу бары- сында жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды,, патенттерді,, бағдарламалық қамтамасыз ету, үлгілерді,, тауар белгілерін,, ноу-хауды,, өнеркәсіптік сауда немесе ғылыми-техникалық жабдықты,, кинофильмдерді,, бейнефильмдерді,, дыбыстық жазбаларды және қуатты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.

  • Сегрегация (ағыл., segregation) - адамдардың қоғамда әлеуметтік статустарының айырым белгісі бойынша санаттарға бөлінуі. Ондай топтар арасындағы байланыстарға ішіна- ра не толық тыйым салынып, өмірлік қарекет салаларының шектелуі талап етіледі. Ол ерекшелік белгілер әлеуметтік нормаларда, жүріс-тұрыс стереотиптерінде, қоғамдық институттарында орнығады, символикамен кодталып, баса көрсетіледі (ерекшелік белгілері, киім, тыйым, дәстүрлер, жоралар т.б.).



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет