Мақалаға қажетті глоссарий 1 Адам геномы



бет6/7
Дата16.12.2023
өлшемі31,28 Kb.
#140235
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 лек глоссарий

Цифрлық технология (ағыл., Digitaltechnology) - бұрынғыдай үзіліссіз спектрге емес, үзік (дискретті) жолақты дабылдарға негізделген. Жолақтардың барлық деңгейі дабылдың біркелкі жағдайын сақтайды. Оның өзіне ұқсас технологиялардан артықшылығы осында. Цифрлық технология, негізінен, есептеуіш цифрлық электроникада, бәрінен бұрын компьютерде, электротехниканың әртүрлі салаларында, робототехникада, автоматтандыруда, радио және телекоммуникацияда, т.б. кең қолданылады. Осы уақытқа дейінгі әдебиеттерде «сандық» «цифрлық» деген баламалар қатар қолданылып келді. Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегіндегі «Цифрлы Қазақстан» терминіне орай осы нұсқаны пайдаландық.

  • Эмпатия (лат., етpatheia ) - өзге адамдардың жан-дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғына білу. Оның айқын көрінісі - өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен мұң-шеріне ортақ- тасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны ғылыми тұрғыда алғаш рет АҚШ пси-хологы Э.Титченер (1867-1927) зерделеді. Ол философиядағы «ұнату» сезімінің тео- риялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тә- сілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті.

  • Эпигенетика (көне грек. w - әлденемен келгенді немесе бірдеңенің үстіндегі орынды білдіретін қосымша) - ол биологияда, әсіресе генетикада - эпигенетикалық тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын - гендердің өзгеру шапшаңдығын зерттейтін ғылым саласы.

  • Эскапизм (ағыл. escape - қашу, жалтару, құтылу) - адамның ақиқаттан қашып, елес пен қиял әлеміне берілуі.

  • Экспоненциалды өсім - көлемнің ұлғаюына сәйкес, өсім қарқынының да соған пара-пар үдеп отыруы. Экспоненциалды өсім көлемі қаншалықты ауқымды болса, оның өсуі де соншалықты қарқынды болады.

  • 3D басып шығару (Аддитивті өндіріс, технология) - 3D принтер деп аталатын бұл құрылғы цифрлық 3D моделі арқылы кез келген нысанды қатпарлап басу әдісімен жасап шығарады. Келешекте ол құрылыс нысандарынан бастап, әртүрлі құрал-жаб- дықты, тіпті биология саласында да, адам дене мүшелерін (бауыр, бүйрек, сүйек т.б.) жасап шығаруға кең қолданылады. Біз «принтер» дегеннің орнына «басып шығару» тіркесін қолдандық.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет