Мақалаға қажетті глоссарий 1 Адам геномы



бет5/7
Дата16.12.2023
өлшемі31,28 Kb.
#140235
1   2   3   4   5   6   7
Секулярлық стагнация (secular stagnation) - бұл дегеніңіз - экономиканың нарықтық ор тада өсім көрсеткішінің болмауы. Инвестицияның бұлайша құлдырауы халықтың әл- ауқатының нашарлап, табысының төмендеуіне соқтырады. Қаржы жинақтау қарқы- ны төмендеп, экономикалық белсенділігі әлсірейді.

  • Сенсор (ағыл., «sensor», латын. «senso») - «сезіну» деген мағынаны білдіреді. Сенсордың атқаратын қызметі - сыртқы әсерді жедел сезініп, жүйеге тиісті ақпараттар мен тап- сырмалар беріп отыру. Оның ең қарапайым үлгісі - саусақтың қимылына жауап беріп тұратын смартфонның бет әйнегі. Сенсорлар қазір өндірісте өте кең қолданылады: өрт қаупінің алдын алады, ауа райын, жер сілкінісін болжайды, жүктердің тасымал- дануын бақылайды т.б. Оның қазақ тілінде дәл баламасы болмағандықтан, ағылшын тіліндегі нұсқасын қалдырдық.

  • Стартап (ағыл., startupcoтрaпy, startup,) - «бастапқы, алғашқы қадам» америкалық кәсіп- кер Стивен Бланктің анықтауынша, стартап - компаниялардың кең көлемдегі биз- несін бастар алдындағы ізденіс үстіндегі уақытша құрылымы. Стартап деп ұйымның жаңа өнім мен қызмет көрсетуді беймәлім жағдайда бастаған кезеңін айтуға болады.

  • Тұйықталған экономика (ағыл., Circutanekonomy) - Тұйықталған экономика энергияны үнемдеуге, қайта өңделген экологиялық таза өнім өндіру мен оны ұқыптап, бір түрден екінші түрге ауыстырып үздіксіз тұтынуға бағытталған. Ол тұтастай алғанда, кез келген тауарды бірнеше рет өңдеуге негізделеді. Қайта өңделген техникалық және биологиялық материалдардың экономикаға одан әрі белсенді «қатысуына» кепілдік беретін инновациялық бизнес-модельді әзірлеп, енгізуде құнды қазына мен табиғи байлықтың сақталуына мүмкіндік туғызады. Оның өміршеңдігіне және қажеттілі- гіне қазіргі IT-индустрия толық дәлел бола алады. Мысал үшін бір тонна электрон- ды қалдықтардағы алтынның мөлшері сондай мөлшердегі алтын кенінен 12 есе көп екені есептеліп қойған. Соған қарамастан бұл саладағы қалдықтар мөлшері жағынан барлығының алдында тұр, ал, керісінше, IT-өнімдерді 100% қайта өңделетіндей етіп жобалауға болар еді. Сондықтан да тұйықталған экономика экономикалық өсім әдістемесін өзгертуде аса маңызды рөл атқарады.

  • Шпиндель (нем., Spindel) - ұршық, айналмалы иінді білік. Бұл еңбекте үшінші индустрия- лық революция символы ретінде берілген. Біз де өзгертпей қолдандық.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет