Мақалаға қажетті глоссарий 1 Адам геномы


Дрондар (ағыл., drone) - ұшқышсыз (автономды) басқарылатын ұшу аппараты. Dropbox



бет3/7
Дата16.12.2023
өлшемі31,28 Kb.
#140235
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 лек глоссарий

Дрондар (ағыл., drone) - ұшқышсыз (автономды) басқарылатын ұшу аппараты.

  • Dropbox - «бұлттық» дерек қоймасы, ол тұтынушыларға файлдарды клиент көмегімен немесе веб қолданып, оңаша серверлерге орналастыруға мүмкіндік береді. Сервис тің тұрақты нұсқасы 2010 жылдың 16 желтоқсанында жарыққа шықты. Ең алғаш осы сервистің идеясы компанияның негізін қалаушы Дрью Хьюстонда автобус арқылы Бостон - Нью-Йорк тас жолында жүріп келе жатқанда туындаған. Осы сапарда ол өзінің жиналмалы сақтаушысын ұмытып кетіп, бос отырмас үшін ноутбугын алып іске кіріскен. Нәтижесінде осы бағдарлама дүниеге келген. Мұнда файлдарды өзгерту үрдісі дельта-кодтау қағидатымен жүргізіледі. Клиент арқылы файлды жүктеудің өлшеміне шектеу болмайды, ал «веб» арқылы 300 Мб-тан артық файлды жүктеуге шектеу бар. Ортақ қол жеткізу үшін «Public» папкасы арқылы әртүрлі қолданушы- лармен файл алмасуға болады. Жобаларда бірлесіп жұмыс атқару мақсатында атал ған сервис әртүрлі есептік жазба арқылы жұмыс істеуге «shared» папкасы көмек- теседі. Бұл бағдарламада файлдарды автоматтық синхрондау қолжетімді. Windows, Мас OS және Linux сынды платформаларда ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін Phone 7 үшін осы бағдар- «Dropbox» бағдарламасының ресми клиенті бар. Windows ламаны іске қосу жүргізілуде.

  • Жаңғырық-камера - бұл - БАҚ термині. Белгілі бір идеяны немесе наным-сенімді төтелей жеткізу немесе оның жабық жүйе ішінде толассыз қайталау арқылы (партия- ластар, мүдделестер, одақтастар арасында) күшейте дарытуға немесе орнықтыруға қолайлы жағдай туғызу. Мұндайда оған ұқсас басқа ақпараттардың жолы кесіледі. Бы лайша айтқанда, айтылғанды талқылауға, балама ақпарат алуға жол берілмейді, пікір- лестер оны сол күйінде қолдауы тиіс.

  • Жасанды интеллект (ЖИ, ағыл., Artificial intelligence) - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау жөніндегі ғылым мен технология.

  • Импланттық технологиялар (лат., In - ішіне + plantare - орнату, отырғызу) - қазіргі ме- дицинада адам ағзасына кіріктіріп орнататын бұйым түрі, әсіресе тістің орнын ал- мастырады. Келешекте бұл технология өз шеңберін кеңейтіп, түрлі мақсаттарға қол- данылатын болады. Оның ең ықтимал түрі - адам денесіне алуан түрлі компьютерлік қондырғыларды кіріктіріп орналастыру болмақ.

  • Инжиниринг (ағыл., engineering - техникалық) - өндіріс үдерісі мен өнімдерді іске жара- тудың қалыпты жүрісін қамтамасыз етуге байланысты техникалық кеңес беретін қыз- мет түрі.

  • Инновация (лат., Novatio) - жаңару, жаңғыру немесе өзгеру, «in» қосымшасы латын тілінен «белгілі бір бағытқа» дегенді білдіреді. Егер «Innovatio»-ны сөзбе-сөз аударсақ, «өзге- руге бағдар» деуге болады. Бұл термин ғылыми-зерттеулерде XIX ғасырда пайда бол- ған. ХХ ғасырдың басында америкалық ғалым Й.Шумпетер өз еңбектерінде «иннова- циялық комбинацияларды» талдау нәтижесінде аталған терминді алғаш рет эконо- микаға енгізіп, жаңа мағына үстеді. Қазақ тілінде осы түпнұсқада қолданылып келеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет